1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Алаңдар мен көше қиылыстарын вертикальды жобалау



бет19/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
39. Алаңдар мен көше қиылыстарын вертикальды жобалау
Көше қиылыстарының вертикальды жобасын жасағанда жалпы талаптарды (көлденең және бойлық еңкіштігін, вертикаль қисық радиустарын, көру қашықтығын және т.б.) ескеру қажет. Негізінен вертикальды жоспарлауды жобалық горизонтальдар әдісімен жүргізеді. Горизонтальдар арасы – 10 см немесе 20 см. Көше қиылысының тиімді еңкіштігі 10–25‰, бірақ 30 ‰ аспауы керек. Көліктің және жолаушылардың жүрісіне жағдай жасау үшін жол жиегіндегі суды жаяу жолдар өткелінің алдынан жаңбыр сулары ағатын құдыққа түсіріп жіберу керек. Алаңдар мен көше қиылыстарының рельефке байланысты орналасуы: төбеде, су айырылымында, сайда болады (4.5-сурет). Осы рельефтің ерекшелігі вертикальды жоспарлауды қалай шешуді анықтайды. Су жүргізуге ең ыңғайлы рельеф – көше қиылысының төбеде немесе су айырылымында орналасуы. Көше қиылысының шұңқырда орналасуы өте қажетсіз нәрсе


40. Шағын аудан территориясын вертикальды жобалау
Бұл аймақты вертикаль жобалаудың негізгі талаптары – жер беті суларының еркін ағуы және жер жұмыстары көлемінің мүмкіндігінше аз болуы. Бұрынғы кездері аймақты периметрлі жобалау кезінде бүкіл аумақты вертикальды жобалайтын, ал қазіргі еркін жобалау кезінде тек құрылыс түсетін жерлерді ғана вертикаль жобалайды. Жасыл аймақ түсетін жерлерді мүмкіндігінше өзгертпейді. Мөлтек ауданның вертикаль жобасы аймақтың рельефіне байланысты бір еңкіштікті, екі еңкіштікті немесе көп еңкіштікті болуы мүмкін. Жобалаудың негізгі қағидасы – аймақтың рельефін мүмкіндігінше өзгертпеу. Сонымен жобалау барысында мынадай міндеттер қойылады: – шағын аудан аймағы суларын көше бойындағы арналар арқылы сыртқа шығару; – көлік және жаяулар қозғалысын тиімді әрі жайлы орналастыру (i пр = 4–30‰); – тұрғызылатын құрылысты табиғи рельефке байланыстыру; – ғимараттарды, инженерлік құрылыстарды салғанда пайда болған артық топырақтарды тиімді жайғастыру; – аймақтың архитектуралық-композияциясын жақсарту. Шағын аудандарды вертикальды жобалау кезіндегі қабылданатын шешімдердің ең негізгілері: жүріс бөлігі, тротуар және жүргіншілер жолдарын қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін дұрыс биіктікте орналастыру; жерүсті суларын шағын аудандарда орналасқан жолдардың жүріс бөлігіндегі науалары арқылы қала көшелерінің жабық су жинайтын жүйелеріне жеткізілуін қамтамасыз ету; ғимараттарды жер бедеріне тиімді байланыстыру; өңделген топырақтарды тасымалдауды мейлінше қысқарту; сәулеттік-жобалық шешімдердің әсемділігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет