Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туындысына өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөзің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады.Мысалы
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ (Абай).
Осындағы жастықтың оты, жас жүрек, үміттің атыдеген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіндік қолтаңбасын танытады.Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпыхалықтық емес, жеке қолданыстағы метафоралар деп аталады.
57.АУЫСПАЛЫ МАҒЫНА ЖАСАУДЫҢ МЕТОНИМИЯ ТӘСӘЛІНЕ СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ . МЕТОНИМИЯ ҚАНДАЙ ШЕКТЕСТІАТЕР НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛАДЫ. Метонимия. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метонимия (гр. metonymia өзгертіп атау) деп аталады.
Метонимия мынадай шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
а)қимыл, әрекет пен оның нәтижесінде шектестігі. Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу,ою сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып екіжақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс-әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған.Мысалы: Өз үйінде ою оюламаған адам кісі үйінде кесте тігеді дегендегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс-әрекеттің нәтижесінде туғаны сөзсіз.
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі.Мыс:Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті(Ғ. Мұстафин) дегендегі қазан тамақ орнына жұмсалып тұр.
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі.Мысалы: алмас сөзі қатты асыл металл ұғымын да содан жасалған өткір қару-қылыш дегенді де білдіреді.
в)жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл- әрекет атауларымен байланыстылығы.Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалды.Мәселен, Қарабай Шығайбай сараңдықтың бейнесін де айтылады.
е)іргелес заттық ұғымдардың шектестігі.Мысалы: Бір Абай емес, биылғы жылы отырған бай ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М.Әуезов)дегенде ауыл- ел орнына қолданылып тұр.
ж) жалқы есімдердің бір- бірімен шектестігі.Мысалы: Түс ауа Семейден шыға, Абай қайдасың деп тартып кеттік дегенде Абай- ақын атындағы ауданның атын білдіріп тұр.
58АУЫСПАЛЫ МАҒЫНА ЖАСУДЫҢ СИНЕКДОХА ТӘСӘЛІНЕ СИПАТТАМА БЕРІҢІЗ