ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ ТҰЛҒА МЕН МАЗМҰН ТҰТАСТЫҒЫ
В статье на основе моносиллабов рассматривается целостность формы и содержания в раз-
витии языка.
On the base of monosyllabic roots the integrity of form and maintanance in the development of lan-
guage is considered in the article.
Тіл табиғаты жүйелі де кешенді түрде зерттелгенде ғана толық ашылары белгілі мəселе. Бұл
орайда тілдің ішкі заңдылықтары негізінде, яғни тілді дербес жүйе ретінде қарастырып, тек өзінде бо-
латын заңдылықтарды сабақтастыра отырып (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, семантика-
лық, синтаксистік), имманенттік тұрғыдан қарастыру да тіл табиғатын толыққанды анықтауға мүм-
кіндік бермейтіндігін ескерген жөн. Тілді имманенттік немесе интралингвистикалық негізде зерделеу
құрылымдық лингвистиканың басты қағидаларын құрайды.
ХХ ғ. басында гуманитарлық ғылым салаларында (лингвистика, психология, фольклористика,
əдебиеттану, этнология, эстетика т.б.) құрылымдық əдісті, модельдеуді, семиотикалық элементтерді,
математикалық əдістерді қолдануға байланысты қалыптасқан структурализм мəдениетті таңбалар
жүйесінің (тіл, ғылым, əдебиет, өнер, мифология, сəн, жарнама т.б.) жиынтығы ретінде қарастырды.
Структуралистік бағыттың өкілдері (К.Леви-Строс, М.Фуко, Р.Барт, Ж.Деррида, Л.Гольдман т.б.) құ-
рылымдық əдістің нақты ғылыми қағидаларына ерекше басымдық береді
1
. Бұл структурализмнің эк-
зистенциализм, персонализм, неопозитивизм тəрізді гуманитарлық-антропологиялық бағыттағы ғы-
лыми ағымдармен антиномиялық қатынасын, яғни қарсы қойылғанын, сипаттайды.
Структурализмнің көшбасында структуралық лингвистика тұрды. Этнологияны, психологияны,
философияны т.б. гуманитарлық ғылымдарды құрылымдық тұрғыдан зерттеушілер лингвистикалық
модельдерді белсенді түрде қолданғанымен
2
, сөздің танымдық негізіне, идеялық қырына, этнос бол-
мысы мен байланысына жете мəн берілмеді.
«Слово „структурализм” стало своего рода ярлыком почти для всякого движения, порвавшего с
традицией» деп белгілі лингвист А.Мартине көрсеткендей
3
, тіл мен сол тілде сөйлеуші этностың та-
рихи тамырының, салт-дəстүр, əдет-ғұрпының сабақтастығы көп ескеріле бермеді.
Структуралық лингвистиканың өкілі, швед лингвисі Фердинанд де Соссюр «Курс общей лин-
гвистики» атты еңбегінде өз əдісінің негізгі қырларын тұжырымдай отырып, лингвистиканың зерттеу
нысаны жайлы: «Единственным и истинным объектом лингвистики является язык, рассматриваемый
в самом себе и для себя», — деп қорытады
4
.
Тілді зерттеуде формула тəрізді конкретті тілдік модельдерді қолданған структуралық тіл білімі-
нің əдіс-тəсілдері тілдің танымдық, биопсихологиялық қырларын аша алмағанымен, ішкі заңдылық-
тарын анықтауда үлкен нəтижелерге жетті, сондай-ақ барлық гуманитарлық ғылым саласындағы тіл-
дің рөлін, мəнін, маңызын көрсетіп берді. Ф.Соссюр: «Язык является важнейшей из знаковых сис-
тем»
4
десе, Э.Бенвенист: «Язык есть интерпретант всех других семиотических систем как лингвисти-
ческих, так и нелингвистических»
5
деген қорытындыға келеді.
Тіл біліміндегі структуралистік ағымның маңызды қырларының бірі лингвистикалық таңбалар-
дың жүйелілігіне, əмбебаптығына, мағыналық құрылымына да ерекше мəн беруінде. Ф.Соссюр идея-
ларын негізге алатын Прага лингвистикалық үйірмесінің өкілі Н.С.Трубецкой дыбыс алмасуларының
сөздің сыртқы тұлғасын ғана емес ішкі тұлғасын да өзгерте алатындығын ескере отырып, фонология-
лық оппозиция жайлы: «Мы понимаем такое противоположение звуков, которое в данном языке мо-
жет дифференцировать интеллектуальные значения»
6
, — дейді. Мұндай пікірлер структуралық лин-
гвистиканың зерттеу нəтижелері өзімен антиномиялық бағытта болған антропологиялық лингвисти-
каның зерттеу нысанымен белгілі бір дəрежеде астасып жатқандығын байқатады.
Тіл бірліктерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу бірнеше этностарды біріктіріп отырған ірі держа-
валардың саяси-идеологиялық мүддесіне сəйкес келді. Себебі тіл табиғатына тереңдеп бару тілдік са-
на қалыптастырып, оның негізінде этностық сананы оятады. Ұлттық сананың, этностық сананың қу-
аттылығы барлық ұлттар мен ұлыстарға ортақ біртұтас қоғамдық сананың беріктігіне нұқсан келтіре-
72
ді. Ал қоғамдық сананың негізінде басым топтың (ұлттың, этностың) болмысы, саяси-əлеуметтік мүд-
делері жатады.
Кеңестік түркітануда да структуралистік лингвистиканың қағидаларын негізге алған зерттеулер
үлкен нəтижелер берді. Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі, морфологиялық құрылымы, синтаксис-
тік конструкциясы, лексикалық құрамы, семантикалық жүйесі бір тіл ішінде де, салыстырмалы, сал-
ғастырмалы негізде де жан-жақты зерттеліп, əрбір тілдің өзіндік ерекшеліктері мен даму жолы ғылы-
ми талдауға түсті. Түркі тілдеріне қатысты көптеген құнды еңбектер структуралық лингвистиканың
амал-тəсілдері мен ұстаным-қағидаларын негізге алғанымен, түбір тануға, ішкі құрылымға, сөз се-
мантикасына, сөзжасамдық заңдылықтарға, сөз этимологиясына арналған зерттеулерде тіл онтогене-
зі, имитатив теориясы, этногенез бен глоттогенез бірлігі, тілдің əлеуметтік негізі жайлы антропоцент-
ристік бағыттағы тілдің танымдық қырларын меңзеген тұжырымдар да айтылып жүрді. Мəселен, түр-
кітануда Э.В.Севортян, А.Н.Кононов, Б.М.Юнусалиев, К.М.Мусаев т.б., қазақ тіл білімінде — Қ.Жұ-
банов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Ə.Қайдар, К.Құсайынов,
Е.Қажыбеков т.б. ғалымдардың, этнолингвистика, психолингвистика, этнопсихолингвистика, лингво-
мəдениеттану т.б. бағыттарының дербес сала болып қалыптасуына үлес қосқан басқа да зерттеуші-
лердің еңбектерін атауға болады.
Əлемдік тіл білімінде жаңа бағыт ретінде қайтадан жандана бастаған, В. фон Гумбольдттың тілді
ойлаумен, тілдік бейне мен тілдік таңбаны ұштастыра қарауға негізделген «ішкі форма» теориясы-
нан
7
бастау алатын «түпкі құрылым» ұғымын қалыптастырған генеративті лингвистиканың
8
теория-
лық-əдістемелік ұстанымдарын арқау ететін тілдің когнитивті аспектісі қазақ тіл білімінде де ерекше
маңызға ие болып отыр.
Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында Еуропада таралған тіл білімінің когнитивті бағыты-
ның басты ерекшелігі — əдістемелік негізінің танымдық үрдістерге сүйенуінде. Осы үрдіске орай
соңғы 7–8 жыл көлемінде қазақ тіл білімі бойынша жазылған еңбектерде «ішкі тұлғаға» ерекше ма-
ңыз беріліп, «сыртқы тұлға» тек сөздің (ұғым атауының) «жамылғышы» ретінде бейтарап қалып жа-
татындығы да бар.
Тіл табиғаты мұндай біржақтылықты қабылдамайды. Себебі ішкі тұлға мен сыртқы тұлға гене-
тикалық жəне тарихи тұрғыдан тығыз қарым-қатынаста. Олар өзара үйлесімділікті сақтай отырып,
тілдің дамуына жағдай жасайды, жаңадан танылған құбылыстар мен заттарды таңбалайтын, бейне-
лейтін ұғымның денотаттық жəне сигнификаттық атауларын қалыптастырады. Сыртқы тұлғаның да,
ішкі тұлғаның да шарттылық сипаты адамзат тілі дамуының кейінгі кезеңдерінің жемісі. Тілдің таң-
балық сипаты да ішкі тұлға мен сыртқы тұлғаның шарттылық сипаттарына негізделді
9
.
Архитұлға мен архисемада мотивациялық қатынастағы тікелей байланыс бар. Бұл антропогенез-
дік, глоттогенездік, онтологиялық жəне гносеологиялық, семиотикалық негізде аталған ілімдерді са-
бақтастыра отырып қана анықтауға болатын құбылыс. Ал ішкі тұлға мен сыртқы тұлғаның арасында-
ғы абстракциялық, ассоциациялық, аналогиялық қатынастар адамзаттың алғашқы дыбыстық тілі қа-
лыптасқаннан кейінгі ақыл-ойдың жетілген кезеңдерінде, адам санасында бұрын танылған құбылыс-
тар мен заттардың, қимыл, іс-əрекеттің тілдік жүйедегі орныққан атауларын қолдана отырып, сол
ұғымның ерекше белгілерін жаңа танылған ұғымдармен салыстыру, ұқсату, байланыстыру нəтиже-
сінде жүретін процесі. Абстракция құбылысы жайлы белгілі қазақ ғалымы І.Кеңесбаев та: «... тарихи
ақиқатты салыстыра отырып зерттесек, көптеген абстракт сөздердің кейін пайда болғандығын көре-
міз»
10
, — деп көрсетеді.
Қазіргі жетілген адамзат тілінде сыртқы тұлға мен ішкі тұлғаның арасындағы тікелей байланыс
көмескіленіп, шарттылық сипат алған десек те, фонологиялық, морфемдік, семантикалық, логикалық
талдау əдістері арқылы көне заңдылықтарды анықтауға болады. Түркі тілдерінің лексикалық негізін
құрайтын моносиллабтардың тұлғалық өзгерістерінен тұлға мен мазмұн тұтастығы айқын көрінеді.
Тіл білімінде фоносемантикалық құбылыс, фонетикалық сөзжасам тəсілі, ішкі флексия, жасырын
синкретизм т.б. деп əр қырынан қарастырылып жүрген, құрамындағы дыбыс сəйкестіктері арқылы
түрлі мағына беретін гомогенді түбір-негіздердің бастапқы жалпы тұрпаты мен мазмұны бірдей бол-
ғанымен, кейбірінің тұлғасы мен мағынасы əртүрлі. Тек дербес мағыналы моносиллабтар ғана емес
дисиллабтар мен полисиллабтар құрамындағы алғашқы буынды да көне тұлғалар (архитұлға емес)
ретінде қарастыруға теориялық негіз бар. Түркі түбірлерінің моносиллабтық бағыты көптеген ғалым-
дар тарапынан қолдау тауып отыр (В.Радлов, Ж.Дени, В.Котвич, Дж.Клосон т.б.)
Бір буынды сөздердің соңғы дыбыстарының тарихи тұрғыдан алмасуы соңғы дыбыстардың жаңа
мағына тудырушы қосымша-модификаторлық сипатымен түсіндірілсе (боз~бор, бос (ану~бош
(алау)), жоқ~жой~жұт, жүз~жүр, кел~кет, өс~өн~өр (кендеу) ~өш, ой~ұқ, кес~кез (дік), сыз~ши
73
(май), жан~жақ~жал (ын`~жай~жар (ық), тер~тіз, сөз~сөй (ле) ~сөк, сұқ~су (ыр), уат~уақ
~ұсақ~ұн т.б.), анлаут, инлаут позициясындағы сəйкестіктер (ен~ін, ат (у) ~ыт (у), оң~өң, із~ыз (у),
қыр (у) ~сыр (у) ~жыр (у), ағ (у) ~ығ (у), боз~бөз т.б.) ішкі флексия құбылысының іздері ретінде қа-
растырылуда. Мұндай мысалдар сөздің дыбыстық тұлғасын ішкі тұлғаның, ұғымның жамылғышы ға-
на деп қарауға кепілдік бере алмайды. Адамзат дыбыстық тілінің жетілген кезеңінде ұғым-мазмұн бі-
рінші туындап, соған лайық дыбыстық тұлғаның сомдалуы дау тудырмайды. Ал дыбыстық тіл эволю-
циясының алғашқы кезеңі жайлы мұндай тұжырым жасау негізсіз, себебі алғашқы адамзат тілінде ал-
дымен дыбыстық қалып-тұлғалар (дыбыстар мен дыбыс тіркестері) қалыптасып, адам санасының же-
тілуіне байланысты мағына-мазмұнға ие болып отырған. Моносиллабтар құрамындағы дыбыс сəйкес-
тіктерінің семантикалық саралануға ықпал етуін жекелеген дыбыстардың семантикалық мəні, яғни
фоносемантикалық заңдылықтар арқылы ғана түсіндіруге болады. Жаңа сөз тудыруда ішкі тұлға мен
сыртқы дыбыстық тұлға тікелей қарым-қатынасқа түсіп, күрделі лингвистикалық бірлікке айналады.
Əрбір дыбыстық тұлғаның ішкі мазмұнға ие болуы да күрделі даму жолынан өткен құбылыс, ой-
сананың өсуіне байланысты рефлексті түрде туындайтын табиғи дыбыстар белгілі бір ұғымды (маз-
мұн, мағына, мағыналық реңк түрінде) білдіре алатындай дəрежеге жеткен. Алғашқы адамзат тілінің
сарқыншағы ретінде қаралатын гомогенді имитатив түбірлер арасындағы мағыналық реңктер мен
айырмашылықтар да осындай тұжырым жасауға дəлел бола алады. Имитатив теориясы жайлы ой-пі-
кірлерге, теориялық тұжырымдарға талдау жасай отырып, академик Ə.Т.Қайдар: «Дыбыстық тілдің
қалыптасуы ең алғашқы Адамның табиғаттағы белгілі дыбыстарға нақтылы бір, не бір топ мағына
жүктеп, меншіктеп қолдануынан басталды дейтін пікірге толық қосылуға болады», — деп көрсетеді
11
.
Бір буынды түбір-негіздердің фонетикалық, семантикалық табиғаты лексеманың ішкі тұлғасы мен
сыртқы тұлғасын бөліп қарауға болмайтынын немесе біріне басымдық беріп, адамзат тілі дамуының
басты тетігі ретінде қараудың жаңсақтығын бейнелейді.
Əдебиеттер тізімі
1. Советский энциклопедический словарь. — М., 1988. — С. 1283.
2. Буржуазная философия ХХ века. — М., 1974. — С. 138.
3. Основные направления структурализма. — М., 1964. — С. 5.
4. Соссюр де Ф. Курс общей лингвистики. — М., 1933. — С. 207, 40.
5. Бенвенист Э. Общая лингвистика. — М., 1974. — С. 64.
6. Трубецкой Н.С. Основы фонологии. — М., 1960. — С. 41.
7. Гумбольдт фон В. Избранные труды по языкознанию. — М., 1984. — С. 103.
8. Хомский Н. Язык и мышление. — М., 1999.
9. Бодуэн де Куртенэ. Избранные труды по общему языкознанию. — М., 1969. — С. 82.
10. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Фонетика. Морфология. — Алматы, 1975. — 40-б.
11. Қайдар Ə. Имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарас // ҚР ҰҒА-ның хабарлары. — Тіл, əдебиет сер. — 2003. —
№ 5(141). — 18-б.
74
ƏОЖ 494.3-3
Б.Тілеубердиев
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ СУ КӨЗДЕРІН СИПАТТАЙТЫН ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА
ҚАТЫСТЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАР МЕН ЭТНОМАРКЕРЛЕР
В статье исследуется этимология географических названий, характеризующих водные ис-
точники и земледелие Южно-Казахстанского региона.
The article concerns the etymological investigation of geographical terms of south Kazakhstan agri-
culture. The author came to the conclusion, showing with own point of view with the consideration of
foreign, Russian and Kazakh researcher.
Ұлттық топонимия этникалық мəдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады, онда этностың та-
рихы, салт-дəстүрі, наным-сенімі, шаруашылығы мен тіршілік тынысы жайында аса бағалы мəлімет-
тер болады. Міне, мұндай ерекшелікті молынан сақтап келген қазақ жеріндегі топонимика лексика-
сында зерттеуді қажет ететін сыры ашылмаған қатпарлар аз емес. Зерттеу объектісі ретінде алынып
отырған қазақ жері көшпелі жəне отырықшы мəдениеттің көнеден келе жатқан ерекше бір көзі іспет-
ті. Орта Азияның егін еккен жазирасы мен Дешті Қыпшақтың мал өсірген сахарасы аралығында орын
тепкен Қазақстан малшылар мен егіншілердің экономикалық, мəдени жағынан бірін-бірі байытқан
көшпелi мəдениет пен отырықшы мəдениеттің мекені болды.
Тарихи мəліметтерге жүгінсек, қазақ жерінде кəсіп саласының негізгі үш түрі болған. Олар: сай-
салалар мен тау баурайларындағы жартылай отырықшылыққа негізделген малшылық пен егіншілік,
шөл-шөлейт, далалы-таулы жердегі көшпелі жəне жартылай көшпелі малшылық
1
. Жоғарыдағы ғылы-
ми деректерге сүйенсек, қазақ халқы арасында таза көшпелілер болмағандығы айғақталады. Бұған дə-
лел — қазақ қоғамындағы егін шаруашылығына қатысты қалыптасқан географиялық атаулар мен тер-
миндер топтамасы. Алайда қазақ халқының тұрмыс-салтын сипаттағанда, алдымен, қазақ жеріне егін-
шілік мəдениетінің келуін орыс шаруаларының жер аударып, қоныстауымен байланыстырып, «қазақ-
тар негізінен мал жағдайына байланысты суы мол, шөбі шүйгін, бір жерден екінші жерге көшіп-қо-
нып жүрген» деген пікірлерді жиі кездестіреміз. Дегенмен, Еуразия аймағында алғашқы егіншілік
белгілері палеолит дəуірінде белең алып, оның бұдан Х–VІІІ мың жыл бұрын жануарларды қолға үй-
ретумен бір мезгілде пайда болып дамығаны туралы тарихнамада тарихи үрдіс өзінің ғылыми шеші-
мін біршама тапқандай
2
. Сондықтан қазақ халқының өткен өмір жолын айғақтайтын археологиялық
қазбалар мен тарихи деректер бұл сияқты біржақты пікірлердің бұрыс көзқарас екенін, яғни қазақтар-
дың да тарихи қалыптасқан өз алдына дəстүрлі шаруашылық кəсібі — мал шаруашылығымен қатар,
егін шаруашылығы болғанын, дəлелдейді
3
.
Қазақ халқының егін шаруашылығы жөнінде ХІХ ғасырда жазылған ғылыми еңбектерде қарас-
тырылған мəселе осы күнге дейін өз құндылықтарын жойған жоқ. Солардың ішіндегі елеулiлері
Г.Н.Потанин, В.В.Бартольд, А.И.Левшин, Ш.Уəлиханов, Ə.Диваев, Х.Қостанбаев т.б. еңбектері бо-
лып табылады. Сондай-ақ Ш.Уəлихановтың ғылыми жазбаларында қазақ даласының егіншілік ша-
руашылығы жөнінде төмендегідей мағлұматтар береді: «Ұлы жүзде көбінесе сүт жоқ кезде тары еге-
ді. Бидай егуді жақында қытайлар енгізді, бірақ біраз уақыттан бері қазақтың ауқаттылары өздеріне
жететіндей етіп бидай егетін болды... Бүкіл өсірген өнімнен қалған шикі сөкті (тары) жерге көмеді.
Тары қыс бойы жер астында сақталады немесе қыста қажет болған жағдайға дейін жатады»
4
.
Қазақстан территориясында сонау көне дəуірдің кезінде-ақ суармалы егіншілік алқаптарының
болғаны жайында дерек беретін ғылыми қолжазбалар аса мол. Шаруашылықтың көшпелі жəне оты-
рықты түрлері мен көшпелі, отырықты өмір салтының бір-бірімен ұласып жататын көптеген сатыдан
тұратыны ортаазиялық этнографтар мен географтардың зерттеулерінде дəлелдене түсті. Мəселен,
В.П.Курылев: «... қырғыздар мен қазақтарда (əдетте дала мен тауды мекендеген бұл халықтарға мал-
шылық ғана тəн деп қарайтын көзқарас көп кездеседі) ХІХ ғасырда негізгі үш типі болған: көшпелі,
жартылай көшпелі, отырықшылық. Шаруашылықтың соңғы түрі Қазақстанның оңтүстік өңірінде ин-
тенсивті егіншілікпен үйлестіріле жүргізілген», — деп жазды
5
.
Осыған орай Оңтүстік Қазақстан территориясында суармалы жерлердің болғанын ешкім теріске
шығара алмаса керек, оған дəлел ретінде егін шаруашылығына қатысты су көздерін сипаттайтын тө-
мендегідей этномаркерлерге тоқтала кетуді жөн санадық: арық — суландыру жүйесіндегі шағын су
75
жолы; тоған — су жинап алатын бөгет, тоспа; тұма — кішірек бастау, бұлақ; бөгет — өзен суын
тоқтату үшін жасалатын бөгеу, тосқауыл; кəріз — жер асты суларын жер бетіне шығарып, су жүргізу
үшін көлбей қазылған арық, канал; атыз — суаратын егіс танабының шахмат түрінде жасалған көрі-
нісі; жап — егістікке су жіберу үшін екі жиегіне топырақ үйілген жіңішке арық; танап — пайдала-
нуға жарамды жердің белгілі бір бөлігі; арна — өзен суы ағатын жер; дуал — көктемгі еріген қар су-
ларын, жаңбыр суларын тоқтату үшін қолданылатын қоршау; шүй — өңделмей, жыртылмай, тұқым
себілмей қалған жер; салма — егінге су жіберетін арық; жоя — қауын-қарбыз егетін жер; қамба, ал-
қап, өңір, тілкем, жолақ, шалғын т.б.
Ортағасырлық жазба еңбектерден су шаруашылығына байланысты көптеген атаулар мен дерек-
терді келтіруге болады. Оңтүстік Қазақстанның егіншілік пен агросуландыру жүйесі туралы аса мол
тарихи-этнографиялық əрі топонимикалық материалдар Н.Дингельштедттің «Опыт изучения иррига-
ции Туркестанского края, Сыр-Дарьинской области». — Т. І. — СПб., 1893–1895, деген кітабында,
сондай-ақ «Материалы по киргизскому землепользованию района реки Чу и низовьев реки Талас
Черняевского и Аулиеатинского уездов Сыр-Дарьинской области». — Ташкент, 1915; «Хозяйствен-
ный быт киргизского, сартовского и русского населения Юго-восточной части Шымкентского уезда
Сыр-Дарьинской области». — Т. І. — Ташкент, 1910, деген Шымкент уезін зерттеудің нəтижесі бо-
лып есептелетін қоныс аударушылар басқармасының басылымдарында кездеседі. Оңтүстік Қазақстан
этнографиялық топонимдерін зерттеуде бұл еңбектердің мəні орасан зор.
Егіншілікпен байланысты топонимдерде əсіресе арық этномаркері жиі кездеседі. Мұндай топо-
нимдер, бір жағынан, суару каналдарының, екінші жағынан — елді мекендердің, жергілікті жерлер-
дің, алқаптардың атауы болып жұмсалады. Арық-суландыру жүйесіндегі су жолы, суару каналы əсі-
ресе шығыс елдерінде кең тараған. Оңтүстік Қазақстанның суару жүйесінде арық туралы этномаркер-
лердің кеңірек тарағандығына атыз арық, бау арық, қазына арық, қауын арық тəрізді терминдер дə-
лел бола алады. Э.М.Мурзаев бұл терминге аса мол параллельдер келтіре отырып, «ағу», «іркілу» де-
ген мағынаны білдіретін ар түбірімен төркіндес деп қарайды: көне түркі агди — тау аңғары, арасын
сай бөліп жатқан тау; түрік диал. армаақ — бұлақ, бастау, ағын су; монғ. аруг — суару каналы,
араг — суы тартылып қалған арна; арк — ор; эвенк. ари — саға, канал; хет. ачпа — шек-ара, ара-
лық, жерді каналмен бөлу, ars — ату; парсы. арк — суаратын канал деген мағыналарын көрсетеді
6
.
Оңтүстік Қазақстанның диалектикалық лексикасында жəне ішінара топонимдерде жап, кішкене
арық, жіңішке арық деген этномаркер кездесіп отырады. Бұл атауды иран тілдеріндегі аб — су сөзі-
мен салыстыруға болады. Э.М.Мурзаевтың көрсетуінше, иран тілдеріндегі аб, об сөзі өзінің негізгі
мағынасынан басқа бұлақ, жылға кейде көл жəне канал тəрізді географиялық атауларды білдіреді.
Мəселен, Мары алқабында жəне Хорезм жерінде яб, оп суару дегенді аңғартады дей келіп, ғалым Ор-
та Азияның байырғы егіншілік алқаптарында, тіпті қазірдің өзінде түркі тектес тұрғындар тұратын
жерлерде суармалы шаруашылыққа жататын терминдер, негізінен, иран тілдерінен келген ауыс-
түйіске жататынын атап өтеді
6
.
Егіншілікке, суару жүйесіне тəн едəуір терминдердің иран тілдеріне тəн ауыс-түйіс екені, сөз
жоқ, түркі жəне иран тілдес халықтардың тілдік жəне мəдени байланысының тым көне заманда жат-
қанын, Оңтүстік Қазақстан территориясында егіншілік мəдениеттің өзара тығыз астасып жатқанын
көрсетеді.
Сондай-ақ кяриз, кериз этномаркері де иран тілінен енген деп танылады. В.И.Савинаның сөзді-
гінде иран топонимдерін құрайтын кяриз, кериз, кехриз, кягриз, карез, кахрез, кариз, кенат, шериз
терминдердің көне заманынан келе жатқанын, суару жүйесі құрылыстарының атаулары болып жұм-
салатыны көрсетілген. Бұл терминдер жер астындағы суару каналы, жер астындағы су жинайтын га-
лерея деп көрсетілген. Аталған терминдермен жасалған Иранның 25 географиялық атауы берілген
7
.
Бұл сөзді көптеген халықтың географиясында қолданылатын терминдердің бірі деп қарастырған жөн.
Бұған қоса айтарымыз «кериз» термині қолданылатын аймақтарда суарудың керіз жүйесі кеңінен
өрістеген. Суарудың осы аталған түрі көне дəуірден бері егіншілікпен айналысқан иран тілдес халық-
тардан түркі тілдес халықтарға мирас болып, басқа да халықтарға кеңінен тараған. Бұған Сырдария,
Ташкент, Орта Азияның кейбір жерлерінде, Түркістан өңірінде кездесетін суару каналдары мен жер
асты су жинайтын керіз жүйесі дəлел бола алады. Егін шаруашылығымен шұғылдану Оңтүстік Қазақ-
станда ғана емес, Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар өмірінде орта ғасырдан болғаны тарихи
деректен белгілі. Олардың Сарысу, Ұлытау, Торғай, Есіл атыраптарында егін салып, көбіне арпа мен
тары еккендігін, сол жерлерден табылған археологтар аршыған көне арықтар толық дəлел бола ала-
ды
8
. Сөйтіп, жер шаруашылығы мал бағып, ен далада көшіп-қонып жүрген елдің қосалқа тіршілігіне
айналған. Осы кəсіп кейінгі кезде кең етек алып, бүгінгі күндері ерекше дамып, ең жоғары сатыға же-
76
тіп отыр. Жер шаруашылығының өркендеуі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жатақтардың келуі-
мен тікелей байланысты болды.
Тарихи деректер бойынша, 1980 ж. Көкшетау округінде — 560, Баянауылда — 132, Ақмолада —
560, Атбасар округінде — 57 жермен шұғылданушы шаруа орналасқан
9
. Бұл кезеңге дейін, дəлірек
айтсақ, орта ғасырда, одан арғы уақыттарда арықтар мен суару каналдары өте көп болғанымен, суалу
каналдарының еш уақытта жасалмау салдарынан карталарда өте сирек кездеседі. Тіпті Қазақстан өңі-
ріндегі ХІV ғ. егіншілік алқаптары болғанымен, географиялық жəне геологиялық жазбаларда қолдан
жасалған арықтар аттары аз аталады. 1889–1890 жж. Н.Дингельштедт суару жүйесі жөнінде жауапты
адамдардан, мұрабтардан, арық ақсақалдарынан сұрастырып мəліметтер жинап жүйеге түсірген.
Шымкент уезі бойынша 180-нен аса су көздерін картаға түсіргенін айта келіп, осы аймақта суару
жүйесі екі тарауға төмендегіше: «... бірінші Бадамь, Донгузлау, Бургулекь, Лянгарь, Тугуш жəне Коч-
карата, екінші Сайрамь-су, Кошкарсу жəне Янгакты», — деп бөледі, ары қарай өзен бойындағы қол-
дан жасалған арықтарды тармақтап көрсетеді
10
.
Осындағы Н.Дингельштедт келтірген барлық атауларды үлкен екі топқа бөлуге болады: бірінші-
сі табиғи су көздерінің атаулары, өзендер мен олардың тармақтары, екіншісі адам қолымен жасалған
антропогендік су объектілері, яғни арықтар мен суару каналдарының атаулары. Гидронимдердің қай
тобының болмасын ат қою мотивтері мейлінше əр алуан, бірақ жасанды гидрообъектілердің атаула-
рында көп дəрежеде адам мен ру аттары қатысады. «Бұл жердегілердің бəрі арық жасаушыларды
ерекше құрметтейді жəне əрбір қазақ руы олардың аттарын біледі əрі ұмытпайды. Жергілікті əкімші-
ліктің хабарлауынша, Арыстанды болысындағы он үш арықты Таза жəне Бақай деген қарапайым қа-
зақтар жасаған»
10
.
Аталған өңірде Ақтөбе болысындағы он алты арық 200 жыл болғанына қарамастан, əлі маңызын
жоймаған, арық құрылысын жүргізген адамдардың аттары түгелімен сақталған. Мысалы, Қасқа —
Бода, Нұр — Қале, Тілеуберді, Байдалы, Джанбай, Тюрабай, Фучабай, Хурус, Джары, Көкбарасы,
Исемкул, Кисик, Тулан, Курумбай, Джубасар, Тулеген. Кейбір арықтар өздерін салушылар емес, осы
гидротехникалық құрылыстарды иемденуші немесе салдырушы ірі байлар мен билік иелерінің аты-
мен де аталатынын айтқан жөн.
Осылайша, Батырбек-датханың (датха — қоқандық басқару жүйесіндегі ірі билік əкімшілік иесі)
жарлығымен өткен ғасырда Майлыкент болысындағы Келтемашат өзенінің үстіңгі жағынан арық қа-
зылған. Бірақ қазылған арнамен су жүрмей кейіннен бұл арықтың жұмысы тоқтап, шаңы шыққан жа-
рамсыз арықтың арнасын Бұрыңғы Батырбек арық атап кеткен (Əуелбек Керімбаев қарияның мəліме-
ті). Сондай-ақ Шадман арық атымен аталатын жарамсыз арық туралы хабарлай келе Н.Дингельштедт:
«Аяқкөл көлінен басталатын бұл арық үлкен арықты осыдан 60 жыл (шамамен 1830 жылдары) бұрын
Шадман-датха деген адам салғызған», — дейді
10
.
Бірқатар арықтар рулар мен олардың ішкі тармақтарының атымен аталады: Күркар — арыкь, Кө-
кірек — Сихым атасының ішкі ру аты; Чель — Мамбеть — арыкь, Шілменбет — Дулат руының бір
тармағы; Ходжабекь — арыкь, Қожабек — Жаныс руының бір атасы; Утемис — арыкь, Өтеміс —
Ұлы жүз құрамына кіретін ру аты; Бугажелы — арыкь, Бөгежіл — Жаныс руының бір тармағы т.б.
Арық аттарын бұлайша атау егіншілікпен айналысатын халықтардың рулық қауым үлгісінде болып,
белгілі бір арықтан су алуға құқықтарының болатындығын, рулық немесе патронимдік үлгіде болған-
дығының куəсі. Қазақтардың көші-қон кезінде тайпа, руларға бөлінуі, бірге көшіп, бірге қоныстануы-
ның əсерін суармалы егін шаруашылығы кезінде, суды пайдалану кезінде де этнотерриториялық бөлі-
нуге əкеп соққанын байқауға болады.
Түркістан қаласының, оның маңындағы Иқан, Қарнақ, Бабай қорған елді мекендерінде өзбек
ағайындар басым қоныс аударғандықтан, патронимдік арық атаулары сирек кездеседі, керісінше, Қа-
зығұрт пен Майлыкент болыстарындағы Ұлы жүздің Сиқым, Жаныс, Дулат рулары қоныстанған жер-
лерде арық атауларының басым көпшілігі ру, ру тармақтары атымен аталады. Бұрынғы Қазығұрт,
Майлыкент болыстарында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби, Түлкібас аудандары террито-
риясында əлі күнге дейін жоғарыда көрсетілген рулар мен ру тармақтарының өкілдері мекен етеді.
Н.Дингельштедттің мəлімдемесі бойынша, Шымкент қаласы маңында үлкен екі арық пайдала-
нылған. Оның біріншісі — Ходжа-арық алдымен қаланың орыстар қоныстанған бөлігін суарып, содан
кейін жергілікті халық тұратын бөлігіне барады, ал, екіншісі — Новый-арық, су деңгейін көтеретін
ерекше салынған су бөгетінің көмегімен жасалған жасанды көлден шығады да, бұл арықтан орыс қа-
ласының бүкіл жоғарғы бөлігі жəне жоғарыда аталған питомник су ішеді. Алғашқы арықтың атауы
Ходжа-арық ХІ ғ. Орта Азия аймағынан Оңтүстік Қазақстанға сіңісе енген ортағасырлық арабтардың
ұрпақтары қожалардың қалада тұрғандығын дəлелдейді. Шамасы қожалардың белгілі бір бөлігі
77
Шымкент қаласында қоныстанған, аймақтық бірлікте болған болуы керек. Шығу тегі жағынан түркі-
лік (қазақ жəне өзбек) арық атауларының ішінен Шымкент қаласындағы Новый-арық жəне Бадам өзе-
нінен бөлінетін оң жағалаудағы Судья-арық деп аталатын екі орыс атауы айырықша бөлініп тұр. Бұл
атаулар Шымкент уезіндегі орыс отаршылдарының əсері болып табылады.
Егін шаруашылығына қатысты су көздерін сипаттайтын этномаркерлердің кездесуі олардың си-
патынан хабар бере отырып, шаруашылыққа пайдалану мүмкіншіліктері топонимдерде де көрініс
тапқан. Мысалы, Егінді — мекен, елді мекен аттары, Ақтөбе, Павлодар, Талдықорған облыстары; Қы-
зылегіс — Зеренді ауданы, Көкшетау облысы; Қараегін — елді мекен, Қорғалжын ауданы, Ақтөбе об-
лысы; Егіндібұлақ — елді мекен, Нұра ауданы, Қарағанды облысы; Қырман — Ұлытаудағы мекен
аты, Жезқазған облысы; Тоғанды — елді мекен аттары, Алматы, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан
облыстары; Арнасай — елді мекен аты, Оңтүстік Қазақстан облысы т.б. Егін, жер шаруашылығымен
байланысты топонимдер Орталық Қазақстанда тың жерді игеруге орай көптеп қойылып отырған. Он-
дай топонимдердің басым тобы кезінде орыс, украин т.б. тілдерден енген.
Сонымен, түркі мəдениетінен бергі кезеңге дейін жеткен су көздерін сипаттайтын егін шаруашы-
лығына қатысты атаулар түркі тектес халықтар тілінде лингвистикалық сипаты бар сөздер мен атау-
лардың түзілуіне себепкер болғаны айқындалды. Халық мəдениетінің қарым-қатынасы қоғамдық ең-
бек нəтижесінен əлеуметтік таным бірлігі арасында өзіндік сипатқа ие болады. Қай халықтың болма-
сын ұлттық мəдени белгілері тіл арқылы əлеуметтік сипатқа ие болып, этностың географиялық атау-
лары мен маркерлерін қалыптастыратыны байқалады.
Əдебиеттер тізімі
1. Чебоксаров Н.Н., Чебоксарова И.В. Народы и расы, культуры. — М.: Наука, 1985. — С.181.
2. Массон А.Н. Средний и Древний Восток. — М.-Л., 1964. — С. 117.
3. Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии. — М.: Наука, 1991. — С. 106.
4. Уəлиханов Ш. Таңдамалы. — Алматы: Жазушы, 1985. — 96-б.
5. Курылев В.П. Опыт типологии скотоводческого хозяйства казахов (вторая половина ХІХ — нач. ХХ вв.). Проблемы ти-
пологии в этнографии. — М.: Наука, 1979. — С. 166–171.
6. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. — М., 1984. — С. 58, 400.
7. Савина В.А. Словарь географических терминов и других слов, формирующих топонимию Ирана. — М., 1971. — С. 104.
8. Маргулан А.Х. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане // Изв. АН КазССР. Сер. археол. —
1951. — Вып. 3. — С. 38.
9. Красовский М. Область сибирских киргизов // Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами
Генерального штаба. — СПб., 1868. — С. 79.
10. Дингельштедт Н. Опыт изучения ирригации Туркестанского края. — СПб., 1893–1895. — Т. 1. — С. 87–98.
78
ƏОЖ 316.74:80:811.512, 122
Ə.Қ.Шадыкенов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |