2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал



бет4/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау Қазақ тілі

Сөйлем


Мәтінмен таныса отырып, оқушылар сөйлемнің айтылу мақсаты бой- ынша, құрылысы бойынша (жалаң және жайылма), сөйлемнің мағынасын, сөйлемдегі сөздердің байланысын, ауызша және жазбаша сөйлеуде (про- залық, өлеңдік мәтінде, диалогтік сөйлеуде) сөйлемдерді ресімдеуді қа- дағалайды. Оқушылар сөйлем құрастыруды үйренеді, берілген сызбалар, сұрақтар, тірек сөздер, белгілі бір тақырып және сурет бойынша сөйлемде-
гі сөздердің байланысын анықтайды және мәтінде сөйлемдердің бірізділі- гін белгілеуді үйренеді.
Мысалы:

      1. Тірек сөздермен сөйлемдер құраңыз. Оқу жылы ... .

... мектепке жиналды. Қоңырау ... .
... сыныпқа кірді.
Керекті сөздер: басталды, балалар, соғылды, оқушылар.

      1. 2– сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы ребустын шешуін тауып (31 бет- тен көріңіз)

шешілген сөзбен жалаң және жайылма сөйлемдер құрап, жазыңыз.
Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді табыңыз.


Лексика


Лексикалық тақырыптардың дұрыс пайдалануы, нәтижелі жұмыс жүр- гізілуі– тілді дұрыс игерудің бірден-бір маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан мектеп бағдарламасындағы лексикалық тақырыптар оқушы- ның өзін қоршап тұрған ортасынан, яғни күнделікті тілдесімге керекті сөздерге байланысты тұрғызылған. Тақырыптар 2-сыныпқа дамыта оқыту процесіне бағытталған. Лексикалық тақырыптардың маңызды бөлігі – сөз, оқушы сөйлеп үйрену үшін сөздік қор жасауы қажет, әрі сөздерді дұрыс, орынды қолдану амалдарын меңгеру керек. Оқу барысында жаңа сөздер күн сайын көбейіп отырады. Оқушының жеткілікті дәрежеде сөздік қоры болмайынша, қазақша сөйлеуі мүмкін емес. Сөздік қорды қалыптастырып, жүйелі түрде байыту – мұғалімнің негізгі жұмысы. Бастауыш сыныптарда әр сабақта 3-4 жаңа сөз үйретіліп, келесі сабақтарда қайталанып, бекітіліп отырса, оқушының тілі үйреніп, тілдесім әрекетін тез меңгеруіне жол аша- ды. Бастауыш сыныптарда оқушының есте сақтау қабілеті жоғарғы дәре- жеде болғандықтан, бұл сөз мөлшерін 4-5 жаңа сөзге дейін көтеруге бола- тынын ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп жүр.
Оқушының сөздік қоры сабақ барысында қалыптасады. Сөздікпен дұрыс жұмыс жасау жақсы нәтижелерге жеткізеді. Мысалы, сөздікпен жұ- мыс жасаудың бірнеше амалдарын атауға болады.

    • мұғалімнің үлгісі бойынша оқу;

    • сурет бойынша жаңа сөздерді атау;

    • хормен қайталау;

    • жұппен оқу;

    • доппен аударма арқылы қайталау;

    • жаңа сөзбен сөз тіркесін құрау;

  • жаңа сөзбен сөйлем құрау;

  • жаңа сөздерден сөз диктантын, сөздік диктантын, түсіндірме диктан- тын жаздыру.

Сыныптан тыс жұмыстар да оқушының сөздік қорын байытуға үлкен көмек жасайды. Оқушыларға жас ерекшелігіне сай ертегілер, кітап, газет, журналдар оқытып, жаңа сөздерді, түсінбеген сөздерін теріп жазып, са- бақта қосымша жұмыс жасау көп пайдасын тигізеді. Сол сияқты оқушы- ның қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін көшеде көрген қазақ тіліндегі атауларды естеріне жазғызу арқылы түсіндіріп, сөздік қорларын молайтуға болады.
Оқушының үйренген сөзінің бәрі күнделікті қарым– қатынаста қол- данылатын сөздер болмайды. Оларды орынды пайдалануға үйрету мұғалімнің жүйелі түрде жұмыс істеуіне байланысты. Оқушы үйренген сөзін тілдесім әрекетінде қолданып дағдылануы керек. Жаңа сөз көбінесе мәтінмен байланысты болуы мүмкін.
Мысалы: «кітап» сөзі.

  1. Мәтінде «Оқушыда бес кітап бар» сөйлемі берілсе;

  2. Жаттығуда «Кітаптың он парағы бар» делініп, сөздің түбірі мен жалғауы белгіленсе;

  3. Он кітап қызыл кітап үлкен кітап

қызық кітап, – деп әр түрлі сөз тіркестері құралса;

  1. «Ұйқасын тап» тапсырмасында:

кітап – көше қала – мектеп

  1. Осы сөзге жұрнақ, жалғау жалғану жолдары түсіндірілсе, мысалы: кітапша, кітаптар, кітаптарды, кітапхана

  2. Кітаптың суреті салынып, атауы жазылса;

  3. «Кітап» сөзінің соңғы буынына байланысты ойын ойналса, мысалы: кітап – тапсырма – мақал, т.б.

  4. «Кітап» сөзіне сөзжұмбақ құрап келуге тапсырма берілсе, мысалы:

  1. Лиса

  2. Белка

  3. Лев

  4. Медведь

  5. Слон





се;


  1. «Төртінші артықты тап» тапсырмасы арқылы сөздің жүйеленуі беріл-




сүт

Нан

май

кітап

Сүт, май, нан – азық – түліктер


















Алма, жүзім, алмұрт-жемістер, – деп «кітап» сөзінің мағынасы ұғынды- рылады, әрі оның оқу құралдарына жататыны түсіндіріледі.





  1. Сызба бойынша сөйлем құрау әдісі үйретілсе;



алдым Мысалы, Мен кітап оқыдым
бердім



  1. Сұрақ – жауап арқылы оқушының белсенділігін, сөздік қорын мо- лайту.

Не? Кітап
Неше кітап? ... ...
Қандай кітап? ... ...
Кімнің кітабы? ... ...



  1. «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау жасату; [к] – дауыссыз дыбыс

[і] – дауысты дыбыс [т] – ... ...
[а]– ... ...
[п] – ... ...
Осындай жолдармен сөзді үйреткен тиімді болмақ. Осы сияқты жұмы- старды түрлендіру арқылы жаңа сөзді оқушының есіне берік қалыптасты- руға болады.
Жаңа сөзді оқушының ойында қалыптастыруда лесикалық, грамма- тикалық, дыбыстық жаттығулардың атқаратын қызметі өте маңызды әрі ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет