3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


Неліктен Сэм өзін осылай ұстайды?



бет13/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
mugalmn-mnsz-mugalm-turaly-kalyptaskan-ustanymdaryn-zertteu

Неліктен Сэм өзін осылай ұстайды?
Жалпы барлық қарым-қатынаста риза болған Сэм Саллиға қарама-қарсы болып табылады. Ол зияткерлік тапсырмаларды шешуге бар ынтасымен ұмтылады жəне өзінің дағдыларын сүйсіне дамытады. Проблема оның тапсырманы таңдауында жəне өзі дамытатын дағдылардың мектептің білім беру бағдарламасымен сирек сəйкес келетіндігінде. Шынында, оның барлық зияткерлік қызметі (мысалы, компьютер немесе ғылыми жобалар) сыныптан тыс жүреді.
Сэм проблемадан аулақ жүріп, лайықты бағаның ең төменін алуға, əрі мектеп
пəндерінен үздік болып көрінбеуге тырысады.
Сэмнің көптеген зияткерлік жетістіктеріне қарамастан, ақылды ересектердің
пікірі бойынша, ол біздің қоғамда білу маңызды болып табылатын материалдарды
меңгермеген. Сэмнің мұғалімдерінің алдында күрделі міндет тұр. Олар Сэмнің зияткерлік тапсырмаларға қатысты оның əуестігін жəне құлшынысын төмендетпей,
мектептің білім беру бағдарламасына назар аударуына қол жеткізуі қажет.
Мұғалім көмектесу үшін не істей алады?
Алғашқы қадам – Сэмнің өзінің зияткерлік қызығушылықтары туралы кейбір
мəлімет алу қажет. Екінші қадам осы қызығушылықтарды пайдалануға ұмтылу жəне оны мектептің бақылау тапсырмаларына енгізу болып табылады. Сэмнің мұғалімдері оны мектептің барлық бағдарламаларына толық қызықтырудың креативті жолдарын таба алады деп күту дұрыс емес, бірақ аздаған талпыныстар Сэмнің іс жүзінде мектептің білім беру бағдарламасын игеру маңызды екендігіне көзін жеткізуге көмектесуі мүмкін. Жалпы, Сэм сияқты оқушыларға қатысты ескерілуі қажет екі қағидат бар.
Біріншіден, мұғалімдер осындай оқушыларға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты таңдау жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Оқушылардың ерекше тапсырмаларды таңдауда қаншалықты мүмкіндік берілсе, олардың өздерін қызықтыратын бірдемені табу ықтималдығы соншалықты арта түседі.
Екіншіден, «мектеп білімін» көрсету үшін күш салу қажет. Егер оқушылар шығарма жазу дағдыларын зерделейтін болса, неліктен оларға жеке журналдар, Президентке хат немесе мектептің ақпараттық бюллетеніне əңгіме жазбасқа? Оның
төмен баға алатыны туралы жиі ескертуден гөрі, осындай ашық, бірақ қызықпайтын оқушының, мысалы, Сэм сияқтылардың, ынтасын тартуға арналған осы сияқты тəсілдерді қолдану барынша тиімді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет