1.Қазақстан аумағындағы мемлекеттер; (1-6) Амангелдиева


Әл-Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі. (55-60) АЙЖАН



бет36/59
Дата02.04.2023
өлшемі151,79 Kb.
#78356
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59
Байланысты:
DOC-20230105-WA0155.

55.Әл-Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі. (55-60) АЙЖАН
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Фараби - ерте ортағасырларда өмір сүрген ұлы ғұламалардың бірі. Ол жан-жақты оқымысты, білімді адам болды. Әл-Фараби жастайынан білімге құмар болып, ілім алу үшін Орта Азия мен араб елдері қалаларына жиһанкездікпен сапарлар жасады. Ол барған жерлерде көптеген атақты ғұламалармен,ойшылдармен танысып, кездесті. Олардан тәлім алып өсті. Фараби шығыс рационализмінің негізін қалағандардың бірі болды. Жалпы Фараби көптеген ғылымдар мен оның салаларының қалыптасып дамуына жол ашты. Олардың жетілуіне өзіндік үлкен үлесін қосты. Ол жаратылыстану ғылымдарының бастап, гуманитарлық салаларды , тілдік ғылымдарды, медицина, философия, т.б сол сияқты көптеген бағыттарды терең меңгерді. Осы салалар бойынша көптеген жаңалықтарды да ашты. Жалпы ол өмір сүрген уақытында жүз елуден астам трактаттар жазып қалдырған. Міне осындай ғылымға сіңірген көп еңбегі үшін де оған "Екінші ұстаз" атақ берген.


56.«Ұлы Жібек жолы” және оның Еуразия халықтарын байланыстырудағы ролі.
Ұлы Жібек жолы - Жерорта теңізінен басталып сонау Қытайға дейінгі Еуразия даласы арқылы өтетін керуен жолдарының қиылысы. Ол ежелгі ғасырлармен қатар орта ғасырларда да осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстары арасындағы маңызды байланыс болып табылады.Біздің дәуірімізге дейінгі екінші ғасырға жататын бұл жол Еуразияның дүние бөліктері болып табылатыр Еуропа мен Азия, нақты айтсақ батыс пен шығыс арасындағы көпір болды. Қазақстанның аумағын кесіп өткен кезеңінде алтыншы ғасырдан бастап екі бағыт кеңінен дамыды: Сырдария және Тянь-Шань. Осның ішінде бірінші бағыты осы біздің еліміздің аймағымен , көпшілігік бөлігінде оңтүстік аймағымен өткен болатын. Бұл бағыт сонау Қытайдан басталып, Шығыс Түркістаннан Қашқарға, одан Жетісуға, одан ары қарай Сырдария жағалауы бойымен жүріп отырып ,Арал бойымен батыс елдеріне өткен болатын. Жалпы осы сауда жолының арқасында Ұлы Жібек жолы өтетін аймақты мекендейтін Еуразиялық көшпенділер жәймендеп өркениет туып, өз ордасын, қаласын, керуен-сарайын салып, сауданы бақылап отырды. Осы кезеңдегі отырықшылықпен айналысатын қауым көшпенділердің қару-жарағын, ат әбзелдерін, неше түрлі бұйымдарын кездестіріп, айырбас жасай отырып, сауданы дамытты. Қазіргі жаһанданудың алыстағы мысалы осы бір Жібек жолы деп айитсақ та болады.Алайда оның тарихи мерзімі , яғни құлдырап, жойылуы Ұлы географиялық ашылуларға дейінгі уақытта болған. Ол әр түрлі себептертердің кесірінен өркениеттің индустриалды толқынымен дамуына ілесе алмады. Жібек жолының тарих сахнасында қалыптасып жоқ болып кеткендігіне көптеген мыңжылдар өтсе де, оның алатын орны ерекше әрі маңызды. Бұл Тынық мұхиты мен Атлант мұхиттары арасында өмір сүрген көптеген халықтардың мәдениеті мен тұрмысын біріктірген әлемдік тарихтағы ерекше әрі маңызды құбылыс болды.Ұлы Жібек жолы әртүрлі сауда түрлерін, мәдени жаңалықтарды және тың ойларды тарату, сондай-ақ Еуразияның көшпелі және отырықшылықпен айналысатын халықтарының өмір сүру дәрежесін дамыту тәсілі болды. Жібек жолы өркениеттің жолы болды десек те артық етпестей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет