45. Транслитерация терминіне анықтама беріңіз. Берілген жалқы есімдерге транслитерация жасаңыз



бет5/9
Дата18.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#57909
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Фразеологиялық байлаулы мағына — сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесу арқылы, яғни фразеологизм тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, Фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сезбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген езінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мап деп бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде ғана айқындалады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура мағынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осыдан құлқыны құрыды, құлқынның құлы деген фразеологизм тіркестер жасапған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты тіркестің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан біржола ажырап, өте, тым ерте деген Фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып отыр. 
Синтаксистік шартты мағына - сөздер сөйлеу үстінде, контексте қолданылу жүйесіне қарай өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туындайтын мағына. Мысалы: жемқор – өңеш, құлқын; аю – арбиған, ебедейсіз; құдық - мешкей, жалмауыз деген ұғымды білдіреді. Тілдік лексикалық жүйесіндегі кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы немесе синтакситік шартты мағынасы бола бермейді. Номинативті мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөздер тура мағынада, әрі ауыс мағынада тілде белсенді қызмет атқарады. Мұндай сөздердің көпшілігі өзінің тура мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп алған. Мысалы: түнеру (ренжу, кею), шатынау (көзі шарасынан шығып ашулану), соқыр (надан, топас), сору (аяусыз қанау). 
56.АУЫСПАЛЫ МАҒЫНА ЖАСУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІН АТАҢЫЗ.МЕТАФОРА, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТҮСІНІК БЕРІҢІЗ.
Метафора. Сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, қимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора ( гр.metaphora ауысу ) деп аталады.Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді:а)тілдік(сөздік)метафора,ә)поэтикалық (сөйлеу кезінде туатын контекстік) метафора.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет