1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Қала көшелеріндегі жол қиылыстарының түрлері



бет11/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
22. Қала көшелеріндегі жол қиылыстарының түрлері
Қала көшелерінің жол қиылыстары үш түрлі ерекшеліктері бойынша (конфигурациясы, жобалау сұлбасы және қозғалыс жиілігі, көлік пен жаяулар қозғалысын ұйымдастыру) топтарға бөлінеді.
Конфигурациясы бойынша – а) тура +, б) «Y», в) «Т», г) «X», д) аралас, ж) үш тісті, е) күрделі.
Жобалау сұлбасы бойынша-жолдардың қиылысуы, қосылу және бөлінуі болады.
Қозғалыс жиілігі мен оларды ұйымдастыруға байланысты – қарапайым, өздігінен реттеуші, реттелуші, бір немесе әртүрлі деңгейдегі көше қиылыстары.


23. Өздігінен реттеуші көше қиылыстарында сақиналы қозғалыс
Өздігінен реттеуші көше қиылыстарында сақиналы қозғалыс қарастырылады.
Сақиналы қозғалыс аралығының радиусы (R) көлік жылдамдығына және қиылысатын көшелер санына байланысты ҚНжЕ кестесі бойынша қабылданады. Мысалы, төрт көшенің қиылысатын жерінде жылдамдығы υ = 30 км/сағ. қозғалыстағы көліктер қозғалысы үшін радиусы R = 35 м, ал бес көшенің қиылысында осындай жылдамдықтағы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін радиусы R = 50 м сақиналы қозғалыс жолын жобалау қажет.
Мұндай қозғалыстың ерекшелігі – көліктің көше қиылысында тоқтаусыз жүруі, қозғалысын реттеуге қажетті шығындардың керексіздігі, кемшілігі – «сақина» орналастыруға кететін жердің үлкендігі жәнеқозғалыс жылдамдығының төмендігі.


24. Қоғамдық көлік аялдамасы
Аялдамалар көше қиылыстарына жақын орналасады. Ол жерлердің көшелері жасыл алқап арқылы кеңейтіледі. Аялдамалар арақашықтығы климаттық аймаққа байланысты 300600 м аралығында, ал экспресс автобустар үшін 800–1200 м аралығында орналастырылады.
Аялдамаларда көше қиылысынан кейін, жаяулар өтетін алқаптан 3–5 м қашықтықта орналастыру керек. Жол қиылысы алдында да аялдама орналастыруға болады, бірақ бұл жағдайда осы жерде жолаушылар жиналатын үлкен орын болуы керек (ірі қоғамдық немесе өндірістік ғимарат, жерасты жолаушылар өткізілетін жер және т.с.с.).
Аялдама ұзындығы маршруттар санына байланысты қабылданады. Бір маршрутқа арналған аялдама ұзындығы – 20 м, екі маршрутты 30 м. Әр маршрутқа 10 м ұзартылады. Оның ені арнайы есептеулер арқылы қабылданады, бірақ 3 м кем болмауы керек. Тар жерлерде оны 1,75 м-ге дейін кемітуге болады, бірақ ондай жағдайда аялдама ұзындығын үлкейтеді. Аялдама жүріс бөлігінен0,15 м биік орналасады. Оның көлденең еңкіштігі жолға қарай бағытталған және оның еңкіштігі 5–10% кем болмауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет