36. Вертикальды жобалаудың жобалық горизонтальдар әдісі
Жобалық горизонталь әдісі: Бұл әдіс бойынша геодезияның негізінде орындалған жолдың немесе көшенің жоспарына сол жердің жобалық рельефін көрсетуші жобалық горизонтальдар жүргізіледі. Жобалық горизонталь дегеніміз жобалау нәтижесінде жоба белгілері бірдей жерлерді қосатын сызық. Горизонтальдар 0,1; 0,2; 0,5; 1,0 м сайын жергілікті жердің рельефіне және жобалау сатыларына байланысты жүргізіледі. Масштабы 1:200 жолдарды жобалауда горизонтальдар аралығы 0,5–1,0 м, 1:500 масштабтағы жобада 0,1–0,2 м, реконструкциялық жобада -0,1 м жүргізіледі. Бұл әдіске сәйкес жобалау сызығының бағыты өзгерген жерлерде сол жердің белгілері бөлшек сан түрінде көрсетіледі. Мысалы, 130,27/130,38. Мұндағы: –130,27 – «қызыл» жобалау белгісі, м; –130,38 – «қара» жердің белгісі, м. Бұл жерлер аралығының еңкіштігі мен қашықтығы да бөлшек түрінде көрсетіледі. Бөлшек үстінде бұл аралықтың еңкіштігі, ал бөлшек астында қашықтығы көрсетіледі. Жобалық горизонтальдар әдісі горизонтальды және вертикальды жазықтықтардың біріктірілуіне сәйкес өте көрнекті. Мұнда орындалатын жұмыс көлемі картограмма арқылы анықталады. Аралас әдіс. Бұл әдіс қала көшелері мен жолдарын жобалауда көп қолданылады. Мұнда бойлық қимамен толықтырылған жобалық горизотальдар әдісі пайдаланады, ал көлденең қима қарастырылмайды. Жобалық горизонтальдар әдісі Сонымен, көшелер мен жолдарды жобалық горизонтальды жобалауға мынадай мәліметтер қажет: барлық элементтері көрсетілген көше жоспары; еңкіштігі мен жағалау тасының биіктігі көрсетілген көшенің көлденең қимасы; көше қимасының және сол аралықтағы бойлық еңкіштігі өзгерген жерлерінің вертикальды жобасы. Көше осіндегі горизонталь орны мына формуламен анықталады:
, яғни м, мұндағы 0а – бастапқы нүктенің биіктік белгісі; 0в – жақын орналасқан горизональдың белгісі.
h – биіктік айырмашылығы (горизонталь жазықтықтар қадамы); i – бойлық еңкіштік. Қала көшелері мен жолдарының биіктік жағдайының негізі болып қала аумағының вертикаль жоспары саналады. Вертикаль жоспарлау қойылатын талаптардың жалпы қағидаларын белгілейтін және қаланың табиғи рельефін жақсартатын, соның ішінде көшелер мен жолдардың бойлық еңкіштіктерін, су ағымының бағытын белгілейтін қала аумағының инженерлік дайындығының бөлігі болып табылады. Қала аумағының көшелері мен алаңдарының вертикаль жоспарын әртүрлі тәсілдермен жобалауға болады: – жобаланатын аймаққа қималар торы жүргізіліп, ол қималар екі жақты байланыста жобаланатын – қималар тәсілі; – қалыптасатын рельеф жобалық горизонтальдарда көрсетілетін – жобалық (қызыл) горизонтальдар тәсілі; – қималар және жобалық (қызыл) горизонтальдар тәсілдерін араластырып қолданатын – аралас тәсіл. Вертикаль жоспарлаудың сұлбасын құрастыру үшін келесі мәселелерді шешу керек: – суды ағызу әдістері; – бақылау нүктелері болып саналатын кварталдар бұрыштары мен қиылыстардың белгілері;
Достарыңызбен бөлісу: |