3 – дәріс Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидалары



бет10/12
Дата03.03.2022
өлшемі46,51 Kb.
#26981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Шынайылылықты математикалық тұрғыдан танудың ең жемісті әдістерінің бірі математикалық моделді құру әдісі. Математикалық модель математика аппараты көмегімен шынайы жағдайда туындаған барлық міндеттерді шешу және тереңірек қарастыру мақсатында басқа білім аймақтарында сипатталған объектілерді зерттейді.

Математикалық модель – математика теориялық тілінде (математикалық объектілер) тұжырымдалған қандайда бір құбылыс класстарының жалпы сипаттамасы.

Математикалық моельдеу әдісі төрт кезеңнен тұрады:



  1. міндеттерді математикалық тілге аудару үшін тіл мен құралды іздестіру, яғни математикалық моделдерді құрастыру;

  2. математикалық моделдерді қарастыру, зерттеу, оқушылардың теориялық білімдерін кеңейту;

  3. математикалық міндеттерді шешуді іздестіру, шешудің әртүрлі тәсілдерін қарастыру, шешудің ең тиімді жолдарын таңдап алу;

  4. математикалық міндеттерді шешу нәтижесін бастапқыға ауыстыру, қарастырылатын құбылыс туралы деректердің жинақталуына қатысты моделдерге сараптама жасау, ал болашақта – жаңа математикалық модель құрастыру.

Математикалық моделдерге сараптама жасай отырып, қарастырлатын құбылыстардың мәнін түсінуге болады. Математикалық модель – сыртқы әлемді танудың қуатты әдісі.

Математикалық модельдеу әдісі көмегімен математиканың шынайы өмірі мен байланысын ашып көрсетеді. Бұл екі жақты байланыс, бір жағынан математика қоршаған өмірдің объектілерін игеру бойынша практикаға сүйенсе, ал екінші жағынан өмірдің өзі математиканың әрі-қарай дамуына үлесін қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет