3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет23/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

2.Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас бола отырып, бір-бірінен стильдік болуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобы. Әрбір сөздің стильдік болуы қараған жеке басынан көрінбейді, стильдік жағынан бейтарап сөзбенен салыстыру арқылы келіп шығады. Сондықтан әрбір стильдік синонимнің қасында оның құрамы- қарсы қойылып айтылатын бейтарап мәнді сыңары тұру керек.
3. Мағыналық-стильдік синонимдер кейде бір-бірінен не мағынасы жағынан, не стильдік жағынан өзгешеленіп, біріңғай болып келе бермейді.Олар өзара әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп, екі жақты қарым- қатынас жасап тұра береді.
Филология ғылымдарының кандидаты С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал- мәтелдердің танымдық бейнелігі » (Ғ. Мұстафин, С. Мұханов шығармалары негізінде ) еңбегінде : «Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде сын есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. »
Нұрғалиева Майра Балтабекқызының 2004жылы жазылған «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер» атты диссертациясының авторефератында синонимдердің басты белгісін көрсетеді. Синонимдердің негізгі басты белгісі-сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әр түрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес.Ал мағыналық реңкті синоним болудың негізгі шартты белгісі деп қабылдасақ, тілдегі синонимдердің бәрі бірдей экспрессивті реңк бере бермейді. Синонимдік қатардағы сөздер туралы да пікір әр түрлі. Синонимдік қатардағы сөздердің бәрі бірдей бола бермейді. Әрбір қатарарда бір сөз басқа синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөздердің өз төңірегіне топтасуына негіз болады. Ондай сөздер синонимдік доминант немесе басым синонимдер деп аталады.

Жазушы С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін синонимдер:




Мағыналық синонимдер:
1.Бар сырын бауырына басқан қалың жусанды төмпешіктер үнсіз, тілсіз(8 бет).
Үнсіз, дыбыссыз, дыбырсыз, тілсіз, сыбыссыз. Үн шығармай, дыбысын білдірмей[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 588 бет].
2.Жалғыз үй болсақ та, жолаушыға боранда пана, ыстықта саямыз(10 бет).
Паналау, қорғалау, сағалау, саялау. Біреуге арқа сүйеп тірек ету, қорған тұту[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 458 бет].
3.Сондықтан да осы жақтың жылқы малын қадірлеп, жақсы ат болса күтімін тауып, бабымен мінуге машықтанған(14 бет).
Күту, бағу, баптау, аялау, әлпештеу, мәпелеу, өбектеу, сылап-сыйпау, қаузау. Қамқорлық көрсетіп қадір тұту,бағып-қағып асырау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 324 бет].
4.Мидай жонда азынаған дала желі де сымбатты, көрікті қыздың мүсіндей тәнін тотықтыра алмапты(80 бет).
Сымбатты, мүсінді, сындарлы, дидирлы, мүсінді, науша көне. Дене бітімі сымға тартқандай, түп –түзу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 515 бет].
5.Тамара Ақбөпе секілденген ашық мінезді, ақ жарқын қыз екен(80 бет).
Жайдары, жарқын, ашық, ашық, жадыраңқы, жарқылдақ, ақжарқын, аққөңіл, ақбейіл, марайма, жайпаң. Тұйық мінезді емес, аңқылдаған ақ көңіл[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 232 бет].
6.Адаммен салқын сөйлесіп, қатал тұратын завгар Морозовтың өзі тәжірибелі жігітті іштей жақсы көреді.Тек өркөкірек, менмен мінезін жақтырмайды(89 бет).
Менменсу, тәкаппарсу, паңсыну, маңызсу, маңғаздану, маыздану, нығызсу, кергу, сыздану, шірену, шалқаю, астамсу, кекірею, шалқақтау, әспенсу, кекірттену сөйл. Көкірегін көтеріп, өзін әлдеқандай етіп көрсету, жоғары санау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 417 бет].
7.Жаратылысында кербез, паң Қапыш қазір құдасының алдында өз-өзінен асығыс сөйлеп, тым жайдары күледі(43 бет).
Кербез, сәнқой, сылқым, паң, сырбаз, керім, кердең, сылаң, маңғаз. Керіліп-созылған, әсемдікке құмар, сылаңдағыш, сән-салтанатшыл[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 300 бет].
8. Солар жатар алдында: «Неге шаршады, неге күн ұзақ қажыды, не үшін ұйықтайды» -оған есеп бермейді(97 бет).
Шаршау, қалжырау, қалжаурау, шалдығу, титықтау, діңкелеу, талу. Денесі дел-сал болып қалжырау, діңкесі құру[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 599 бет].
9.Жаратылысынан мүләйім. Осы мінезімен ол жүрген жерінде жағып, көрген адам оны аяп, мүсіркейді(131 бет).
Аяу, мүсіркеу, есіркеу, жебеу, обалсыну. Біреуге жаны ашу, демеу болу[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 103 бет].
10.Басыңа екіталай күн туғанда жанашыр жылы сөз жүйкеңді де босатады, әл, қуат та береді(160 бет).
Әл –дәрмен, әл –қуат, әл –шама, шама –шарқ. Адам бойындағы күш –қауқар, қайрат -жігер[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 113 бет ].
11.Ел басқарып, бар жұмысты ер-азаматша тасқаяқтай қағып жүрген Райханның тқла бойына сүйсіне түсіп, бурыл тарта бастаған шашына, жасына лайық келісті, жарасымды киіміне қарай берді(226 бет).
Жарасымды, ұнасымды, келісті, келісімді, мінәсәр, мінәсіп. Жарасып тұратын, әдемі де сәнді көрінетін, қонымды, тартымды[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 246 бет].
12.Маңдай терін төгіп еңбек еткенде, елің, халқың сүйсінсе, одан асқан абырой, атақ жоқ, құлыншақтарым(231 бет).
Атақ, ат, даңқ, дабыл, дабыс, мерей, дәреже, мәртебе, лауазым, мансап, шен. Еңбегімен, ерлігімен қол жеткен жетістік, абырой, бедел, қызмет[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 88 бет].
13.Әлгідегі қуаныш, желге тотыққан жүзіндегі күлкі жоқ, ел тағдырына деген күйзеліс бар. Байыпты, сабырлы адамның жүзіндегі кейістік(240 бет).
14.Бертін келе жұмыс басты болып спорттан қол үзді де, бірер жылдың ішінде талдырмаш денесі толып, семіріп кетті(56 бет).

15.Біреу екінші адамның үстінен арыз, шағым түсірсе-ақ, зәре-құты қалмай дегбірі қашады(316 бет).


Арыз, шағым. Біреудің үстінен айтылған наразы хат[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 80 бет].
16.Халел іші пысып, зерігіп, үйге сыймай, шам жаға осыда келген(79 бет).
Зерігу, іші пысу. Жалығу, іші пысу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 281 бет].
17.Дерягиннің тегеурінінен босаған Тамара атып тұрып Халелді құшақтай алды. Қалтырап, дірілдеп тұр(94 бет).
Қалтырақтау, қалтылдау, қалталақтау, қалтақтау, қалталаңдау, қалтаңдау. Қалт-қалт етіп тәлтіректеу, селкілдеу, аяғын нық баса алмау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 346 бет].
18.Баса алмай қалған жансыз аяғы Дерягиннің пальтосымен ораулы, қымтаулы күйде жол үстінде шоқиып отыр(316 бет).
Қымтау, шымқау. Айнала шетін қайырып бітеу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 392 бет].
19. Не керек, қашан жинап, теріп алғанша, аядай кедей аулында ұйқы жоқ(109 бет).
Жинау, топтау, шоқтау, шоғырлау. Бір нәрсені, малды немесе біреулерді бір жерге басын құрап жиыстыру[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 262 бет].
20.Өзі қызмет еткен жердегі бар халық құрмет тұтып, қошеметпен құшақ жая қарсы алғанда, ел махаббатына көңілі өсіп, бар ауыртпалық есінен шығады(324 бет).
21.Жеті атасынан бері Малжанның иелігіндегі жерді өзінің маңдайына басқан жердей меншіктенетін Қарасай қазір бөтен елде, танымайтын жат жұрттың мекенінде келе жатқандай бәріне тосырқап отыр(326 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет