Д.ИСАБЕКОВТІҢ «СҮЙЕКШІ» ПОВЕСІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИСТІК ТАНЫМ
Ставится проблема экзистенциализма в казахской литературе на материале повести Дулата
Исабекова «Сүйекші». Экзистенциализм рассматривается как форма познания, воплощенная
в авторской позиции.
This article devotes to the problems of existentialism in Kazakh literature on the base of Dulat Isabe-
kov’s novel «Suiekshi». The existentialism is considered as a form of knowledge embodied in the au-
thor’s poetry.
70-жылдары жаңа сипатты шығармалардың дүниеге келуінің бір үлкен себебі — қоғам мен оның
субъектісі — жеке адамның арасындағы қатынастар тереңірек талданды. Жалпы, қоғам деп аталатын
категорияның өзін алып қарасақ, еріксіз түрде адам деп аталатын факторға тірелеміз. Өйткені қоғам-
ды тудырушы, жасақтаушы адам. Қоғамның негізгі заңдылықтары, қарым-қатынастық жүйесі, тəрті-
бі, даму тетіктері, идеологиясы адамның ақылы мен ойы, іс-əрекетіне тəуелді болатыны өзінен-өзі
белгілі. Қоғам — адамдардың өмір сүру салты. Сол себептен де қоғам мен адам проблемасына үңілуі-
міздің нəтижесінде адамның көпшілік қыры мен жекелік болмысын бір-бірімен сабақтастыра отырып
қарауымызға мүмкіндік туады.
Өмір өзгерістерінің шынайы бейнесін жасау қажеттілігін сезінген осы кезең жазушыларының
адам жəне қоғам проблемасына келгенде біраз уақыт белең алып келген сыңарезу, тапшылдық қасаң
принциптерден іргесін алшақтата бастауы — қаламгерлердің өмір материалдарын сан-қырлы əлеу-
меттік-рухани сипаты ерекшеліктеріне орай əр алуан позициядан зерттеуге көңіл қойғандықтарынан
көруге болады. Қоғам құбылыстары жөніндегі тарам-тарам толғаныс-зерттеулердің идеялық-эстети-
калық шешімдерінен де бір сарындық байқалмайды. Бұл өзгеріс əдеби қаһармандардың бойында бар.
Қоғам мен адам, я болмаса кеңістік пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен
парасат-білігін салмақтайтын əдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз
кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан, осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгер-
мелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу жазушы көркем туындысының сапалық өлшеуіші бола
алады.
Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нəтижесінде өніп шығып,
əдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы
бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мəселелердің ішіне енеді. ХХ ғасырда пайда
болған, өз идеялық бастауын Гуссерль, Кьеркегор еңбектерінен алатын əлемдік ой ағымындағы бұл
бағытты Марсель, Ясперс, Бердяев, Шестов, Бубер, Сартр, Камю, Бовуар, Хайдеггер сияқты фило-
софтардың қолдағаны мəлім. Кезінде «өмір сүру философиясы» деп аталған мұндай бағытты тек бур-
жуазиялық идеологияның, буржуазиялық философияның толғамдарының нəтижесінде дүниеге келген
теріс көзқарастар бағыты деген түсініктердің басым болғаны да шындық. Мəселен, «Экзистенциа-
лизмнің философия мен əдебиеттегі көрінісі» деген еңбек жазған поляк ғалымы Ежи Коссак: «Фило-
софиялық концепция ретіндегі қазіргі экзистенциализмнің əлеуметтік жəне тарихи негіздерін, оны
ерекшелейтін идеялар мен сарындарды айтқанда біз философияның тарихындағы кең ауқымдағы пес-
симистік жəне нигилистік ағымдармен кезігеміз. Бұл адам ақыл-ойының қалыптасқан шындыққа бас
көтеру тарихының құрамдас бөлігі»
1
, — дейді. Бірақ оның «шындығында, шынайы адам үшін күрес
экзистенциализмнің түрлі өкілдерін біріктіреді»
1
сынды ой білдіруі бұл бағытты ұстанған ойшылдар-
дың адамтанудағы рөлін мойындағаны еді. Жəне де олардың еңбектеріне қатысты құнды ғылыми тұ-
жырымдар да айтқан.
Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы əлем жəне жалғыздық ұғымынан өрбиді.
Алайда олардың тұжырымдарында адамның ортамен, басқа адамдармен байланысы тіпті қарасты-
рылмайды деу қисынсыз. Əлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдері — М.Хайдеггер, К.Яс-
перс, Ж.П.Сартрлерді ортақтастырып тұратын басты белгі — адам болмысына «Мен» жəне «Басқа-
лар» ұғымдары тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстрак-
ция, негізгі шындық — субъективтілік.
101
Осындайлық ой-тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі — адам өзінің əлемдік жалғыз-
дығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Эк-
зистенциалистік таным мен олардың ұстанған концепцияларын, теориялық қырларын қарастырған
еңбектердің түгелі дерлік келіскен тоқтам бар. Ол — экзистенциализмнің мəдени құлдырау, рухани
дағдарыс кезінде күш алатыны. Экзистенциалистік ой-пікірдің ХХ ғасырда бой көтеруіне бірінші дү-
ниежүзілік соғыстың əсері жəне адамзат баласының бір-біріне жойқын майдан ашқан екінші дүние-
жүзілік соғыстың уақытында əсері күшейгені осыдан болса керек. Өйткені «Выражая настроение пас-
сивности, неверия и отчаяния, они свидетельствуют и о драматическом пути людей, изуверившихся в
истории и прогрессе и ищуших решения вне этого мира, люди обращаются к мысли о трагичности
всеобщей судьбы»
1
. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы жəне əлемдік деңгей-
дегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің фəнидегі жалғыздығын
барынша түсінеді деген пікірді ұстанады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары мен қасіреттері Францияда экзистенциализмнің жас-
тар арасынан бұрын-соңды болмаған қолдауына ие болды. Əлемдік дағдарыс жаңа дүниетанымның
қалыптасуына, оған дейінгі өмір сүріп келген қалыпты көзқарастардан бас тартуға дейін əкелді. Осы
кезеңде Г.Марсельдің, Ж.П.Сартрдың қоршаған əлемді қатыгез, трагедия мен қарама-қайшылыққа то-
лы екендігі жайлы пікірлері алдыңғы қатарға шықты. Мұндайлық ой тек қана француз ойшылдарын-
да ғана емес, жалпы экзистенциализмнің теориялық базисі ретінде танылды. Хайдеггердің «Человек
есть и он есть человек, поскольку он экзистирует. Он выступает в открытость бытия, какою является
само бытие, которое в качестве броска бросила сущего человека в «заботу». Брошенный таким обра-
зом человек стоит «в» открытости бытия. «Мир» есть просвет бытия, в который человек вступает
своим брошенным существом»
2
деген ойы Ж.П.Сартрдың «Дүние — бос» идеясымен тамырласып
жатыр. Экзистенциалистер осы тығырықтан шығудың жолын адамның жеке болмысы, оның «Мені»
арқылы шешуге тырысты. Мұндай ізденістер бұл бағыттың таза пессимистік жəне нигилистік арнада
қалып қоймағандығын көрсетеді. Олар үшін шындықтың ең үлкені жеке адамның өмір сүру барысын-
да нақты «сезілетін», «танылатын» шындық. Зерттеуші Т.А.Сахарованың сөзімен айтсақ, «У челове-
ка, — заявляют экзистенциалисты, — сущность подчинена существованию: именно существование
является для него подлинной и первичной реальностью. Человек не детерминирован своей сущ-
ностью, она лишь возможность и становится действительностью только в процессе существования.
Человек „брошен в мир” без сущности. Он сам ее создает в процессе своего существования»
3
.
Кейінгі жылдардағы қазақ прозасы да адам руханилығы мəселесіне түрлі философиялық көзқа-
растар тұрғысынан келуге тырысты. Ұлттық əдеби сын көрнекті жазушы Д.Исабековтің «Сүйекші»
повесінің философиялық қатпары мол шығарма екенін айтып келеді. Бірақ осы философиялық толға-
ныс нендей қажеттіліктерден туды, шығармаға осындай жанрлық анықтауыш қосақтағанда көркем
туынды сюжетіндегі мекен мен мезгілдің тиянақсыздығына ғана сүйенуіміз керек пе? Қалыпты құры-
лымдардың шеңберіне сыя бермейтін ой ағымының рухани көздері қайда жатыр? деген сауалдар ас-
тары қопарылып тексеріле де бермейді. Дегенмен, қаламгерлер творчествосындағы негізгі концепту-
алдық ойдың бетін ашуға тырысқан сирек болса да жазушының ой қатпарларына дендей алған сын да
жоқ емес
4
. Сонымен бірге «Сүйекшідегі» Тұңғыштың трагедиялық болмысын «əлеуметтік теңсіздік»
ауқымында қарастыру жауыр болған жаттанды пікірлерді қайталағандық болып шығады.
«Сүйекші» сынды повеске үңіле отырып, Д.Исабеков творчествосына əлемдік əдеби-философия-
лық ағым — экзистенциализмнің əсері болғандығын айта аламыз. Мұндайлық өзгеше нышан Дулат-
тың басқа да шығармаларында аңғарылады деуге негіз бар. Сыншы Ə.Бөпежанова қаламгер шығар-
машылығына шолу жасай келіп: «Ал жазушы творчествосынан сарын іздесек, шығыс поэмаларынан
да, тіпті Толстойдың көпке мəлім «қорлық жасағанға зорлық жасама» принципінен де емес, кезінде
бізде ағаш аттың басына ілінген, батыс философиясының, сондай-ақ əдебиетінің де қуатты ағымы —
экзистенциализммен үндестіктерді зерделер едік»
5
, — деген біршама батыл пікір айтқан болатын.
Осы түйінді ойлар жан-жақты дəлелденуін күтіп қалғаны да рас.
Ғұмыры бір повеске жүк болатын орталық кейіпкер — Тұңғыш бұл күнде жан-дүниесі аяусыз
тоналған, сүлдерін ғана сүйретіп жүрген, басқаларға беймағлұм қауқиған тіршілік иесі. «Бұл жарық
дүниеде аз жасады ма, көп жасады ма, рахат көрді ме, бейнет көрді ме, бағы ашылған ба, соры қайна-
ған ба, бұл жағын да ойлап толғамайтын секілді. Мынау қан базардай құжынаған адамдар тіршілігін-
де дəулет бар, мансап бар, талас бар, тартыс бар, қайғы бар, сүйініш бар-ау деген сезім оның миына
əсте оралған емес. Ол ештеңеге қызықпайды, ештеңеге жанталасып ұмтылмайды, еш уақыт опынбай-
ды»
6
.
102
Тұңғыштың осы сипаты руханилықтан жұрнақ қалмаған, сезімдік қасиеттері өліп кеткен Үнде-
меске айналған шағына дейінгі аралықта жеке адамның үлкен тағдыры жатыр. Тұңғыш — Аманат —
Кеңкелес — Диуана — Үндемес аттарының əрқайсысы оған тағдырдың тепкісі салған таңбалар. Тұң-
ғыштың адамдық болмысынан біржолата айрылу процесінің кезеңдері оған қойылған осы бір аттар-
мен байланысты. Зорлықтың алғашқы ащы дəмін ол əкесінің кездейсоқ өлімінен кейін, жала құрба-
нына айналып, Доскей ауылына аманатқа тапсырылған шағынан тата бастайды. «Мейірімсіз тағдыр
түк таппағандай бейкүнə, дəрменсіз баланы осылайша тумай жатып тəлкекке айналдырды»
6
.
Осы мейірімсіз, қатыгез тағдырдан Тұңғышқа енді көз ашу жоқ. Дегенмен, Аманат шағында
оның бойындағы адамға тəн сезімдер əлі де өше қоймаған. Ол анасын сағынады, анаға деген махаббат
балаға тəн қылықтарымен көрініп жатады. Ал, тағдырдың тағы бір қатал соққысы — аяулы ананың
өлімі оны Кеңкелеске айналдырды. «Кеңкелес үшін мына дүниеде құдық қазып, мал бағу, сəті түссе,
тоя тамақ ішіп, ұйқысы қанып оянудан басқа мақсат та, қызық та жоқ. Өзгелер сияқты ол күлмейді,
күлдірмейді, қымыз ішіп, қызара бөртіп жүргісі де, бозбала боп қызға қырындағысы да келмейді.
Оған енді бəрібір»
6
.
Тұңғыш барған сайын өзінің адамдық тірегінен алыстап бара жатыр. Д.Исабековтің кейіпкерінде
нақты белсенді іс-əрекет жоқ. Қаһарманға үстемдік жасайтын нақтылы жағдай, жағдай болғанда тра-
гедиялық жағдай, əділетсіз өмірдің объективті бейнесі. Тұңғыш адам төзгісіз қияметтер мен өмірдің
мынау қаскөй баянсыздығына мойынсұнған адам. Ол осы қиянаттың негізгі себептерін, төркінін із-
деуге де, оған жан-тəнімен қарсы тұруға да бейілсіз. Повесте оның сезімдік ахуалы, ішкі портреті,
толқыған жан əлемі де мардымсыз күйде көрінеді. Тұңғыш көз ашпай келе жатқан ауыртпалықтың
бəрін «тағдырдың салғанына» жориды. Оның жаны түршіге қорқатыны — жалғыздық. Осыны еске
алғанда ғана мұздап қалған жан сарайы бір селк еткендей болады. «Ол диуана кемпірмен осылайша
қосарланып жүре бермейтінін, ерте ме, кеш пе, оның қанатының астынан шығып өз бетінше бөлініп
кете барарын білетін-ді. Бірақ «ажырасармын-ау» деп ойлаған сайын бүкіл жарық дүниеде жалғыз өзі
ғана қалатындай, күні бұрын жаны құлазып, жетімдік жапасын нақ бір енді шегетіндей іштей үгітіліп,
мүсəпір халге түсетін. Тұңғыш диуананың аузынан «енді айырылысайық» деген суық сөзді естігенде
тырнағының астына əлдекім ине сұғып алғандай бір селт ете түсті де, басын тұғжитып, төмен қарап
отырып қалды»
6
.
Тұңғыштың басындағы қиянаттың бəрі оның жанында емес, тек тəнінде ғана сезіледі. Ең басты-
сы онда тағдырға деген налу жоқ. Өйткені кейіпкердің басында ерік пен бостандығы жоқ. Трагедия-
ның үлкені де осында. Ол өзімен ісі жоқ, өздігінен тоқтамай сусып өтіп жатқан өмір ағысының (эк-
зистенцияның) қақпа қылы ғана. Осы дəрменсіздік оны белсенділіктен айырған.
Қарапайым ғана жанның көкірегіндегі құпияға үңілуге тырысатын Дулаттың Тұңғыш арқылы
көрсетпек болғаны — адамның мына өмірдегі кері кету процесі. Бұл жерде Тұңғыштың Үндемеске
айналу процесі. Ал бұл кері эволюция адамдардың адамдардан жатсынуының нəтижесінде белең ала-
ды. Тұңғыш өмірден мейірімділік, адамдар тарапынан жылы ықылас пен қамқорлық көрмей-ақ қой-
ды. Өмірден өз сыбағасын ала алмай, жарық дүниеге елеусіз келіп, елеусіз кетті.
Адамдар бір-біріне неге тасбауыр? Осы сауалға жауап іздейтін Д.Исабеков «Сүйекші» повесінде
өз кейіпкерлерінің өмір сүру кеңістігіне трагедиялық əуенде баға беруді нысанаға алған. Сондықтан
да Тұңғыш мынау жалғанда ешкімнің шапағатына, жылы алақанына жарымай өтті. Тұңғыш тағдыры
басқалардың тарапынан ұмытылған тағдыр. Оның ата-бабасында жоқ кəсіп — көр қазушылықпен ай-
налысуының өзі көп жайды аңғартады. Өйткені ол іс-əрекетіне баға бере алмастай халге жеткен, Үн-
демеске айналған. Шығармадағы трагедиялық пафостың тереңдеп кеткені соншалық, жазушының по-
весті оптимистік рухта аяқтауына мүмкіндік бермеген. Олай дейтініміз, шығармадағы қаныпезер Үкі-
тайдың өмірінің соңында Тұңғышқа істеген қысастықтарына өкініп, адамшылық сезімінің аяқ асты-
нан оянып, оған іздеу салуы нанымсыз шыққан. Рас, жазушы Үкітайдың бұл шешімінің психология-
лық дəлелдемесін оның төрт баласының шешектен қайтыс болып, соны Тұңғыштың обалына қалған-
дығынан деп көрсетуге тырысады. Алайда, бұл сурет шығарманың трагедиялық сипаттағы фабула-
сында өте елеусіз.
Жазушы өмірдің трагедиялық суретін жасай отырып, сол өмірге жеке адамның панасыздығы мен
қорғансыздығын, жалғыздығын, тағдырының талайсыздығын меңзейді. Биологиялық, физиологиялық
қасиеті бір адамдардың бір-біріне деген қаскөйлігінің өзі өмір мағынасыздығына алып келетін тəріз-
ді. Бұл жерде американ ғалымы С.Финкелстайнның «Человек не может познать другого — вот что
выдается за вечную истину жизни. Современная экзистенциалистическая литература показывает, как
люди терзают друг друга в хаотическом абсурдном мире насилия»
7
деген ойы Дулат Исабеков шы-
ғармасына да қатысы бар.
103
Əдебиеттер тізімі
1. Коссак Е. Экзистенциализм в философии и литературе / Пер. с пол. — М.: Политиздат, 1980. — С. 5.
2. Хайдеггер М. Время и бытие: Ст. и выст. / Пер. с нем. — М.: Республика, 1993. — С. 212.
3. Сахарова Т.А. От философии существования к структурализму. — М.: Наука, 1974. — С. 23.
4. Ергөбеков Қ. Тағдырлар толғауы // Сөзстан: Əдеби-сын мақалалар, қаламгерлік кескіндемелер, интервью. 6-к. / Құраст.
Б.Сарбалаев. — Алматы: Жалын, 1985. — 3–23-б.
5. Бөпежанова Ə. Болмыспен бетпе-бет // Парасат. — 1990. — № 12. — 18–19-б.
6. Исабеков Д. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 1-т.: Повестер. — Алматы: Жазушы, 1993. — 227-б.
7. Финкелстайн С. Экзистенциализм и проблема отчуждения в американской литературе / Пер. с англ. Э.Медниковой. —
М.: Прогресс, 1967. — С. 231.
ƏОЖ 894.342.574
Ə.Д.Əміренов
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
МАҚЫШ ҚАЛТАЕВТЫҢ ТАТАР ТІЛІНЕН АУДАРҒАН КІТАПТАРЫ ЖАЙЫНДА
В статье исследуются казахско-татарские литературные связи начала ХХ века на материа-
ле книг Макыша Калтаева, переведеных с татарского языка.
The Kazakh-Tatar literary relations in the beginning of the twentieth century are inestigated on the
material of Makysh Kaltaev’s books translated from the Tatar language.
Б.Кенжебаев алғашқы зерттеулерінде М.Қалтаевтың татар тілінен аударған «Айна» жəне «Сақ уа
сұқ хəлдері» кітаптарын атаса
1
, кейінгі еңбектерінде аталған екі кітаптан басқа екі бөлімнен тұратын
«Бұлбұл құс» кітабын қосып барлығы төрт кітап аударған деген мағлұмат береді
2
. Сондай-ақ 1995
жылы «Атамұра» баспасы шығарған «Ақмола» энциклопедиясының бір жерінде Мақыш Қалтаев та-
тар тілінен екі кітап аударды деп жазса
3
, енді бірде төрт кітап аударған деп бір-бірімен сəйкеспейтін
əртүрлі дерек келтіреді. Енді бір зерттеу еңбектерінде Мақыштың бір аударма кітабы ғана сөз бола-
ды. Ал зерттеушілердің көпшілігі Мақыш Қалтаев татар тілінен екі кітап аударды деген пікірді қуат-
тайды
4
.
Мақыш Қалтаев аударма кітаптарына қатысты осындай əртүрлі қайшылықты пікірлердің орын
алуының басты себебі — жоғарыда Б.Кенжебаевтың Мақыш аудармасы деп атап өткен «Бұлбұл құс»
кітабына қатысты туындап отырған жайт. Бұл кітаптың бірінші бөлімі 1910 ж. Қазанда Н.М.Чижова
баспаханасында, екіншісі 1911 ж. «Үміт» баспаханасында басылған.
Ал енді аталмыш кітапқа қатысты татар зерттеушісі Əбрар Кəримуллиннің пікірі мүлде өзгеше.
Оның айтуынша: «В начале ХХ века татарские издатели приступают к переводу и изданию произве-
дений казахского фольклора, акынской поэзии на татарском языке, хотя татары, благодаря большому
сходству языков, могли знакомиться с произведениями казахской литературы непосредственно. Изда-
тели стремились довести их до широкого круга татарских читателей. Среди переводных изданий ука-
жем... «Былбыл кош» (Птица певчая; 1910, 1911) Зарифа Аксакии в переводе выдающегося татарско-
го писателя и просветителя Фатиха Халиди. Издание — за его счет»
5
.
Яғни «Бұлбұл құсты» керісінше қазақ тілінен татар тіліне Фатих Халиди аударды дегенге саяды.
Бұл жерде Ə.Кəримуллиннің пікірінде нақтылық жоқ. Себебі «Бұлбұл құстың» бірінші бөлімінің мұ-
қабасында «Шиғыр Бұлбұл құс. Қазақша əркім үшін оқуға жеңіл, жаңадан тасхих (корректировка, тү-
зету — Ə.Ə.) етілді. Зариф Асакий. Өткірбай Алмасов (аударушы болу керек, мұқабада жазылма-
ған?! — Ə.Ə.). Нəшірі: Махдум Фатих Халидов» деп жазылса, екінші бөлімнің титуль бетінде «Əсəр:
З.Кəрими. Қазақша. Бұлбұл құстың екінші пəресі. Мұхтарам қазақ қардаштарыма хусусан үшбу зама-
нымызда болған жас заттарға Бұлбұл құс шиғыр кітабіміздің бірінші пəресін оқып қарап пайдалан-
ғандай екінші пəресін оқып қарап пайдалануыңызды өтінеміз. Нəшірі: Махдум Фатих Халиди» деп
көрсетілген. Яғни көріп отырғанымыздай, кітап татарларға емес, қазақ оқырмандарына арналған.
104
Екіншіден, кітап авторлары: З.Асакий жəне З.Кəрими — екеуі де татар қаламгерлері. Үшіншіден, Фа-
тих Халиди кітапты аударушы емес, бастырып шығарушы (нəшірі) ретінде көрсетілген.
Сонымен бірге «Бұлбұл құсты» кім қазақшалағаны жөнінде де нақты мəлімет берілмеген. Онда
Мақыш Қалтаевтың ныспысы мүлдем аталмайды да. Сондықтан да бұл жерде «Бұлбұл құсты» Ма-
қыш Қалтаев аударды деуге ешқандай дəлел де, негіз де жоқ.
Ал енді қалған екі кітаптың бірі — З.Кəримидің «Айна» кітабы да, екіншісі — Ғ.Рашидиден
аударған «Сақ уа сұқ хəлдері» кітабы. Мұндағы татар қаламгерлері кімдер дегенге келсек, Ə.Кəри-
муллин жоғарыдағы еңбегінде Зəриф Кəрими жөнінде мынадай деректер келтіреді: «Татарские му-
галлимы-учителя, работавшие в казахских мектебах, отдельные татарские просвещенные люди во
время работы в казахских землях занимались сбором произведений казахского фольклора... Некото-
рые из этих собирателей казахского фольклора сумели издать свои материалы в Казани, Оренбурге,
Уфе... Татарский педагог З.Каримов совместно с казахским писателем подготовил и издал такой же
сборник под названием «Қазақша айна» (1913)
5
. Бұл жерде З.Кəримидің «Айна» кітабы қазақ
фольклоры үлгілерінен тұрды деген Ə.Кəримуллин пікірімен келісе қою қиын. Өйткені кітапта «Қа-
тындардың бала уатуы» атты бесік жырынан басқа ауыз əдебиетіне қатысты ештеңе кездеспейді. Ал,
З.Кəримидің қазақ сахарасында бала оқытып, ұстаздық қызмет атқарғанын толық қуаттауға болады.
Оны ақынның өз өлеңдерінен де көреміз. Зариф Кəрими өлеңдерінің басым бөлігі қазақ тұрмыс-тір-
шілігіне арналған. Қазақтармен етене араласып кеткендігі сондай, ақын өз өлеңдерінде қазақтардың
тұрмыс-салтын, мəдени өмірінің, жалпы тіршілігінің кейбір тұстарын батыл, өткір тілмен сынап та
отырады. «Шиғыр-жыр» атты өлеңінде ақын:
Басылған қазақ тілде талай жырлар.
Қаламға қарыс болған қолы қурлар.
Пікірді тұт алдырып шерту үшін,
Қарастырып кітап жазған қандай сұмдар.
Жазғаны бəйіт емес, өлең емес,
Мұндайды əдет қылу өнер емес.
Хияли пікірменен шіріген жүрек,
Айдасаң тура жолға көнер емес.
Көрген жан мұнан ғибрат шығар демес,
Жыр емес, жазған сөзі роман емес
6
, —
деп қазақ тілінде тасқа басылып шығып жатқан өлең-жыр кітаптарына қатысты өз ойын айтып сөз
қозғайды да, солардың бір-екеуіне тоқталады:
Оқыды құрбыларым сатып алып,
Хилли бір қиссаға таңға қалып.
Қара жерді көтерген Əли батыр,
Арыстан болған дейді дүниені алып.
Диюменен Əлиді салыстырып,
Жазықсыз қан төгуге берер кеңес.
Бұл — Кəшшафутдин Шаһмарданұлының «Хазірет Əлидің Жəнəбіл шаһарында төбелескені һəм
қиссасы» (Қазан, 1899) деп аталатын діни қисса-дастаны.
Батырлық жырдан Шора батыр туралы былай дейді:
Болыпты бір нəн батыр аты Шора,
Қан ішіп лəззəт алған шыбын-сона.
Соғысып қан төгісте қазақ жеңсе,
Оқушы құрбыларға мақсуд бола.
Яғни, бұл сол уақытта қазақ сахарасына кең тараған «Нəріктің ұлы Шора батыр» қиссасы (Қазан,
1884). Кітаптың авторы — Мұхаммеднəжиб Ғалиəкбаров.
Лиро-эпикалық жырлардың ішінен «Қыз Жібекті» де оңдырмай сөгеді:
Мақтаулы жыр «Қыз Жібек-Төлегені»
Өтірік хияли сөз сөйлегені.
Оқушыға не ғибрат болар екен,
Жібектің бұқа іздеп күйлегені
6
.
105
Мұнысы Жүсіпбек Шайхислямов Қазанда бірнеше мəрте бастырған «Қыз Жібектің хикаясы» бо-
луы керек.
«Миллəт» атты өлеңінде қазақ халқына арнай отырып өзінің ұлт бостандығы, миллəт тəуелсіздігі
жайындағы саяси астары бар ойын жеткізеді. «Миллəт» ұлт сөзінің саяси мəніне терең ден қойып со-
ны қазақтарға жеткізбек болады.
Ғұмырым ұзақ болып мың жыл тұрсам,
Ақылды, ашық көзді білгіш болсам.
Миллəт деген бір сөздің мағынасын,
Қазағыма мың жылда білгізе алман...
Дем алмай жақ талдырып сөз сөйлесем
Бір сөздің мағынасын мың жыл сөйлеп,
Қазағыма миллəт халін білгізе алман...
Мың түрлі мысалменен жол көрсетіп,
Милəттің мағанасын сөйлесем де
Сонда да қазағыма білгізе алман
6
, —
деп ақын миллəт ұлт мүддесіне немқұрайды қарап, жайбарақат жатқан қазақтарға өзінің өкпе-назын
жеткізеді. Өлеңде ХХ ғасыр басында патшалы Ресейдің отаршылдық езгісіне қарсы өріс алған түрік-
шілдік идея анық көрінеді.
Жалпы Ресей отаршылдығына қарсы түрікшілдік бағытты ұстанған азаттық қозғалыстың басы-
қасында көбіне татар зиялылары болғаны белгілі. Өйткені «Патшалық Ресейдің саяси, экономикалық,
əлеуметтік жəне мəдени-рухани отарлауына қарсы азаттық қозғалыстың татарлар арасында қалыпта-
суы заңды құбылыс еді. Ерте отарланған татар ұлтының зиялылары жаңаша күрес бағытын қалыптас-
тыруда зор рөл атқарды. Сондықтан да патша үкіметі татарлар мен қазақтарды араластырмауға барын
салып бақты. Мысалы, 1909 ж. 5-ақпанда Түркістан генерал-губернаторы өзіне қарасты бес облыстың
əскери губернаторына жолдаған нұсқау-хатында жергілікті халықтардың көңіл-күйі мен болмысын
бақылап отыруға қатысты тапсырмалар бере отырып, татарларға қатысты мынандай нұсқау береді:
«Түздік тұрғындардың арасына өз айналасына халықты оқыту үшін немесе жаңа тұрпатты үздік мек-
тептерге қатысты пікір алмасу үшін топтастыратын татар миссионерлері кіріп жатқан жоқ па?
Татарлар туралы барлық мəліметтерді білу керек: олар қайда тұрады, немен айналысады жəне
жергілікті тұрғындарға қандай ықпал жасайды». Осылайша, татарлар барлық жерде қатаң бақылауға
алынып, олардың емін-еркін жүріп-тұруына, қазақ жеріне келуіне барлық кедергілер жасалды»
7
.
Міне, Зəриф Кəрими де қазақ арасында бала оқытып ұстаздық етумен қатар өз өлеңдері арқылы
түрікшілдік, жəдитшілдік идеяны да уағыздаған татар зиялыларының бірі болған. Оған жоғарыдағы
өлеңінде «миллəт» сөзі арқылы жалпы түркілік ұлт идеясын көтере отырып:
Шиғыр жазып, атақ алған шағир болып,
Əр сөзім сезілгендей əсер беріп.
Жырлағанда тауды-тасты қозғасам да,
Сонда да қазаққа дым білгізе алман, —
деп жалпытүркішілдік миллəтшілдікті қазақ санасына жеткізе алмағанына налиды.
Жалпытүркілік идеяға ақын қазақ тұрмысындағы келеңсіздіктерді айтқанда, оны бір ұлттың ба-
сындағы кемшілік ретінде қарамай, бүкіл түркі миллəтін кері кетіретін қоғамның ауыруы ретінде қа-
райды, сол тұрғыдан сынайды. Сондай сыншылдық сарындағы өлеңнің бірі — «Иғлəн» (жария ету,
əшкерелеу — Ə.Ə.) өлеңі. Мұнда ақын қазақтардағы діннің нашарлығын, дін бұзар дүмшелердің кө-
бейіп, миллəт іргесінің сөгіліп, кері кетіп жатқанын əшкерелейді.
Өкпесіне құрттар түсті,
Қорасына сырттан түсті.
Кім болса сол тартып жеген
Біздің миллəт кең бір миллəт
Бақсы, тасшы баста қалды
Дін, шариғат əсте қалды.
Солар миллəт доңыздары...
Жалғыз емес, дін көп мұнда,
Жем қылғанға жем көп мұнда...
106
Біздің миллəт жансыз миллəт,
Дерті биік, зор, хəлсіз миллəт...
Өле қалса көмері жоқ
Біздің миллəт бір миллəт
6
, —
деп қазақ қоғамындағы ауруды жалпытүркі миллəтшілдігі тұрғысынан сол намыста сынайды.
Ал енді бір досының қазақтарды басқа дүмше молдалар сияқты — өтірік бала оқытып, ақшасын,
малын алып байып алмайсың ба деген кеңесіне («Бір-екі сөз») былай жауап береді:
Бай болуды мен де əбден жаратармын,
Жаныма жақпас кəсіптен жай жатармын...
Баланың басын байламай, бата сатпай,
Сонда да жер басып тағам татармын.
Қаламмен қайғырып қамын жесем де,
Қазақша білмеймін кіммен қатармын
Бір сөзімнен мың адам пайдаланса,
Ихтимал сауабқа мен де батармын
Мың сөзімнен біреу пайда көрмеген
Шамамша қаламмен соны атармын
6
, —
деп қазақ қамын, ұлт болашағын ойлап толғанады. «Ауырулықта» өлеңінде (бұл өлеңді кейбір зерт-
теушілер Мақыш Қалтаевтікі деп жаңсақ пікірде болғанын айтқанбыз — Ə.Ə.) ақын заманның өзгере-
тініне, отарлық езгіден құтылып, түркі миллəтіне бостандық таңы ататынына зор үмітпен қарайды.
Өсер көк шөп, жер үстінде толқындап,
Сайрар құстар неше түрлі мұңданып,
Болар ол күнде əркімге бостаншылық
Тек мен жатармын топыраққа былғанып...
Біздің достар ол күндерде қуанар,
Кезіп ерікті бостандықта жұбанар,
Үмітім жоқ ол рахатты көруге,
Емеспін ол уақытқа жете алар
6
.
Өлеңнің «Ауырулықта» деп атынан көрініп тұрғандай жəне өлең мазмұнындағы күйзелісті кө-
ңіл-күйіне қарағанда ақынның қатты науқастанып жүргенде жазған туындысы екені байқалады.
Қысқасы, заты татар З.Кəрими қазақ тілін жетік білмесе де («қаламмен қайғырып қамын жесем
де, қазақша білмеймін кіммен қатармын»), өлеңдерінде көбінесе, қазақ халқының басындағы ауыр
хəлді айтып қайғырады, кері кетірер келеңсіз тұстарын сын безбеніне салады, сөйтіп жалпы миллəт
тағдырын ойлайды, оның жарқын болашағына, ерікті, мəдениетті ел болатындығына сенеді, сол
уақытты шын көңілмен тілейді.
Осыдан көрініп тұрғандай З.Кəрими өмірінің көбін қазақ арасында өткізіп, қазақтармен қоян-
қолтық араласып, бірге тіршілік еткен. Содан Мақыш Қалтаевпен де өте жақын таныс болған.
Екеуінің ел ішінде жүріп бала оқытқаны, өлең жазып ақындықпен айналысқаны да ұқсас, яғни екеуі
де молда-ақын. Соның нəтижесінде Мақыштың көптеген өлеңдері мен З.Кəрими өлеңдері арасында
мазмұн, идея жағынан бір-біріне өте жақын. Өзінің ел тағдыры, жер тағдыры туралы айтқандары,
ағартушылық ой-пікірлері, сыншылдық сарындағы өлеңдері, жəдитшілдік, миллəтшілдікке қатысты
ұстанымдары жөнінен қазақ ақыны М.Қалтаев пен татар ақыны З.Кəрими шығармалары бір-бірімен
үндесіп жатыр.
Мақыш Қалтаевтың татар тілінен тəржімалаған екінші аудармасы — Ғ.Рашидидің «Сақ уа сұқ
хəлдері» деп аталатын кітабы. Ғ.Рашидидің өмірі, шығармашылығы жөнінде татар зерттеушілері мар-
дымды ештеңе айтпайды. Ал, қазақ зерттеушісі Тоқтар Арыновтың дерегіне сүйенсек: «ХІХ ғасырда
татар ақыны Ғ.Рашиди деген адам «Сүйінбике» атты көлемді поэма жазған. Ол поэма араб жазуымен
жеке кітапша болып басылған. 24 беттік осы поэманың бір данасы Қазақ ССР-нің Орталық архивінде
сақтаулы тұр»
8
, — деген қысқаша мəлімет береді. Соған қарағанда Ғ.Рашидидің өз өлеңдерін, көркем
шығармаларын жинақтап, кітап етіп бастырып отырған. Соның бірі — «Сақ уа сұқ хəлдері» деп ата-
латын кітабы.
Енді осы аударма кітапқа келсек, бірінші бетте ең алдымен Мақыш Қалтаевтың «Оқу парыз ба-
лаларға» деп басталатын өлеңі басылған. Содан кейін барып «Əсəр: Ғ.Ғ.Рашиди. Мусахих: Мақыш
Қалтаев. «Сақ уа сұқ хəлдері» делініп, ары қарай хикая басталады.
107
Айта кететін бір жағдай — халық арасында кең тараған осы аңыз негізінде кезінде татардың
классик ақыны Ғабдулла Тоқай да ұзақ хикая жазыпты. Осы хикаяға байланысты Ғ.Тоқай былай деп
мəлімет береді: «Сақ сұқ» халық қиялынан шыққан бір хикая. «Сақ сұқтың» мұңды, зарлы хикаясын
оның шерлі, мұңды жырын «пəлендей адам айтқан... Пəлендей жерде шығарылған...» деп тура айтуға,
негіздеуге мүмкін емес. Тек өзінің екі баласын «Сендер Сақ-Сұқ болыңдар», — деп шешесінің тілегі-
нен туған ертегі. Сөйтіп, екі баласы «Сақ-Сұқ» деген екі құс болып ұшып кетіпті...» деген қиялды хи-
кая. Шешесі балаларын қарғаған уақытта əкесі үйде жоқ екен; содан кейін шешесі де балаларын із-
деп, екеуі қосылып жылайды. «Сақ-сұқ» деген құс болып орманға ұшып кеткен балалар да соққан
желмен, жауған боранмен ғана өздерінің сағынышты, мұңды сəлемдерін ата-анасына жеткізеді екен...
Осы хикаяны көптен іздестіріп, əркімнен сұрастырып жүргенімде, бұл жырды Қазан саудагері
Мұхаммет Фатих Мусин деген адам өтінуім бойынша маған жазып əкеліп берді. Сонан кейін, осы
«Сақ-сұқ» жырын өзімшелеп кей жерлерін түзетіп (тəртіпке салып), қосыңқырап жинағыма кіргіздім.
Халық арасына көп таралған бұл жырдың «Сақ-сұқ» атты күйі де жəне өзіне арналған əні де бар.
«Сақ-сұқ» күйі — аянышты күй. «Сақ-сұқ» жыры — мұңды жыр. Бұл — халық қиялынан туған
хикая»
9
.
Міне, Ғ.Рашиди жырлаған «Сақ уа сұқ хəлдері» хикаясы да осы Ғ.Тоқай айтқан сюжетке құрылған.
Мазмұн, идея жағынан да екі ақын жырлаған жыр бір-бірінен алшақтамайды. Мұнда екі жақты мəселе
қаралған: біріншіден, балаға дұрыс тəрбие бермей, оларды ұрып-соғып, қарғап-сілеген ата-ананың өкі-
нішті хəлі болса, екіншіден — əке-шешенің тілін алмай, дұрыс жолға түспеген тілазар балалардың құс
болып ұшып кеткен қайғылы жағдайы айтылады. Осы арқылы тəрбие мəселесі көтерілген.
Тек, Ғ.Тоқайдың жыры түркі халықтарына ортақ фольклорлық үлгідегі 7 буынды шалыс ұйқас
түрінде болып келсе, Ғ.Рашиди хикаясы буын саны жағынан бірде 7, бірде 8 болып алмасып түсіп
отырады да, аралас ұйқасады. Екі жыр да қазақ тіліне аударылған: Ғ.Рашидидің «Сақ-сұғын» Мақыш
Қалтаев тəржімаласа, Ғ.Тоқай жырлаған жырды Жақан Сыздықов аударды. Аталмыш кітапта Ғ.Раши-
дидің осы хикаясынан басқа башпағын жоғалтып алған татар шəкіртінің аянышты хəлі суреттелетін
«Бейшара шəкірт малай» дейтін ұзақ оқиғалы өлеңі мен кедейлігінен оқу оқи алмай өмірі қорлықта
өтіп жатқан татар жігітінің мұңды монологына құрылған «Бейшара жігіт» өлеңі жəне алғаш рет са-
мауырды көріп, ішінде қайнап тұрған суын ішіп көрмекші болып аузын күйдіріп алған мұжықтың ер-
сі қылығын сөз қылатын «Бірінші самауыр» дейтін мысқыл өлеңі бар.
Енді осы екі кітаптың аударылуына келсек, екеуін де М.Қалтаев есімі аударушы (мутəржим) деп
емес, «мусахих», яғни араб тілінен аударғанда — түзетуші-корректор деп көрсетілген. «Мусахихқа»
қатысты Мақыш өмірі жайында сөз қозғағанда біраз мəселенің басын ашып айтқанбыз. Осыған бай-
ланысты енді бір мəселе — татар мен қазақ халқының арасындағы рухани туыстық байланыс. Екі ха-
лықтың туыстық қатынасының түптамыры сонау көне тарих қойнауында жатқаны мəлім. Осындай
түбі бір туыстық (екеуі де түркі тілінің қыпшақ бұтағы) тарихи тағдырластық (Ресей империясы бода-
нында өмір сүруі) Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде екі елдің əдеби, мəдени өмірін бұрынғыдан да
жақындастырып, нығайта түсті. Əсіресе «ХХ ғасыр басында татар мəдениеті мен əдебиеті ерекше өр-
леу жолында болды. Бұл кезде татар мəдениеті түркі тектес халықтар мəдениетінің көбінен жоғары
тұрды. Осыған байланысты татар мəдениеті өзімен көрші туыстас халықтар əдебиетіне, оның ішінде
қазақ əдебиетіне, де өз əсерін тигізді»
10
.
Осындай жағдай екі ел əдебиетін, мəдениетін, жалпы рухани өмірін бір-бірімен тоғыстырып, ор-
тақтастырып та жіберді. Сондықтан да Мақыш Қалтаев екі ел əдебиетін бір-бірінен бөле-жара қара-
май, туыстас екі тіл арасындағы біраз айырмашылықтарды ескеріп, кітаптарды татаршадан қазақшаға
сəйкестендіріп «түзеттім», яғни, баспа терминімен айтқанда, корректировка жасадым, деуі де осы се-
бепті болса керек. Осы себептен аударма кітаптарда М.Қалтаев есімі мүтəржим (аударушы) орнына
мусахих (түзетуші-корректор) болып жазылған.
Əдебиеттер тізімі
1. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев // Əдебиет жəне искусство. — 1950. — № 12. — 72-б.; Кенжебаев Б., Есназаров Ө. XX
ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1966. — 29-б.
2. Кенжебаев Б. Əдебиет белестері. — Алматы: Жазушы, 1986. — 261-б.; XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті. — Алма-
ты: Мектеп, 1993. — 51-б.; Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері. — Алматы: Ғылым, 1973. — 145-б.
3. Ақмола: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 1995. — 112-б.
4. Қалижанұлы У. Қазақ əдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. — Алматы: Білім, 1998. — 112-б.; Қазақтың тəлімдік ой-
пікірлер антологиясы. — Алматы: Рауан, 1999. — 201-б.; ҚСЭ. — 6-т. — Алматы, 1975. — 434-б.
108
5. Каримулли А. Книги и люди. — Казань, 1985. — С. 189.
6. Карими З. Айна. — Қазан: Домбровский мəтбуғасы, 1913. — 34-б.
7. Шілдебай С.Қ. Түрікшілдік жəне Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. — Алматы: Ғылым, 2002. — 45-б.
8. Боздағым. — Алматы: Жазушы, 1990. — 287-б.
9. Тоқай Ғ. Таңдамалы шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1975. — 288-б.
10. Ысқақов Б. Қазақ-татар əдеби байланысы. — Алматы: Ғылым, 1976. — 8-б.
109
Достарыңызбен бөлісу: |