№4(40)/2005 Серия филология


ЭКЗОТИКАЛЫҚ  ЛЕКСИКА  ТАРИХЫНАН



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата15.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#9738
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ЭКЗОТИКАЛЫҚ  ЛЕКСИКА  ТАРИХЫНАН 
Автор  дает  собственное  определение  понятия  экзотизмов, исходя  из  общепринятого  в лин-
гвистике. Истолковываются значения тех экзотизмов, которые свойственны природе, жизни 
и культуре казахского народа. 
The article about words, which have been opened character of Kazakh society and could been only 
Kazakh «realies». The author had been told about opinions of many linguist about «exotical lexic» 
and had been tried to open this problem himself. 
 
Тіл — қыр-сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің табиғатын танып білу үшін оның басты қасиетін 
айқындап алудың маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті делініп, əдетте, 
оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тіл — адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйле-
сіп, пікір алмасудың құралы ретінде пайда болады
1
. Тарихта мұндай ұжым алғашында ру, тайпа тү-
рінде, кейінде халық тілі, ұлт болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, тайпа тілі, халық тілі болды. Қо-
ғамдар ұжымына — мейлі ол ру немесе тайпа болсын, халық немесе ұлт болсын — осылардың бəріне 
де тіл қатынас құралы ретінде қызмет атқарды, оның табиғат мəнін айқындайтын басты қасиеті. 
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы — екіжақты байланыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам 
өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдасты-
руы,  оны  дамытуы  мүмкін  емес.  Демек,  тіл  қоғамның  өмір  сүруі,  адамдардың  бірлесіп  еңбек  етуі 
үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде қажет. Тіл — адам баласы қоғамының өмір сү-
руінің жəне дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам тілдің 
өмір сүруі үшін, адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қаншалық қажет болса, тілдің өмір сүруі үшін 
қоғам соншалықты қажет. 
Халық тілінің айқын да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге 
халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы көрінеді. Тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын 
көрсететін айырықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатынас құралы, 
пікір алысу құралы, бірін-бірі түсіну құралы ретінде адамдардың ісі мен əрекетінің барлық саласында 
да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретін-
де қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен əрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай оның 
қимыл өрісі өте кең жəне əр жақты болады. Тілдің бұл ерекшелігі оның ең басты қызметі — қатынас 
құралы болуынан келіп туады. 
Қай елдің тілі болса да, дамудың белгілі сатысында басынан кешіретін əмбебап қағидалары бо-
латыны  белгілі.  Солардың  бірі — тіл  мен  өркениет  арасындағы  идентификация,  яғни  тілдің  дамуы 
мен қоғам дамуының сəйкес келіп отыруы. Мəселен, ежелгі гректер күрделі сөздерді қолдануға үйір 
болған екен. Римдіктер, керісінше, бұл тұрғыда қатандық сақтаған. Бұдан мынадай қорытынды шыға-
руға болады: гректер өнермен айналысуға, римдіктер болса, практикалық қызметке үйірлік танытты. 
Екеуінің арасындағы айырма мынада — өнер күрделі сөздерді талап етеді, қарапайым өмірде қара-
пайым сөздер қолайлы
2

Халық  қоғамдық  прогресс  сатысының  төменгі  баспалдақтарының  бірінде  тұрса,  оның  тілінде 
жалпы жəне тектік ұғымдар аз, арнаулы атаулар көп болады. Эскимос тілінде батысқа қарай жүзіп ба-
ра  жатқан  моржды  аргуах,  солтүстікке  қарай  жүзіп  бара  жатқан  моржды  каврык,  əр  бағытқа  жүзіп 
жүрген  моржды  акылюграк,  қоректенуші  моржды  эһык,  ұйқыдағы  моржды  кавалыграх  дейді  екен. 
Егер де эскимостардың күнкөрісіне, тар кəсіптік қызметіне байланысты сөздеріне қарап отырсақ, өзге 
тілдердің ешқайсысында кездеспейтін «байлықты» көрер едік. 
Х.Г.Гадамер: «Түйені, бұл жануардың шөл даланың тұрғындарына қатысты алып айтқанда, екі 
жүз түрлі сөздермен атайтын Африка тілі бар. Аталған қатынастарда сақталатын сөздің басым мағы-
насына орай, түйе біздің алдымызға əрқашан басқа қырынан көрініп отырады», — дейді. Ал В. фон 
Гумбольд мұндай құбылыстарды былай түсіндіреді: «... сөз сезіммен қабылданатын нəрсенің балама-
сы (эквиваленті) емес, сөз жасаудың нақты мезетінде сөзтудырушы акт арқылы санада тұшынылған-
ның баламасы. Бір затты, құбылысты көп сөздермен айтудың басты қайнары дəл осында; осылай, піл-
ді біресе екі рет су ішуші, біресе қостісті, енді бірде жалғызқолды деп, əр жағдайда бір ғана нəрсені 

79 
айтатын санскритте, үш сөзбен үш түрлі ұғым беріледі». Осы жерде айта кететін бір жайт, белгілі зат, 
құбылыстың  түрліше  аталуы  олардың  бойындағы  жеке  қасиеттеріне,  сол  халықтың  сана  сезімі  мен 
қабылдауына байланысты. Мəселен, жоғарыда келтірілген пілдің кейде «жалғызқолды» деп айтылуы 
оның  тұмсығына  (хобот)  байланысты,  себебі  піл  барлық  əрекеттерін  тұмсығы  арқылы  жасайтыны 
баршаға белгілі. Ал, орыс тіліндегі «хобот» сөзінің қазақ тіліне «пілдің тұмсығы» деп аударылуы қа-
лай? Əлде бұл сөзге қазақ тілінде балама бермей, сол қалпында қалдырған жөн бола ма? 
Халықтар арасындағы экономикалық, саяси жəне мəдени байланыстар олардың тілдерінің бірін-
бірі  толықтырып  отыруына  əсер  етеді.  Бұл  процесс  əсіресе əдебиет  саласында  молынан  ұшырасып, 
өзіне тəн белгілерге ие болып отырады. Көркем мəтіндердегі тілдердің бір-бірін толықтырып отыруы 
мен байланысын зерттеу орыс тіліндегі шығармаларда қазақ тілі немесе қазақ тіліндегі шығармаларда 
орыс тілі компоненттерінің танымдық жəне эстетикалық қызметін айқындауға мүмкіндік беріп, осы 
толықтырулардың маңызын аша түседі. Бұл мəселені шешуде екі аспектіні айыра білген жөн: 1) син-
хрониялық; 2) диахрониялық. Алайда осындай аспектілерде бөліп қарастыру, біріншіден, кірме сөз-
дер, екіншіден, экзотизмдер, енгізулерді ажыратып қараумен толық сəйкес келе бермейді. Мысалы: 
орыс тілінде беркутджигиткошма деген сөздер кірме лексиканың барлық қасиеттеріне ие, өйткені 
олар орыс тілінің графема-фонетикалық тəсілдермен берілген; белгілі бір грамматикалық кластар мен 
категорияларға сəйкес келеді; семантикалық дербестікке ие, яғни орыс тілінде бар сөздермен дублет-
тік синонимиялық байланысқа түспейді. Сонымен қатар олар өздерінің ұлттық колоритімен (белгісі-
нен) айрылмай, орыс тіліндегі көркем шығармаларда экспрессияға ие бола алады. 
Біздің қарастырып отырған сөздеріміз — Қазақстан территориясында қанат жайған орыс тілінде 
қолданылып, республикамыздың тарихи-мəдени жəне экономикалық-шаруашылық ерекшеліктерін бел-
гілейтін  сөздер.  Олардың  ішінде  кейбір  сөздер  басқа  да  түркі,  араб,  парсы  тілдерінде  кездескенімен, 
орыс тіліне ең өнімді тəсілмен — қазақ тілі арқылы енеді. Сол себепті біз оларды қазақ лексикасына 
жатқызамыз да, казахизмдер деп атаймыз. Айта кететін жағдай, «казахизм» термині ең алғаш рет Б.Ха-
сановтың «Языки народов Казахстана и их взаимодействие» атты монографиясында кездеседі. 
Сонымен  қатар  «экзотикалық  лексика»,  немесе  «экзотизмдер»,  деген  термин  де  зерттеушілердің 
назарын аударып жүр. Орыс лингвисі Л.П.Крысиннің айтуынша, экзотизмдер сөздіктің ең жылжымалы 
бөлігі болып табылады жəне оларға сөздердің бірнеше топтары жатады. Алайда осы атаумен шартты 
түрде аталған тұрақсыз жəне əр текті лексикаға нақты анықтама беру — өте-мөте күрделі мəселе. 
Қазіргі кезде экзотизмдерге əр халықтың əдет-ғұрпы, мəдениеті мен тарихи өткен-кеткені сияқ-
ты өмір ерекшеліктерін насихаттайтын сөздерді жатқызып жүр. Нақтылай айтқанда, экзотизмдер бас-
қа да халықтар мен ұлттар өмірі мен тарихына тəн реалияларды белгілеу болып табылады. Экзотизм-
дерге  айқын  жергілікті  жəне  олардың  мазмұнымен  тікелей  байланысты  жергілікті-тарихи  реңк  тəн, 
мысалы: домбыра, қобыз — қазақтың ұлттық музыка аспаптары; бесбармақ, құрт, жент — қазақтың 
ұлттық тағамдары. Сол сияқты басқа да халықтардың реалияларын белгілейтін сөздер: сакля — Кав-
каз тауларының тұрғын үйі; микадо — жапон патшасының атағы; скальд — ежелгі скандинавиялық 
ақын-жырау т.б. 
Мəселенің  Қазақстан  тіл  білімінде  теориялық  тұрғыдан  зерттеу  жағына  келсек, «экзотизмдер» 
жайлы арнайы əдебиеттер аз екенін байқаймыз. А.Н.Гвоздев экзотизмдерді əдеби-кітаби сөздер құра-
мында қарастырып, бірқатарын историзм сөздерге жатқызса, бірқатарын əртүрлі халықтың тұрмыс-
салтын сипаттайтын лексика деп атап көрсетеді. Экзотизм теориясын А.Е.Супрун өзінің «Экзотичес-
кая лексика» атты мақаласында сөз етеді де, басқа да еңбектерінде нақты фактілерді талдап, түген-
деуге баса назар аударған. 
Экзотизмдермен  ұқсас  қызметті  сөйлеуде  актив  қолданылатын  сөздердің  стилистикалық  сино-
нимдері болып табылатын окказионалды кірме сөздер де атқарады. Біздің айтайын дегеніміз, бұл ок-
казионалды  кірме  сөздер  экзотизмдерге  ұқсас  қызметті  жергілікті  колоритті  жеткізуде  ғана  атқара 
алады. Мысалы, О.Сүлейменовтың «Азиатские костры» өлеңінде: 
На камнях теплых 
С трубками в зубах 
валялись, 
чтобы снова — 
азиатом, кулом, вором, 
собакою среди своих собак. 
«Кул»,  яғни  «құл»,  сөзі  орыс  тіліне  «раб»  деп  аударуға  болар  еді,  алайда  бұл  сөз,  біріншіден, 
жергілікті колорит жеткізу үшін қолданылған окказионалдық сөз жəне, екіншіден, ақынның стиліне 

80 
байланысты, яғни орыстың «раб» сөзіне стилистикалық синонимі ретінде жұмсалған. Сол сияқты та-
ғы бір мысал: 
Перемешаются во мне 
Шары блаженства, 
Подкатывает к горлу ком — 
Знак совершенства, 
Скажи негромкое: 
Жаным, аз тэ обичам. 
Подай мне руку, 
Есть у нас такой обычай... 
О.Сулейменов. «Аз тэ обичам». 
Бұл өлеңде «жаным» сөзін орыс тіліне «душа моя» немесе «милая»«любимая» деп те аударуға 
болады, бірақ оның себебі де жоғарыдағыдай. Сол сияқты айта кететін жағдай» «Аз тэ обичам» деген 
сөйлемді орыс тіліне ежелгі славян тілінен «Я тебя люблю» деп аударуға болады, дегенмен бұл жағ-
дай ақын стиліне белгілі бір эмоция, экспрессия беру үшін қолданылған окказионалды сөйлем. 
Кейде тілдегі қолданылып жүрген күнделікті сөздер экзотизмдермен алмастырылып, экзотизм-
дер олардың стилистикалық синонимдері қызметін атқара алады. Мысалы: 
Тот продал караторгая летчику, 
Летчик подарил 
Караторгая поэту, 
Поэт поморщился, 
Но подарок принял, 
Сунул в клетку, 
В дальний угол на пол. 
О.Сулейменов. «Эдуард Багрицкий птиц любил». 
— А ну вон, шайтаны! — крикнул на них бай. Мальчишки нехотя повернулись, перешептывая-
сь и оглядываясь, пошли прочь (М.Жумагулов. «Орлы гибнут в вышине»). 
Бірінші мысалдағы «қараторғай» сөзін орыс тілінің «жаворонок» сөзімен алмастыруға болады. 
Ал, келесі мысалдағы «шайтан» сөзін орыс тіліне «черти», «бесы» деп аударуға болар еді. Дегенмен, 
бұл  сөздер  жоғарыда  сөз  болған  «құл»  сөзі  тəрізді  ақынның  стиліне  байланысты  сол  күйінде,  яғни 
аударылмай, беріліп тұр. Бұл кезде тағы айта кететін жағдай, «қараторғай», «шайтан» сөздері экзо-
тизмдерге емес, окказионалды сөзге жақынырақ. Сонымен қатар «шайтаны» деген сөз тура мағына-
сында қолданылып тұрған жоқ, ал экзотизмдердің көбіне тəн ерекшелік — олардың бір мағынасына 
болуы, яғни оларға моносемия тəн. Экзотизмдер көп мағыналыққа ие болуы олардың тура мағынасы-
на тəн жергілікті жəне жергілікті-тарихи бояуынан айырылуға əкеліп соғады. 
Кейбір  ғалымдардың  айтуынша,  экзотизмдер  тілдік  емес,  сөйлеу  құбылысы  болып  табылады, 
өйткені заттар мен ұғымдар тілден тілге ауысқан соң, сол ұғымдар мен заттарды білдіретін сөздер де 
сол тілге ене бастайды. Экзотизм əуелде сөйлеу құбылысы болып, бертінкеле тілдің сөздік құрамы-
ның қажетті бөлігіне айналып кетеді. Бір ғана мысал, түріктің «cоғғе» сөзі алғашқы кезде, нақтылай 
алсақ,  ХVІ  ғасырда  ағылшын  тілінде  экзотизм  болып  саналды,  кейіннен  алдында  айтылып  кеткен 
орыс  тіліндегі  «король», «верблюд»  сөздері  сияқты  ағылшын  тілімен  əбден  игеріліп  алынды.  Атал-
мыш сөздерді экзотизмдерден гөрі, бейтарап лексикаға жатқызуға болады, себебі олар өздері енген 
тілмен əбден толық игеріліп алынған. Ал, бейтарап лексика (неэкспрессивная лексика) деп біз белгілі 
бір зат, құбылыстың сол тілдің сөзімен аталғанымен, осы тілге жат екенін білдіріп, бойындағы реңк, 
ұлттық  колориттен  толық  айрылған  сөздерді  атаймыз  (Ə.Ш.).  Жоғарыда  мысал  ретінде  келтірілген 
«король», «верблюд» сөздері орыс тілінің сөздері болып саналғанымен, орыс тіліне жат атақ пен жа-
нуардың атауын білдіреді, өйткені тарихтан белгілі орыс халқында ешқашан да «король» атағы, фау-
насында «верблюд», яғни түйе, болмаған. 
О.С.Ахманова өзінің «Словарь лингвистических терминов» атты еңбегінде экзотизмдер туралы 
былай дейді: «Лексика экзотическая — слова и выражения, заимствованные из малоизвестных язы-
ков, обычно неиндоевропейских, и употребляемые для придания речи особого колорита», яғни, оның 
айтуынша, экзотизмдер — үндіеуропа емес, аз танымал тілдерден енген сөздер. Оның олай атауына 
себепті біз  экзотизмдердің  өз  атауынан  іздейміз,  өйткені  экзотизм  «экзотика»  деген  сөзбен  тікелей 

81 
байланысты, яғни «экзотика» сөзі оның шығу тегі болып саналады, ал «экзотика» дегеніміздің өзі бір 
«ғажап», «ештеңеге ұқсамайтын бірдене» деген мағынаны білдіреді. 
Ал, біздің пікірімізше, экзотизмдер тек қана аз танымал тілдерден алынған сөздер емес, өйткені 
олар мейлі шағын, мейлі ірі халық болсын, солардың тұрмысы мен əдет-ғұрпы жəне салтының ерек-
шеліктерін білдіре алады. Осыған сүйене отырып, А.Е.Супрун орыс тілінде экзотизмдерді мынадай 
топтарға бөліп қарастырған: 1) антикалық экзотикалық лексика: аэд, тога, дрохма; 2) неміс экзотизм-
дері: кухен, марка, мейстерзингер; 3) ортаазиялық экзотизмдер: ақын, таньга, бешбармақ т.б. 
Жоғарыда  көрсетілген  себепке  байланысты  И.Е.Гальченко  сияқты  кейбір  ғалымдар  «региона-
лизмдер» деген атауды ұсынады. Олардың атауынша, орыс тіліндегі регионализмдер не экзотизмдер, 
не варваризмдер бола алмайды, өйткені Солтүстік Кавказ экономикалық ауданының 142810000 тұр-
ғындары  үшін  «өзге  ұлттың  салт-дəстүрлері»  жоқ  жəне  осы  салт-дəстүрлердің  атауын  орыс  тіліне 
жеткізу үшін ешқандай варваризм сөздер не болмаса экзотизмдер керек емес. Бұл сөздердің барлығы 
орыс тілінің қорында бар жəне кейбір өмірлік ұғымдардың қарапайым ерекшеліктері болып табыла-
ды
3
. Яғни бұл ғалымдар осындай атауды белгілі бір аймаққа, ауданға қатысты ұсынып отыр. Біздің 
ойымызша,  қандай  да  бір  аймақ,  ауданда  қаншама  ұлт  өкілдері  тұрса,  олардың  өз  салт-дəстүріне, 
əдеп-ғұрпына қатысты атаулар болуы мүмкін, мүмкін болудан бұрын болуға міндетті. Ал, сол атау-
ларды жергілікті тұрғындар тілінің бір бөлігі ретінде қарастыру шындыққа қайшы келеді. Мысалы, 
Ресей территориясында тұратын қазақтардың өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне тəн салт-дəстүрлері-
не қатысты атауларды (құрбан айт, сүндет тойы, шілдехана т.б.) біз қалайша орыс тілінде бар неме-
се оның бір аймақтың бір бөлігі деп айта алмаймыз. Сол сияқты басқа да халықтардың өзіндік атаула-
рын сол тұратын территория тілінің бір бөлшектері ретінде қарастырған дұрыс емес шығар. 
Қазіргі қазақ тілі — сөздік қоры жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрылысы барын-
ша дамыған оралымды тіл. Ал, оның элементтерінің орыс тіліндегі көркем мəтіндерінде көрініс бер-
гені, орын тауып отырғаны, орыс тілінен басқа, қазіргі қоғам, əлемде жүріп жатқан үдерістерге байла-
нысты, өзге тілдерде де кездесуі əбден ықтимал жəне орынды. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы, 1993. 
2.  Жүкешов Қ. Тіл философиясы // Жалын. — 2004. — № 8. — 41-б. 
3.  Бутина Р.М., Ким П.Л. Юань-Фу. Экзотическая лексика и ее роль в словарном составе языка // Русское и зарубежное 
языкознание. — 1970. — Вып. 11. — С. 70–71. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 81`23:811.512.122 
С.А.Кенжеғалиев 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
ДІЛДІК  ЛЕКСИКОН  МƏСЕЛЕСІ 
В статье рассматривается проблема ментальности, выраженная в лексике, что порождает 
споры в психолингвистике. Анализируются труды русских и западных лингвистов; автор вы-
ражает свой взгляд на проблему. 
The article about the problem of mental lexicon which had been object of many questions of psycho-
linguistic for a long time. The author has been tried to decide this problem himself. He has been told 
about Russian and foreign linguists in this sphere and he could be first in Kazakh linguistic, who have 
been touched this problem. 
 
1950–60-жылдардағы психолингвистика ғылымындағы лексикон жайлы түсініктің дамуына сол 
кезде кеңінен өріс алған лингвистикалық тұжырымдамалар өз əсерін тигізді. Дəл осы кезде субъек-
тивтік  лексикон  жайлы  семантикалық  теориялар  жасауда  сөздің  белгілі  бір  ұғым  білдіретіні,  яғни, 
коннотативтік  мағынасына  аса  зор  назар  аударған  зерттеулер  нəтижелері  баспа  бетін  көріп  жатты. 

82 
Ділдік лексиконға арналған пікірлер 1970 жылдардың ортасындағы психолингвистика бойынша нұс-
қауларда пайда бола бастады. 
Лексикон — грамматиканың негізгі компонентіне енетін тілдік элементтер жігі. Грамматиканың 
барлық — фонологиялық, морфологиялық, семантикалық жəне синтаксистік ақпараттары енген ком-
поненті жəне психолингвистика ғылымында өзекті орны бар термин ретінде қалыптастырған ғалым 
Н.Хомскийдің көзқарастарынан бұл анықтама кейде алшақтап кеткенімен, казіргі кезде тұрақталып, 
көптеген зерттеулерде кездесіп жүр
1

Айта кететін бір жайт, Н.Хомскийдің туындатушы грамматикасында лексикон жайлы айтылған 
ойларын  жалғастырушылар  лексиконды  грамматикаға  қатысты  көмекші  рөл  атқарып,  тіл  тұлғасын 
жасайтын  компонент  ретінде  қарастырады.  Ондағы  негізгі  мақсат  сөзжасаммен  сөз  түрленуінің  əр-
түрлі  жағдайларына  тиісті  үдерістердің  формалдық  механизмдерін  көрсету  арқылы  туындатушы 
грамматика тұрғысынан біртұтас түсінік бере алатын сөйлеуді түзу теориясын жасау болды. Мəселен, 
ағылшын  ғалымы  Ч.Осгуд  өзінің  «Абстрактная  грамматика  употребления  языка»  деген  еңбегінде 
(1980) лексиконның грамматикаға қатысты рөліне ерекше көңіл бөлген. Оның пікірінше, лексикон ес-
те сақтау емес, алдымен, үдеріс болып табылады, яғни, онда таңбалар (перцептер) мен семантикалық 
белгілер коды арасындағы тығыз байланыс сақталады. 
«Семантикалық белгілер» ұғымы лексиконмен байланысты басқа да механизмдер үшін маңызды 
болып табылады. Ондай механизмдерге: оператор — «қысқа мерзімде есте сақтау үдерісі», буфер — 
«ақпаратты уақытша сақтау механизмі» жəне жад — «семантикалық ақпаратты ұзақ уақыт сақтау ме-
ханизмі» жатады. 
Жалпы  Ч.Осгудтың  айтқандары  соңғы  жылдардағы  когнитивтік  лингвистика  жəне  когнитивті 
психологияның жетістіктерімен үндесіп жатыр. Лексикон синтаксис үшін тірек болып табылады де-
ген  пікір 1980 ж.  айтыла  бастады.  Оған  Киттай,  Лехрер  сияқты  ғалымдардың  еңбектері — дəлел 
(1992).  Зерттеушілер  синтаксистік  жəне  семантикалық  талдауда  лексиконның  да  рөлін  ерекше  атап 
көрсетеді. Мысалы, антропологтар қандай да бір мəдениетті зерттемесін, сол мəдениет иелері қолда-
натын сөздік құрамға жүгінбей кете алмайды. 
Тіл  білімі  саласында  еңбек  етіп  жүрген  ғалымдар  лексиконның  маңызды  қызмет  атқаратынын 
мойындауға  мəжбүр  болды.  Ғалым-зерттеуші  Е.С.Кубрякованың  айтуынша,  лексикон  сөз  бен  оған 
балама болатын бірліктер туралы мəлімет беріп, оларға қатысты сыртқы құрылымдарды қайта жаң-
ғырту  сияқты  күрделі  қызмет  атқаратын  жүйе  болып  табылады
2
.  Ал,  бұл  анықтамадан  мынадай 
сауалдар туады: 
А. Сөздер туралы білім дегеніміз не? 
Ə. Сөз лексиконның бөлшегі ретінде қандай қызмет атқарады? 
Б. Сөздер туралы білім мен энциклопедиялық білім арасында қандай байланыс бар? 
В. Ділдік лексикон қалай құрылған? 
Г. Лексикон бөлшектерін қалай қарастыруға болады? 
Осы сияқты мəселелер қазіргі таңда əрқилы тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Лексикон мəсе-
лесі  турасында  сөз  қозғағанда  лексема  мен  лемманың  ара  жігін  ажыратып  алған  жөн.  Алғашқысы 
тұлғаның тілдік қызметіне қатысты болса, екіншісі, керісінше, дерексіз ұғымға сүйенеді. 
М.Гарманның айтуы бойынша, лексикон екі компоненттен тұрады. Олар: сөздердің есте сақтал-
ған мағыналары мен сөздердің формалары
3
. Олардың арасындағы байланысы жайлы сөз қозғағанда, 
мына мəселелерді атап өтуге тура келеді: 
1. Жазу  мен  айтуда,  оқу  мен  естуде  сөз  формалары  нақты  қалыптасқан  түрде  есте  сақталып, 
олардың арасындағы айырмашылықтар жойылады. 
2. Сөз  мағыналары  ділдік  лексиконда  нақты  семантикалық  бөліктер  арқылы  көрсетіле  ме,  əлде 
олардың жалпы когнитивтік сипаттары ескеріле ме? 
Осы  мəселелерді  талқылай  келе,  М.Гарман  лексикондағы  сөздің  бір  ғана  бейтарап-модальдік 
формасының  басым  болатынын  көрсеткен.  Екінші  мəселе  бойынша  ғалым  лексиконның  сөзжасам 
формаларымен жүйелік  байланыста  болатын  мағына  компоненттерінен құрала  ма  немесе  лексикон-
ның бөлігі болып табылмайтын білімдердің жалпы негізіне тікелей əсер ететін сөз формаларынан құ-
рала  ма  дегенді  айтады.  М.Гарман  ұсынған  үлгіде  лексиконның  шегінен  тысқары  тұратын  мазмұн 
жүйесі  болады  да,  оның  құрамына  грамматикалық  білім  (грамматическое знание),  тілдік  семантика 
(языковая семантика), дүниетаным идиосинкретикалық ассоциациялар (мировоззренческие идиосин-
кретические  ассоциации)  еніп,  лексиконның  психолингвистикалық  анықтамасын  беруге  мүмкіндік 
береді. 

83 
Лексиконның  бірліктері  арасында  өздеріне  тəн  (интринсинк)  жəне  ассоциация  туғызатын  екі 
түрлі байланыс болады. Алғашқысы лексикалық бірліктің бойындағы төрт белгі (мағына, синтаксис, 
морфология, фонология) арқылы анықталады; екіншісі тілдік жүйені концептуалдық жүйемен байла-
ныстыратын  «аралық»  немесе  интерфейс  болуын  талап  етеді.  Мағына  бойынша  В.Левелт  сөз  бен 
оның суперординатасы арасындағы (ит жəне хайуан), координативтік мүшелер (ит жəне мысық) жə-
не  мағынасы  жақын  сөздер  арасындағы  байланыстарды  қарастырған.  Осындай  байланысқа  түскен 
бірліктер семантикалық өріс құрайды. В.Левелттің пікірінше, лексикон бірліктері арасында пайда бо-
латын байланыстар олардың мағыналарымен сəйкес келе бермейді де, сөйлеу барысында жиі қолда-
нылуларына байланысты анықталып отырады. 
Дж.Эйчесон (1996) лексиконның бірліктері арасындағы байланыстарды анықтау барысында бел-
гілі акценттердің қозғалысын байқауға болады дейді. Яғни, гипонимдер мен суперординаталар ара-
сындағы байланыстарға көп назар аударылған. Мысалы, қара (гипоним), суперордината (түс). Алайда 
лексикон үшін суперординатаның қатысуы міндетті емес. Ділдік лексиконда көп қолданылатын коги-
понимдер осы санатты білдіреді. Мысалы, қарындас — бауыр (когипоним), немесе бір əкенің, ата-
ның балалары (суперордината). 
Ділдік  лексикон  үшін  колокациялық  байланыстар  мен  когипонимдер  арасындағы  байланыстар 
маңызды болып табылады. Сөздер арасындағы байланыстарға арналған зерттеулер өзінің ана тілінде 
сөйлеушілер контекст пен тақырыптық топтардағы лексикалық бірліктерді есте сақтай алатындығын 
көрсетеді. Осыған орай сөздер бір-бірін көп жағдайда алмастыра береді деген пікірмен келісу қиын. 
Сөзді есту арқылы тану мəселесін талқылай келе, аталмыш мəселені сөзді танымдылыққа жата-
тын барлық құбылыстардан жасанды түрде алшақтатпай, оны зерттеуде жад пен санаттануда (катего-
ризация) орын алған бүтін жүйе тұрғысынан қарастыру қажет. 
Лексикон адамның өзін қоршаған орта мен оған тəн заңдылықтар жəне байланыстар туралы білі-
мінің жүйелілігін көрсете алады. Мұның бəрі сөз арқылы жүзеге асқандықтан, лексикон бірліктерінің 
негізіне таза тілдік өлшеммен енеді. Лексиконның жоғарғы қабатының түзілуінде мына принциптер 
байқалады: 
− сөз формалары мен байланысқа түсетін түрлі тілдік элементтердің тепе-тең болуын анықтау; 
− байланыстарды əртүрлі қашықтықтағы контекстерге ендіру; 
− қоршаған орта жайлы білімді бір тəртіпке келтіріп, оның нəтижелерін сақтап қалу. 
Ана тілінде қате жазылған сөздерді талдау барысында еркін сөз жасау эксперименті семантика-
лық алмастырулардың шектелуіне əкеліп соқты. Бір сөзді айтқан кезде экспериментке қатысушылар 
көбіне  сол  сөзге  ұқсас  сөз  немесе  мағынасы  қарама-қайшы  сөзді  жазып  отырды.  Эксперименттен 
кейін олар ұсынылған сөздер жазғандарымен сəйкес келеді деген ойда болды, алайда кейінірек жаз-
ғандары тек қана «алмастырулар» (подмены) екеніне көз жеткізді. Мысалы: қыран — бүркіт, ит — 
төбет, жас — жасөспірім, немесе əке — шеше, қону — ұшу. Осындай жұптардың көбі бір-біріне си-
ноним не антоним болып келе бермейді. Бұл жағдай «симиляр» жəне «оппозиттер» деген ұғымдар-
дың туындауына əкеліп соқты. 
Жалпы  қорытындылар  бойынша  жадтағы  сөзді  еске  түсіру,  оның  мағыналық  белгілер  қатары 
бойынша жүруі, яғни негізгі үрдістерді біріктіру (объединение) мен оларды қарама-қарсы қою маңыз-
дылығы, арта түсті. Осындай ассоциативтік эксперимент (ой тудырушы) салыстырмалы түрде орыс, 
қазақ, қырғыз, өзбек ұлт өкілдерімен жүргізілгені А.Залевскаяның еңбегінде кездеседі
4
. Қырғыз, по-
ляк, славян, ағылшын, неміс, француз тілдерінің ассоциативтік нормалары жарияланып, лексиконды 
ұйымдастыру принциптері жайлы біраз шешімдер қабылданып, сол кездегі маңызды теориялық мəсе-
лелер қарастырылды. 
Лексиканы өріс бойынша түзу (полевая организация лексики) мəселесі бойынша ассоциативтік 
өрістің барлық түрлерінің интеграциялануы анықталған. Мысалы, жылқы сөзінің ассоциативтік өрі-
сін құрайтын бөліктерді қарастырып көрейік. Сөз бас əріптермен жазылады — ЖЫЛҚЫ (стимул сөз). 
Сөз айналасында ассоциативтік өріс құрастырылады. Енді осы сөз бойынша ассоциаттар тудырып кө-
рейік: биеайғыр — өріс атауының гипонимдері, ат — синоним, мал сөзі — суперордината, ал қы-
мызкісінеужайлау сияқты ассоциаттар өріс ядросымен бірге ортақ компоненттерге ие мағыналар 
ретінде түсіндіріледі. Алайда бұл жүйеге айуанжануар сияқты ассоциаттар енбейді. Сонымен гипо-
нимдердің бағытталуының екі сатысы байқалады. Жылқы ұғымдық өріс атауына биеайғыр сөздері 
сəйкес келіп тұр, ал жылқысиыр сөздері бір ғана ұғымда сəйкес келе алады. Ол — мал деген ұғым. 
Сонда біріншісі суперординатаға қатысты симиляр, екіншісі «оппозиттер» болып табылады. 
Ассоциативтік өріс бірліктері арасындағы байланыстардың сипатымен жан-жақты талдау бары-
сында бір сөздің екінші сөзбен жапсарлануының əртүрлі деңгейлерінің бар екендігі туралы қорытын-

84 
дылар  шығаруға  болады.  Мысалы,  ПЫШАҚ  деген  сөзді  айтқанда  кейбір  тілдердің  түпкі  түбірінде 
(ағылшын, неміс, француз, поляк, славян) КЕСУ деген мағына жатқандағы айқындалған. Осы ассоци-
аттан барып етістіктердің мағыналары белгілі бір зат есімдермен байланысқа түседі: кесу — шаш алу 
(стричь волосы) — мата қию (кроить ткань) — сүндеттеу. Ал осылардың бірігуі жапсардың келесі 
сатысының өріс алуына жол ашады (шаштараз, тігінші). 
Ғылыми  зерттеулерде  көрсетілген  өрістер  мен  байланыстардың  барлық  түрлері  лексиконды 
ұйымдастыруда ерекше қызмет атқарады. Оның кез келген бірлігі осы параметрлердің көптеген бай-
ланыстарына түсе алады деп айтуға болады. Адамның жеке лексиконы қиыстырылған өрістердің күр-
делі  жүйесі  болып  табылады.  Яғни  лексиконның  барлық  бірліктерін  бір  тəртіпке  келтіру  «гетерар-
хия» құрамындағы əртүрлі иерархиялар арасындағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Осыдан шыға 
келе 90-жылдардағы  зерттеулер  теориясында  лексикон — тұтас  ақпараттық  тезаурусқа  қол  жеткізу 
құралы  ретінде  көрсетіледі.  Тезаурус  дегеніміз — адам  жадында  сақталған  энциклопедиялық  жəне 
тілдік білімнің толық көлемі. Тезаурустағы осы білім нормалар мен бағалар социумындағы эмоцио-
налды əсерлермен толықтырылып отырады. Жеке лексикондағы сөз психикалық процестердің көріні-
сі болып табылады да, сөйлеуші мен тыңдаушының ақпараттық тезаурусының шығуына жол ашады. 
Сөзді лексиконның бірлігі ретінде қарастыратын тұжырымды əрі қарай мынадай жолдармен да-
мытуға болады: сөздің лексиконның бірлігі ретінде қызмет етуі мен оның мəтінді түсінудегі көмегін 
анықтау, ішкі контекст пен оны дамыту ұғымын қалыптастыру, жеке білім ерекшелігінің жалпы білім 
теориясы  ретінде  кез  келген  мəселені  талқылау  үшін  негіз  болып  көрсетілуін  тұжырымдау,  екінші 
тілді меңгеру теориясы мəселелерін ұғыну болып келеді. 
Тілдік білімнің дүниетанымсыз «бос» болатыны сөздік түсіндірмелерде тұйықталу жағдайлары-
ның  кездесуінен  айқын  көрінеді.  Тілдік  жəне  энциклопедиялық  білімнің  əрдайым  қарым-қатынасы 
күдік тудыра алмайтын құбылыс екені мен оның қарама-қайшы келуі немесе кейбіреуінің басым бо-
луы қолданыс таппай жүр. Себебі, білімнің бұл түрлері өзара толықтырушы принцип (принцип взаи-
модополнительности) бойынша қызмет етеді. 
Лексиконның өзегі жайлы алғашқы рет «Ассоциативный тезаурус английского языка» атты ең-
бекте сөз етіледі. Əмбебап үрдістермен идиоэтникалық ерекшеліктердің көрінуін қамтамасыз ететін 
тіларалық  салғастыруларды  зерттеу  барысында  жеке  лексиконның  өзегіне  ерекше  көңіл  аударған 
жөн. Себебі осы тіларалық салғастырулар адамның қазынасы болып табылатын лексикон туралы тұ-
жырымдамалардың талаптарына сай келетін «координаттар жүйесіне» толық жауап беруге тиіс. 
Жеке лексикон мəселесі қазіргі уақытта ең маңызды жəне даулы мəселелердің бірі болып табы-
луда жəне де бүгінгі таңда көптеген ғалымдар оның ерекшелігіне аса зор назар аударып жүр. Нақты 
мақсаттарға арналып əзірленген болжамдар лексиконға анықтама беруге көп жағдайда мүмкіндік ту-
ғыза бермейді. Сондықтан ділдік лексикон жайлы басқа да нақты тұжырымдамаларды сараптай келе, 
оған жан-жақты анықтама беру бүгінгі күннің өте-мөте күрделі мəселесі болып табылып отыр. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Хомский Н. Аспекты теории синтаксиса. — М., 1972. — С. 137. 
2.  Кубрякова Е.С. Краткий словарь когнитивных терминов. — М., 1996. — С. 97–99. 
3.  Гарман М. Психолингвистика. — Кембридж, 1990. — С. 30. 
4.  Залевская А.А. Введение в психолингвистику. — М., 2000. — С. 16. 
 
 
 
 

85 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет