3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ҚОРҒАНАТЫН ДЭЙВ



бет12/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
mugalmn-mnsz-mugalm-turaly-kalyptaskan-ustanymdaryn-zertteu

ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: ҚОРҒАНАТЫН ДЭЙВ


Неліктен Дэйв өзін осылай ұстайды?
Қорғанатын Дэйв ақымақ болып көрінбеу үшін оқушының жасай алатынының бəрін жасайды. Ол белгілі бір дəрежеде сыныптастарының сұрақтарға беретін жауаптарына сүйенеді жəне ол тапсырмаларға жазған жауаптары қате болуы мүмкін деп санайтын кезде өз дəптерін таба алмай қалған түр танытады. Дэйв жұмысты орындамағаны жəне үлгерімінің нашар екендігіне қалай ақталудың жолын ойластырып алған. Оның үстіне, ол өзіне айтылған ақылдарға назар аудармай, кейде тапсырмаларды орындағысы келмейтінін жəне орындамайтынын бар түрімен танытады.
Дэйв «емтиханнан құлаудан қашатын» оқушының классикалық үлгісі болып табылады.
Шын мəнінде ол материалдарды зерделеу жəне тапсырмаларды өздігінен орындау сияқты заңды əдістермен табысқа қол жеткізуге болатынына сенбейді. Демек, ол табысқа жетуге ұмтылмайды, бар болғаны бар күшін құлап қалмауға салып бағады. Қысқа мерзімді перспективада мақсатқа жету жəне ақымақ болып көрінуге мүмкіндік бермеу тұрғысынан алғанда Дейвтің мінез-құлқы қисынды. Ол аса көп күш жұмсамай көптеген тапсырмаларды жақсы болсын, жаман болсын, бірақ шешеді, ол өзінің үлгерімінің нашар болуы оның қабілетінің жоқтығынан емес, аз күш жұмсауының нəтижесі деп басқаларды сендіреді. Дэйвтің ішкі логикасына қарамай, ұзақ мерзімді перспективада оның мінез-құлқы қисынсыз. Себебі барған сайын ол нашар үлгерімнің қақпанына терең бата береді жəне оны түсіндіру де барған сайын қиындай береді.
Мұғалім Дэйв сияқты оқушымен не істей алады?
Бұл жағдайда екі түрлі өзгеріс маңызды болмақ
Біріншіден, Дэйв өзінің шынайы табысқа өздігінен қол жеткізе алатынына сенуі керек.
Екіншіден, Дэйв ынта-жігерін емтиханды тапсыра алмауды болдырмауға емес, барынша табысқа қол жеткізуге жұмсауы үшін емтихандарды тапсыра алмаудың теріс салдарлары жойылуға тиіс.
Жетістікке шын мəнінде қол жеткізуге болатынына Дэйвтің көзін жеткізу үшін мүмкін «жетістік» ұғымының түсінігін өзгерту қажет шығар. Егер жетістік нəтижелерге ғана негізделетін болса, Дэйв ешқашан жетістікке жетпес. Емтихандағы «жетістік» түсінігі қайта қаралып, «өз білімін жақсарту» ұғымымен немесе расында да орындауға болатын қандай да бір тапсырмаларды орындау тұрғысынан біріктірілуі керек. Табысты қол жеткізуге болатын мақсатқа айналдыру да тапсырмалардың күрделілік деңгейін қайта қарауды талап етуі мүмкін.
Алдын ала қабылданған шаралар мен соның нəтижесінде алынатын жетістік арасындағы өзара байланысты түсіндіру арқылы, сондай-ақ жай ғана оқуға күш сала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізген басқа оқушыларды мысалға келтіру арқылы Дэйвтің өзінің табысқа қол жеткізуге қабілетті екендігіне сенімін күшейтуге болар еді.
Дэйвтің оны алда жеңіліс күтіп тұр деген уайымын азайту үшін, егер оқушы бұл ретте білім алуға тырысып күш салатынын көрсететін болса, мұғалім Дэйвтің нашар үлгеріміне шыдамдылықпен қарауға тиіс. Мұғалім оны бүкіл оқушылар қателік жасайтынына сендіруге тиіс жəне əрекет етуді жалғастыруға шақырады (мысалы, оған оның бағаларының жақсаруы əбден мүмкін екенін айта алады). Егер Дэйв барлығының көзінше дұрыс жауап бермесе (мысалы, топта немесе сыныптағы пікірталаста), мұғалім оның жауабынан құнды бірдемені табуға жəне Дэйв өзінің тапсырманы түсінудің қандай да бір тиянақты деңгейіне қол жеткізуге қабілетті екенін өзіне жəне сыныпқа көрсеткенше, оны əңгімеге тартып, сыныптағы пікірталастарға қатыстыруды жалғастыруға тиіс. Оған сондай-ақ жақсы баға алуға бірнеше мүмкіндік берілуі мүмкін. Егер Дэйв тестідегі тапсырмалардың көбіне жауап бермейтін болса, оған сыныпта «алдын ала» баға алу мүмкіндігі берілуі мүмкін жəне оқушының бағалары өзін де, мұғалімді де қанағаттандырғанша дайындалып, тестіні қайта тапсыру мүмкіндігін ұсынуға
болады.
Осындай амал-тəсілдердің арқасында Дэйвке емтиханнан «құлап қалмаудың» жолдарын іздестіру қажет болмайды. Шын мəнінде, бұл тəсілдер белгілі бір деңгейде «емтиханнан құлау» деген сөзді мүлде жойып, оны «сəтсіздік» сөзіне ұқсас бірдемеге ауыстыруға көмектеседі.

ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: РИЗА БОЛҒАН СЭМ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет