ошағынан арылу шаралары
Керектi жабдықтар. Шыны сауыттар, қоректiк орталар, жарық микрос-
коптары, төсенiш шынылар, Анилин бояулары, қояндар, ақ тышқандар,
шприц, инелер, спирт шамы, пипеткалар, биопрепараттар, иодты калий,
көрнектi құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары.
Орны және жүргiзу тәртiбi. Сабақ кафедра дәрiсханасында жүргiзiледi.
Студенттерден сұрау арқылы ауруды балау әдiстерiне таладау жасалынып,
iндеттiң таралу ерекшелiгіне мән берiледi. Студенттер материал алу, зерт-
теуді игерiп, дауалау арылу шараларына арналған жаттығуларды орын-
дайды.
151
Листериоздан ада елдi мекендерде ауруды алғаш рет балағанда
iндеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық және лаборотория-
лық әдiстер жүйелi түрде қолданылады.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Листериозға хайуанаттардың 92 түрi
бейiм. Соңғы жылдарда Қазақстан республикасының солтүстiк және шығыс
аймақтарының мал шаруашылықтарында бұл ауру көктемнiң алғашқы
айларында сиыр мен қой арасында оларды сүрлеммен азықтандырғаннан
кейiн бой көрсететiнi байқалып жүр. Мұндай жағдай листерилердi дене-
лерiнде алып жүрген тышқан тектестердiң жаппай өрбiп сүрлемдi
ластауларынан туындалады. Листерилер әсiресе әзiрлеу технологиясы
бұзылғандығынан бүлiнген сүрлемдерде көп уақытқа дейiн сақталады.
Iндеттанулық талдау жүргiзгенде листериоз ауруының дала аңдары және
насекомдар арқылы таралатыны және олар арқылы iндеттiң табиғи
тұйықтылығы белгiлi бiр өңiрде сақталатыны да ескерiлуi қажет.
Листериозға тән к л и н и к а л ы қ белгiлер жануарлардың арасында,
әсiресе қойда айрықша байқалады. Ауырған қойдың басы жотасына қарай
қайырылып, танау қуысынан көбiк ағады.
П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер айқын байқалмайды.
Аурудың нақтылы балауы патологиялық материалды бактериологиялық
әдiспен зерттеу арқылы расталынады. Бактериологиялық зерттеу: матери-
алды микроскопиялаудан, листерилердiң өсiндiсiн арнайы тығыз немесе
сұйық қоректiк орталардан бөлiп алудан, олардың морфологиялық,
биохимиялық, серологиялық қасиеттерiн анықтаудан тұрады.
Патологиялық материал ретiнде жарақаттанған (өзгерiске ұшыраған)
ағзалардың кесiндiлерi және өлексенiң миы толығымен алынады. Материал
форфор тостағанында келсаппен ұнтақталып одан физиологиялық ерiтiндiде
езiндi (1:5) дайындалады.
Дайындалған езiндi Пастер түтiгi арқылы қоректiк орталарға себiлiп, ақ
тышқандардың терi астына немесе құрсақ қуысына 02-05 см
3
көлемде
енгiзiледi. Патологиялық материалда листерилер болса, сынамадағы ақ
тышқандар ауруға тән клиникалық белгiлер берiп 2-7 күнде өледi. Өлген
тышқандардың бауырларынан, бүйрегінен некрозданған ошақтар анық-
талады. Олардан патологиялық материал алынып қоректiк орталарға себiледi.
Листерилер агар қосылған тығыз қоректiк орталарда шық тәрiздес,
шеттерi тегiс көгiлдiр түстi өсiндер түзедi. Ал сұйық қоректiк орталарды
(хотингер, еттi пептон сорпалары) жеңiл түрде лайлайды. Қоректiк орталарда
өскен өсiндiлерден төсенiш шыныға жағынды алып, анилин бояуларымен
бояп қарағанда, листерилер үтiр тәрiздес грам оң таяқшалар түрiнде айқын
көрiнедi.
Листерилердiң патогендiгi биологиялық сынамалар арқылы анықталады.
Ол үшiн қоректiк ортада өсiрiлiп бөлiнiп алынған листерилер өсiндерiнен
(колониялар) дайындалған езiндi қоянның немесе теңiз тышқаны көзiнiң
152
астыңғы қабығына (дорбасына) 2-3 тамшы тамызылады. Көздiң қабықта-
рының қабынып, iрiңнiң пайда болуы листерилердiң патогендiлiгiн көрсетедi.
Листериоздан ада емес шаруашылықтарда бактериологиялық әдiстi
қолдану арқылы дәндi дақылдар, сүрленген мал азықтары, және топырақ
зерттеледi. Зерттеу әдістемелері, патологиялық материалды зерттегендегiдей.
Д а у а л а у ж ә н е і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы
жоспарлы түрде шаруашылықтың, елдi мекеннiң листериоздан iндеттiк
жағдайына байланысты жүргiзiледi (30-сурет).
ДдДдДДАДдД
1.
Мекен жайдың листериоздан iндет 1. Ауруға шалдыққан жану-
ахуалын анықтау. арларды анықтап, оларды оқшау
лап биомицин, тетрациклин және
2.
Сырттан алынған жануарларды иодты калимен емдеу.
карантиндiк мерзiмде оқшаулап Қалғандарын вакциналау.
ұстап, қан сарысуын серология - 2. Емдеуге жарамайтындарын
лық әдiстермен листериозға зерттеу. сойып, етiн қайнатып қолдану.
3.Сапасы төмен сүрлемдi және дәм- 3. Ерiксiз сойылған жануар-
дi дақылдарды бактериологиялық лардың терiсiн зарарсыздандыру.
зерттеуден өткiзу.
4.Мал азықтары сақталатын обьек- 4. Iндет ошағын күйдiргiш
тiлерде тышқан тектес кемiргiшгiш- натридiң 3%-ды ыстық ерiтiн-
терге қарсы арнайы күрес жүргiзу. дiсiмен дезинфекциялау.
5. Ауру шығатын қауiп болса жануар- 5. Бұзылған немесе сапасы
ларды күз айларында листериозға қарсы төмен сүрлемдi және малдың
арнайы күрес жүргiзу. қиын биотермиялық жолмен
зарарсыздандырып, тыңайтқыш
ретiнде пайдалану.
30-сурет. Листериозға қарсы қолданылатын шаралардың
жалпы кестесi.
6. Ауру шығатын қауiп болса
жануарларға күз айында листери-
озға қарсы АУФ штамынан дайын-
далған вакцинамен иммундеу.
6. Адамның листериозға
бейiмдiлiгi ескерiлiп, iндет
ошағында аурудан сақтану
шаралары орындалуы қажет.
Дауалау шаралары
Арылу шаралары
153
2-тарау. ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ
АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Жылқы шаруашылықтарында (фермаларында, ипподромдарда, қымыз
өндіретін шаруа қожалықтарында) бірнеше түлікке ортақ инфекциялық
аурулармен (бруцеллез, лептоспироз, құтырық, тұмау, сальмонеллез, микро-
споридиоз, аспергеллез, т.б.) қатар жылқы малына тән: маңқа, індетті
лимфангит, ринопневмония, инфекциялық (жұқпалы) анемия, тұмау, делбе,
сақау ауруларына қарсы күрес шаралары жүргізіледі.
Бірнеше түлікке ортақ инфекциялық аурулармен күрес шаралары
арнайы бөлімде көрсетілген.
Қазақстанда індеттік жағдайларға байланысты жылқы ауруларынан:
маңқаға, індетті лимфангитке, сақауға қарсы күрес шараларын жыл сайын
жоспарлы түрде жүргізу қарастырылған. Соңғы жылдары асыл тұқымды
жылқы фермаларында сонымен бірге : инфекциялық анемияға, тұмауға қарсы
арнайы шаралар қолданылып жүр.
20-тәжірибелік сабақ. Маңқаны, сақауды, індетті лимфангитті балау.
Дауалау және сауықтыру шаралары
Сабақтың мақсаты. Жылқы ауруларына қарсы түрлі шаруашылық
субьектілерінде аталған инфекцияларға қарсы күрес шараларын ұйым-
дастыру.
Қажетті құралдар. Рефлектор айна, маллеин, көзге препарат тамызғы
түтікше, спирт тампондары, сынамалар алуға қажетті құрал-жабдықтар.
Орны жүргізу әдістемесі. Сабақ жылқы зауыттарында, ипподромдарда,
болмаса қымыз өндіретін жылқы фермаларында жүргізіледі. Студенттер
шаруашылық субъектілерінде маңқаның, індетті лимфангиттің, инфекция-
лық анемияның, тұмаудың, делбенің, т.б. жылқы ауруларының індеттік ахуа-
лын анықтап, індеттанулық, клиникалық зерттеу әдістемелерін меңгереді.
Інтеттанулық талдау жүргізгенде маңқамен тек қана жылқы емес басқа
да тақ тұяқтылар, атап айтқанда: есек, қашыр басқа да жабайы аңдар
(арыстан, жолбарыс, сілеусін, мысық) ауыратыны ескеріледі.
Маңқаға к л и н и к а л ы қ б а л а у қою қиындықтар тудырмайды.
Клиникалық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың танаулық, терілік, өкпелік
формаларда байқалатыны назарға алынады. Танау қуысын ашып қарағанда,
кілегей қабықтарының қабынып, тамырлары қанға толып, ісінген ойық
жаралар көптеп анықталады (31, 32-сурет). Бұндай ойық жараларды бастың,
мойынның, аяқтардың, ұманың терілерінен кездестіруге болады. Өкпенің
қабынуынан мал жөтелгенде қанды-іріңді қоймалжыңдар танау қуысынан
шығады.
Патология-анатомиялық өзгерістер аурудың өршуіне байланысты
әртүрлі. Теріде, танау қуысында, маңқаға тән түйіндер және іріңдеген
154
жаралар немесе тыртықтар кездеседі. Бауырда, өкпеде және лимфа
түйіндерінде әйнек тәрізді қанталаулармен оратылған некроздалуға жақын
түйіндер мен капсула түзген ошақтар кездеседі (32-сурет).
31-сурет. Маңқаға тән белгілер мен
өзгерістер
А -кеңсірік маңқасы: 1-кілегей
қабықтағы маңқа түйіндері;
2-алғашқы жаралар (язвалар);
3-қанға толған көктамырлар,
4-біріккен жаралар; Б-өкпенің
түйінделген жарақаты (созылмалы
өршуі); В-танаудың күлегей
қабығындағы язвалар.
Табиғатта бұл аурудың тұрақты
індет ошағы латентті түрде ауыратын
тақ тұяқты жануарлар сақтайтыны
және бұл аурудың маусымдылығы болмайтыны назарға алынады.
Бұл ауруға қарсы күрес шаралары кешенінде аллергиялық балау
маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта маңқаны анықтауға офтальмомал-
леинизация әдісі кең түрде қолданылады. Қосымша әдістер ретінде клини-
калық балау, серологиялық зерттеу (комплементті байланыстыру реакциясы)
пайдаланылады.
Сақау – организмнің, әсіресе жақ, әуке асты лимфа түйіндерінің іріңді
қабынуымен, жіті өршуімен сипатталатын жылқының және басқа да тақ
тұяқтылардың инфекциялық ауруы.
Ауру қоздырушысы – Adenitis eguorum – коктар жиынтығынан тұратын
стрептококк, Грамм оң боялады, спора түзбейді сыртқы ортаға төзімді.
Тиімді дезинфектанттар ретінде формальдегидттің 2 %-ды, креолиннің 5 %-
ды, күйдіргіш натрдың 5 %-ды ерітінділері қолданылады.
Көбінесе сақаумен тайлар жиі ауырады. Бұл індеттің балауында
індеттанулық және клиникалық әдістер маңызды рол атқарады. Аурудың
балауы жағындыны микроскопиялау арқылы нақтыланады.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде сақаумен әсіресе алты айдан бес
жасқа дейінгі малдың ауыратыны әсіресе, індеттің тайлар арасында жиі
кездесетіні ескеріледі.
Клиникалық балау арқылы сақауды анықтау қиындық тудырмайды.
Ауырған малдың дене температурасы шамадан тыс көтеріліп, жақ асты сөл
түйіндерінің домбығып қабынуы байқалады.
Індетті лимфангит (Lymphangitis episootica, бластамикоз, африкалық
маңқа, лимфа түйіндерінің ііндеттік қабынуы, мандам) тері мен тері асты
155
клетчаткасының сөл түйіндерінің іріңді қабынуымен, грануломатозды
жарақаттармен сипатталатын, созылмалы түрде өтетін тақ тұяқтылардың
жұқпалы ауруы.
Ауру қоздырушысы – Cryptococcus farciminosus – патогенді саңырау-
құлақ, формасы сопақша торша түрінде кездесетін криптококтар. Олар Грам,
Романовский – Гимза әдістерімен жақсы боялады. Арнайы қоректік орта
ретінде Сабуро агары қолданылады.
Ауру қоздырушысы сыртқы ортаға өте төзімді.Тиімді дезинфектанттар
ретінде күкіртті карбол немесе күйдіргіш натрдың 10 % -ды, формалиннің 5
% -ды ыстық ерітінділері қолданылады.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың жылқы шаруашылық-
тарында спорадиялық жағдайда байқалатыны ескеріледі.
Жылқының бұл ауруларын ажыратып балауда маллеин сынамасы басты
рол атқарады. Маңқа бүгінгі күні Қазақстан аумағында тіркелмеген, ал
індетті лимфангит спорадиялық жағдайда кездеседі. Ал сақау ауруы
Қазақстан территориясында жергілікті инфекция ретінде кең түрде
байқалады.
Маллеин сынамасының маңқа ауруын анықтау үшін қолдану көп
қиындықтар тудырмайды. Ол үшін арнайы биофабрикада дайындалған
маллеинді жылқының көзіне тамызу арқылы іске асырады. Реакция нәтижесі
24-сағаттан кейін есепке алынады. Маллеинге оң нәтиже көрсеткен малдың
қан сарысуы КБР-әдісімен зерттеледі. Серологиялық әдіс маңқаның белсенді
формасын анықтауда өте маңызды. Оң серологиялық реакция берген мал өте
қауіпті болып саналады, сондықтан тез арада жойылуы шарт.
Бұл аурумен күрес шаралары нұсқауына сәйкес барлық сойылатын
жылқы, сойылар алдында клиникалық зертеулермен қатар маллеинмен 2-рет
тексеріліп, оның теріс нәтижесі бойынша ғана сойылуға жіберіледі.
Маңқа, індетті лимфангит анықталған жағдайда шаруашылыққа каран-
тин, ал сақауда шектеу қойылады. Бүгінгі күнге дейін бұл ауруларға қарсы
вакцина өндірілмеген. Әйтседе ғылыми деректерде сақауға қарсы вакци-
наның қолданатыны көрсетілген, бірақ ветеринариялық практикада кең түрде
қолданылмайды.
Студенттердің өзіндік жұмыстары ретінде түрлі індеттік жағдайды
шешуге арналған жаттығулар төменде көрсетілген.
1. Індеттік жағдай. Кеген ауданы, Жалағаш ауылдық округінде
орналасқан «Ұзақ» жеке шаруа қожалығында 100 жылқы бар. Оның 30-ы ат,
олар көлік ретінде қолданылады, қалғаны биелер мен тайлар, төрт айғыр
бар. Жылқылар арнайы фермада ұсталады. Ферма төңірегі толық қоршалған.
Мал көктемде және күзде маңқаға аллергиялық әдіспен зерттеліп, топалаңға
қарсы арнайы вакцинамен егіледі. Көктемде 4 тайдың аяқ астынан ауырып,
оның екеуінің өлімге шалдыққаны анықталды. Ауырып тұрған тайлардың
дене температурасы қалыпты жағдайдан жоғары, жақ асты лимфа түйіндері
156
домбығып ісінген, ұстағанда ісіктің жергілікті температурасы көтеріңкі,
пальпациялағанда малдың қатты ауырсынатыны байқалады. Жылқышының
айтуына қарағанда бұрынғы жылдары осындай клиникалық белгілермен
бірнеше тай ауырып өлімге шалдыққан. Қорыта айтқанда, бұл ауылдық
аймақтың сақаудан таза емес екендігі белгілі болды.
Алдын-ала қойылған балау - сақау.
Т а п с ы р м а :
а) аурудың нақтылы балауын қою үшін қандай зерттеулердің жүргізілуі
қажет;
б) Індет ошағынан арылу шараларының жоспарын құру.
2. Індеттік жағдай. «Қабанбай» ауылының жекеменшік шаруа қожалы-
ғына қарасты жылқылардың арасында арбаға жегіліп жүрген бір айғырдың
ақсап ауырғаны анықталды. Клиникалық зерттеу арқылы жылқының
алдынғы аяқтарында ісіктердің бар екені белгілі болды. Ісіктердің бірінен
кейін бірі қатарласып орналасқаны, кейбіреуінің аузы жарылып, олардан ірің
аққаны байқалады. Ауырған жылқының азыққа тәбеті төмендеген, дене
темпреатурасы қалыпты. Мал иесінің айтуына қарағанда малдың ақсауы
бұдан жарты ай бұрын байқалған.
Алдын-ала қойылған балау - індетті лимфангит.
Т а п с ы р м а :
а) Індетті лимфангитті клиникалық белгілері, індеттік ерекшеліктері
және басқа да ауруға тән белгілері бойынша ажыратып балау кестесін
толтыру.
б) Індет ошағынан арылу шараларының қысқаша жоспарын құру.
3. Індеттік жағдай. «Арыстан» базарына еріксіз сойылған жылқының
ұшасы сараптауға әкелінген. Малды сояр алдында зерттеулер жүргізілмеген,
мал дәрігері құжат толтырмаған. Сараптауға жылқының басы, ішкі ағзалары,
терісі, ұшасы әкелінген. Өкпеде қабыну процестері байқалады. Пальпация-
лағанда өкпе ұлпасында қатарласып орналасқан түйіндер кездеседі. Жылқыға
сояр алдында маллеинизация жүргізілмеген.
Т а п с ы р м а :
а) ұшаны құжатсыз ветеринариялық сараптамаға қабылдауға бола ма,
болса қандай зерттеу тәсілдерін қолдану керектігін көрсетіңіз;
б) маллеиниздеу жүргізілмей еріксіз сойылған жылқының ұшасын еркін
сатуға жіберуге бола ма, болмаса қандай шешімдер қабылдану қажеттігін
көрсетіңіз.
20-зертханалық сабақ. Жұқпалы анемияны балау, дауалау және
сауықтыру шараларын ұйымдастыру
Қажетті жабдықтар. Лейкоформуланы анықтауға дайындалған жағын-
дылар (жағындылар алдын-ала кафедрада дайындалады, мүмкіндік болса
157
студенттер өз беттерімен қан алып жағындылар дайындайды). ДПР, ИФР,
ГАР, ИФТ әдістерін қоюға арналған арнайы жиынтықтар.
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ клиникада және кафедра
дәрісханасында жүргізіледі. Клиникадағы жылқыдан қан алынып, жағынды
жасау әдістемелері меңгеріледі, сонымен қатар індеттік жағдайды шешуге
арналған тапсырмаларды оқытушы көмегімен орындайды.
Жұқпалы анемия қазіргі кезде дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде
кең тараған, Қазақстанда да жиі кездеседі.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың созылмалы түрде
өтетіні ескеріліп, нозологиялық балау қоюға баса назар аударылады. Осы
мақсатта бүгінгі күні ДПР, ГАР, ИФТ әдістері кең түрде қоданылады.
Сонымен қатар бұл індеттің маусымдылығына жаз айларында қан сорғыш
маса, соналардың әсері болатыны, індеттің тұрақты ошағын латентті түрде
ауыратын жылқылар сақтайтыны ескеріледі. Аурудың індеттен сау шаруа-
шлықтарда байқалуының негізгі себебі - сырттан әкелінген жылқылар
болады.
Клиникалық белгілер бұл ауруда айқын байқалады. Аурудың негізгі
белгісі малдың температурасының көтеріліп мезгіл-мезгіл безгектенуі. Бұн-
дай жағдай инфекциялық процестің бастапқы белгісі. Аурудың жіті өршуін-
де малдың температурасы 41˚С көтеріліп кейбір жағдайда малдың өлуіне
дейін соқтырады. Ауырған малдардың температурасы ауытқып отырады.
Әсіресе таңертеңгі температурадан кешкі температурасы айтарлықтай
жоғары болады. Сондықтан жұқпалы анемияға секем болған жағдайда әр күн
шаруашлықтағы малдың дене температурасы екі рет тексеріліп отырылуы
ұсынылады. Мал температурасын зертеу нәтижелері аурудың нозологиялық
балауын қоюда маңызды рөл атқарады.
Патология-анатомиялық өзгерістер жұқпалы анемияның жіті, жітіден
төмен өршуі кезінде өлген өлекседе ішектің кілегей қабықтарының нүктелі
қанталаулары, көкбауыр көлемінің бірнеше рет ұлғайып, қанға толып
қызаруы, қара бауырдың өзгеріске ұшырауы, әсіресе аурудың созылмалы
түрінде оны кесіп қарағанда тіліктер түрінде (мускатность) айқындалуы (33-
сурет) байқалады.
Жұқпалы анемияға шалдыққан жылқылар тез шаршайды, әсіресе
ипподромдағы шабыс аттардың жылдамдығы күн санап азая береді. Тіпті
кейбіреуінің аяқтарында, ен шылауында, төсінде домбығулар байқалады. Бұл
ауруда малдың жүрек соғуы ритмі бұзылады. Аускультация жасағанда жүрек
тез қағады. Жүрек жұмысының ауытқуын анықтау үшін 100-метрге жылқы-
ны шаптырып, басында және аяғында жүрек ритімін өлшейді. Ауруға шал-
дыққан жылқыда ауытқулар минуттың бірінші және соңғы секундтарында
айқын байқалады.
Гематологиялық зерттеу нозологиялық балау әдістері ішінде маңызды
рөл атқарады. Зерттеуді динамикада жүргізу қажет. Қанды зерттегенде
анықталатын көрсеткіштер: эритроциттердің отыру жылдамдығы, эрит-
158
роциттер мен лейкоциттердің саны, гемоглобин мөлшері, сонымен қатар
лейкоцитарлық формула. Қанның нәтижелерін бағалағанда төмендегі дерек-
тер басшылыққа алынады (7-кесте).
7-кесте. Жұқпалы анемияда қан көрсеткіштерінің өзгеру мөлшері
Көрсеткіштер
Сау малдікі
Жұқпалы анемиямен
ауыратын малдікі
Гемоглобин
13-14 г/100 мл
25-45% төмен
Эритроциттер
5-6- млн.- 9 млн. дейін
25-45% төмен
Лейкоциттер
7000-10000
өзгеріссіз
Эритроциттердің
отыру жылдамдығы
сағатына 45-60
сағатына 66-80
Лимфоциттер
28-35%
65-75%
Қан көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауы, әсіресе малдың безгек-
тегеннен кейінгі мерзімінде айқын байқалатыны ғылыми деректерде
көрсетілген.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруда айқын емес, бірақ бұл
ауруға тән өзгерістер: лимфа түйіндері қызарыңқы, нүктелі қанталаулар
байқалады, талақ, қара бауыр көлемі аздап ұлғаяды, нүктелі қанталаулар,
сонымен қатар бүйректе кездеседі, жүрек еті әлбетте дегенерацияланады.
Гистологиялық өзгерістер жүректе, бүйректе, талақта, қарабауырда
айқын көрінеді. Қазіргі кезде экономикасы өркендеген мемлекеттерде бұл
ауруды балауға ИФР, ГАР, ДПР, ИФТ әдістері кең түрде қолданылады.
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары. Індетті дауалау
мақсатында сырттан әкелінген жылқы дауалық карантинде ұсталып, міндетті
түрде жоғарыда көрсетілген серологиялық әдістермен зерттеледі.
Ауру анықталған жағдайда індет ошағына карантин қойылып, ондағы
жылқы малының температурасы күніне 2 рет өлшенеді.
159
32-сурет. Маңқа мен жылқы анемиясы.
А – маңқада танаудың кілегей қабығындағы түйіндер мен жаралар; Ә -
маңқада санның ішкі жағындағы жаралар; Б – маңқада өкпедегі түйіндер; В
– анемияда ішектің кілегей қабықтарындағы қанталаулар; Г – анемияда
бауырдың айқын ойылымдануы; Ғ – анемияда көкбауыр фолликуласының
гиперплазиясы.
Індет ошағындағы барлық жылқы 3 топқа бөлінеді: ауру мал тобы,
ауруға күдікті және бейім малдар. Бірінші топтағы малдар жойылады, екінші
топтағылар клиникалық, гемотологиялық, серологиялық әдістермен зертте-
ліп, оларды бірінші немесе үшінші топқа ауыстырады. Үшінші топтағы мал
температурасы күн сайын өлшеніп отырылады. Індет ошағында қан сорғыш
насекомдарға қарсы ветсанитариялық шаралар орындалуы керек.
Карантинді алу шешімі індеттанулық зерттеу нәтижелері негізінде
шығарылады.
21-зертханалық сабақ. Жылқы тұмауы мен ринопневманиясын балау,
Достарыңызбен бөлісу: |