Стильдік синонимдер:
1.Совхоздан ұзай бергенде сәл үрейленіп, қорқып та отыр еді, бірақ сездірмеуге тырысты(285 бет).
Қорқу, үрейлену, шошыну, жүрексіну, жүрексіздену, тайсалу, айбыну, қорқақтау, батылсыздану, пысу. Зәресі ұшып сескену, имену, қаймығу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 374 бет].
2.Бұрынғыдай емес, теңдік тигеннен бері кедей жастары да ширығып, бай аулының адамдарынан жасқанбай, именбей, иық теңестіре отырып сөйлесетін(188 бет).
3.Әшейінде балаларының маңдайынан да иіскеп, еміренбейтін қатал әкенің жоқ жерде өзеурей кеткені ерсі, оғаш көрінді(38-бет).
Ерсі, сөкет, оғаш, сөлекет, оғаш, өрескел, әбес, шеккі, одағай сөйл. Қоғамдық нормамен үйлеспейтін, шектен шыққан ыңғайсыз, жөнсіз[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 220 бет].
4.Бірақ былай шыға бере осы мінезін өзі де ұнатпай, іштей мінеп, сынға алды(55 бет).
Мін, кемшілік, олқылық, кемістік, ақау, жарықшақ, кінәрат, мүлтік, шіркеу. Бір нәрсенің бойындағы кем-кетік, жетімсіздік[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 427 бет].
5.Ат тұяғы баспаған бұл маңды қос бөрі қаннен-қаперсіз жайбарақат мекендеп, алаңсыз тұра берді(113 бет).
Жайбарақат, бейқам, бейбіт, бейжай, қамсыз, қаперсіз, жайуат, жайқуат, беймарал жерг. Ешбір алаңы жоқ, қаннен-қаперсіз, тыныштығын бұзбаған күйде[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 231 бет].
6.Міне, Дерягиннің жолдас –жораларынан аулақтап, алыстай беретіні де осы мінезі(91 бет).
Алыстау, қашықтау, ұзау, алшақтау, аулақтап, жырақтау, шалғайлау, шығандау,қияндау, аулақтау, ұзақтау, қашаңдау. Алыс жерге ұзап кету[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 64 бет].
7.Жасынан жетімдігіне қоса мешел болып, әркімнің қасы мен қабағына жаутаңдап өскен Тұрсынның мінезі де жуас. Басынан қанша сөз асырып ұрсып, зекіп жатса да, аузының жігін ашпай тұқыраңдап төмен қарай беретін жасқаншақ(131 бет).
Ұрсу, зеку, зікіну, жекіру, зіркілдеу, ақыру, нықырту, жеку, тілдеу, ығыру.Ашу шақырып, зілді сөз айту, сөгу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі,575 бет].
8.Әлден уақытта барып шыдамы таусылған Халел, өзін «менсінбей», көзіне де ілмей отырған бастыққа ащы тіл қатты(148 бет).
Менсінбеу, қорашсыну, қомсыну, олқысыну, кемсіну. Көңілі толмау, олқы санау, тең көрмеу[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 417 бет].
9.Мен өзім қыз баласының қасиетін осы Тамарамен танысқаннан бері біле бастадым. Өйткені ол ақжарқын ғой. Өтірік қылымсу не тәлімсу жоқ(167 бет).
Қылымсу, тәлімсу. Қысылып-қымтырылған болып, бәлсіну, наздану[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 391 бет].
10.Қалың тоғай арасы желсіз, тымық болғанмен бет жалаған қызыл шұнақ аязда пана болар жері жоқ(73 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |