3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Мағыналық-стильдік синонимдер



бет25/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Мағыналық-стильдік синонимдер:
1.Шалдардың сөзін қанша ұнатпағанмен азамат боп ер жетіп қалған Халелдің алдында жасырын, тұйық жатқан бір сырдың беті ашылғандай болды(122 бет).
Жасырын, астыртын, құпия, бұғыңқы, бүркенішті. Ешкімге айтылмаған, жа рия болмаған, ашық түрде емес[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 250 бет].
2.Енді оларды біреуге телміртіп, жаутаңдатып қоюдың реті болмас(49 бет).
Жаутаңдау, мөлтеңдеу, телміру, жаудырау, мөлию. Жаутаң-жаутаң ету, көзін сатып жалынышпен қарау[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 252 бет].
3.Шынында да сол кездегі оқыған, көзі ашық Райханның кімнен болмасын еңсесі биік еді(192 бет).
Оқыған, зиялы. Көзі ашық, білімді адам[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 439 бет].
4.Аяғы үсіп жатқаннан бері ешкіммен ашылып сөйлеспейтін бұйығы, тұйық болып алды(192 бет).
Тұйықтану, бұйығылану. Ешкімге сыр ашпау, тұйық мінезді болу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 552 бет].
5.Болар –болмас кедергіге тиген доңғалақ, тал қармағандай сәл әлденіп, алға жылжи беріп, енді шығам, енді шығам деп тұрғанда ми батпақ екі өңірді бірдей қылғып, жұтып жіберді(163 бет).
Жұту, сыңғыту, қылғыту, қылғу, сіміру, ішу, ұрттау, сораптау. Сұйық асты, сусынды өңеш арқылы тынымсыз өткізу, қылғыту[Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 270 бет].
6.Аузынан от шашқан дәу айдаһарлар мың бұралып, ысылдап, гүрілдеп, жолындағыны жайпап, таптап жылжып келеді(110 бет).
Жайпау, жаусату, жамсату, жапыру, жайрату. Жаппай қыру, тып-типыл етіп жойып жіберу[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 232 бет].
7.Базардағы адамдарға жасқаншақ қарап, ұялыңқырап, сасқалақтай береді(121 бет).
Ұялу, имену, қымсыну, қысылу, шімірігу, қызару, ұялшақтану, бетінен оты шығу. Әдеп сақтап ыңғайсыздану, кішірею[ Қазақ тілінің синонимдер сөздігі, 580 бет].

Сәкен Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» шығармасы тілін талдау барысында 38 синоним теріліп, мағынасы ашылып талдауға түсті. Соның ішінде 21-і мағыналық синонимдер, 10-ы стильдік синонимдер, 7-і мағыналық-стильдік синонимдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет