2) Бұрыштық моменттің кванттық механикасына түсініктеме бер, теңдеулерін көрсет
- Кванттық жүйенің орбиталді моментінің ерекшелігіне.
- Кеңістіктік квантталуына.
- Кванттық жүйелердің қасиеттерін түсінуге спиннің керектілігі.
Атомда бір жұптаспаған электроны бар, ядроның моменті нольге тең қарапайым жағдайды қарастырайық. Мұндай атомның магниттік қасиеттері жұптаспаған электронның орбиталдық магниттік және компенсацияланбаған спиндік магниттік моменттерімен анықталады. Орбиталдық моменттің жартылай классикалық моделі ретінде ядроның айналысында бұрыштық жиілігімен айналатын заряды е электронды ұсынады, мұндай айналу магнит моментін тұғызатын айнымалы тоққа эквивалентті,
(8.1)
мұндағы с – жарық жылдамдығы; r – электрон орбитасының радиусы; S – орбитамен қоршалатын аудан. Қозғалыс мөлшерінің механикалық моменті , мұнда m – электронның массасы. Орбиталды магнит моментінің механикалық моментіне қатынасы (гиромагнитті қатынас) glнемесе орбиталдық магнетизмнің g-факторы (спектроскопиялық ыдырау факторы) деп аталады:
(8.2)
бірлігінде =1 аламыз.
Квантты-механикалық қарастыру да орбиталдық -фактордың осы мәніне келтіреді. Шынында, кванттық механикаға сай, орбиталдық магниттік момент:
және (8.3)
мұндағы l– орбиталық кванттық саны; – Бор магнетоны, оның мәні электронның орбиталдық магниттік моментінің кіші мәніне, яғни сутек атомындағы электронның бірінші Бор орбитасындағы моментіне тең; -ге бөлінген Планк тұрақтысы.
Достарыңызбен бөлісу: |