1.Қалалық көлік жүйесі мен жобалау принциптері туралы жалпы түсінік



бет30/31
Дата17.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#75163
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Жағалаулық дренажы өзен деңгейінің көтерілген кезінде жағалауғ а сіңген (фильтрленген) суды ұстауға және су қоймасының дамбасы аумағындағы сүзілген суды тоқтатуға арналған. Сонымен қатар, жағалаулық дренаж жерасты суларын қабылдайды. Жағалаулық дренаж трассасын өзен жағасы бойына немесе дамба жағалауына орналастырады (9.3-сурет). Дренаждан суды дамбының сыртанда ағызу үшін су көшіру станциясы орналастырылады
Жүйелік дренажды үлкен алаңдардағы жерасты суы ның деңгейін төмендету үшін қолдан ылады. Осындай бөлімдер өзеннің жа йылым бөлігіне немесе аздаған ең кіштікті су айыратын төбелерге орналасады. Дренаж жүйесі жерасты суларын төмендететін жекелеген арық- құрғатқыштардан және бас дренаж коллекторынан тұрады. Жүйелік дренажды аздап құрғатылған топырақ асты қабатына орнатады. Дренаж – кептіргіштердің арасы 100– 150 м болғ ан жағдайда оның орташа кептіру нормасы 2–2,5 м жетеді.
Кептірілген аймақ саябақтарды, қоймаларды және де басқа капиталь ды емес құрылыстарды орналастыруға пайдаланылуы мүмкін. Тұрғын құрылыстар үшін мұндай жүйені пайдалану сондай тиімді емес, себебі дренаж фильтрінің құры лымын тез істен шығарады, өйткені мұнда жерасты құрғату дрендері көп орналасады және олардың жерасты коммуникациясы құбырларымен қиылысуы көп.
Негізгі дренаж өзенге, сай-салаға немесе қыраттың беткей табан ына баратын жерасты суларын тоқт ату үшін қолдананады. Оны жер асты суының бағытына перпендикуляр жеке сызықты дрен түрінде орын дайды. Осыған орай қорғалатын құрылыс бас дренаждан төмен орналасады


60. Өзен жағалауын жабдықтау, безендіру
Ерте заманнан өзендердің жағаларында үлкен және кіші қалалар орналасқан. Қазіргі заманда қала құрылысы тәжірибесінде өзендерге аса зор назар аударады. Үлкен өзендердің сағаларын әртүрлі маңызды көліктік магитральдар ретінде пайдаланылады. Санитарлық және таби ғи жағдайлары жақсы үлкен және кіші өзендердің жағаларында қала тұрғындары үшін демалыс аймақтарын орналастырады. Қала тұрғындарының ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су жетіспеген кезде өзендерді су қорлары ретінде де пайдаланылады.
Қала жоспарында өзендер ді пайдалану мақсатына байланысты өзеннің реттеуіш сызығын бекітеді және жағалау белдеуінің инженерлік жайғастыру сипатын анықтайды.
Іс-шаралардың құрамына өзеннің (су қоймасының) реттеуіш сызығының бойына жағалаулы нығайту жұмыстары, жағалау белдеуінің аумағын вертикальды жоспарлау, жер бетіндегі суларды ағызу үшін ұйымдастырылатын нөсерлі кәріздер мен олардан шығару құрылғылары, аумақтың дренажы және т.б. кіреді. Жағалық бөліктерде тұрғын үйлерді, саябақтарды, жағажайларды, айлақтарды, кемежайларды және т.с.с. орна ластыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Өзеннің енін, оның ағысының тереңдігін және жағалауды нығайту жұмыстарының сипатын өзеннің су режиміне және оны пайдалану сипатына байланысты анықтайды.
Суағардың жылдық режимі туралы мәліметтер, сондай-ақ ұзақ мер зім ішінде оның деңгейінің өзгеруі гидрометеорологиялық станцияларының бақылауларының мәліметтері бойынша алынады. Өзеннің режимі туралы мәліметтер жағалау белдеулеріндегі инженерлік жабдықтарды жобалаған кезде дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Кіші өзендердің суағарларының бассейндерінде орналасқан аумақтарды пайдалану кезінде аумақтарды пайдалану сипаты суағардың қалыптасуына және оның санитариялық-гигиеналық жағдайына елеулі әсер ете алады. Ашық қала су арналарындағы ластанған жер беті суларын кіші өзендерге қосуға болмайды, олар жерасты құбырларына жіберілуі тиіс.
Өзен арнасының су астындағы бөлігінің (түбінің) құрылысы туралы көріністі көрнекті көру, су бетіндегі белгілеріне қатысты өзеннің тереңдігін анықтау, сондай-ақ жағалаулық суағар бөктері жиектерінің белгілер ін салыстырмалы түрде орналастыру үшін өзеннің бойлық және көлденең қималары жасалынады.
Пайдалануға ыңғайлы болу үшін өзеннің көлденең қимасын әртүрлі масштабтарда жасайды. Жазық және тік масштабтардың арақатынасы өзеннің ұзындығына және өзеннің басы мен оның сағасы арасындағы биіктік белгілерінің айырмашылығына орай қабылданады. Өзеннің бойлық қимасы кеме жүзетін арнаның ең төменгі белгілерімен, яғни оның ең үлкен тереңдігі арқылы өткізілген вертикаль жазықтықтағы сызық арқылы сипатталады. Гидрометеорологиялық пункттердің бақылауларының мәліметтері бойынша көлденең қимаға судың төменгі деңгейінің ұзақ маусымдық жағдайына тиісті өзен деңгейінің белгілерін салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет