ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ ЖƏНЕ ФОЛЬКЛОРТАНУ
КАЗАХСКАЯ ЛИТЕРАТУРА И ФОЛЬКЛОРИСТИКА
ƏОЖ 82–43:811.512.122.
С.Б.Жұмағұлов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ КӨСЕМСӨЗДЕРІ
В статье рассматривается публицистика поэта и общественного деятеля начала ХХ века
Гумара Караша. Анализируется проблематика статей, отражающих разные стороны жизни
казахского общества.
The publicity of Gumar Karash — a poet and public figure of the beginning of the XX
th
century is
considered in the article. The problematic of the articles reflecting various sides of Kazakh society is
analyzed.
Ғ.Қараштың ұлт мүддесін көздеген жəне рухани кемелдену арқылы ояну мұратын діттеген сая-
си-əлеуметтік көзқарасын тануда қазақ, татар тілдерінде жарық көрген газет-журналдарда жариялан-
ған мақалаларының алар орыны ерекше болып табылады. Татардың «Тəржіман», «Шора», «Фикер»,
«Уақыт» жəне қазақтың «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан», «Дұрыстық жолы», «Абай» газет-журналда-
рында өз дəуірінің ең өзекті де ділгір мəселелерін көтерген мақалаларында Ғұмар əлеуметтік өмір
мен қоғамдық дамудың сан алуан тақырыптарын қамтиды. Мəселен, «Əсер» атты түрік тілінде жазы-
лып (қазақшаға ауд. М.Шафиғов), «Тіл жарысы» (Орынбор, 1911) жинағында берілген мақаласы ана
тілінің тазалығы, тілді шетел сөздерімен орынсыз шұбарламау мəселесіне байланысты «Тəржіман»
газетінде жарияланған Қазанлы Ғияс əпендінің пікірін қолдап жазылған. «Біздің ойымызша, ана тілі-
міз алға бассын десек, ең жақсысы атақты басшы Риза, Фатих, Мұса əпенділер сияқты жазушылары-
мыз өз сөздеріне бір де шетел сөзін кірістірмей сөйлеуге əдеттенсін. Шешендік сөздерді шетел сөзде-
рімен шұбарламасын. Өйтпейінше, халыққа біз сөзімізді жеңіл түсіндірдік деп айта алмаймыз»
1
, —
дейді Ғұмар Қараш. Ал, «Шора» журналында жарияланған мақалаларына мұсылман дінінің рухани
өрлеудегі маңызы, имандылық пен ар-ождан тазалығы арқау болған.
«Ар-ождан — сенімнің өлшемі» мақаласында (түрікшеден ауд. М.Шафиғов): «Адамзат баласы
бойындағы ең қажетті сезім — ар-ожданы. Ар-ожданның негізгі мақсаты — ақтық пен нақақты анық
айыру, бір нəрсені өтірік мақтамау, не оны жалған жамандамау...
Демек, əрбір жағдайда да ар-ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары бол-
мақ»
1
, — деп ар-ождан қасиетін биік қояды. Ақынның мұндағы ой-толғамы Хазрет пайғамбар ғалай-
һыссаламның ар, ұятқа байланысты бұйырған Хадистеріндегі адамгершілік қағидаларымен ұштасып
жатыр деуге болады. Халифа Алтай атап өткеніндей, «Ислам дінінде де əдептіліктің, ұяттылықтың
елеулі орны бар. Сондықтан мұсылман адамдардың ар, ұятқа ие болуы шарт. «Ұят тұрған жерде иман
тұрады» деген мақал текке айтылмаған. Ар, ұят тұрған жерде əдеп те тұрады. Адамнан ұят кетсе, ар-
сыз болады. Арсыз адам əр нəрсеге ұрынады. Көрінгенге тіл тигізеді, ұятсыз адам өзінде ар-ұят бол-
мағандықтан, басқаның намысын қорлаудан тартынбайды. Оның үшін хазрет пайғамбарымыз ғалай-
һыссалам ұятқа байланысты көптеген Хадис бұйырған»
2
.
Ғұмар «Дін Исламның жақсылықтары жайлы Яхут пайғамбарларының көзқарастары» мақала-
сында (татаршадан ауд. М.Шафиғов): «Шариғат пен дінге байланысты көптеген еңбектерде ислам ді-
нінің негізі Құран Кəрим мен Хадис екендігі аян. Ислам дінінің бұл негіздері ғылым ретінде мойын-
далған. Шындығында, ислам діні бұл дүние туралы да, ол дүние туралы да жинақтап, басын қосқан
дін. Осылай деп түсінгеніміз дұрыс. Сол себептен ислам дінінің тек ахирет үшін ғана емес, бұл дүние
үшін де маңызы бар»
1
деген келелі толғанысымен діннің қоғамдық ілгерлеудегі мəнін ұғындырады.
94
Мұның өзі дін мен ғылымды қатар ұстау барысында кемел адам, кемел қоғам орнатуды көздеген
ақынның ел мұратымен астасып жатқан жəдитшілдік, милəтшілік ұстанымын көрсетеді. Ғалым Тұр-
сын Жұртбайдың «Исламият пен түркі тарихындағы жəдидшілердің заман сахнасына шығуы кездей-
соқ құбылыс емес. Дін тарихы — таным тарихы. Ал танымда тоқырау болмауға тиісті. Ол да адамзат-
тың даму сатысымен қоса жаңа баспалдаққа көтеріліп, қоғамның ішкі заңдылығына байланысты ба-
ғыт-бағдарын анықтап, уағызын соған орай жүргізуі парыз»
3
деген пікірі түркі əлеміндегі осындай ке-
мел істе Ғұмар Қараштың да биік тұғыры бар деуге негіз болады.
«Шора» журналында Ғұмардың сонымен қатар «Əйелдер хақында» (түрікшеден ауд. М.Шафи-
ғов), «Қазақтар хақында» (түрікшеден ауд. М.Шафиғов) мақалалары да жарияланған. Мысалы,
«Əйелдер хақында» мақаласында Ресей мұсылмандары əйелдерінің неке мəселесі қарастырылады.
Ақын ерлі-зайыптыларды сыйластыққа, жарасымды отбасы болуға шақырады. Өз пікірін Құран Кə-
римдегі Рум сүресі негізінде таратып, «Құран Кəримнің Рум сүресінде үй-іші, семья туралы анық ай-
тылған. Онда: «Некелі семья кішігірім қоғам, ондағы ер, əйел, бала-шаға, үй-іші мүшелерінің қалып-
тасқан əдет-дəстүрі болады. Бəрі де соған бағынады» делінеді. Бахара, ниса сүрелерінде семья, неке
хақында толық айтылған.
Қазіргі уақытта ауқатты адамдар көп əйел алады. Егдерген шағында халі келмей, бір-бірін басқа-
ра алмайды. Сөйтіп, бала-шаға иесіз қалады. Құранда рухани һəм материалдық жағынан мүмкіндігі
болғанда ғана көп əйел алуға болады дейді. Əйтпесе, бала-шаға мен əйелдердің обалына қалады.
Семья ер адамға бағынуы керек. Ал, ер адам — семья басы үй-ішін асырап, желдіруге, рухани, мате-
риалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті»
1
, — деп отбасының береке-бірлігіне жəне көп əйел алу
мəселесіне қатысты парасат пайымына жетелейтін ой білдіреді.
«Өтініш» («Неке туралы») мақаласында (түрікше, татаршадан ауд. М.Шафиғов) əйелдердің отба-
сы мен қоғамдағы орынын, əлеуметтік теңдігін өткір көтеріп, «шын мəнінде əйелдер құқын қорғай-
тын əділ қазылар жоқ. Сол себептен он — он бес, тіпті жиырма жыл бірге тұрған жұбайлардың айры-
лысуы осы жайлардың жолға қойылмауынан. Сол үшін осындай адамдардың көз жасын ескеретін
əділ шара керек. Міне, осы мəселе төңірегінде баспа бетінде сөз қозғау қажет деп білімін»
1
, — деп
адамгершілік ізгі қасиеттерге шақырады, əйел құқын қорғауды заң негізінде шешу туралы жаңашыл
ұсыныс жасайды.
«Қазақтар хақында» (түрікшеден ауд. М.Шафиғов) мақаласында «Қазақтар құрып кете ме?» де-
ген мəселеге орай түрлі пікір қайшылығына байланысты туындаған жайтке өз көзқарасын білдіреді.
Аталған мəселеге қатысты таразы басын тең ұстап ой білдіруді орынды ескертеді. «Бір ұлттың тағды-
ры жөнінде əңгіме болғанда, сол ұлттың рухани əдет-ғұрыптары жағын да қамти жазу керек. Сонан
кейін барып сол ұлт туралы байыптау айтса болар (мəселен, қазақ туралы Ғабдул-ғазиз Мұса, Міржа-
қып Дулатовтар сияқты).
Егер бір ұлтты оның тілі мен əдебиетімен бірге жерге көміп, оның аруағына Ясин Шарифті оқи-
тын болса, «сау бол, ұлт», «сау бол, тіл», «сау бол, əдебиет» дейсің де кете бересің. Меніңше, «Қазақ-
тар құрып кете ме, жойыла ма?» деген мағынасыз сұрақты қоюшылар осыны көксеп отыр. Олар зар-
лаудан басқаны білмейді. Бұл сұрақтың мақсаты қазақтар жоғалады деу арқылы оның басқа өміршең-
дік жағына көз жібере алмайды, мəн бере алмайды»
1
деп ұлт тағдырына, оның болашағына деген ни-
гилистік біржақты көзқарасты терістейді. Отаршылдық қысымдағы қазақ тағдырына «Тəржіман» га-
зетінде жанашырлық пікір айтқан Гаспринскийдің «Қазақтар бүгіннен бастап тез арада ағару, мəде-
ниет жолына кіруге асықпаса, көшпелі бəдəуилікті тастап, отырықшылыққа айналмаса, құнарлы жер-
лерінен айрылады. Сөйтіп, олардың болашақта құрып кету қауіпі бар» деген байыптауын Ғұмар қос-
тай бермейді. Оған «бұл сөздің де шын мəні ұлтқа үрей туғызу. Ал, шын мəнінде дүниеде қазақтан да
төмен ұлттар бар, олар өмір сүріп жатыр, олардың құрып кету қауіпі жоқ»
1
деген сыншылдық көзқа-
расын білдіргенде қалам қайраткерлерін құр сөзбен ғана емес, нақты іспен ұлтты құрдымнан алып
шығар жұмысқа көшуі қажеттігін ескертеді. Жəне де сол тұста қазақ мектептеріндегі білім беру мен
оқытуды ана тілінде, əлде татар тілінде жүргіземіз бе деген даулы мəселеге қатысты да өзінің прин-
ципті ұстанымын білдіреді. Біріншіден, бұл іспен ұлт тілі мамандары шындап айналысқаны жөн десе,
екіншіден, бастауыш білімді əр ұлт өзінің ана тілінде алуы керек деп түйеді.
«Айқап» журналындағы мақалалары, соның ішінде «Тіл — əдебиет» (1912) мақаласы, Ғұмардың
миллəтшілдік ұстанымын танытумен қатар, ұлттың ұлт болып қалуы үшін ана тілінің, əдебиетінің ма-
ңызын терең талдауымен жəне осы істерде атқарылар, қолға алынуы тиісті мəселелерді нақты қарас-
тыруымен құнды.
ХХ ғасыр басындағы ұлт руханиятында тіл мəселесі өткір қойылып, қандай да болмасын халық-
тың жасампаздығының басты өлшемі деп қаралды. Қазақ зиялылары отарланған елінің ертеңгі тағды-
95
рын азаттық-бостандық ұғымдарымен байланыстырғанда тіл мен əдебиеттің ұлттық болмысты сақ-
таудағы жəне өзгелермен теңелудегі маңызын айрықша сезінді. Сондықтан да осы мəселеде ұлт зия-
лылары қатарында алғаш қоғамдық пікірді оятып, əлеумет санасына тіл құдіретінің маңызын сіңіруде
Ғұмар ерекше ыждахат танытты.
«Бір кеуде — пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан — рух керек. Бір халық, бір
елдің де дүниеде бір миллəт, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, əдебиет керек. Жансыз кеу-
де дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, əдебиеті болмаған миллəттің де
тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым əдебиеті болмаған миллəттер де дүниеде
жасай алмас»
4
деп ұлт пен ұлттық рух жасампаздығын тілді сақтау тұрғысынан түсіндіреді. Ал, өзінің
ана тілін ұмытып, өзге тілге құл болған елдің болашағы қараң жəне де басқа халыққа сіңісіп ұлттық
сипатынан айырылатынын, тіптен жоқ болып кететінін тереңнен зерделейді.
Əсіресе, ұлттық тəлім-тəрбиеде жас ұрпақты ана тілін ардақтауға, өз тілінің қасиетін бойына сі-
ңіріп өсуге жəне тіл басты қасиет болып табылатынын ата-ананың қашан да ескеруіне ой салады. «Ба-
лаларына жастан өз тілін жақсы үйретпеген, олардың көңілдеріне құры өгей ана сияқты тəрбие еткен
миллəт те келешекте балаларынан өзінің қылған жақсылығы, берген тəрбиесі дəрежесінде ғана хақы
алар, жақсылықты көрер. Балалары да оған өгей анаға қараған көзбен қарар. Миллəт пен балалары
арасындағы бұл алакөздік, шафеғатсыздық миллəттің... ақырында бітуіне себеп болар» деп ұғынды-
рады. Бұл ретте жəдитшілдіктің негізін қалаған татар халқының перзенті Маржанидің «Өзінің дінін,
тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса, ол жақсы. Оны білмей орысша оқыса, онан қайыр күту қи-
ын»
3
деген ұлттық санаға қозғау салар пікірімен үндес өрілген Ғұмар мақсаты да туған халқын сон-
дай қасіреттен сақтандыру болып табылады.
Ақын отаршыл елдер саясатының басты мақсаттарының бірі — өзіне бодан халықты тілінен,
əдебиетінен айыру екенін «...Бұл заманда бір миллəт өзінен күшсіз болған екінші миллəттің миллəтті-
гін тіліне, оған кетік жасайын десе ең алдымен ол бейшара миллəттің тіліне, əдебиетіне балта шаба-
ды» деген толғанысымен түсіндіріп, тіл мен əдебиетті сақтау жолында рухы мықты ұлт «тіл уа əде-
биетін жоғалтпас үшін жанын да пида етер» деп зерделеді.
Тіл — əдебиет — ғаламдағы барлық ғылым — білімнің, дін мен мəдениеттің асыл қазынасы,
адамзат дамуының тетігі екенін саралай келіп, қазақ халқының да ана тілін, əдебиетін сақтауы барша-
ның борышы жəне міндеті деп түйеді.
Ғұмар түркі тілдес елдердің ішіндегі қазақ тілінің ерекшелігін «ескі һəм сөздікке бай, ескі бол-
ғандығы үшін де бек саф, нағыз тіл екендігі жұртқа мағлұм» дей келе, ендігі кезекте əдеби тілімізді
дамыту мəселесіне қатысты «əдеби жағынан қарағанда тіліміздің олардың тілдерінен артта екендігін-
де іңкəр айтып болмайды» деген сындарлы пікір айтады.
Ақын «Айқап» журналындағы мақалаларында («Ахмет Жанталинге жауап» «Əрине, күнелту ту-
расында») құнарлы жерге ие болып қалу үшін отырықшы болу, қала салып мəдениет көшіне ілігу си-
яқты ілгершіл бағытты қолдады. Мысалы, «Ахмет Жанталинге жауап» мақаласында: «... Көшпелі ха-
лінде жүріп қазақ жұрты ешбір уақытта, өнерлі, білімді ел болмайды, білімсіз ел теңдік таппайды. Өз
халқын өзі сақтай алмайды — оған итте жау, құста жау, оның еншісіне душар өзара бөлінгендік, бəсе-
ке, аралас отырған білімді жұртқа құл болу — жұтылу, ақыры діні, күнінен бірдей айырылып, сымпи-
ып, құру, жоқ болудан басқа нəрсе тимейді» деп өз мақсатын айқын жеткізіп, ұлт ретінде жойылып
кетпеуден сақтандырды.
ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларына халық алдында өтелмеген парызын ерекше сезіну, жұрт
жұмысын жұмыла атқару жəне елдік үшін жан-тəнімен қызмет ету қасиеттері тəн. Осы жағынан ал-
ғанда қазақ баспасөзі тарихында айрықша із қалдырған «Қазақстан» (1911–1913) газетін шығару ісін-
де Ғұмар Қараш Ш.Бөкеев, Б.Қаратаев, Е.Бұйрин, Ғ.Мұсағалиев, А.Мəметов сынды ұлт зиялылары
қатарында қажырлы қызмет атқарды. Онда көтерілген мəдени, саяси мəселелер қазақтың іргелі ел бо-
луын көздеді. Бұл ретте Ғұмардың «Газет деген не зат», «Тіршілік таласы», «Бұ қай заман?», «Халық-
қа тағы бір мəслихат», «Əркім өз жүрісінен құл болады», «Бұлай мəслихат», «Қалай орналасу керек»,
«Халықты ояту үшін не керек?», «Жастарға», «Тəнсіз жан жоқ» мақалалары «Қазақстан» басылым-
ның басты бағытын айқындайды.
Ақын басылымның алғашқы санында берілген «Газет деген не зат» мақаласында «Бізді бір ниет,
бір тілекке жиятұғын зат газит, со себепті газит біздің басшымыз, газит біздің дəрістер алдында көр-
геніміз. Дұспандарға қарсы құралымыз. Газит біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз. Газит біз-
дің қараңғыда жарық беріп, тұру жолға салатын шам шырағымыз! Біздің қазақ балаларына бұның қа-
дірін біліп, ортамызда жанған бір шамның сөнбеуіне тілекші болу, аз ақшаны аямай жазылып, алып
96
оқу парыз»
5
, — деп жазды. Сол арқылы газеттің мирас етіп ұстанар шамшырақ екенін байыптап,
əлеумет парызын да екшеді.
«Тіршілік таласы» мақаласында толассыз тіршілік ағысындағы қазақтың бейқамдығына тоқтала
отырып, Ғұмар замана ағымына сай өзгеру қажеттігін, қамсыз елдің ендігі күні қараң, болашағы бұл-
дыр екенін ескертеді. Жер бетіндегі барша тіршілік иелерінің бірін-бірі жеп, бірін-бірі талаған арсыз
тіршілігіне үңіле келе, қазақтың сондай мүшкіл халіне əлеумет көзін жеткізуді мақсат етеді.
«Тіршілік таласы деген сөз сондай бір талас, жеңілгенге рахым ету жоқ: жеңілгеннің күні қараң.
Адам балаларының арасындағы тіршілік таласы мен хайуандар арасындағы таластың қаттылық, ра-
қымсыздық жағынан айырмалары жоқ. Бір айырмасы сол: хайуандар тіс-тырнағын жұмсағанда, адам
балалары бір-біріне көбірек ақыл қаруын жұмсайды»
1
, — деп адам баласының ақыл-ойы ендігі кезде
ізгілікке емес, қайырымсыздыққа бет алуынан үрейленген ақын қазақ тіршілігінің мақсаты — надан-
дықтан арылу жəне ағару арқылы теңелу деген ұран көтереді.
«Ғылым, өнер иесі адамдар, яки халықтар тіршілік таласында үстем болып, надан, өнерсіз қал-
ғандар əртүрлі кемшілікте ғұмыр кешірумен жарлылық, су құйылмаған теректей болып қурап, ақы-
рында дүние жүзінде өзі түгіл атағы да қалмайды»
1
деген толғанысында да қайраткердің халық қа-
мын жеген кемел ойлары жатыр. Бұл жерде Ғұмар халықтың жерінен айырылуы, кедейленуі, азып-
тозуы сияқты əлеуметтік өмірдің шындығын жан-жақты талдай келе, мұның бəрі надандықтан туын-
дап отырған қасірет дейді. Сол себепті ақын қоғам індетіне ем іздегенде бұрынғы құрдымға кетірер
керітартпа өмір үрдісінен арылып, ояну қажеттігін «егер ұйқымыздан бас көтермей бұрынғыша жата
берсек, шексіз тез заманнан дүниежүзінен көшпекпіз. Сол себепті, дүниежүзінде қалғымыз келсе,
адам баласын ғəйри жан иесінен бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден
ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап ету тиіс»
1
деп тұжырымдайды.
Қандастарының санадағы томаға тұйықтықтан, жалқаулықтың өз жерінде қорлық өмір, құлдық
күй кешіп отырғанын «Ата-бабадан келе жатқан жалқаулықты тастап, тəуекел ердің жолдасы деп ғы-
лым, өнердің жолына түсіп, бүтін жұрт үлес алып жатқан дүниеден бізге де үлесімізден алу керек.
Ұйқымызды ашпай, қарап жатқаннан тапқан жүлдеміз көз алдымызда: Еділ барсақ та, Жайық барсақ
та жер үйде күтір бағып отырған қазақ баласын көресің, қазақ ішінде мұндай қорлықта жүрген шет
жұртты көрмейсің. Жоғарыда айтылған тіршілік таласының ғылым-өнерден құр қалғандарға көрсете-
тұғыны осы»
1
деп нақты өмір шындығын күйіне жазады. Мұндай мүсəпір күйден, мүшкіл халден
арылу үшін, біріншіден, жастарға өзге озған елдің балаларынан кем болмастай ғылым-өнер үйрету
қажет, екіншіден, адасқан халыққа дұрыс бағыт-бағдар берер басшылардың өзі үлгі-өнеге болатын-
дай адами кейіпте болулары шарт. Тек сонда ғана қайранға кеткен елдің тұрмысы дұрысталып, даму
бағыты нақты болмақ.
Озық ойлы терең білімін ел игілігіне жаратуды ғана мұраты деп білген Ғұмар халықтың іргелі ел
болуына қажетті алғы шарттарды қай мақаласында болмасын өзекті тақырып етіп алды. «Бұ қай за-
ман?» атты мақаласында да ғылым-білімнің маңызы басты тақырып желісін құрайды. «Жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі өнер біл» деп білген Алаш перзенттеріне əлемнің озық білімімен қаруланып, тір-
шілік таласында шамаң келгенше халқыңа пайда келтір дейді. Осы жолдағы керітартпалықты, діни
танымдағы таяздықты орынды ескертеді. Қағидаға айналған қасаң қателіктерден шындап арыл-
майынша күнің қараң, тағдырың бұлдыр деп түйеді. Бұған «Бізде тағы да бір қате пікір бар: орысша
деп ғылымды жек көреді. Бұл да қате болсын. Неге десеңіз? — Ғылымды орыстікі, мұсылмандікі деп
айыруға жол-ақ тек дін ғылымын оқығанда ғана. Əмме оқу, яғни: қисап, жағырапия, хакимият (пра-
во), эндаса (инженерлік), тауарих (тарих), тэбиб (дəрігерлік), хемия (химия), зирағат (ауыл шаруашы-
лығы), тижарат (сауда) секілді пəндерде еш те орыстық, мұсылмандық, яки баян етілген қағидалар-
дың мағынасын біліп, қолданып, адам балаларына түрлі жақтан пайда келтіру болады» деген пікірін
мысалға келтіруге болады.
Адамзат игілігіне өз жұртының да ортақ болуын «Бұларды ғарабша оқып біл, фарсыша оқып біл,
түрікше оқып біл, ия болмаса французша, немісше, орысша оқып біл — бəрібір тек мағынасын жақсы
біл де халыққа пайда келтір» деп нақты бағдар жолына нұсқайды, келелі кеңес береді.
«Халықты ояту үшін не керек?» деп өзекті тақырыптарымен тығырықтан шығар жол нұсқаған
Ғұмар «Қазақ» газетінің де қолдаушысы жəне мұраттасы болды. Осы газеттің жарық көруінің Алаш
жұрты үшін маңызын «Сүйінші» өлеңімен əдіптеген ақын ел өмірінің саяси-əлеуметтік мəселелеріне
Алаш зиялы қауымы қатарында үнемі ат салысып отырды. Соның ішінде жер, муфтилік, дін, оқу мə-
селесіне арналған мақалаларымен қазақ жоғын түгендеуде халық санасына қозғау салды.
«Заң мəселесі» (Шарғи мəселе) мақаласында орыс тілінде оқитын оқушыларға қаражат қалай
жиналатыны баяндалып, Хамидолла Наубетовтың осы мəселеге байланысты білдірген түсінбеушілі-
97
гін тарата жазып, шариғат заңын бұрмаламай, құрбандық шалуға орынсыз шығынданбай ұлт игілі жə-
не ел ертеңі иманды жастарды оқытуға қаржылай көмектен аянбау керектігін ислам діні құндылықта-
ры негізінде дəлелдейді. «... Аллаға шалынған малдың еті, қаны жетпейді, бəлки ақ ниет, адал жүрек
жетеді, яғни малды шалып қанын ағызу яки табақтан етін тарту мақсұд емес, бəлки адам малын-мүл-
кін қиын жақсы күндерде алла жолына шығаруы мақсұд деген. Бірдің емес, көптің, жалпы жұрттың,
ұлттың пайдасына жараған орынды. Алланың өзі һеш нəрсеге мұқтаж емес. Енді осы заман халін, ұл-
тымыздың жайын ойлап қарасақ, əлгі аяттың көрсеткен жолымен жүрсек, сол құрметті ізгі үш күнде
нендей орын тиісті, ұлтымызға пайдалы болып, сол орнымызға малымызды сарф ету жарайды, нағыз
сауапты құрбан болып мойнымыздан түседі»
1
. Мұсылман дінінің имандылық пен ғылым — білім иге-
рудегі пəрменді күшін «Осы күнде пайғамбарымыз тіріліп, қайтадан арамызға келіп халымызды көр-
се, ең əуелі бастап өз құрбандығын сатып біздің ғылымды — өнерлі болуымыз, басқа елдерге қатар-
ласуымыз жолына жұмсар еді. Ғалымдар пайғамбарлардың жолын қуушылар деген сөз бар. Тек айт,
жұмада мінбеге шығып тыңдаушылар түсінбейтін бір тілменен хат бе оқудан пайғамбарға ілтипат та-
былмайды. Бəлки, осындай орындарды халыққа түсіндіріп ілгері басуына себепші болу — əне сол
пайғамбарға қарыздық болады»
1
деп ұғындырады. Қайырымдылық қоғамдар ашып солар арқылы зе-
кет, құрбандықтарымыздың қаржысына мектеп-медресе ашу, мұқтаж шəкірттерді оқыту, білікті мұға-
лімдер алдыру, пайдалы кітаптар бастырып тарату бірінші парыз екенін терең екшейді. Мұндай тың
пікір сол тұстағы оянған ұлттық сананың Ғұмар дүниетанымында қаншалықты биікке көтерілгенін
жаңа бір қырынан айғақтайды деуге болады.
«Варшавада қазақ студенттер» мақаласында Польшада білім алып жүрген қазақ жастары туралы
оқырмандарды хабардар етеді. Автор Семей облысынан Əшірбек Шалымбеков, Əбілмəжін Күшіков,
Жетісу облысынан Қырғызи Сұлтанов өз күштерімен білім алып жүргені, ал Торғай облысынан Ах-
мет Тұнғаншин стипендия алатынын айтқанда елден жырақта жүрген қыр перзенттерінің білім алуда-
ғы игілікті қадамдарының өзгелерге өнегелі де ғибратты болар жағын ескергенін байқаймыз.
Газетте басылған «Екі бауырға» (1916) өлеңінде татар мен қазақтың достық қарым-қатынасын
жырлаған ақын туысқан халықтардың арасында түсінбестіктен туындаған келеңсіздіктен арылып, қай
істе болмасын ортақ мақсатта бірлікте болуын көздейді.
Ата айтқан жаттық емес «қазақ, татар»,
Баласы бар ананың өскен қатар.
Біріксе жөней бара айқын жолда,
Жарық таң алдарынан жайнап атар.
Бір жүріп, қол ұстасып, сапар шексе,
Бауырлас жақындықтың дəмін татар.
Жақынды жаттай көріп шетке қақса,
«Үйімді» тілек еткен жанға батар
1
.
Мұнда гуманист Ғұмардың мұрат-мақсаты бір бауырлас елдерді татулық пен тұтастыққа шақыр-
ған парасат пайымы, азаматтық келбеті танылады.
1914 ж. осы газетте басқарма атынан берілген «Оренбург, 9 январь» атты мақаладағы: «Қазақ»
газетасы көздеген мақсұдына жету үшін шыққаннан бері күш-қуатын жұмсады һəм жұмсамақшы. Бір
жылдың ішінде «Қазақта» қаламымен қызмет еткен һəм мұнан былай да пайдалы қызметтері үміт еті-
ліп алашқа аты білінген білімді азаматтар: Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дула-
тов, доктор Əбубəкір Алдияров, доктор Арғынғазы Поштаев, доктор Халел Досмұхаметов, доктор
Дулатша Күсебғалиев, доктор Бенкевич, присяжный поверенный Райымжан Мəрсеков, инженер Мұ-
хамеджан Тынышбаев, қазақшыл Хасанғали, студент Есенғали Қасаболатов, шежіре Шəкəрім Құдай-
бердин, Ғабдулғазиз Мосы, Ғұмар Қарашев, Жұмағали Тілеулин, һəм басқалар»
6
деген ілтипат өсер
ел азаматтарының ортақ істегі жұмыла атқарған береке-бірлігін де көрсетеді.
Ғұмар Қараш ұлт баспасөзінің қоғамдық қозғаушы күш ретіндегі əлеуметтік маңызын ерекше
бағалай отырып, оның қандай да болмасын түйінді мəселелеріне қатысты сергек үн қатып отырды.
Ұлт игілігі үшін атқарылар маңызды істердің ұраншысы, ұйытқысы болуды азаматтық парызы деп
білді. Мысалы, 1919 ж. Ордада жарық көрген қазақтың тұңғыш ғылыми-педагогикалық «Мұғалім»
журналын шығарушылар алқасын басқарды. Ал, осы жылы «Дұрыстық жолы» газетінің жандануына
үлес қосты, өзекті тақырыптарды қамтыған «Екеуі екі басқа», «Ұлт һəм туған тіл» атты мақалалары-
мен көрінді.
98
«Екеуі екі басқа» мақаласы Ғұмардың саяси-əлеуметтік тақырыптағы ой өрісінің кеңдігін, аза-
маттық болмыс-бітімінің ел мүддесімен қашанда тоғысып жатқанын əрі өз ұстанымынан танбаған
көзқарасын танытады.
Ақын төңкерістен кейінгі аласапыран кезең қайшылығына көз жүгіртіп, саяси билік жолындағы
түрлі топтар арасындағы қанды текетірестерде адасқан қазақтың əлеуметтік өмір шындығын қарасты-
рады. Қарапайым халыққа төңкеріс мақсатын, одан өрістеген қым қиғаш талас-тартыстарды түсінді-
руді мақсат етеді. Əсіресе, қазақ даласына ылаңын салған талай бассыздықтың, жүгенсіздіктің тамы-
рын дөп баса көрсетеді.
«Ақ малтасын езіп ішіп, алаңсыз отырған біздің қазақ жұртын революция тасқыны келіп, басқа
еш нəрсеге əзірленбеген, қартаң тарихтың қалай аяқ салатынын болжамаған сорлы қалай етерін, қай-
да кетерін білмей сасқалақтап қалулы. Саяси топтардың күресі граждан соғысына айналғанда, көбі
қосақ арасында бос кетіп, құр далаға құрбан болулы.
Ескі патшалық режимнен бізге жиіркеніш мирас болып қалған бұзықтар, белгілі кейіпсіз пысық-
тар атқа мініп қалған əдеттері бойынша: «Құдай жаңа берді, шалу жоқ, қағу жоқ, момынның не бəрі
менікі!» деген бағытқа түсулі»
1
деген толғанысының астары мол. Сол арқылы имансыз саясаттан зар-
дап шеккен елдің ендігі тығырықтан шығар жолын теңдік жəне бостандық ұранын көтерген больше-
виктермен байланыстырады. Олардың ұлттық жəне əлеуметтік теңдік орнатудағы бағытына сенім ар-
тады.
«Қызыл ту ерлер қолға алған жолы» (1919) өлеңі де ақынның халқының теңдікке жетудегі үміті-
не, сеніміне құралған.
Қызыл ту ерлер қолға алған жолы.
Соныдан жарып тіке салған жолы,
Жер бітіп, су аққалы адам ұлы,
Жете алмай қарап көзі талған жолы.
Төр-талқан, есік қирап мұның үшін,
Қымбатты құрбан талай шалған жолы.
Екі иіні көкке жетіп қалған жолы.
Желпініп бейнетқорлар ерік алып,
Шам-шырақ бастарына жанған жолы.
Басында біздің қазақ үрписе де,
Осы күн анығына қанған жолы.
«Қызыл ту ерлер қолға алған жолы»
Алайда жаңа билікке сенім артқан гуманист ақын үміті ақталмады. Кеңестер ұстанған саясат
«Жұртым саған не болды?», «Неден қорқам?» (1918) өлеңдерінде жырланғандай болып шықты. Қо-
ғам қайраткері С.Садуақасов терең білгірлікпен анықтағандай, кеңестік тоталитарлық жүйе «қызыл
колонизаторлықпен» саяси зобалаң толқындарын жүргізу арқылы орыстандыру жəне ұлтсыздандыру
саясатын асқан қаталдықпен жүзеге асырды.
«Ұлт һəм туған тіл» (патшалық һəм бостандық заманында) (1919) мақаласында патшалық Ресей
империясының өзіне бағынышты елдерге байланысты ұстанған ұлт саясатындағы орыстандыруға қа-
тысты жүргізген содырлығын «Ол һəрдайымда ұлттарды бір-біріне айдап алып, өшіктіріп, араларын-
да қанды соғыстар ашып, əлсізін күштісіне талатумен болды. Бұл ұлттардың мекенін аударып аяғы-
нан тоздырып жібереді, ескі үкіметтің мұнан басқа да шет ұлттардың білім, өнерін сендіріп, өздеріне
қас болған ғұрпы-ғадеттерін қалдырып, діндерін жойып, бүтіндей орысқа айналдыру сықылды ең на-
шар ғамалдары да болды»
1
деп ашық айыптады. Осындай талай қиянатты басынан өткерген халық-
тардың жер бетінен із-түссіз жойылып кеткенінен дəлелдей айтқанда əр ұлттың өзінің басты байлығы
ана тілін сақтауы қажет деген мəңгілік мəселені өткір көтерді. Сондықтан да тек ана тілін дамыту ар-
қылы ғана білім-өнерді шынайы игеру, əдебиетті өркендету жемісті болатынын «Жалпы өнер-білім-
нің ішіне ана тілі болуы да кіреді һəм мұның, керісінше, ана тілі болудан ұлттың білім-өнері табыла-
ды. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім-өнерді таратуға мүмкін емес.
Ең əуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін
білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың.Ұлт білімі болмаса, онда əдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ
белгілі. Əдебиеті жоқ ұлттың білімі де, өнері де өршімейді.
Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да
сонша сақтаған боламыз»
1
деп жеткізеді. Өз кезегінде Ахмет Байтұрсынов «Қалам қайраткерлерінің
99
жайынан» (1922) мақаласында «Қазақ жем болудан декрет қуатымен құтылмайды, мəдениет қуаты-
мен құтылады» дей келіп, Ғұмар байыптаған арнаны «Оқу ісі сабақтас əдебиетпен: оқу əдебиетті кү-
шейтеді, əдебиет оқуды күшейтеді. Қалам қайраткерлерінің жұмысы — əдебиет, əдебиетсіз оқу қуат-
тану жоқ, оқусыз мəдениет қуаттану жоқ, мəдениет қуаттанбай қазаққа қорлықтан, зорлықтан құтылу
жоқ» деп тереңдете екшейді. Бұл жерде қос арыстың мұраттастығы, мақсат бірлігі туған халқының ті-
лін, ғылым-білімін дамыту, сол арқылы алып елдердің қорлығынан құтылу мəселесінде айқын таны-
лады.
Ғұмар Қараш: «Егер ұлттың ешбір білім-өнері болмаса, оның кəсіп-харекеті де нашар болады.
Мұның соңында ол күшті ұлттың қолтығына түседі, һəм солайша біраз уақыт өткен соң ол ұлт бүтін-
дей жоқ болып кетеді. Осы айтылғандардың бəрі де білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне
дəлел»
1
, — деп жазады. Сондықтан ұлтшылдықтың нағыз белгісі тіл екенін нығырлай түсіп, «Тіл еш-
бір уақытта өзге нəрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һəм түрлі жұқпалы шет тілдер-
ден сақтауға борыштымыз. Тіл — айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады»
1
, — деп
ана тілін сүюді аманат етті.
Қорыта айтқанда, ұлттық жəне Ресей түріктері басылымдарының жарық көру ісіне жəне əлеу-
меттік маңызын еселеуге, қоғамдағы ықпалын арттыруға ерекше үлес қосқан Ғұмар Қараштың көсем-
сөздерінде қамтылған ділгір тақырыптағы өзекті қоғамдық-саяси идеялары мен ұлттық жəне жалпы-
адамзаттық құндылықтарды терең қарастырған гуманистік ой-пікірін тануда, сол жолдағы мұрат-мақ-
сатын айқындауда үлкен мəнге ие құнды мұра болып табылады. Олар халқымыздың төл тума руха-
ниятының ұлттық болмыс-бітімін сақтай отырып, адамзат өркениетіндегі биік тұғырын айқындауда,
ұрпақ тəлім-тəрбиесін отаншылдық рухта ұштауда, имандылық жəне адамгершілік қасиетін еселеуде,
ғылым-білімі өркендеген əрі өз тізгіні өзінде жəне өзгелерге де үлгі-өнеге боларлық кемел мемлекет
құруда қашанда адастырмас бағыт-бағдар беретін рухани жəдігерлер болып қала бермек. Əсіресе қа-
зіргі жаһандану сияқты күрделі кезеңде əлемдік алып елдерге жұталып кетпей, сара жол ұстануда та-
ғылымдық мəнге ерекше ие деуге болады.
Өткен ғасырдың басында қазақтың оянуына, ілгерлеуіне, бодандықтан арылып азаттық жолымен
өркендеуіне, озған елдермен теңелуіне, қоғамдық дамуға кедергі жасайтын түрлі кесір-кесапаттан
арылуға қатысты көтерген толғаныстары Ғұмардың ұлттық көсемсөздің кəсіби хас шебері болғанын
да көрсетеді. Соның барысында «Өмірдің мəні, тіршіліктің мұрады жөнінде өзінше ой түйеді»
7
. Оның
көсемсөздерінде қамтылған өзекті де келелі тақырыптар бір ғана қазақтың емес, Ресей империясы құ-
рамындағы тұтас түркі тілдес туысқан халықтардың да мұң-мұқтажын, мақсат-мұратын көтеруімен
де назар аудартады. Мұның өзі оның «дінде, тілде, істе бірлік» деп жəдитшілдік туын асқақтатқан
Гаспринский, Маржани сынды татар зиялылары қатарында осы іске ерекше үлес қосқанын да таныта-
ды.
Əдебиеттер тізімі
1. Ғұмар Қараш. Замана. — Алматы: Ғылым, 1994. — 209–210-б.
2. Халифа Алтай Ғақыпұлы. Таңдаулы Хадистер аудармасы. — Алматы: Берен ШК, 1993. — 24-б.
3. Жұртбай Т. Маржани мен Абайдың тоғысар тұсы // Абай. — 1996. — № 3. — 22-б.
4. Айқап / Құраст. Ү.Сұбханбердина, С.Дəуітов. — Алматы: Қазақ энцикл., 1995. — 115-б.
5. Жалын. — 1989. — № 2. — 36-б.
6. «Қазақ» газеті. — Алматы: Қазақ энцикл. бас ред., 1998. — 560 б.
7. Тəжімұратов М. Сөзі түпсіз қараңғыға көз болған // Абай. — 1996. — № 3. — 38-б.
100
ƏОЖ 82.0
Ж.Ж.Жарылғапов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Достарыңызбен бөлісу: |