45. Транслитерация терминіне анықтама беріңіз. Берілген жалқы есімдерге транслитерация жасаңыз



бет8/9
Дата18.12.2022
өлшемі0,65 Mb.
#57909
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Документ (4) (копия) (1)

Синекдоха.Сөздерді ауыстырып, қолдану арқылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі- синекдоха (гр. synekdoche - бірге жобалап түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шекткс келіп, бір атауға ортақтасып ауысып қолданылуы жағынан синекдоха метонимияға біртабан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүгіннің орнына бөлшек, көшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылады.Ауыспалы мағынада қолданылғағ сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады.
Мысалы: Сырдың бойынан, қырдың қойнынан өре түрегелген өңшең жазбаға тымақтар тұс-тұстан қалың қолға қосылып кетті(І.ЖАНСҮГІРОВ). Топта отырғандардың көбі қатқан тындар, жалба жеңдер, арық пішіндер (Б.Майлин). Әуелгі байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық (мақал). Орамал тартқандар ғана қимылдап, бөрік кигендер үйкүшік боп отырса, құдай да сүймес оны.
Осындағы тымақ, тон, жең дегендер өздерінің тура мағыналарынан басқаша айтылып бүгіннің бөлшегі ретінде адам деген ұғымды бейнелеп тұр. Тымақ арқылы жиналған тобыр, кедей екендігін бірден танытады.Ақ жаулық, орамал тартқандар дегеннен әйел қауымы түсінеміз. Бөрік кигендер деген тіркестен ер азаматтарды түсінеміз. Мұнда ақын-жазушылар адамдарды киген киімдері арқылы суреттеуді олардың сыртқы образды бейнелейдің ұтымды құралы етіп пайдаланған. Сондықтан синекдоха тәсілімен сөз мағыналарын өзгерту амалдары көбіне- көп көркем шығарма стилінде кездеседі.
59.КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР МЕН ОМОНИМДЕРДІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН ВЕНН ДИАГРЕММАСЫНА ТҮСІРІП, ТАЛДАҢЫЗ.



60. Қазақ тіліндегі омонимнің жасалу жолдарын атаңыз, мысал келтіріңіз.
Омонимнің білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болады. Мағына жағынан әр ұғымның жақындығы, ұқсастығы сезілмейді. 
Ара:
1.Ара(ағаш кесетін құрал)
2. Ара(жәндік)
3.Ара(қашықтық)
Көп мағыналы сөздер мен омонимдер сыртқы формасы жағынан ұқсас. Олардың өзгешелігі тұлғасында емес, мағынасында. Көп мағыналы сөздің екі немесе одан да көп мағынасы болады және ол бір сөз табына қатысты. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шыққандығын мағыналарының өзара жақындығынан, ұқсастығынан тануға болады. 
Cөз семантикалық жақтан дами келе, мағыналық шеңберін кеңейтіп, әр мағына бір-бірінен өзара алшақтай бастайды. Кейін ол мағыналардың бір негізден шыққанды ұмытылып, тұлғасы бірдей, мағынасы үйлеспейтін омонимдер пайда болады. Мысалы: жабағы...
Қазақ тілінде омонимнің жасалу жолдары:
1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Мысалы: жал, көк.
2.Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер. Мысалы: егер – еер – ер. 
3.Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. А) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе. М: баспа. Ә) –ыс, -іс, -с. Ұрыс, соғыс. Б) –ық, -ік, -к. М: қорық.
4.Өзге тілден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде. а) араб және қазақ: ғайрад – қайрат – қайра+т; ә) парсы және қазақ: гөр – көр: қарау, біреуге көр қазба. Б) орыс және қазақ: кучер - көшір

Түрлері:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет