20-тарау. Дисперсті жүйелердің физикохимиясы



бет20/23
Дата24.04.2022
өлшемі300,99 Kb.
#32094
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
20.11. Суспензиялар

Суспензиялар (лат. Suspendere — іліп қою) деп дисперстік фазасы қатты бөлшектерден тұратын сұйық дисперсиялық ортасы бар ірі дисперсті жүйелерді айтады. Дисперстік фазаның концентрациясына қарай суспензиялар сұйылтылған және концентрленген суспензиялар — пасталар деп бөлінеді. Сұйылтылған суспензиялар өткінші жарықта да, шашыраған жарықта да лай болып келеді. Тиндаль конусының болуы дисперстік фаза бөлшектерінің бетінен жарық сәулелерінің реттелмеген шашырауына байланысты. Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемдері өте үлкен болғандықтан броундык қозғалыс, диффузия және осмостық қысым суспензияларда іс жүзінде байқалмайды. Фазааралық бөліну шекарасында қос электрлік қабат түзілуі мүмкін.



Суспензиялар — седиментациялык тұрақсыз жүйелер. Дисперстік фазаның бөлшектері өздерінің ауырлық күшінің әсерінен тұнады. Тұну жылдамдығы бөлшектердің өлшемдеріне, дисперстік фаза мен дисперсиялық орта тығыздықтарының айырмасына, тұтқырлыққа және температураға тәуелді. Суспензиялардың агрегаттық тұрақтылығы зольдердің тұрақтылығы сияқты беттік Гиббс энергиясыньң өте жоғары қорының болуымен байланысты. Суспензиялардың агрегаттық тұрақтылығын көтеру үшін тұрақтандырғыштарды — ББЗ қолданады. ББЗ тұрақтандырғыштық әсерінің сызбасы 20.17-суретте келтірілген.

ББЗ молекулалары дисперстік фаза бөлшектерінің бетінде адсорбцияланып, жұқа құрылымданған қабыршақ түзеді, оның механикалық беріктігі жоғары және дисперсиялық ортамен ылғалдануды арттырады, осыған байланысты агрегацияланудың алдын алады. Суспензиялардың седиментациялық тұрақтылығын тұтқырлықты және дисперсиялық ортаның тығыздығын арттыру арқылы көтереді.



Суспензиялар халық шаруашылығы мен медицинада кеңінен қолданылады. Цементтің, саз балшықтың, құмның суспензияларын құрылыс материалдары (кірпіш, бетон), керамикалық бұйымдар өндірісінде қолданады. Улы химикаттардың, пестицидтер, минералды тыңайтқыштардың суспензияларын ауыл шаруашылығында қолданады. Медицинадағы көптеген дәрілік заттар суспензия түрінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет