21
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Biology
гендік мутация сомалық жасушаға ықпал етуінен пайда
болатыны белгілі. Мал шаруашылығының төлдеріне ғана
емес, сәбилердің арасында да мұндай кемтарлық байқалып
жүр. Мутациялық кемтарлықты зерттеу болашақтың ісі.
Әсіресе облысымыздың аталған ауданында.
Әдебиет:
1. Алмашева К.А. Экология. — Алматы: НАС, 2006. — С. 213.
2. Өтесінов Ж.Ө. Жалпы генетика және молекулалық биология. — Қызылорда, — 2010. — 38–46 б.
3. Мухамедгалиев Ф.М. Актуальные проблемы частной генетики сельскохозяйственных животных. — Алма-Ата,
1981. — С. 65.
22
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Экология
Э к О Л О Г И Я
Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Досмаханова Маржан Сахиевна, магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
азіргі уақытта әлемдік қоғам назары экологиялық
білім беру проблемасына аса назау аударылуда. Се-
бебі, қазіргі таңда кез-келген адам баласы үшін кезек
күттірмейтін екі мәселе туындап отыр. Біріншісі, адам
қазіргі кезде табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болуы,
алайда мұның арты орны толмас экологиялық қиын
жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Екіншісін таңдар болса,
онда биосфераны сақтап қалуға тырысу керек, ол үшін
адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте
отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру
қажет. Бұны, БҰҰ мен бірқатар мемлекеттердің адам
және оны қоршаған орта туралы жаңа бағыттағы білім
жүйесін қалыптастыратын, биосфераны сақтап қалуға
бағытталған, энергияны және ресурстарды үнемдейтін
технологияларды енгізуді міндеттейтін тұрақты даму
стратегиясын қабылдауына байланысты түсіндіруге бо-
лады. Экологиялық білім беру проблемасына қоғамның
назар аударуының тағы бір себебіне, антропогендік
түрдегі (табиғи ресурстардың азаюы, биоалуантүрліліктің
төмендеуі, қоршаған орта жағдайының төмендеуі, зи-
янды қосылыстардың көбеюі және т.б.) экологиялық
проблемалардың пайда болуы жатады.
Қазіргі кезеңде экологияның ғаламдық мәселелері
көптеген адамдардың қызығушылығын тудырып отыр.
Біздің республикамызда табиғат қоршаған ортаны қорғау
саяси, экономикалық және мемлекеттің әлеуметтік
тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған.
Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген:
«Мемлекет өзінің мақсатын адам денсаулығын және
өмірге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған».
Экологиялық мәдениет — әрбір қоғамдағы жалпы
мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып табы-
лады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған
ортаның өмір сүру талаптарымен байланыста болады.
Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде
қоғам мен табиғаттың өзара қарым — қатынасын реттеу
қажеттілігінен туындайды. Б.Т. Лихачевтің пайымда-
уынша экологиялық мәдениеттің мәні экологиялық
тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін.
Экологиялық мәдениет тұлғамен, оның түрлі қыр — сы-
рымен және қасиеттерімен органикалық байланыста бо-
лады. Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет»
ұғымына көптеген түсінік, анықтамалар берілген.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы
бойынша алыс және жақын шет елдік ғалымдардың
қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі
де, сан қырлы екендігіне көз жеткізеді. Экологиялық
мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда
олардың мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше
бағытта қарастырылғандығын көрсетеді: экологиялық
мәдениет — жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық
мәдениет адамдардың табиғатпен қарым — қатынастары
жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері,
білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық
мәдениетке — адамның өмірлік белсенді тұғырнамасы;
экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық,
материалдық — практикалық, рухани ізгілікті меңгеруі
және жаңартудағы мәнді күш — қуатының өлшемі, іс —
әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет — адамның
табиғатпен ғана емес, әлеуметтік — тарихи ортамен, би-
осферамен өзара әрекеттестігі [1, 39 б.].
Студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру
үшін экологиялық білім мен тәрбие қоса берілуі
керек. Себебі, экология негіздерін білу — білім
алушылардың бойында қалыптасып, дамитын
экологиялық мәдениеттің түп тамыры іспеттес. 1993
жылы Ф.Майром ЮНЕСКО басшылығымен талданған
жүргізуші халықаралық жобаның «Әлем мәдениеті»
бағдарламасы болды (UNESKO and a cuIture of peace
Promoting a GiobaI Movement), мұнда негізгі буын болып
«Экологиялық мәдениет» бағдарламасы табылады.
Адамзатта ең өзекті мәселе болып жаңа қоғам өмірін
ұйымдастыру және бір тұтас білім принциптері болып та-
былады.
Әрбір қоғамның даму сатысында азамат баласының
табиғат пен саналы қарым-қатынас жасауының, яғни өзі
тіршілік еткен ортасын қорғау мақсатында, жас ұрпақты
тәрбиелеуде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік та-
рихы бар. Ғұлама ойшылдар философ, математик, пси-
холог, педагог, табиғат зерттеушісі Әбу-Насыр-Аль Фа-
23
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Ecology
раби, Ж. Баласағұн, С. Бақырғани, М. Қашқари сонау
ерте кезден -ақ табиғат — қоғам — адам арасындағы
дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын
өздерінің ғылыми дүниетанымына арқау ете отырып
табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім
тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді. Халқымыздың
ақын жыраулары Бұқар жырау Қалқаманұлы, Қорқыт
ата, Асан қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырла-
рында табиғат олардың өзекті мәселесі болды. Қазіргі за-
манда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның
құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа
және адамның бастапқы құқығы — таза табиғат орта-
сында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін көрсету.
Адам — табиғаттың бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы
істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн және
оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік бел-
сенділігіне ықпал етуі мүмкін. Э.В.Гирусова былай
деген «экологиялық мәдениет — бұл біздің ішіміздегі
ноосфераның пайда болуы». [2, 56 б.].
Білімді экологияландыру барлық білім жүйесіндегі
органикалық және басымдылық бөлімі ретінде қаралады,
стартегиялық мақсатты анықтау және жүргізуші бағыттар,
оған жаңа құндылық беру, тек қана табиғатта ғана жаңа
қарым — қатынас құрастырмайды, сонымен қатар қоғамға,
адамдарға. Қолайлы жағдайлардың пайда болуына әрбір
адамның құқығын қамтамасыз ету және қоршаған табиғат
ортасындағы дағдарысты жоюға мүмкіндігі бар, қоғамды
құрастыру шешімдері. Экологиялық мәдениет, жалпы-
адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді,
адам арасындағы құнды қарым — қатынас көлемі және
әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы
және материалдық және рухани құндылықты және мі-
незін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және
қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы
жеке адамды сақтау, экологиялық іс — әрекетті дәлелдеу
және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде
игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты.
Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық
мәдениетті құрастыру келе — келе болады, басқа бөлек
жалпы білімберу пәндерінде оқытылады.
Сонымен, экологиялық мәдениет барлық білім
алушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны
құрастыруға білім беру ұйымдарына үлкен жауаптылық
жатады. Экологиялық мәдениеттің негізгі саласына жа-
ратылыстану білімі жатады, бұл студенттердің білім
жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем су-
ретін құрастыру; экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы
жобалар, экология заңын түсүнуге көмек көрсету
мүмкүндігі, тәжірбиелі қызметтер, табиғатты пайдала-
нуды игеруге септігін тигізетіні анық.
Әдебиет:
1. Лихачев Д.С. Экология культуры. Альманах Всеросс. Общ-ва охраны памятников истории и культуры. —
1980. — № 2. — С. 38–44.
2. Гирусов Э.В. Основы социальной экологии: Учебное пособие. — М.: Высшая школа, 1998. — 312 с.
24
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Сельское хозяйство
С е Л ь С к О е Х О з Я й С Т В О
Африкалық тарыны мал азығы ретінде дайындауда жүргізілетін
агротехникалық жұмыстар
Нургалиев Нурали Шайкисултанович, докторант;
Нуржанова Шугыла Жалгасовна, магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
(Қызылорда қаласы, Қазақстан)
М
ал азығын өндіру ауыл шаруашылығының ірі де
күрделі саласы. Оның бүгінгі күннің талаптарына
сай дамуы және өркендеуі осы саладағы жинақталған
ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске енгізуге бай-
ланысты. Республикада егістікте мал азықтарын өсіру
көптен бері жүргізіліп келеді. Бірақта оның қазіргі жағдайы
сын көтермейді. Мал азықтық дақылдар өсірілетін егістік
жерлерден әр гектарынан алынатын азықтық өлшем,
астық дақылы себілген егістіктен алынатын өнімнен
төмен болып отыр. Оның басты себебі, мал азығы
дақылдарының өсіру технологиясының сақталмауында
және кейбір дақылдардың өсіру технологиясының әр
аймаққа бейімделіп зерттелмеуінде. Өсу ортасының
өсімдіктер өсуіне әсер етуімен бірге өсімдіктер де
сыртқы ортаға айтарлықтай әсер ететіні анықталған. Со-
нымен қатар өсімдіктер желдің жылдамдығына, ауадағы
көмірқышқыл газын азайтуға әсер етеді, жер бедеріне бай-
ланысты топырақ бетінде ылғалдың булануын, жарықтың
түсуін реттейді. Өсімдіктер топырақтан қоректік зат-
тарды пайдаланып оның құрамын өзгертеді, топырақты
органикалық заттармен байытады. Өсімдік тамырлары
топырақ қабаттарына жайылып оның құрылымын, су
және ауа сіңімділігін жақсартады [1. 10–12 б.].
Астық тұқымдастарына жататын біржылдық азық-
түліктік және малазықтық дақылдардың бір түрі —
африкалық тары. Оның ауыл шаруашылығы мен
өндірістегі пайдасына келетін болсақ, бұл дақылдардың
сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы
артады. Сабанының сапасы қыс күнінің өзінде көктемдегі
көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Африкалық тары
сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп
жейді. Олардың дәнінен азықтық жарма және ұн өндіріледі,
сабағынан қағаз шығарады, дән қалдықтары жем, жасыл
массасы малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланы-
лады. Сонымен қатар, африкалық тарыны жеген тауықтар
көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты бо-
лады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге бе-
реді. Олардың сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы
азық болып табылады.
Африкалық тарыны егу жұмыстарының алдында
жүргізілетін топырақты дайындау
және жерді жырту
жұмыстарының маңызы зор болып табылады. Топырақты
өңдеудің негізгі мақсаты жақсартылатын жердің шымын
бұзып, ұсақтап, ондағы органикалық заттарды тезірек
шіріту арқылы қоректік зат қорын көбейтіп және се-
білетін шөп түрлерінің өсіп, дамуына қолайлы жағдайлар
жасау. Жақсартуға дайындаған жерді арнайы соқамен
белгілі бір тереңдікке дейін жыртады. Содан кейін
жыртылған жердің қыртысын тілгілейді, болмаса бұл
жерлерді ерте парлау бойынша жүргізуге болады. Не-
гізінде Қазақстанның далалық аймағының оңтүстігінде
сортаңдау қара топырақтарында және қоңыр топырақты
жерлерінде жерді сүріге жырту 22–30 см қабатында,
құмды, құмдақ және басқа да қарашірік қабаты жұқа
торырақтарда 15–20 см тереңдікте жүргізіледі, ал
шөлейт және шөл аймақтарда жер жыртудың қолайлы
тереңдігі 20–22 см, қара шірігі аз құмды және құмдақ
топырақтарда жер жырту тереңдігі азаюы мүмкін [2.
64–69 б.].
Кебір және сортаңды кешенді топырақтарды, беткей-
лерді, өзен алқаптары мен көлтабандардың топырақтарын
өңдеген кезде жел және су эрозияларын болдырмайтын
жағдайларды ескеру керек. Қатты шымдалған жерлерді
жырту алдында алдымен дискілі тырмалармен өңдеген
тиімді. Далалық және шөлейт аймақтардың бірқатар ау-
дандарында жыртылғаннан кейін шымдарды ұсақтау
мен тегістеу үшін бірден дискілі сыдыра жыртқыштарды
қолданады. Өңдеудің іздер саны шымның қуаттылығына
байланысты. Сүрі жерлерде жаз бойынша арамшөптерді
тырмалау немесе қопсыту (сазды топырақта) арқылы
жояды. Құмдақ және құмды топырақтарда сүрі жерлерді
қопсытқыш-қыршуышпен (КПП-2,2 т.б.) өңдейді. Жырту
мерзімі кезінде көбінесе далалық құрғақ алқаптарды
күзде шолақ түренді соқамен жыртады, көктемде жер
25
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Agriculture
қыртысын дискілі тырмамен қопсытады, содан кейін 2–3
рет тырмалайды (БИГ-3, БСС т.б.). Уақытша су тұрып
қалған алқаптарды, ойпаттарды, сазды жерлерді күзде
бұташықты-саздақты соқамен (ПКБ-75) жыртады, күзде
немесе көктемде дискілі тырмамен (БДТ-3,0) немесе
қопсытқышпен (ФБ-0,9, ФБ-2,0) өңдейді. Шөлейт және
шөл аймақтарда жақсартуға тиісті жерлерді ерте көктемде
не болмаса күзде жыртады [3. 25 б.].
Африкалық тарының тұқымын себер алдында топырақ
дайындау жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Жер
жыртқаннан кейін қыртысы мұқият ұсақталып өңделеді
(БДТ-7, ЛДГ-15, ЛДГ-10 т.б.), беті тегістеледі (РВК-
3,6, ВПН-5,6 т.б.). Содан кейін топырақты тұқым себер
алдында және себілгеннен кейін тығыздайды (ЗКК-6А).
Одан әрі тыңайтқыштар беру жұмыстары жүзеге асы-
рылады. Тыңайтқыштар жалпы қабылданған әдістер
бойынша, топырақтан шөп өнімімен шығарылатын
қоректік заттар мөлшері арқылы есептеледі. Фосфор және
калий тыңайтқыштары бойынша олардың бірінші және
келесі жылдары қабылданатын барлық әсерлі заттарының
мөлшері есептеледі. Азот тыңайтқышы бойынша жыл
сайын көктемде берілетін қоректік зат мөлшері арқылы
анықталады.
Минерал және органикалық тыңайтқыштар, әктер
топырақтың биологиялық белсенділігін айтарлықтай
көтереді, физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартады,
нәтижесінде жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.
Ендігі жұмыс африкалық тарының тұқымын себу.
Төмендегі кестеде африкалық тарының сорт түрлерін
мөлдектерге бөлу арқылы егудің нұсқалары көрсетілген
(№ 1-кесте).
Ұсынылап отырған нұсқа бойынша әр мөлдекті мар-
кермен 8 бөлікке бөліп, оның әрқайсысына 1,8гр тұқымнан
егіледі. Егу жұмыстары жүргізілетін жердің жалпы ау-
даны шамамен 650м
2
болған жағдайда, бір мөлдектің ау-
данын 12м
2
; ұзындығын — 5м.; енін — 2,5м. етіп бөлу
ұсынылады. Африкалық тарының 100 кг дәнінде орта
есеппен 107 а.ө. және 10 кг қорытылатын протеин, 100
кг пішенінде 48–55 а.ө. және 4,5–6,5 кг қорытылатын
протеин, 100 кг көк шөбінде 19–21 а.ө. және 2,0–2,1 кг
қорытылатын протеин, 100 кг сүрлемінде осыған сәйкес
16–20 а.ө., және 1,6–2,0 кг протеин бар. Африкалық
тарының мал азықтық бағыттағы сорттарының тағамдық
сорттарына қарағанда өнімі 1,5–2,0 есеге жуық жоғары
болады. Тарының агротехникалық маңызы да жоғары.
Оны көпжылдық шөптерге жамылғы ретінде себуге тиімді.
Осы үлгіде 2013ж. Қызылорда облысының Қарауылтөбе
тірек пунктінде жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша
африкалық тарының өнгіштігі, түптенуі, биіктігі, т.б.
мәліметтерін № 2 кестеден көруге болады.
Қазіргі уақытта біржылдық шөптердің ішінен
мал азықтық дақыл ретінде африкалық тарыны егі
шаруашылықтарда кеңінен тарай бастады. Өйткені
африкалық тары басқа дақылдарға қарағанда
құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді. Мұның
Қазақстанның қуаңшылықты аудандары үшін маңызы зор.
1 кесте.
Африкалық тарының сорт түрлерін мөлдектерге бөлу арқылы егу
Мөлдек
( делянка)
№
І қайталау
Мөлдек
(делянка)
№
ІІ қайталау
Мөлдек
(делянка)
№
ІІІ қайталау
1
WRai POP
34
HHVBC Tall
35
Хашаки 1
2
IP 13150
33
JBV 3
36
ICMS 7704
3
GB 8735
32
IP 19586
37
MC 94C2
4
Dauro Genepod
31
Sudan POP III
38
EMSHBC
5
Sudan POP III
30
Dauro Genepod
39
ICMV 155
6
IP 19586
29
GB 8735
40
Rai 171
7
JBV 3
28
IP 13150
41
JBV 2
8
HHVBC Tall
27
WRai POP
42
IP 22269
9
Sudan POP I
26
Хашаки 1
43
Sudan POP I
10
IP 22269
25
ICMS 7704
44
HHVBC Tall
11
JBV 2
24
MC 94C2
45
JBV 3
12
Rai 171
23
EMSHBC
46
IP 19586
13
ICMV 155
22
ICMV 155
47
Sudan POP III
14
EMSHBC
21
Rai 171
48
Dauro Genepod
15
MC 94C2
20
JBV 2
49
GB 8735
16
ICMS 7704
19
IP 22269
50
IP 13150
17
Хашаки 1
18
Sudan POP I
51
WRai POP
26
«Молодой учёный» . № 1.2 (60.2) . Январь, 2014 г.
Сельское хозяйство
Әдебиет:
1. Әубәкіров Қ., Атақұлов Т.А., Ахмет А.З., Нұрғалиев Қ.С. Мал азығын өндіру. — Алматы: Білім, 2011. — 453 б.
2. Игловиков В.Г., Конюшков Н.С., Мовсисянц А.П., Новоселов Ю.К., Смурыгин М.А. Справочник по кормопро-
изводству. — М.: Колос, 1973. — 488 с.
3. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. (с основами статистической обработки результатов исследования) —
М.: Агропромиздат, 1985.
Өңделетін жердегі тоңкесектердің қоршаған ортаға байланысты
қаттылығының өзгеруі
Тәжібайұлы Әнуар, техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
Сардарбекова Акбота Калтаевна, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі;
Тыныштыкбаев Нурлан Бегалиевич, магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
(Қызылорда қаласы, Қазақстан)
Қ
ызылорда облысының көктемгі тұқым себер алдындағы
сәуір-мамыр және маусым-шілде айларындағы ауа
температурасы жоғары және оның ылғалдылығы да өте аз
болатындығы белгілі. Техникалық құрылғылардың (ТҚ)
функциялық жағдайындағы не-гізгі көрсеткіші топырақ
ылғалдылығы болып саналады. Бұл жер өңдеу кезін-
дегі ТҚ-ның жұмыс құрылғыларының әсерінен болатын
соққы кезіндегі топырақ кесектері мен тоң-кесектердің
майдалануына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты
топырақ кесектерінің ылғалдылығының өзгеруі, табиғи
кебуі, топырақ тоңкесегінің ылғалдылыққа байланысты
қаттылығының өзгеруі мен тоңкесектердің майдалану
жағдайлары зерттеуді қажет етеді.
Топырақ кесектерінің ылғалдылығының өзгеруін
зерттеу жұмыстары топырақтың әр түрлі — 1610,
1050 және 490 г орташа салмақтағы тоңкесектеріне
жүргізілді. Олардың табиғи кебуі толық ылғалдылығы
кеткенге дейін жүргізілді. Бір жағынан тәжірибе кезін-
2 кесте.
Африкалық тарының сортүлгілерінің далалық өнгіштігі мен өсімдіктің сақталуы
№
Сортүлгі
Өнгіштігі, %
Өміршеңдігі, %
Өсімдіктің
тығыздығы
дана/га
Жинау
алдындағы
өсімдікітің
биіктігі, см.
Түптенуі,
дана.
1
WRai POP
65,7
94,7
169700
294,3
7
2
IP 13150
64,2
95,2
168500
262,5
7
3
GB 8735
59,8
92,8
154800
268,7
10
4
Dauro Genepod
58,3
90,6
147100
247,0
5
5
Sudan POP III
57,5
93,5
146800
302,4
7
6
IP 19586
66,3
95,8
173400
295,2
7
7
JBV 3
63,8
94,1
166300
294,7
7
8
HHVBC Tall
64,1
93,9
165900
287,6
11
9
Sudan POP I
63,8
92,5
164500
320,1
5
10
IP 22269
59,6
91,3
151200
245,3
5
11
JBV 2
61,5
91,7
154700
266,7
7
12
Rai 171
62,3
94,3
158300
238,3
6
13
ICMV 155
55,7
95,1
145800
239,5
10
14
EMSHBC
58,8
92,8
149600
120,8
7
15
MC 94C2
53,6
93,6
138900
205,4
5
16
ICMS 7704
54,8
91,9
138800
215,7
5
17
Хашаки 1
52,5
92,7
160300
235,6
6
27
“Young Scientist” . #1.2 (60.2) . January 2014
Agriculture
дегі айналасындағы ауаның температурасы 19 тан 27,5
0
С
шамасындағы есепке алынып отырады.
Топырақтағы кесектер ылғалдылығының негізгі
төмендеуі бірінші күннің 8 сағат-ында жоғары болады.
Егер әдепкі топырақ ылғалдылығын 100 % деп алсақ,
оның бірінші күні 35…53 %, екінші күні 21...25 % және
үшінші күні 10...13
% ылғалдылығы төмен-дейтіндігін
байқаймыз. Топырақ кесектерінің майда түйіршектерінің
ылғалдылығының W бірқалыпты төмендеуі 50...72 сағат
аралығында болатындығы байқалды.
Жер өңдеу кездерінің сәуір-мамыр айларында, әсіресе
топырақты өңдейтін маусым-шілде айларында ауаның
температурасы жоғары болады да, оның ылғалдылығы
өте төмен болады. Осы кездегі топырақ бетінің кебуі
50 сағат ішінде жоғары болады. Осыған байла-нысты,
жер өңдейтін тырмалардың, сыдыражыртқыштардың,
культиваторлардың қолайлы жағдайлардағы жұмыс істеуі
тез орындалғаны дұрыс [1].
ТҚ-мен тұқым себер алдында топырақ бетін өңдеген
кезде 5 см тереңдік аралықтағы табиғи кебуі, орташа
топырақ ылғалдылығының өгеруі қарастырылды. Зерттеу
кездерінде құнарлы топырақтың ылғалдылығы W және
күннің орташа ауа ылғалдылығы W есепке алынып отырды.
Топырақ ылғалдылығы салмақтық әдіспен анықталып,
ШСС-80 кептіргіш шкафта кептірілді. Кептірілген
өлшемдердің салмағы ВЛТК-500 (дәлдігі ±0,1) тараз-
ысында анықталды. Кептірілетін жасанды тоң кесектің
92 өлшемі байқауға алынып, ал аңыздағы тоң кесектің
17 сынамасы байқауға алынып ылғалдылығы төмендегі
өрнекпен анықталды:
%
100
⋅
−
=
n
n
b
m
m
m
W
(1)
Мұндағы:
b
m
— топырақ ылғалдылығының салмағы;
n
m
— кептірілген топырақтың салмағы.
Ауаның температурасы мен ылғалдылығы тез
өзгеруінің сипаттамасы 2013 жылғы ауа-райының тез
өзгеруімен және жауын-шашынның болуымен сипат-
талады. Осы кезең-дегі сәуір-мамыр айларының 42
күні бұлытсыз ашық болғандығын айта кету керек. Ауа-
райының температурасының орташа өзгеруі Т = 5...30
0
С
және ылғалдылығы W = 35...86 % аралығында өзгерісте
болды.
Техникалық құралдармен өңделген жердің 5 см дейінгі
тереңдігіндегі ылғалдылы-ғын анықтау нәтежесі екі
жағдайда: біріншіден, жауын жауған кезде ылғалдылық
жоғары-лау шыңына жетіп, ол 24...45 сағат аралығына
дейін жалғасты. Екіншіден, топырақтың абсолюттік
ылғалдылығы 14,6 дан 26,5 % аралығына дейін өзгерісте
болды. Топырақ ылғалдылығы осы уақыттың 3 күнінде
20 % жоғары болып, қалған күндері одан төмен болды.
Жер бетінде жатқан топырақ тоң кесектерінің
ылғалдылығының өзгеруі басқаша сипатталды. Олар 5...7
күн ішінде тез кеуіп, аңызақ соққан желдің әсерінен толық
ылғал-дылығынан айырылады. Сонымен қатар, жа-
санды үш түрдегі (1520, 860 және 580) тоң-кесектердің
ылғалдылығының өзгеруі де зерттелді.
Осылардан алынған және анықталған деректер
компьютерде есептеліп, төмендегі өрнек бойынша өзгеру
қисығы анықталды:
,%
1
t
b
a
W
⋅
+
=
(2)
Мұндағы: а, b — еселеуіштер ( а=0,03; b=1,916).
Еселеуіштер мәнінің сипаттамасының жуықтама
сенімділік деңгейі: арақатынас-тығы (корреляции)
бойынша 0,986; анықтағышы (детерминация) бойынша
97,3
% және Фишердің мәні бойынша 250,6 болып
анықталынды.
Тұқым себер алдындағы жерді өңдеу тереңдігі 10 см
және аңыз бетіндегі тоңкесек-тердің майдалануы 20 мм
өлшемнен төмен болуы тиіс. Біздің зерттеулердің көрсетуі
бойынша көктемгі ауа-райына қарамастан жер бетіндегі
тоң кесектердің 2–3 күнде (79...90) толық ылғалдылығын
жоғалтатындығын көрсетті. Техникалық құралдар
жұмысының тиім-ді жағдайы уақыттың өтуіне байла-
нысты W = 18...22 % аралығында болды.
Кесектердің қаттылығына топырақ
дымқылдығының ықпалы. Зертханада жүргі-зілген
тоңкесек қаттылығына ылғалдылықтың әсерін зерттеу
күріштік атыз ішінен алынған топырақ кесектерімен
қарастырылды. Алынған тоңкесектің орташа өлшемі:
ұзындығы — 20, ені — 16 және қалындығы — 11 см
болды.
Тоңкесек қаттылығы арнайы жасалған құрылғы
арқылы анықталды (1, а-сурет). Бөлменің ішіне қойылған
тоңкесекке шағын піспек енгізілді, а қашықтығына өз
өсінде айналатын күйенте орнатылды. Тоңкесекке шағын
піспектің қысымы күш итерісімен орын-далады: жүктің
2
m
салмағы күйентенің аяғындағы күйенте өсінің b
қашықтығына орна-ласқан; келтірілген шағын піспекке
тартылатын күш
2
m
күйенте мен шағын піспектің
өзімен байланысқан. Оның қаттылығына түсетін салмақ
қабылданған тоңкесекті майдалау кезіңіндегі өрнегі [2]:
(
)
ÌÏà
a
S
g
m
b
m
a
p
,
2
1
⋅
⋅
+
⋅
=
МПа
Мұндағы: а=0,22м; b=1,2 м;
1
m
=20 кг;
S — шағынпіспек күйінтесінің тірек алаңының үсті
(3∙10
–4
, м
2
).
Көрсетілген мәнді қойып есептегенде:
ÌÏà
m
p
,
182
,
0
667
,
0
2
⋅
+
=
МПа
(3)
Тоң кесекті майдалағаннан кейін бірден қалбырға
салып, кептіріп берілген кесек-тердің ылғалдылық
пайызы анықталды.
1,б-суреттегі нүктелермен топырақ кесектерінің
тастайлығы мен сәйкесінше оның ылғалдылығы бел-
гіленген. Топырақ ылғалдылығы мен кесектерінің
|