Әсет Болғанбайұлы мен Ғабдолла Қалиұлының “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы” кітабында: 1.Сөздердің шындық болмысқа қатыстылығы: Атауыш (тура) мағына:-Ауыс мағына
-Абстракты мағына
-Меңзеу мағына
2.Сөздердің шығу тегі: Түпкі ( первичное) мағына:-Туынды(вторичное) мағына
-Омонимдік мағына
-Синонимдік мағына
-Антонимдік мағына
3.Сөздердің тіркесімділігі: Еркін (атауыш) мағына:-Фразеологиялық(байлаулы) мағына
-Синтаксистік шартты мағына
4.Сөздердің стилистикалық қызметі: Битарап мағына:-Бейнелі (бояма) мағына
-Кәсіби-терминдік мағына.
Айтбай Айғабылұлының “Қазақ тілінің лексикологиясы” кітабында: 1.Тура мағына
2.Фразеологиялық байлаулы мағына
3.Синтаксистік шартты мағына
Сарекенова Қарлығаштың “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы” оқулығында: В.В.Виноградовтың классификациясын қолдай отырып, қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағынасының титік топтарын негізігі төрт білгіге байланысты анықтайды. Олар:
1) сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы(атауыш мағына, ауыс мағына, меңзеу мағына, абстракті мағына)
2) сөздердің таризи шығу тегі(түпкі мағына, туынды мағына, омонимдік мағына, синонимдік мағына, антонимдік мағына)
3) сөздердің өзара тіркесімділігі (еркін мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына)
4) сөздердің стилистикалық қызметі(бейтарап мағына, бейнелі мағына, кәсіби-терминдік мағына) дей келе.
Сөз мағынасы қолданылу сипатына қарай узуалды мағына және окказионалды мағына болып екіге бөледі.
Узуалды(лат.usus- әдеттегі, дағдылы) мағына дегеніміз- жиі қайталанып отыратын, тұтас қауым қабылдап, дағдылы сипат алған мағыналар.
Окказионалды (лат. Occasionalis-тосын, кезлейсоқ) мағына дегеніміз- сөйлеу үстінде, көркем шығармада, жеке авторлық сөз қолданыста туған әдетте тілдің сөздік жүйесіне енбейтін мағыналар.
53.Сөздің лексикалық (туынды және түпкі мағына), грамматикалық мағыналарына салыстырмалы түрде түсінік беріңіз, мысал келтіріңіз. 54.Сөздің еркін, байлаулы, шартты мағынасының анықтамасын кестеге түсіріңіз, мысалдар ұсыныңыз (әр мағынаға кемінде 5 сөйлем). Еркін мағына — атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы. Сөз тек атауыш (тура) мағынадақолданыла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің бастапқы атауыш мағынаны білдірумен ғана шектелер еді. Шын мәнінде, атаушы (тура) мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін басқа көптеген сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қамтып, олармен тіркесімділігін арттырып отырады. Осылайша сөздің атауыш мағынасының еркіндік (еркін мағына екендігі) сипаты ашылып, қаншама еркін мағыналы тіркестер жасалады. Бұл тұрғыда еркін мағына байлаулы мағынаға қарама-қарсы қойылып қаралады. Мысалы, жас сын есіміжас адам, жас мал, жас ағаш, жас бала, жас иіс, жас ет т. б. үлкен сөзі үлкен үй, үлкен адам, үлкен бала, үлкен кітап, үлкен сөз, үлкен қылмыс, үлкен күнә т. б. тіркестерде еркін мағынада қолданылып тұр.