45. Транслитерация терминіне анықтама беріңіз. Берілген жалқы есімдерге транслитерация жасаңыз



бет2/9
Дата18.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#57909
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ (4) (копия) (1)

М. Қашқари "Диуани лұғат ат-түрк" 1072-74 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды жәнеең маңызды ежелгі тіл жәдігері.Онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлітүсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, географиялық таралуы, тайпалары, диалектілері жәнедәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген. 
Ж. Баласағұн "Құтты білік" 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдыңішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы. Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де, құндысы.
А. Яссауи "Диуани хикмет" Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы. Көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. 
Кодекс куманикус Қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап. «Кодекс Куманикустен» қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық құбылыстар байқалады. Мысалы, ондағы сөздерде «ш» – аш (ач емес), «с» – тас (таш емес), «ж» – жол (йол емес), «т» – тізе (дізе емес), «к» – кел (гел емес), «у» дыбыстары – тау (тағ емес) айтылады. 
Оғыз наме Түркі халықтарының ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде баяндайтын эпостық дастан.Шығарма алғаш ауызша туындап, бертін келе қағазға түсірілген.
Абу Хайман сөздігі Еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды. Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады дейтіндер де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет