2014 Спецвыпуск І международная научная конференция «Современная наука и инновации»



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата12.03.2017
өлшемі6,95 Mb.
#9047
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

9

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Chemistry

Қаратау фосфориттерінің шикізаттарымен елге танымал 

Оңтүстік Қазақстанның фосфатты өндірістері бар.

Шет елдің мәліметтері бойынша бейорганикалық фос-

фаттар тиімді ингибитор ретінде пайдалану мүмкіндігі 

орасан зор. Олар экономикалық технологиялық тиімді әрі 

улы емес (1 кестеде көрсетілген).

Шет елдің ірі фосфатты ингибиторлары Д-45–12 мар-

касы Nalco (АҚШ) болып табылады, құрамында цинк-

фосфатты композициясы бар ингибитор .

Германияда коррозияға қарсы суға силикаттар мен 

фосфаттар қоспасы енгізіледі .

Ауыз суға антикоррозиялық қасиеті бар ингибитор 

ретінде 0,1–20 г/м

3

 сутегі пероксидін, 0,1–7г/м



3

 натрий 


монофосфатын енгізу ұсынылған.

Перспективті технологиялар қатарына коррозиядан 

қорғану тәсілі ретінде фосфор құрамды комплексондарды 

пайдалану ұсынылған .

Америкалықзерттеушілер коррозияға қарсы сульфон 

қышқылын суға қосу және фосфат қоспасымен өңдеу 

ұсынады .

Россия ғалымдары мен ұсынылған коррозия тежегіші 

90–100 натрий триполифосфатфы және 0,9–1,2 цинк 

сульфаты анықталған.

Табиғи суларда әрқашан кіші немесе үлкен дәрежедегі 

микроорганизмдер болады.

Таза сулар артезиан сулары болып есептеледі. Де-

генмен олар жер бетіне шығуға жақындағанда бактери-

ялар мен араласып тазалығы жойылады.

Ашық бассейндердегі сулар жергілікті лас заттар мен 

де бүлінеді. Мұндай суды ауыз су ретінде тазартпай ішу 

зиянды. Мычалы, холера вибрионы суда 6 айға дейін өмір 

сүреді. Көп мөлшердегі бактериялар дистилденген суда 

да көбеюі мүмкін, бұл бактерияны жоятын органикалық 

заттың болмауынан іске асады.

Жоғарыдағы айтылған мәселелерді жою үшін, 

алдымызға су тазартуда тиімді екі мақсат қойылады: -су 

құрамынан тазарту кезінде органикалық қоректендіргіш 

заттарды жою және суды тұтынушыға берер алдында 

«консервіленген» эффектісі бар химиялық реагентпен 

қанықтырылған қоспа қосу.

Ең көп тараған әрі белгілі зат- хлор, ал суды зарарсы-

здандыруда екі сатылы хлорлау жүзеге асады. Жақсы бак-

терицидтік қасиеті болғанымен хлор да жоғары эффектті 

жеткілікті дәрежеде бере алмайды. Ал хлор көбейту адам 

ағзасына кері әсер етеді.

Екінші бір кең қолданылатын зат фенол және оның 

хлор туындылары немесе бром туындылары. Бірақ 

бұлар токсикалық заттар болғандықтан тұрмыста көп 

қолданылмайды.

Робинзон және Стоун [6] ойларынша ауыр металдардың 

полифосфаттары су өсімдіктерінің өсуін тежейді.Ауыр ме-

талл қалдығы 2,5–10мг/кг аралығында болуы қажет.

Жақсы қорғаныш қабілеті бар мыс тұзы болып та-

былады (әсіресе мыс сульфаты) олар 1мг/кг дәлдікте 

қолданылуы мүмкін.

Реагенттер қосудан бөлек қазіргі кезде суды залалсы-

здандыру барысында реагентсіз технология қолданыста, 

яғни, УФ әдісі болып табылады.

1-Кесте. 



Тежегіштерді өндіру және қолдану бойынша мәліметтер

Мәліметтер типі

АҚШ-Канада-Япония Елдер ЕЭО

ТМД елдері және Россия 

(Украинаны қосқанда)

Жалпы өндіріс және қолданылуы мың, т/жылына

Жалпы мөлшерінің проценті:

–  Мұнай және синтетикалық сульфонаттар

–  оттекқұрамдас (бензоаттар, гликолдер және т.б.)

–  азотқұрамдас қосылыстар

–  фосфор және күкіртфосфор құрамдас БАЗ

Коррозия тежегішін өңдеумен айналысатын ірі 

фирмалар

Коррозия тежегішінің маркалық саны:

–  нақты өндіріс орындарының саны

–  зертханалық үлгілер

Тежегіш композициясы өндірісі мың, т/жылына

1400


70

10

15



5

Esso, КАО, Амоко 

витко, Стандарт Ойл, 

Дауберт, Навин және 

т.б.

<100

80

800



600

60

15



20

5

BASF, Кастрол 



Калю-бройл, 

Петро-лайт, 

Лоба-Хеми 

және т.б.



<80

60

40



200

50

10



30

10

ВНИИНП, ИФХАН, Ассокор, 



НПО-ҒЗИ «Нефтепром-

хим», Лен-нефтехим, 

«Синтез» ҒЗИ АҚ және т.б.

<30

<250

40


10

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Химия

Әдебиет:


1.  Жакитова Г.У., Капралова В.И., Фишбейн О.Ю. и др. Синтез и свойства фосфатсодержащих ингибиторов со-

леотложений и коррозии в нефтепромысловых системах // Нефть и газ Казахстана. — 1998. — № 4. — С. 68–

72.

2.  Правила охраны поверхностных вод от загрязнения сточными водами // Новости хим. пром-сти. — 1961. — 



№ 3. С. 72–61.

3.  Kim J.S., Cho E.A., Kwon H.S. Photoelectrochemical study of the passive film on Fe // Corrosion Science. — 

2000. — Vol.43. — P. 1403–1415.

4.  Corrosion is costly // Mater+Manuf. — 1990. — Vol. 7. — № 7. — P. 9–14.

5.  Шехтер Ю.Н., Ребров И.Ю., Легезин Н.Е. и др. Некоторые проблемы ингибирования коррозии // Защита ме-

таллов. — 1998, Т. 34. — № 6. — С. 638–641.

6.  Козлов А.А., Прохорова Н.П., Бограчев А.М. Новейшие тенденции в разработке и применении ингибиторов 

коррозии для водоохлаждающих систем // Химическая промышленность. — 1986. — № 1. — С. 40–41.



11

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Computer Science

И н Ф О р М а Т И к а

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру —  

қазіргі заман талабы

Усайнова Гульжамал Манатбековна, информатика магистрі, аға оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 



2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік 

бағдарламасында «Орта білім беру ұйымдарының 

90 %-ында электрондық оқыту жүйесі қолданылады» деп 

жоспарланған [1].

Электрондық оқыту жүйесін білім саласына ен-

гізудегі басты мақсат — білім беру үрдісінің барлық 

қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен тех-

нологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл 

мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үрдісін автоматтанды-

руды енгізуге жағдай жасау қажет. Осы мақсатқа қол жет-

кізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы 

ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.

Электрондық оқыту адам ой-өрісінің ақпараттық және 

технологиялық дамуының әсері болып табылады. Қазіргі 

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арасында 

адам өмірінің ортасы өзгерді, бұл оқу ортасының өзгеруін 

қажет етті.

Электрондық оқыту — білім саласындағы нарықтық 

қатынастарды жетілдіру жолы болып табылады. Бүгінде, 

ақпаратты өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек 

түрлерін бөлу — әлемдік экономиканың ең негізгі ере-

кшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген 

маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі 

болып қала береді. Білімнің адамның жұмысқа тұру мен 

өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда 

анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын та-

лаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі 

мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар, қазіргі 

маман ақпараттық қорларды табысты пайдаланып, заң 

және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі маман-

дардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның не-

гізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі 

талап етіледі.

Сондықтан, функциональды дайындау 

тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту 

тұжырымдамасына ауысу қажеттілігі тууда. Бұл ауысудың 

негізі тек приоритеттердің ауысуы ғана емес, мұнда ма-

мандарды мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындаудан 

жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге 

асырылады. Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның 

өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде 

көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп 

жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл білім алушылар 

мен мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне 

сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау 

арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы 

бағытындағы маңызды фактор болып білім алушылардың 

қазіргі және болашакта қолданылатын ақпараттық 

қатынастық технологияларды пайдалану арқылы оқуға 

деген өз ынтасын, өздерінің жеке басының когнитивті іс-

әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және 

білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пай-

даланатын адамның, жалпы қоғамның және нақты бір 

мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан 

барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, 

осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз бо-

латын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

Электрондық оқытудың артықшылықтарын атап ке-

тейік:


Икемділік — өзіне қолайлы уақытта, қолайлы темпте, 

өз орнында отырып айналысу мүмкіндігі. Пәнді игеру үшін 

уақыттың регламенттелмеген қиындысының болуы.

Модульділік. Тәуелсіз оқу курстар жинағынан — 

топтық немесе жеке талаптарға жауап беретін, оқу 

жоспарын құру модулінің мүмкіндігі.

Параллельділік. Кәсіби оқу қызметімен байланысы, 

яғни өндірістен бөлінбейтіндігі, қол үзбеу мүмкіндігі.

Қамтылуы. Білім алушылардың оқу ақпаратының бір-

неше көздерін бір мезгілде пайдалануы (электронды кіта-

пханалар, берілгендер қоры, білім базасы).

Тиімділігі. Оқу аймақтарын, техникалық құралдарды, 

транспорттық құралдарды, оқу ақпараты жайлы унифици-

ялды түсінік және мамандарды дайындауда шығындарды 

азайту.

Технологиялығы. Адамның әлемдік постин-



дустриалды ақпараттық кеңістікте дамуына 

12

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Информатика

бағытталған телекоммуникациялық және ақпараттық 

технологиялардың білім процесінде жаңа жетістіктерін 

қолдануы.

Әлеуметтік тең құқылылық. Оқып жатқандардың 

тұрған жеріне, оның денсаулығына, материалдық 

қамтамсыздандырылғанына тәуелсіз білім алудың тең 

мүмкіндіктерінің болуы.

Интернационалдылық. Білім қызметі рыногында 

әлемдік жетістіктердің экспорты және импорты.

Позитивтік ықпал. Білім алушы өзі ұйымдастыру 

арқылы шығармашылық және интеллектуалды потен-

циалын көтере отырып, білімге ұмтылуы, компьютерлік 

техникамен жұмыс жасай білуі және өз бетінше міндетті 

шешімдерді қабылдау арқылы электронды оқытудың білім 

алушыға оң ықпал етуі.

Электрондық оқыту сапасы. Электрондық оқыту фор-

масы білім беруде оқудың күндізгі формасынан сапасы 

жағынан кем түспейді, белгілі кадрлык профессорлық-

білім беру құрамын электронды оқыту формасына 

қызықтыру және оқу процесінде ең жақсы оқу-әдістемелік 

кешендерін қолдану немесе басқа пәндер бойынша те-

сттер арқылы бақылау жүргізіп, сапасын жақсарту [2].

Электрондық оқыту жүйесінің басқа жүйелер секілді өз 

кемшіліктері бар:

— мұғалім мен білім алушының арасында жеке қарым-

қатынастың болмауы, яғни, тәрбие беру, білім алушымен 

жеке айналысу, жеке білім алушымен тәжірибе алмасу 

жүргізу тәрізді мүмкіндіктердің жоқтығы.

— нәтиже білім алушының өзінің таңдаған пәніне бай-

ланысты. Электронды оқытуда ең бастысы таным және 

өзіндік бақылау дәрежесі қажет. Көптеген тұлғаларға 

күнделікті бақылау жасау мүмкіндігінің болмауы еркіндік 

факторы болып табылады.

— білім сапасы жасалған стандарттардың талаптарына 

сай көп жағдайда орындала бермейді.

— техникалық жабдықталуы. Барлық 

қолданушылардың интернет пен компьютерге барлық 

кезде дерлік мүмкіндіктері бола бермейді.

— практикалық білімнің жетіспеушілігі. Күндізгі 

бөлімнің студенттері оқытушы бакылауымен алған білім-

дерін практикада қолдана алса, ал электронды оқыту фор-

масында мұндай мүмкіндік жоқ.

— оқытудың жазбаша түрі. Негізінен, электронды 

оқытуда оқытудың жазбаша түрі қолданылады, егер білім 

алушы ақпаратты тыңдау арқылы қабылдайтын болса, не-

месе оған өз ойларын ауызша айту ыңғайлы болса, онда 

бұл оқу түрі оған зеріктіретіндей болып көрінеді [3].

Электрондық оқыту жүйесіне цифрлық білімдік ре-

сурстар орналастарылатын болады. Оларға қатынас құру 

логин мен құпия сөздің негізінде жүйеге кіру арқылы 

жүзеге асырылады.

Цифрлық үйрететін контенті дайындаудың жаңа деңгейі 

оны сабақ бойынша жоспарлаумен анықталады.

Цифрлық білімдік ресурстар (ЦБР) — бұл сабақта 

электрондық оқытуды немесе оқушылардың үйде 

өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық 

форматтағы дидактикалық материалдар. ЦБР-дың 

мазмұны пән оқу бағдарламасына және Қазақстан Респу-

бликасы Жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы мін-

детті стандартына сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл 

оқу материалының мазмұнын цифрлық форматта абсо-

лютті аударып алды дегенді білдірмейді. Электрондық 

оқыту оқытудың дәстүрді әдістерімен кірігуді білдіреді 

және мұғалімнің түсіндіруін, оқушының кітаппен, кар-

талармен жұмыс істеуін, ауызша және жазбаша жауап-

тарын және т.б. өзгертпейді.

ЦБР-дың электрондық оқулықтардан айырмашылығы 

сонда, электрондық оқулықтар оқу курсы үшін пән 

бойынша білімнің барлық жүйесін қамтиды, ал цифрлық 

білімдік ресурстар ықшам білімдерді береді, бір нақты 

оқу тақырыбы бойынша біліктер мен машықтарды 

қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ электрондық 

оқулықтар, әдеттегідей, кейстік технология бойынша 

(СD-да) әзірленетінін және таратылатынын, сол уақытта 

ЦБР қалай порталда орналасатын және желі бойынша 

берілетін болатынын, бұл ресурстың көлеміне белгілі бір 

шектеулер қоятынын ескеру керек [4].

Әрбір ЦБР 4 құрамдас бөліктен тұрады:

1) мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; 2) 

мәтін; 3) тапсырмалар; 4) тестілер.

Цифрлық білімдік ресурстардың құрамдас бөліктері 

өзіндік бірліктер ретінде дидактикалық мақсаттарға сәйкес 

сабақтың әр түрлі кезеңінде: жаңа материалды түсіндіру 

кезінде, өзіндік жұмысты бекіту кезінде, қорытынды 

қайталау кезінде және т.б. пайдаланылатын болады. Бір 

сабақта барлық 4 құрамдас бөлікті пайдалану тіпті міндетті 

емес: мұғалім ЦБР-ды пайдалануға байыпты түрде қарауы 

және оларды сабақтың нақты мақсатын, дидактикалық 

міндеттерін, нақты сыныптың дайындық ерекшеліктерін 

ескеріп қолдануы тиіс.

ЦБР жиынтығы білімдік процесс қатысушыларының 

интерактивтік арақашықтықтық өзараәрекеттестігі 

ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік 

ортасын жасауды қамтамасыз етеді. Цифрлық контентті 

пайдалану, әдістемені дайындау жағдайларында оқытудың 

әр түрлі типтері кезінде білім алушылардың белсенді 

танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың дидактикалық 

тәсілдері мен білімдік процесс субъектілерінің 

ақпарқатынастық өзараәрекеттестігін ұғыну және 

жүйелеу қажет.

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.  Тихомиров В.П. Дистанционное образование в России // Дистанционное образование. — 1996. — № 1. — С. 

7–10.


13

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Computer Science

3.  Классическое высшее образование: достижения, проблемы, перспективы. Материалы международной научно-

методической конференции. — Владивосток: Изд-во Дальневосточного ун-та, 1999. — 288 с. 

4.  Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас. — Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. — 87 б.



14

«Молодой учёный»  .  № 1.2 (60.2)   .  Январь, 2014  г.



Биология

Б И О Л О Г И Я

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Назарова Гулмира Асылбекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы; 

Ержанова Индира Алтайқызы, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 

 (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Е

лбасы Н.Ә.Назарбаев кемел елдің келешегін, 



болар елдің болашағын, ертеңгі ел жастарының 

даңғыл жолын жоспарлай келіп, осы мақсатта өзінің 

жолдауларымен бағдарламаларын енгізді. Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаев «Интеллектуалды ұлт — 2020» ұлттық 

жобасы өз кезеңінде болашақ интеллектуалды ұлтты 

қалыптастырудың негізі болмақ. Бұл жобаның мақсаты-

жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ 

Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар 

мемлекетке айналдыру» деп айтқан болатын. Елбасы не-

гізгі 3 аспектіні жатқызды. Олар: білім беру үрдісіндегі 

инновациялық даму, ақпараттық даму, жастарды рухани 

тәрбиелеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 

жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде 

әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы 

жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті 

мәселелер енгізілген [1].

Сол себепті

 дарынды оқушылар деген кімдер, олардың 

басты ерекшеліктері қандай деген сұраққа жауап іздеп 

көрелік. Мектеп партасында отырған қарапайым бала 

жетіле келе өзіндік даралық, дарындылық қасиетке 

ие болады. Оны қалай білуге болады, алдымен әр 

ғалымдардың, ойшыл зиялы қауым өкілдерінің осы 

«дарын», «дарындылық» ұғымына берген анықтамаларға 

көз жіберсек, олардың негізгі ойларын аңғаруға болады. 



«Дарынды бала» — деп қандай баланы айтамыз?

«Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. 

Ал дарындылық-бала бойындағы алғырлық, зеректік» деп 

психологиялық ұғым тұрғысынан анықтап, оның мынадай 

ерекшеліктеріне тоқталған: 1. Ойлау қабілеті басым, түрлі 

болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға 

құштар келеді. 2.Шығармашылықпен айналысуға, өз 

білімін сынауға тырысады. 3. Қиялы жүйрік, жан дүниесі 

нәзік, табиғатты танып білуге тырысады, 4. Ақыл-ой 

қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.со-

нымен қатар қорыта келе қабілетті, дарынды оқушыларды 

дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, 

табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті 

бар баланы дарындыға айналдыра білуіміз қажет. 

Сонда ғана өз қабілетінің арқасында түрлі байқауларға, 

конференцияларға қатысуға ұмтылысы жоғары да-

рынды балалар саны көбейе түседі — деп шебер жеткізе 

білген [2].

Дарындылыққа байланысты орыс ғалымдарының 

бірнеше анықтамалары берілген, яғни дарындылық-

жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты да-

митын қабілет сапасы (Я.А. Пономарев, В.С. Юркевич, 

Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес), дарындылық-табиғи 

қасиет және адами іс-әрекеттің әлеуметтік мүмкіндігіне 

байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа 

шығады (С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Ща-

дриков, А.Н.Леонтьев, А.В: Брушлинский, А.М. Ма-

тюшкин т.б.) десе, енді бірде дарындылық — жеке 

тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы 

және істі нәтижелі орындаудағы қасиеттердің алғы шарты 

(В.Н. Дружинин, А.Н.Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стен-

берг, Дж. Гильфорд. Н.Н. Поддьяков т.б.) сонымен 

қатар ғалымдардың анықтамасын анықтауда ортақ пікір 

қалыптаспағанын айта кеткен және дарынды балалардың 

ерекше сипаттамаларына осы және басқада педагогикалық 

тұрғыдағы қарастыруларды біріктіре отырып, бірнеше 

орыс ғалымдарының дарындылық тұрғысында катего-

рилияларын классификациялауын көрсеткен, мәселен 

Н.С. Лейтес ақыл-ой теориясына байланысты да-

рынды балаларды 3 санатқа бөледі. Олар:1.Кез-келген 

шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының 

деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп 

жасындағылар), 2.Арнайы ақыл-ой дарындылығының 

белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, му-

зыка т.б.) (орта жастағылар); 3.Әлеумет және «жа-

сырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық 

белсендігі және ой-өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп 

жасындағылар),



  сонымен қатар А.И. Савенков дарынды 

балаларды 3 топқа бөледі. Олар: 1.Жалпы дарындылық 

деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті балалар; 2. Бел-

гілі бір әрекет шеңберінде жетістіктерге жеткен ба-

лалар; 3.Мектепте озат оқитын балалар (академилық 

дарындылық). Сонымен қатар дарынды балалардың 



15

“Young Scientist”   #1.2 (60.2)   January 2014



Biology

ерекше белгілерін жүйелі түрде анықтап, оларды нақты 

жеткізе білген.1.Ойлаудың шығармашылдығы; 2.Ешкімге 

ұқсамайтындығы; 3.Еңбегіне бейім келуі [3]. Осы жерде 

соңғы түрін алып қарайтын болсақ, ғалым түсіндіре отырып, 

маңызын аша білген, яғни шын мәнісінде білетін бала қай 

жерде де өзін ойдағыдай алып шыға алады, «білімге, жаңа 

материалды игеруге ұмтылады, қиын және ұзақ орында-

латын тапсырманы қуана орындайды, жауаптың басқада 

нұсқаларын іздейді, дайын жауапқа көңілі толмайды». 

Дарынды баланың ерекшелігі осы тұста жақсы ашылып 

көрсетілген. Педагогика саласында көптеген еңбектер 

жарық көруде. Мәселен, Ұ.Ж. Арыстан өз тәжірибесінде 

дарындылықты 3 –ке бөлген. Олар:1. Шығармашылық 

дарындылық, 2. Интеллектуалды, табиғи дарындылық, 3. 

Лидерлік дарындылық [1]



.

Оқушылардың шығармашылық дарындылығының даму 

деңгейлерін 3 –ке бөлген. Олар : 1. Креативті деңгей, 

өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, шығармашылық іс-

әрекетке тұрақты танымдық ынтасы болумен сипат-

талады.  2. Интегративті деңгей, шығармашылық 

қызығушылығы жеткілікті, кез-келген жұмысты жоғары 

нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын 

көрсете алады. 3. Когнетивті деңгей, танымдық 

қызығушылықтары басым болғанымен, өзін-өзі үнемі 

дамытуға ұмтылмайды, шығармашылық іс-әркетке 

қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, 

бағыт-бағдар беруді қажетсінеді 

[3]. Сонымен қатар 

тағы бір еңбекте, дарынды балалар-жалпы және арнайы 

дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға) байқатқан 

балалар және де

 адам қабілеттілігінің даралық ерекшелік-

теріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, 

шабыт кіреді делінген [6].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет