37. Вертикальды жобалаудағы аралас әдіс
– аралас әдіс. Мұнда қималар және жобалық горизонтальдар әдістері қатар қолданылады.
Аралас әдіс. Бұл әдіс қала көшелері мен жолдарын жобалауда көп қолданылады. Мұнда бойлық қимамен толықтырылған жобалық горизонтальдар әдісі пайдаланады, ал көлденең қима қарастырылмайды.
38. Вертикальды жобалаудағы ерекше жағдайлар. Күрделі рельеф
Сонымен көше қиылыстары мен алаңдарын жобалау реті: – рельефтік жағдайын анықтап, соған байланысты судың ағуын ұйымдастыру; – жолдың бойлық еңкіштіктерін анықтау; – жол қиылысындағы бас нүктелерді тағайындау. Оған бойлық қимадағы жер, су ағардағы немесе төменгі жерлердің биіктік белгілері жатады. Бұл аралықтағы жер еңкіштігін бағыттауышпен көрсетеді. – бойлық еңкіштіктер айырмашылығы нормативтік мәннен (5- 25‰) асқан жағдайда вертикаль жобалаудың мақсаты жолды тегістеу, яғни оған қажетті көлденең еңкіштік беру. – жердің еңкіштігін және көшенің түрін ескере отырып көшенің бойлық еңкіштігін тағайындайды. Одан кейін вертикальды жобалау горизонтальдарын жүргізеді. Оны қиылысушы көшелерден бастап, жол қиылысында өзара байланыстырады. Көше қиылысының көлденең еңкіштігі қиылысатын көшелердегідей тұрақты емес, оны суды жүргізу үшін өзгертіп отырады. Көшенің жүріс бөлігінде вертикальды жобалау тротуар мен жасыл алқап горизонтальдарымен біріктірілген түрде жүргізіледі. Онда оларға қойылатын талаптарды орындау қажет. Сонымен жоба сызығы арқылы қай жерді қию, қай жерді көтеру керектігі көрсетіледі. Жер жұмысының көлемі картограмма бойынша анықталады. Көшенің кез келген жерінің биіктік белгісін көшенің көлденең қимасы бойынша анықтайды. Алғашқы мәлімет ретінде көше осінің немесе арнасының белгісін қарастырады. Көше қиылысын жобалау күрделі, ол көше категориясына, көшені жоспарлау шешіміне және қиылысқан көшелер еңкіштігіне байланысты. Сонымен қатар жер беті суларының ағымын қамтамасыз ете алуы қажет. Бұлардың ішіндегі күрделісі көше қиылысының еңкіш беткейде орналасуы, бойлық еңкіштігі үлкен көшелердің қиылысуы және магистральды көшелердің жергілікті маңызы бар көшелермен қиылысуы. Сондай-ақ екі еңкішті көшенің жүріс бөлігінің бір еңкішті көше бөлігімен байланысы, сонымен қатар арналарды байланыстыра жобалаудың күрделігі. Көше қиылысын вертикальды жобалаудың мынадай пішіндері бар: төрт еңкішті, үш еңкішті, көлденең арналы және арнасыз. Көше қиылысы бұрышының биіктік белгісін және ондағы тротуарларды вертикальды жобалау өте күрделі. Қызыл сызықтардың қиылысуынан туындаған бұрыштағы нүкте қиылысқан екі көшенің де көлденең қималарына жатады. Оның биіктік белгісін тағайындау мұндағы екі көшенің элементтерінің еңкіштігін шектік мөлшерінен асырмай қарастыру нәтижесі бойынша жүргізіледі (4.6-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |