3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты



бет12/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім тексеру критериалды түрде

Жаңа сабақты пысықтау :
-Ал , балалар, бүгінгі сабақта не оқып , не үйрендік?
-.........................................
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-........................................
Енді «Орамал тастау» ойынын ойнаймыз.

    1. Екі таңбалы санды бағандап қосу деген не?

    2. Екі таңбалы санды бағандап азайту деген не?

    3. 56 санының разрядтық көрсеткішін ата?

    4. 6 ондық 8 бірлігі бар қандай сан?

Жаңа сабақты қорыту:

  • Ал , балалар , біз манадан бері қалай жұмыс жасадық?

  • Бірігіп, яғни «Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып , өзіміздің математика пәнінен жүйрік , алғыр екендігімізді көрсеттік .

Үйге тапсырма : №4 тапсырма . Оқушыларды бағалау .
Осы ашық сабақтан түсінгенім оқушылар білімін тексеру және оны жанжақты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданғандығы тиімді болды деп есептедім .


Қорытынды
Сонымен курстық жұмысымды қорытындылай келе, мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, білік, дағдыларды тексеруге әдістемелік нұсқаудың мына көрсетілгенін дұрыс деп есептеймін . Оқушылардың білімдігін тексеру жолдарының тиімділігін келешек фундаментті сауатты, мықты, білімді жастарды даярлау мақсаты деп ұғамын.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқу жұмысын бақылап – бағалаудың бес балдық жүйесі, оқушыларды «үлгерімі жақсылар» мен «үлгерімі нашарлар» деп жіктеп, соңғыларды мектепкен шығару, сыныпта екінші жылға қалдыру тәжірибесі орын алған, мектеп дамуының бір кезеңінде қалыптасқаны белгілі. Содан бері, мектепктің мақсаты, міндеттері өзгергендігіне қарамастан белгілі . Содан бері, мектептің мақсаты, міндеттері өзгергендігіне қарамастан, бақылауды тек баға санын көбейтудің, ал бағаның өзін оқуыны мадақтап көтермелеудің, болмаса, жазалап қорытудың құралы деп түсініп қолдану көптеген мұғалімдер тәжірибесінен қалмай келеді.
Мектепте оқушының дамуы мен тәрбиесі және оқу жұмысын мұғалім мен оқушының ынтымақсыздығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезде бағалаудың ролі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ал диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызметі атқаруы тиіс. Өкінішке орай, оқу нәтижесін бақылау мен бағалау мәселелсінің әртүрлі аспектілері бойынша соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, шығармашылықпен жұмыс істейтін жекелеген мұғалімдер тәжірибесіндегі жаңалықтар жеткілікті дәрежеде сараланып, жинақталып, бақылау –бағалаудың жоғарыда көрсетілген қызметтерін толық жүзеге асыратын рейтінгілік жаңа жүйе жасалмаған. Ол келешекте жасалуы тиіс.
Әзірге бесбалдақ жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың ұстанымдары мен
бақылау – бағалаудың жалпы қызметінен туындайтын белгілі бір талаптарға сай қолданылуы керек . Сонда ғана оның тиімділігі артады . Оқу нәтижесін бақылап – бағалауға қойылатын талаптар :
-Оқу нәтижесін күнделікті бақылап – бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзету оқушылардың өздері орындалуы керек және бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталғаны жөн;
-Мұғалім тарапынан жүргізілген жұмыс, оқушыларға оқу нәтижесін бақылап-бағалаудың және кемшіліктерді анықтап түзетудің әдістемесі мен тәсілдерін үйренуге, бақылаудың дұрыс эталондарын, бағалаудың нормалық критерийін, өзінің оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгеруге, жұмыс дағдысын қалыптастыруға, ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге бағытталуы керек;
-Оқушылардың күнделікті өзін-өзі және өзара бірін-бірі бақылап – бағалауы олар меңгеруге тиіс білім, біліктер минимумының барлық бабын түгелдей қамтып жүргізуі;
-Әр тақырып бойынша оқу нәтижесін қорытынды бақылап бағалауды оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, мұғалім жүргізеді және бұл жұмыс өтілген оқу материалын қорытып жалпылауға, оқушыларда бар білімді тереңдетіп, жүйелеуге және олардың өздері жүргізген ағымдағы бақылап – бағалаудың нәтижесін ұжым болып талқылауға бағытталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет