3 – дәріс Математиканы оқыту әдістері мен формалары, қағидалары



бет11/12
Дата03.03.2022
өлшемі46,51 Kb.
#26981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
АКСИОМАТИКАЛЫҚ ӘДІС
Математика мазмұнына қарамастан кез келген қарым – қатынасты зерттейді, барлық математикалық дәлелдеулер логикалық тұжырым бойынша жүргізіледі. Егер В теоремасының А теоремасы шықса, ал В теоремасы С теоремасынан шығатын болса, онда «шексіз артқа қайту» әрекеті орын алады. Мұндай жағдайлар алдында еңгізілген ұғымдарға негіздеп жаңа ұғымға анықтама беруде туындайды. Мұндай «шексіз артқа қайту» орындалмас үшін аксиоматикалық әдіс қолданылады.

Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияларды құру әдістерінің бірі. Белгілі бір ғылыми теорияны аксиоматикалық әдіспен құру деп аксиомалар жүйесінде алдын ала белгіленген логикалық ережелер бойынша теорияларды алуды айтады. Бұл әдіс математикалық дәлелдеулердің дедуктивті сипатын анықтайды. Аксиоматикалық әдіс бар білімді жүйеге келтіру және жаңа теориялар жасап шығару үшін қажет.

Математика пәнін аксиоматикалық әдіс тұрғысында жиналғанын Евклидтің «Бастама» кітабында басталғанын көреміз. Аксиоматикалық әдіс теорияны құру әдісі, ғылыми танымдылық әдісі, математиканы оқыту әдісі ретінде қарастыруға болады.

Математикада аксиоматикалық әдіс математикалық теорияны құру әдісі ретінде оқыту әдісі арқылы қолдануға мүмкіндік береді. Егер оқыту үрдісінде оқушыларға белгілі бір теорияны алғашқы сатысынан құруды ұсынсақ, теорияны ары қарай игеру сатысы арта түседі.

Аксиоматикалық әдіс оқыту әдісі сияқты оқушылардың білімін жүйелейді, бар білімдер жүйесінен жаңа білімдерді шығарады, ұсынылған математикалық тәсілдердің ақиқаттығын орнатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет