48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

одан арылу шаралары 
 
Қ а ж е т т i   ж а б д ы қ т а р. Жарық және электронды микроскоптар, 
Морозов  немесе  Пашен  әдiстерiнде  қолданылатын  бояулар  (реактивтер), 
жағынды  алуға  арналған  төсенiш  шынылар,  Пастер  түтiгi,  тауықтың  3-4 
айлық  балапандары,  пияла  таяқшасы  немесе  тiс  щеткасы,  биопрепараттар, 
көрнекi құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары. 
О р н ы  ж ә н е  ж ү р г i з у  т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi.  Студенттерден  сұрау  арқылы,  шешектiң  түрлi  жануарлар  мен 
құстағы  ерекшелiктерiне  талдау  жасалынады.  Студенттер  патологиялық 
материалдарды алу оны лабораториялық зерттеуге жiберу тәртiптерiн игерiп, 
микроскоптар  арқылы  жағындылардан  қарапайым  денешiктердi,  вирион-
дарды  анықтауды,  биологиялық  сынама  қоюды  үйренiп  биопрепараттармен 
танысады.  Дауалау  және  арылу  шараларына  арналған  жаттығуларды  орын-
дайды. 
Ш  е  ш  е  к  т  i    б  а  л  а  у.  Iндет  алғаш  рет  орын  алған  шаруашылықта 
аурудың түбегейлi балауы iндеттанулық, клиникалық, лабораториялық  әдiс-
тердi жүйелi түрде қолдану арқылы қойылады. 
I н д е т т а н у л ы қ  т а л д а у жүргiзгенде шешектiң жануарлар мен 
құстардағы  таралу  ерекшелiктерiне  мән  берiледi.  Мысалы,  iндет  сиыр  малы 
арасында  байқалса,  адамдардың  вакцинамен  егiлгендiгi  анықталады.  Доңыз 
бен құстың шешегi жәндiктер арқылы таралатындығы ескерiледi. 
К л и н и к а л ы қ  б е л г i л е р i арқылы шешектiң классикалық түрiн 
балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер 
бірнеше  сатыда  байқалады.  Кілегей  қабықтары  мен  теріде  алдымен  1-2  күн 
ішінде  1)  розеолдар  (қызарған  дақтар);  1-3  күн  аралығында;  2)  папулалар 
(қызыл  дақтардың  түйіндерге  айналуы);  5-6  күнде  сарысуға  толған;  3) 
күлдіреуіктер  пайда  болады  (бұл  сатыда  дененің  безгектенуі  бәсеңсиді); 
келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула 
сатысы); 4) круст – кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпите-
лий  қалпына  келеді.  Ал  өте  терең  жарақаттанғанда  тыртық  пайда  болып, 
қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда 
айқын  байқалады.  Ал  қой  мен  доңызда  көпшілік  жағдайда  визикула-папула 
сатылары  байқалмай,  бірден  қабыршықтанады.  Бұл  ерекшеліктер  қой-ешкі, 
доңыз шешегін балауды қиындатады.         
Iндеттен  сау  шаруашылықтарда  шешекке  тән  болжамдар  байқалған 
жағдайда,  аурудың  түбегейлi  балауы  лабораториялық  әдiстердi  қолдану 
арқылы расталынады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ  з е р т т е у:  вирусскопиядан, биологиялық 
сынама  қоюдан  және  патологиялық  материалды  арнайы  торшалар  өсініне 
немесе  тауықтың  эмбрионына  жұқтырудан  (вирустың  түрiне  байланысты) 
тұрады. 

143 
 
Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал 
алмас бұрын шешектiң әртірлi кезеңiндегi жарақаттардың (везикула папула, 
пустула)  бетi  спирттелген  немесе  эфирленген  дәкемен  сүртiледi.  Везику-
ланың  сұйығы,  папула  мен  пустуланың  қырындылары  Пастер  түтiгiне  алы-
нып,  түтiктiң  аузы  қыздырылып  дәнекерленедi.  Жарақаттардан  төсенiш 
әйнектерге  де  жағынды  дайындалады.  Алынған  патологиялық  материалдар 
жаз айларында мiндеттi түрде мұзы бар термоспен жiберiлуi қажет. 
Гистологиялық  зерттеуге  алынған  материал  iшiнде  50%-ды  глицерин, 
10%-ды формалин ерiтiндiлерi бар пиала сауытқа салынып жiберiледi. 
Патологиялық  материалды  зерттеуге  дайындау  тәртiбi.  Материал  
шыны  келiде  келсаппен  ұнтақталынады.  Ұнтақтан  физерiтiндiде  10%-ды 
езiндi дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. 
Тұнбаның  бетiне  түзiлген  мөлдiр  сұйық  бөлiнiп  алынып,  үстiне  пеницилин, 
стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 40С 8-12 сағат ұсталынады. 
Биологиялық  сынама  вакцина  егiлмеген  жануарлар  мен  құстарға  ғана 
қойылады.  Оларға  жоғарыда  көрсетiлген  тәртiппен  дайындалған  материал 
физиологиялық  ерiтiндiде  сұйытылып  (1:1)  әртүрлi  жолмен  жұқтырылады. 
Қой  мен  ешкi  құйрығы  астының  терi  iшiне,  доңыздың  бүйiрiне  енгiзедi. 
Тауық  балапандарының  бiрнеше  мамығы  жұлынып,  орындары  щетка 
көмегiмен дайындалған материалмен ысқыланады.  
Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған терi аймақтарында 
ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдiстер оң нәтиже көрсетсе 
лабораториялық  зерттеу доғарылып шешектiң нақтылы балауы қойылады. 
Д  а  у  а  л  а  у    ж  ә  н  е    а  р  ы  л  у    ш  а  р  а  л    а  р  ы.  Шешеккке  қарсы 
қолданылатын шаралар жүйесiнiң жалпы кестесi 28-суретте көрсетiлгендей.  
 
 
 
 
1.Шарушылыққа,сырттан                 1.Шешекке шалдыққан жануарлардың   
қабылданған жануарлар мен            түрлерiне байланысты карантин немесе 
құсты дауалық карантиндеу.            шектеу жариялау.   
2.Сырттан қауiп төнсе жануар-        2.Ауруға шалдыққандарын сауларынан   
мен құсты вакциналау (әсіресе,        оқшаулап күтiмге алып, емдеу.  
көршi мемлекеттермен шекара-      3.Сауларын арнайы вакцинамен иммундеу  
лас аймақтарда).                                4.Ауруға шалдыққан: қой, ешкi, доңызды   
3.Адамдарды шешекке қарсы         малдәрiгердiң рұқсатымен ғана сою.  
еккеннен кейiн, 15 күн мал-             5.Қора-жайды күйдiргiш натрийдiң 2%-ды 
күтуден босату.                                  немесе жаңа шыланған ә ктiң 10-20%-ды, 
                                                             болмаса формальдегидтiң 2%-ды ерітiн- 
                                                              дiсiмен дезинфекциялау. 
                                                             
28-сурет. Шешекке қарсы қолданылатын күрес шаралары.  
Қой  мен  доңыз  шешегiне  қарсы  жүргiзiлетiн  арнайы  шаралар  мал-
дәрiгерлiк заң кiтаптарындағы нұсқауларда көрсетiлген. Басқа жануарлар мен 
Дауалау шаралары 
Сауықтыру шаралары 

144 
 
құстардың  шешегiне  қарсы  дауалау  және  арылу  шаралары  сол  елдi 
мекендердiң  табиғи  ерекшеліктерiне  байланысты,  iндеттанулық  талдауға 
сәйкес жүйелi түрде жүргiзiледi.  
 
17-зертханалық сабақ. Анаэробты инфекцияларды  балау 
 
Қ а ж е т т i  ж а б д ы қ т а р . Патологиялық материал алуға арналған 
жабдықтар, көрнектi құралдар, жағындылар. 
О р н ы  ж ә н е   ж ү р г i з у  т ә р т i б i . Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы анаэробты микроптар қоздыратын 
инфекцияларды  балау  әдiстерiне  талдау  жасалынып,  олардың  клиникалық 
патанатомиялық  белгiлерiне,  таралу  ерекшелiктерiне  мән  берiледi.  Сту-
денттер  дайындалған  жағынды  препараттарды  микроскоп  арқылы  қарап 
анаэробты инфекцияларды қоздырушы микробтарды бiр-бiрiнен ажыратады. 
Көптеген  басылымдарда  анаэробты  инфекциялар:  «клостридиоздар» 
(микроорганизмдер туыстығының - клостридиум атауынан алынған), «некро-
бактериоздар» деп, бөлініп аталып жүр. 
Клостридиоздар – оттегінсіз (анаэробты) қоректік ортада өсетін, спора-
лар,  токсиндер  түзетін,  Грамм  оң  боялатын  таяқша  формалы    микроорга-
низмдер  қоздыратын  жануарлар  мен  адамның  инфекциялық  аурулары. 
Клостридалар  табиғатта  кең  таралған,  әсіресе  олар  топырақта,  ал  қайсы-
бірлері  жануарлардың  және  адамның  ішегінде  тіршілік  етеді.  Бұл 
микроорганизмдердің негізгі патогендік факторы, олардың организмде және 
қоректік  орталарда  улылығы  өте  жоғары  эндотоксиндерді  түзуі.  Сондықтан 
да,  кей  жағдайда  бұл  ауруларды  клостридиоздардың  себебінен  туындаған 
токсикоинфекциялар деп атайды.  
Некробактериоздар  (Necrobacteriosis)  –  кілегей  қабықтардың,  ішкі  ағза-
лардың,  тұяқтардың  іріңді-некрозды  жарақаттануымен  ерекшеленетін  ауыл-
шаруашылық  және  жабайы  сүтқоректі  жануарлардың  және  құстың  инфек-
циялық ауруы. Бұларға сарып (некробактериоз КРС, северных оленей) және 
шірікбақай  (копытная  гниль  овец)  жатады.  Соңғы  ауру  ұзақ  уақыт  бойы 
некробактериозбен (сарып( шатастырылып келді.  Екі ауруға ортақ ерекшелік 
– қоздырушыларының тек анаэробты қоректік орталарда ғана өсіп-өнуі.  
Сонымен,  анаэробты  инфекцияларға:  қойдың  жұқпалы  энтероток-
семиясы  немесе  жыбырлақ  (инфекционная  энтеротоксемия  овец)  қоздыру-
шысы  Cl.perfringens  D  және  С  типтер,  қойдың  секіртпесі  (бродзот)  – 
Cl.septicum, сіреспе (столбняк)  – Cl. tetani, ботулизм  – Cl.botulinum, қарасан 
(эмфизематозный  карбункул)  –  Cl.chauvoei,  қозының  анаэробты  дизенте-
риясы  (анаэробная  дизентерия  ягнят)  –  Cl.perfringens  В  типі,  сарып  – 
fusobacterium necrophorum, шірікбақай (bacteroides nodosus) жатады. 
А  н  а  э  р  о  б  т  ы    и  н  ф  е  к  ц  и  я  л  а  р  д  ы    б  а  л  а  у.  Бұл  ауруларға 
iндеттанулық  талдау  жүргiзгенде  жануарлардың  күтiмiне,  азықтарына, 
олардың  қандай  жағдайда  ұсталатынына  мән  берiледi.  Сiреспе,  сарып, 

145 
 
шірікбақай  ауруларын  қоздырушы  микробтардың  жануарлар  организмiне 
жарақаттар арқылы берілетiнiне, әсiресе соңғы екеуiнiң қоздырушыларының 
ылғалы  көп  жерде  сақталатыны  назарға  алынады.  Ұзақ  мерзiмде  ылғалды 
жайылымдарда  жайылған  малдың  терiсi  мацерацияланып,  микробтардың 
денеге  енуiне  жол  ашылады.  Сiреспенiң  төлде  спорадиялық  бой  көрсетуiне 
құйрықтарының кесiлуi, тiкенек шөптiң ерiндерiн жарақаттуы, пiшiлуi себеп 
болады.  Анаэробты  инфекцияны  жұғу  жолдарына  байланысты    топтастыру 
29-суретте көрсетiлген. 
Анаэробты  инфекциялардың  қазақша  атаулары,  олардың  өздерiне 
айрықша  тән  клиникалық  немесе  патология-анатомиялық  белгiлерiнен 
алынған.  Сондықтан  оларды  аталған  әдiстердi  қолдану  арқылы  балау  көп 
қйындық тудырмайды. 
Бактериологиялық  зерттеу  бұл  инфекцияларда  ауруды  қоздырушы 
микробтардың  типтерiн  анықтау  мақсатымен  немесе  бұл  iндетерден  ада 
шаруашылықтарда , оларды алғаш рет балағанда жүргiзiледi. 
Бактериологиялық  зерттеу:  материалды  дұрыс  алудан,  микроскопия-
лаудан  және  оны  арнайы  анаэробты  қоректiк  орталарға  (Китт-Тароцци, 
Хотингер,  Вильсон-Блер)  сеуiп  iндеттi  қоздырушы  микробтардың  түрiн 
өсiрiп алып, олардың патогендiлiгiн (немесе токсигендiлiгiн) лабораториялық 
 
 
 
 
 
 
 
   1.Сiреспе                                 1.Қарасан                      1. Ботулизм  
   2.Шірікбақай                          2.Жыбырлақ 
   3.Сарып                                   3.Секiртпе  
                                                    4.Қозының анаэробты дизентериясы 
 
29-сурет. Анаэробты инфекцияларды жұғу жолдарына  
байланысты топтастыру. 
 
жануарларға биологиялық сынама қою арқылы анықтаудан тұрады. 
М а т е р и а л  а л у. Анаэробты инфекциялардың түрлерiне байланысты 
лабораториялық зерттеуге алынатын материалдар да әрқилы. 
Қ а р а с а н д а  патологиялық материал ретiнде өлексенiң зақымданған 
еттерінің  кесінділері  алынады.  Алынған  материал  жаз  айларында  мал 
өлгеннен  кейiн  6  сағат  аралығында,  ал  суық  айларда  12-24  сағаттан 
қалдырмай –  зерттелуi  шарт.  Материал,  сонымен  қатар  тiрi  малдан да  (егер 
аурудың  клиникалық  белгiсi  айқын  көрiнсе)  алынады.  Ол  үшiн  қабынып 
тұрған сықырлақ iсiктiң iшiндегi қанды сұйығы инелi пісек арқылы сорылады 
Анаэробты инфекциялар 
Жарақаттар арқылы 
жұғатындар 
Алиментарлы 
Қоректiк азықтардың 
токсиндi инфекциясы 

146 
 
немесе iсiктi жарып жарақаттанған бұлшық еттен кесiндi (05-1см) алынады. 
Алынған  материал  қыздырылған  тұз,  вазелин  не  болмаса  30%-ды  глицерин 
ерiтiндiлерiнiң бiрiмен консервацияланады. 
С е к i р т п е,    ж ы б ы р л а қ,  қ о з ы н ы ң   а н а э р о б т ы   д и з е н- 
т е р и я с ы н д а жуық арада өлген малдың өлексесiнiң iшегi жынымен бiрге, 
ұлтабардың,  аш  iшектiң;  iшкi  ағзалардың  кесiндiлерi,  жүрек  қаны  (арнайы 
түтiкке  алынып  аузы  дәнекерленедi)  алынады.  Жас  төлдердiң  өлекселерi 
бүтiн күйiнде жiберiледi. 
С  а  р  ы  п  т  а  (бақайқұртта)  тұяқ  арасындағы  жаралардан  жағындылар 
алынып, Грамм әдiсiмен боялып микроскоп арқылы қаралады. Қажет болса, 
қозыларға биологиялық сынама қойылады. 
Ш  і  р  і  к  б  а  қ  а  й  д  а    (жегіде)    зақымданған  терінің  қырындылары 
алынып 30%-ды глицерин ерiтiндiсiмен консервацияланып жiберiледi. 
Сiреспеде  зерттеуге  жараның  экссудаты,  iрiңi,  жарақаттанған  телімнің 
кесiндiлерi және iндет ошағынан алынған топырақ жiберiледi. 
Б  о  т  у  л  и  з  м  г  е  тән  болжамдар  байқалса,  зерттеуге  жануарлардың 
жегенiнен қалған азығы (бұзылғаны) тышқан тектестердiң қиы (топырақпен 
бiрге),  олардың  өлекселерi  (бүтiн  күйiнде)  жiберiледi.  Материалды  орап 
жiбергенде, оны күн сәулесiнен, кебуден сақтау қажет. 
Анаэробты  инфекцияларды  қоздыратын  микробтарды  топырақтан  және 
судан  анықтау  әдістемелері  патологиялық  материалды  зерттеудегiдей.  Тек 
зерттеуге сынамаларды дұрыс алу маңызды. 
С  у  -  астындағы  лай  батпағымен  бiрге  стерильденген  шыны  ыдысқа 
алынады.  Топырақтың  алдымен  беткi  кебу  қабаты  қырылып  тасталынып, 
оның  астыңғы  қабатынан куб  тәрiздес формада (ұзындығы  5-8 см) қазылып 
алынған топырақ жiберiледi. 
  
19- тәжірибелік сабақ. Анаэробты инфекцияларды дауалау және 
олардан  арылу шаралары  
 
Қ  а  ж  е  т  т  i    ж  а  б  д  ы  қ  т  а  р.  Биологиялық  препараттар,  көрнектi 
құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары. 
О р н ы   ж ә н е   ж ү р г i з у   т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi.  Студенттер  анаэробты  инфекцияларды  дауалау  және  олардан 
арылу  шараларына  арналған  нұсқауларды  оқып,  бұл  ауруларда  қолданы-
латын  биологиялық  препараттармен,  дәрi-дәрмектермен  танысады.  Iндет 
ошағында жүргiзiлетiн негiзгi шараларға арналған жаттығуларды орындайды.  
Анаэробты инфекцияға қарсы қолданылатын күрес шаралары шаруашы-
лықтың,  елдi  мекеннiң  бұл  аурулардан  iндеттiк  жағдайына  байланысты 
арнайы нұсқауларға сәйкес жоспарлы түрде жүргiзiледi. 
Қарасан, жыбырлақ, секiртпе, қозының анаэробты дезинтериясы, сiреспе 
ауруларына  қарсы  қолданылатын  биологиялық  препараттардың  тиiмдiлiгi 
жоғары.  Жануарларды  оларға  қарсы  арнайы  вакциналармен,  гипериммунды 

147 
 
сарысулармен  дер  уақытында  егiп  отырған  жағдайда,  белгiлi  бiр  мерзiмге 
дейiн iндеттiң алдын алып отыруға толық мүмкiндiктер бар.  
Сарып пен шірікбақайды дауалау мақсатымен сырттан алынған жануар-
ларды дауалық карантин мерзiмiнде ұстап, тұяқтарын кесiп тазалап, оларды 
10%-ды  формальдегид  немесе  5%-ды  пароформ  ерiтiндiлерi  құйылған 
астаулардан  өткiзiп  отыру  керек.  Iндеттен  ада  шаруашылықтарда  аталған 
шаралар жоспарлы түрде, мал өсiру технологиясына сәйкес жылдың белгiлi 
бiр айларында орындалады. 
Анаэробты инфекциялардың жiтi түрде өршуiне байланысты iндет орын 
алған  шаруашылықта  шектеу  қойылады.  Ауруға  шалдыққан  жануарлар 
клиникалық әдiстердi қолдану арқылы анықталып, сауларынан оқшауланады. 
Емге  жарайтындары  осы  аурулардың  (сарып  пен  бақайқұрттан  басқа-
ларының)  қоздырушыларына  қарсы  алынған  арнайы  қан  сарысуларымен, 
антибиотиктермен  және  басқада  симптоматикалық  дәрi-дәрмектермен 
емделедi.  Iндет  ошағындағы  ауруға  тән  клиникалық  белгiлерi  жоқ,  дене 
температуралары  қалыпты  мөлшердегi  мал  iндеттiң  жұғуына  қауiптi  деп 
саналып, арнайы вакциналармен иммунделедi.  
Сiреспе,  жегi,  бақай  құрт  ауруларын  қоздырушы  микробтар  әртүрлi 
жарақаттар  арқылы  енетiнi  ескерiлiп,  алдыменен  денедегi  жарақаттары 
анықталып, емдi бiрден сол жаралардан бастау қажет. Жарақаттар өлi еттер-
ден  тазаланып  (скальпельмен  өлi  ет  сау  жерінің  беткi  қабатымен  қоса 
сылынып  алынды),  марганец  қышқыл  калийдiң  5%-ды  немесе  басқа  да 
антимикробты  ерiтiндiлердiң  бiрiмен  өңделедi.  Соңынан  денеге  жайылған 
уытты  қайтару  мақсатында  антимикробты  дәрмектер,  анотоксин,  симптома-
тикалық дәрiлер қолданылады. 
Анаэробты  инфекцияларды  қоздыратын  микробтардың  топырақта 
сақталатыны  ескерiлiп  өлiмге  шалдыққан  жануарлардың  өлекселерi,  iндет 
ошағындағы малдың сағдары толық түрде өртелiнуi шарт. 
Iндет  ошағы  тазаланып,  телiм  күйдiргiш  натрийдiң  3-5%-ды  фор-
мальдегиттiң  5%-ды  ерiтiндiлерiмен,  сөндiрiлген  хлорлы  әкпен  күнделiктi 
дезинфекцияланып отырылуы қажет. 
 
Студенттің өзіндік жұмысы: 
 
І.  Індеттік  жағдай.  Жазғы  жайылым  кезінде  қой  отарында  4  қой  аяқ 
астынан өлімге шалдыққан. Шопанның айтуы бойынша қойлардың құйрық-
тары жыбырлап, секіріп-секіріп құлаған, аяқтары тыпырлап тез арада өлген. 
Барлық өлекселердің іштері кеуіп, теңкиіп ісініп кеткені байқалады. Екеуінің 
табиғи тесіктерінен қан аралас ағындылар аққан. Мұның алдында ешқандай 
вакцина қолданылмаған. Алдын-ала қойылған балау – секіртпе.   
Т а п с ы р м а:  
1.  Аурудың  нақтылы  балауын  қою  үшін  қандай  зерттеулер  жүргізу 
қажеттігін, қай инфекциялардан ажырату керектігін көрсетіңіз.   

148 
 
2.  Анықталған инфекция  бойынша  сауықтыру  және  дауалау  шаралары-
ның жоспарын құрыңыз.  
 
ІІ. ІСКЕРЛІК ОЙЫН.  
Аурулардың сәйкес қоздырушыларын табыңыз: 
А. Клостридиоздар қоздырушылары 
Б. Некробактериоздар қоздырушылары 
а) fusobacterium necrophorum; 
б) Cl.septicum; 
в) bacteroides nodosus;  
г) Cl.perfringens. 
Жауап варианттары: 1) Б – а, г;   2) А – б, г;    3) А – б, в;   4) Б – а, в. 
 
18-зертханалық сабақ. Бұзаутазды балау, дауалау және сауықтыру 
  шаралары 
 
Қ а ж е т т i   ж а б д ы қ т а р: Ауру малдан алынған материал 5%-ды 
күйдiргiш натрий немесе калий ерiтiндiлерi, 50%-ды глицерин, төсенiш және 
жабынды  шыны  әйнектер,  шанышқы  ретiнде  –  инелер,  спирт  шамдары, 
биологиялық микроскоптар, ЛТФ-130, СП-1, Ментовак вакциналары, көрнекi 
құралдар, арнайы нұсқаулар. 
О р н ы  ж ә н е  ж ү р г i з у  т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы бұзаутаздың жануарлардағы ерек-
шелiктерiне  талдау  жасалынып,  ажыратып  балауға  баса  назар  аударылады. 
Студенттер  лабораториялық  зерттеуге  материал  алу  оны  зерттеу  әдістеме-
лерін  игерiп,  дауалау,  одан  арылу  шараларына  арналған  тапсырмаларды 
орындайды.  
 
Б  ұ  з  а  у  т  а  з  д  ы   б  а  л  а  у.  Бұзаутазды әр  түрлi  жануарлармен  құста 
трихофитон,  микроспорум  ахорион  саңырауқұлақтары  қоздыратынын 
“Бұзаутаз”  немесе  “Трихофитоз”,  микроспорум  қоздыратын  “Микроспо-
ридоз”, ал ахорион қоздыратынын – “Парша” деп атайды. 
Трихофитон  саңырауқұлақтары  бiрнеше  түрге  бөлiнедi.  Оларға  төрт 
түлiк малдың iшiнде, әсiресе сиырдың бұзауы мен түйенiң ботасы өте бейiм. 
Микроспорум  саңырауқұлақтарына  бейiмдiлер:  мысық,  ит,  жылқы,  терiсi 
бағалы  аң,  маймыл,  тигр  және  адам  (әсiресе  балалар).  Ахорион  саңырау-
құлақтарының  түрлерiне құс  пен  адам бейiм.  Саңырауқұлақтардың бұл  түрi 
сүт қоректiлер арасында ауруды өте сирек қоздырады.  
Б  ұ  з  а  у  т  а  з  д  ы  ң    б  а  л  а  у  ы.  Iндеттанулық,  клиникалық, 
лабораториялық әдiстердi қолдану арқылы қойылады.  
Iндеттанулық  талдау  жасағанда  iндеттiң  ауырған  мал  арқылы  тарала-
тыны ескерiлiп, шаруашылық орналасқан елдi мекеннiң бұзаутаздан iндеттiк 
жағдайы,  ондағы  малдың  жеке  адамдардағы  малмен  өрiстегi,  суаттардағы 

149 
 
қатынастары,  шаруашылыққа  сырттан  малдың  жаңадан  қабылданғаны 
анықталынады.  
Бұзаутазды к л и н и к а л ы қ белгiлерi арқылы диагностикалау қиындық 
тудырмайды. Ауырған бұзаудың бас, мойын терiсiнен домалақ формалы бетi 
қабықтанып  (қабықшалардың  айналасы  қиылып,  үгiлiп  тұрады),  асты  сулы-
iрiңденiп тұратын жараларды көрiп бұзаутазға нақтылы балау қоюға болады. 
Ауруды  қоздырушы  саңырауқұлақтардың  түрi  лабораториялық  зерттеу 
арқылы ажыратылады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ   з е р т т е у  материалды дұрыс алудан, оны 
микроскопиялаудан,  арнайы  қоректiк  орталарда  патогендi  саңырауқұлақ-
тардан  таза  өсiн  бөлiп  алудан  тұрады.  Зерттеуге  зақымданған  терiнiң  беткi 
қабатының  қырындысы  (жүн  талшықтарымен  бiрге),  жараның  астыңғы 
ылғалды  қабыршықтары  алынып  iшiнде  10%-ды  күйдiргiш  натрий  немесе 
калий  ерiтiндiсi  бар  Петри  ыдысына  салынады.  Зерттеу  алдында  материал 
ыдысымен  бiрге  20-30  минут  термостатта  (37-38
0
С)  немесе  аздап  қызды-
рылып инемен ажыратылады. Ажыратылған материалдың бiр бөлiгi төсенiш 
шыныға  тамызылып,  глицерин  тамшысына  орналастырылып  (бетi  жабынды 
шынымен  бастырылады),  микроскоппен  қаралады.  Зақымданған  жүн 
талшықтарының  iшiнде  және  сыртында  трихофитон  саңырауқұлақтарының 
споралары  қатарласып,  ал  микроспорум  споралары  шашылып  орналасады. 
Бұларды  ажырату  үшiн  люминисценттi  микроскопты  қолдану  қажет. 
Микроспорумдар  ультракүлгiн  сәулелердiң  әсерiнен  ашық  жасыл  изумруд 
түрiнде  жарық  (флюоресценция)  бередi.  Керiсiнше  трихофитон  саңырауқұ-
лақтары жарқырамайды (флюоресценция бермейдi). Ахорион саңырауқұлақ-
тары  домалақ  немесе  көп  бұрышты  споралар  түрiнде  зақымданған  жүн 
талшығының  бойымен  орналасады.  Олардың  арасынан  ауа  көпiршiктерiн 
(қара дақтар түрiнде), май тамшыларын көруге болады. 
Саңырауқұлақтардың  таза  өсiнiн  бөлiп  алу  мақсатымен  сiлтiлi  ерiтiн-
дiлердiң  бiрiнде  ұсталынған  материал,  физиологиялық  ерiтiндiде  жуылады 
(центрифугалау арқылы). Зерттеу материалынан үзiлiп шыққан жүн талшық-
тарының  1-2  см  үзiндiлерi  Сабура,  Сусло-агар  немесе  Чапек  қоректiк 
орталардың  бiрiне  орналастырылады.  Материал  өсiрiлетiн  қоректiк  орта 
ауалы (аэробты) кеңiстiкте (26-28
0
С) сақталуы қажет. Микробтардың өспеуi 
үшiн, қоректiк ортаға пеницилин мен стрептомицин қосылады.  
Қоректiк  орталарда  өсiндердiң  өнiп  шығу  мерзiмi  зерттелген 
материалдағы саңырауқұлақтардың түрлерiне, олардың морфологиялық, т.б. 
қасиеттерiне байланысты.  
Б  и  о  л  о  г  и  я  л  ы  қ      с  ы  н  а  м  а    теңiз  тышқанына  немесе  қоянға 
қойылады.  Ол  үшiн  патологиялық  материалдан  немесе  қоректiк  ортада 
өсiрiлiп,  бөлiнiп  алынған  өсiннiң  езiндiсi  лабораториялық  жануарлардың 
арнайы қырылған немесе тырналған терiсiне ысқыланып жағылады. 

150 
 
Д а у а л а у   ж ә н е   а р ы л у   ш а р а л а р ы. Осы мақсаттармен 
жүргiзiлетiн  жалпы  және  арнайы  шаралар  нұсқауларда  көрсетiлген  ереже-
лерге сәйкес жүргiзiледi. 
Трихофитон  саңырауқұлақтары  қоздыратын  бұзаутазды  дауалау 
мақсатында  сиыр  малы  (әсiресе  бұзау  1  айлығынан  бастап)  –  ЛТФ-130, 
жылқы – СП-1, терiсi бағалы аңдар мен қоян – “Ментовак” вакциналарымен 
егiледi.  Сонымен  қатар  мал  қораларында  зоогигиеналық  микроклимат 
(әсiресе  ылғалдылық)  және  басқада  санитариялық  нормативтер  қатаң  түрде 
сақталуы қажет. 
Бұзаутаз  орын  алған  шаруашылықта  немесе  жеке  ауладағы  барлық 
жануарлар клиникалық әдiспен тексерiлiп, ауруға шалдыққандары саулардан 
оқшауланып, емделедi. Спецификалық ем ретiнде бұл iндеттi дауалау мақса-
тында  қолданылатын  арнайы  вакциналар  ауырған  малға  2  рет  ұлғайтылған 
дозада  салынады.  Мал  немесе  аң  терiлерi  өте  қатты  зақымданса,  жоғарыда 
аталған  телімді  вакциналар  2  рет  ұлғайтылған  дозада  2-3  рет  қайталанып 
қолданылады.  Емделген  малдың  жарасының  бетiндегi  қабыршықтарды 
жұмсарту үшiн балық майы, вазелин, өсiмдiк майлары жағылады. 
Вакцина  пайдаланбаған  жағдайда  малдың  жаралары  5-10%-ды  салицил 
майымен  немесе  10%-ды  салицил  спиртiмен,  10%-ды  йод  тұнбасымен, 
фенолмен,  күкiрт  ангидридiмен,  йодоформмен,  бiр  хлорлы  йод,  фунузан, 
брадовен,  3-10%-ды  карбол  қышқылдарымен,  “Ям”  майымен  емделедi. 
Малдың  күйiн  көтеру  үшiн  түрлi  витаминдер,  гризеофульвин  антибиотигi 
жеммен  берiледi.  Соңғысы  жемге  20  мг  (малдың  тiрi  салмағының  әр 
килограмынан) қосылып, малға 1-2 апта бойы берiледi.  
Микроспорум  және  ахорион  саңырауқұлақтары  қоздырған  бұзаутаздың 
адамға  жұғымталдығы  ескерiлiп,  iндет  ошағында  жұмыс  iстейтiн  адамдар 
зооантропонозды  жұқпалы  аурулардан  сақтану  ережелерiн  қатаң  түрде 
орындаулары шарт. 
 
19-зертханалық сабақ. Листериозды балау, дауалау және індет  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет