1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік


Жер асты сулары және олардың қозғалыс ерекшеліктері



бет29/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
58. Жер асты сулары және олардың қозғалыс ерекшеліктері
Жерасты суларының негізгі көзі болып атмосфералық жауын-шашын болып табылады. Жер бетіндегі судың жүруі қиындаған жағдайда және жер қабатының жақсы су өткізу жағ дайында судың жер бетінен инфильтрациясы (өтуі) үшін жақсы жағдайлар жасалынады. Жерге түскен су ауырлық күшінің әсерімен өз жолында су өткізбейтін (суға төзімді) жыныстарды кездестірмегенше терең қабаттарға сіңеді. Суды өткізбейтін қабат бетінде жерасты сулары жиналып, жерасты суын құрайды.
Жерасты сулар үш түрге бөлінеді: қалқыма су; негізгі деңгейжиек; топырақаралық сулар. Қалқыма су жер бетіне жақын орналасқан жыныстың әлсіз су өткізетін линзаларында пайда болады. Қалқыма судың қуаттылығы әдетте үлкен емес және кейде 2 м болады. Қалқыма судың деңгейі белгілі бір заңды лыққа бағынбайды және суға төзімді линзалардың орналасуымен көл еміне байланысты болады (9.1-сурет). Қуаңшылық кезде және қыста (жердің бетінен ылғалдың түсуі болмаған жағдайда) қалқыма су тұтастай жоғалуы мүмкін және жердің кезекті ылғалдануынан соң қайта пайда болады.
Негізгі деңгей – бұл көлемі бойынша үлкен аумаққа таралған, жердің бетінен бірінші су сақтағыш қабаты. Ол тұрақты, жерасты сулар ы ның ағыны қозғалысының бағыт ына қарай су айналарының белгілерін өзгерту заңдылығына ие. Жерасты су қабатының қуаттылығы жердің бетіне түскен жауын-шашынның орташа жылдық мөлшеріне байланысты болады.
Топырақаралық сулар – екі су өтпейтін қабаттардың арасында орналасқан жерасты сулары. Топырақаралық сулар тұтастай осы аралықты суға толтырса, онда ол қысымды болады.
Топырақаралық қабатты тұтастай толтырмаған кезде жерасты сулары еркін ағу режимінде болады. Олардың таралу аумағы оны қамтамасыз ететін қуат көзінің аумағына сәйкес келмейді. Олардың қуат көзінің аумағы жер бетіне шығатын суға толтырылған жыныстардың шығу көлеміне сәйкес келеді.


59. Дренаждар және оларды жобалау принциптері
Жоғарғы қабатта орналасқан дреннің конструктивтік және орналасу ерекшелігіне байланысты көлденең және тік дренаждарға бөлінеді. Көлденең дренажда жерасты суы өз еркімен ағады. Тік дренаж жүйесінен жерасты суы жасанды жолмен – насос қолдану арқылы шығарылады.
Көлденең дренаждар ашық және жабық типті болады. Ашық дренаждар қарапайым кептіргіш жыралар жүйелері түрінде болады, оларды құрылысы салынып бітпеген аумақтарды кептіру үшін қолданады. Жабық дренаждар үлкен аймақтағы жерасты суларының деңгейінің төмендеуіне немесе ғимараттың жер астындағы бөлігін қорғауға арналған. Олар жерасты суы деңгейінен төмен орналасқан құрылымдар
Тегістелген жер беті мен жерасты суының төменгі деңгейі арасындағы
кептірілетін жер қабаты биіктігін кептіру нормасы деп атайды. Дренаждарды үстіне құм немесе қиыршық тас себілген керамикалық немесе металл емес құбырлардан орындайды. Дренаж фильтрі жерасты суларындағы ұсақ түйіршектерді құбырға түсірмеу үшін қойылады. Егер де дренаж конструкциясы су ағызу қаптамасына дейін түсірілсе, дренаж жетілдірілген деп аталады. Ал, егер ол су табанына дейін жетпесе оны жетілдірілмеген деп атайды. Дренаждық суды нөсер кәрізі жүйесіне немесе ашық ағымдарға қосады. Дренаж жүйесінің дұрыс қолдануын қамтамасыз ету үшін көру құдықтары қарастырылады.
Егер де дренаж шығару жағынан аққан суға кері бағытта су келетін болса, онда дренаж алдына арнайы клапан немесе қосымша шағын станция орнатылып, дренаж жүйесінен суды жоғары қарай айдап жібереді. Дренаж жүйесінің жерасты суына байланысты орналасуына сәйкес келесі түрлері бар: жағалаулық, жүйелік, негізгі және шеңберлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет