49.Қазақ тілі лексикасына қатысты Ресей және Батыс Еуропа түркітанушыларының зерттеу еңбектерін хронологиялық кестеге түсіріңіз, тұжырымдарын талдаңыз.
1787ж. академик П. С. Палластыңбасқаруымен
"Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырма сөздігі" деп аталатын 4 томдық еңбек (1790 -91) шыққан.
19 түркі тілі мен наречиесінен лексикалық материал камтылған.
Неміс ғалымы Г Ю. Клапрот (1783-1835).
1825 ж. Шыққан еңбегінде
Алдымен қазақ халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң түрік, қазан татары, тобыл татары және моңғол
тілдерінің сөздерімен салыстыра отырып жасаған французша-қазақша сөздік берілген.
H. И. Ильминскийдің 1860-1861 ж.
Қазанда шыккан "Материалы к изучению киргизского наречия"
Сөздік бөлімінде қазақ сөздері орыс тіліне аударылып, сөз мағыналарын кең түсіндіруге мән берген. Бұл қазақша-орысша алғашқы сөздіктердің бірі.
Қазақ тілін жеке тіл ретінде емес, наречие деп зерттеген. Мұның себебі түркі тілдерінің шыққан тегі жағынан бір-біріне жақындығына қарап, ол кезде олардың бәрі түркі тілінің наречиелері (диалектілері) деген көзкарас орын алған.
В. В. Радлов
"Опыт словаря тюркских наречий" атты көлемді сөздігі
түркі тілдерінің лексикологиясы мен лексикографиясын зерттеу тарихында елеулі орын алады. Сөздіктің кұрастырылу техникасы өте күрделі: реестрде алдымен түркі сөздері авторлық транскрипциямен берілген. Одан соң ол сөздердің көне үйғыр, араб, еврей, армян, грек, кейде латын әріптерімен жазылған нұскаларда қалай таңбаланғаны, сөздердің қай түркі тілінен алынғаны көрсетіліп, мағыналары орыс тілінде түсіндіріліп отырған. Сөздікте қазақ сөздері аз емес.
50. М.Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрк» еңбегі жайлы ақпарат беріңіз, қазақ лексикологиясының қалыптасуына қосқан үлесін саралаңыз. Орта ғасырдағы түркі халықтары, олардың тілдері жайлы құнды мәлімет осы еңбекте(1073-74) берілген.Түркі халықтары мен тайпаларының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, тілі, қоныстануы жайлы ақпарат берілген. Сөздіктеорта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар.Сонымен қатар түркі тілдерінің 31 бұтағынан, яғни диалектілерінен 10 мыңға жуық сөз, сөз тіркесі арабша аударылып, талданып, 300-ге жуық ауыз әдебиеті үлгілері, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер берілген. Түркі тектес тілдердің туыстығын анықтап, генеалогиялық жіктеудің алғашқы үлгісін жасаған. Қыпшақ, оғыз тілдерінің дыбыстық құрамын салыстырып, алмасу заңдылықтарын анықтаған: й-дж, м-б, т-д, м-б, ч-ш.
51.Қазақ тілі лексикалық жүйесіне қатысты А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін атап, пікірлерін талдап жазыңыз. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы»мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.
1912 жылы «Біздің заманымыз – жазу заманы… Сөздік жүйесін, қисыннан келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек болғандықтан, «қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар, қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек» дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл-құрал» деген атпен оқулық жазуға кіріседі. Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
«Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз».
52.Сөздің лексикалық мағынасын жіктеуге қатысты ғалымдар тұжырымын талдаңыз. Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып келеді. 1950 жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыда топтастыруға бой ұрушылық орын алды. Семантикалық топтастыру-ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап кеңес тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик В.В. Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрсетеді:
1) тура немесе номинативті мағына
2) фразеологиялық байлаулы мағына
3) синтаксистік шартты мағына
Н.М. Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды.
М.И. Фомина лексикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қатынастан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың мотивтілігі, қалыптасуының тарихи себептері және атқаратын қызметі (номинативті және экспрессивті-семантикалық мағыналары) тұрғысынан қарастырады.
Бұдан бөлек: