ажырату және дауалау шаралары
Керекті жабдықтар. Диагностикалық препараттар, ветеринариялық
заңдылық.
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер жылқының респираторлық ауруларын балау, ажыратып
160
балау ерекшеліктеріне талдау жасап (төменде көрсетілген), диагностикалық
әдістермен танысып, түрлі індеттік жағдайларға дайындаған оқытушының
тапсырмаларын орындайды.
Студенттер сабаққа келгенде бұл аурулар жайындағы деректермен
танысып, төмендегі сұрақтарға жауап берулері қажет.
1.
Жылқының жіті өршитін респираторлы аурулары, олардың қозды-
рушылары қандай?
2.
Бұл аурулардың негізгі клиникалық белгілері қандай?
3.
Аталған ауруларға қарсы қандай арнайы шаралар қолданылады?
Жылқы тұмауы (Influenzae, грипп) – тыныс мүшелерінің қабынуымен,
дене қызуының көтерілуімен, жөтелмен, коньюнктивитпен, танаудан сора-
ның ағуымен ерекшеленетін, жіті өршитін, аса жұғымтал вирустық ауру.
Ауру қоздырушысы ортомиксовирус тұқымдастығының «А» тобына
жатады. Соңғы жылдары вирустың жаңа штамдары (Америкалық, Чехосла-
вакиялық, т.б.) анықталуда.
Жылқы тұмауына қарсы тірі вакциналар қолданылмайды. Қазіргі кезде
түрлі инактивтелген вакциналар, нұсқауларында көрсетілген схемалары
бойынша қолданылады
Ринопневмония (вирустық іш тастау) – ДНК-лы герпес вирус қозды-
ратын, тыныс мүшелерінің қабынуымен, буаздықтың екінші жартысында іш
тастаумен ерекшеленетін, жіті өршитін жылқы ауруы.
Жылқының жіті өршитін респираторлы ауруларын ажыратып балау
деректері төменде көрсетілген.
Е м і. Ринопневмония мен тұмауда симптоматикалық ем қолданылады.
Індет ошағындағы малға жақсы жағдай тудырып, сапалы азықпен қорек-
тендіреді. Сонымен қатар аутогемотерапия қолданылады. Секундарлы
инфекцияны дауалау мақсатында антибиотиктер немесе сульфаниламид
препараттары қолданылады. Соңғыларын ингаляция түрінде қолдану тиімді.
Ринопневмонияға қарсы қолдануа инактивтелген және тірі вакциналар
ұсынылған. Францияда үшвалентті (тұмау, ринопневмания және реови-
рустар) инактивтелген «резекван» вакцинасы қолданылады.
161
Кл
ин
икал
ы
қ б
елгіле
рі
Жасы
ры
н к
езең
і 1
-1
5 кү
н,
ден
е темп
ер
ату
рас
ы
тұ
рақты
кө
тер
іл
іп
,
безгект
ен
ед
і.
Т
ы
ны
с
ор
ган
да
ры
ны
ң кат
ар
ал
ьд
ы
қаб
ы
ну
ы
, со
ңғы
б
уа
зды
қ
кезең
де мал
ды
ң іш
тастау
ы
,
баст
ы
ң
ісі
ну
і б
ай
қал
ад
ы
.
Жасы
ры
н к
езең
і 6
кү
н,
безгект
ен
у б
ар
лы
қ
мал
да
бо
лма
йд
ы
, р
ин
ит,
қ
ұр
ғақ
жө
тел
. Т
ах
ика
рд
ия,
ар
ит
ми
я, л
ей
ко
ци
то
з,
эри
тр
оц
иттер
ді
ң
от
ы
ру
реак
ци
яс
ы
өте
жы
лд
ам.
Безгекте
ну
к
езең
і өт
е
ұзақ.
Дем шы
ғар
ған
да ж
ағы
мс
ы
з
иі
с
бо
ла
ды
, т
ан
ау
да
н т
ат
тәр
із
дес а
ғы
нты а
ға
ды
.
Н
ов
ар
сен
ол
қа
нға
жі
бер
іл
ге
нд
е тел
ім
ді
әсе
р
етед
і.
Эпи
зо
от
ол
оги
ясы
Ө
те ж
ұғ
ы
мтал
, жі
ті
ө
рш
ид
і,
ін
дет т
үр
ін
де
бай
қа
лад
ы
.
А
ур
у қ
озд
ы
ру
ш
ы
сы
ны
ң
баста
уы
–
а
ур
у мал
дар
,
шар
уаш
ы
лы
қт
ағы
б
ар
лы
қ мал
ау
ы
ры
п,
ж
азыла
ды
. Ө
ршу
і
мал
ды
ң к
үті
мі
не б
ай
лан
ы
ст
ы
.
Стре
сс
фак
то
рл
ар
ы
ны
ң
әсерін
ен
т
уы
нд
ай
ды
, әсі
ресе
мал
қатты ж
ау
раға
нд
а.
И
нфек
ци
я б
аяу
т
ар
ай
ды
.
А
лд
ы
ме
н ау
ру
ж
ы
лқы
ны
ң
жан
ы
нд
а т
ұр
ған
мал
ауыр
даы
.
Қо
зд
ы
ру
ш
ы
сы
Г
ер
пес в
ир
ус
ы
Т
ұмау
в
ир
усы
Ви
ру
с з
ер
ттел
мег
ен
(сек
ун
да
рл
ы
ин
фек
ци
яларм
ен
асқы
на
ды
)
А
ур
у ата
уы
Ри
но
пн
евм
он
ия
Жы
лқ
ы
т
ұм
ау
ы
Жұ
ғы
мтал
пл
евр
оп
невм
он
ия
162
3-тарау. СИЫР, ҚОЙ, ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Сиыр, қой, түйе шаруашылықтарында (фермаларында) бірнеше түлікке
ортақ инфекциялық аурулармен (бруцеллез, туберкулез, трихафитоз, топа-
лаң, сарып, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, анаэробты инфек-
циялар, Ауески ауруы, сальмонеллез, т.б.) қатар күйістілерге тән инфекция-
лық ауруларға қарсы күрес шаралары жүргізіледі. Бірнеше түлікке ортақ
инфекциялық ауруларды балау, дауалау және індет ошағынан арылу
шаралары арнайы бөлімде көрсетілген.
Күйістілерге тән инфекциялық ауруларға: сиыр мен қойдың кампило-
бактериозы, паратуберкулез, түйенің обасы, қара сүйел (эктима), лейкоз,
сиыр мен қойдың обасы, сиырдың жұғымтал плевропневмониясы, қарасан,
сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, қойдың хламиоздық іш тастауы, қойдың
катаральды қызбасы (блютанг, көктүл), сиырдың вирустық диареясы,
парагрипп-3, аденовирустар, реовирустар, риновирустар қоздыратын сиыр
аурулары, баяу инфекциялар (энцефалопатия, скрепи, висна-маеди, адено-
матоз), т.б. жатады.
Қазақстанның сиыр және қой, түйе шаруашылықтарында аталған
аурулардың ішінде кездесетіндері: кампилобактериоз, паратуберкулез, қара
сүйел, қойдың хламиоздық іш тастауы, сиыр лейкозы, түйе обасы және
респираторлы вирустық аурулар. Бұл инфекцияларға қарсы күрес шараларын
жоспарлы түрде орындау қарастырылған.
Күйістілердің инфекциялық ауыруларының ішінде сиыр мен қойдың
кампилобактериозы, қойдың хламиоздық іш тастауы, қозының қара сүйелі,
сиырдың лейкозы шаруашылық экономикасына елеулі нұқсан келтіреді.
22-зертханалық сабақ. Кампилобактериозды балау және
дауалау шаралары
Керекті жабдықтар. Мақта тампондар, жыныс органдарынан сілекей
алуға арналған ыдыстар, пробиркалар, жағынды алуға төсеніш шынылар,
микроскоп, антибиотиктер, басқа да антибактериальды препараттар.
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ сиыр фермасында, қасапханада
немесе ветерианриялық клиникада жүргізіледі. Студенттер клиникалық
зерттеу тәсілдерін меңгеріп, кампилобактериозға зерттеуге малдың
қынабынан, жатыр мойнынан, бұқалардың шыбық қабынан арнайы қасық,
түтікшелер арқылы сынамалар алуды меңгереді.
Індеттанулық балау жүргізгенде табындағы малдың осы аурудан 60%
жағдайға дейін қысыр қалатыны ескеріліп, олар күйлесе де ұрық ұста-
майтыны және сервис кезеңінің ұзаруы назарға алынады. Бұндай малдар 3-4
рет күйлегеннен кейін барып, ұрық ұстаулары мүмкін.
163
Кампилобактериозға тән басқа бір классикалық белгі – малдың буаздық
кезеңінің кез-келген кезінде, әсіресе 3-6 айлығында іш тастауы. Іш тастаған
малдарда шудың ұзақ уақытта түспеуі жиі байқалады.
Сиырдың қысыр қалу себептерін анықтағанда, қандай бұқамен шағы-
лысқанын, болмаса қандай бұқаның ұрығымен ұрықтанғанына назар
қойылады. Егер қолдан ұрықтандыру қолданылса, онда 1 бұқаның ұрығымен
түрлі шаруашылықтарда іш тастау жағдайлары болып-болмағаны анықта-
лады.
Лабораториялық зерттеуге жаңадан алынған түсік, қағанақ, оның суы
немесе тірі малдың жатыр мойнынан стерильді тампон арқылы алынған
кілегей алынады. Зерттеуге алынған материал тез арада лабораторияға
жеткізілуі қажет, болмаса төменгі температурада сақталуы керек. Мүмкіндік
жағдай болғанда алынған материал практикалық жағдайда, тез арада қоректік
ортаға себілуі тиімді саналады.
Серологиялық зерттеуге қынаптан алынған кілегей агглютинация
әдісімен зерттеледі. Бұл әдісті қынап кілегейімен агглютинация реакциясы
(ҚКАР) деп атайды, орысша атауы (РАВС). Қойларда қан сарысуы АР-мен
зерттеледі. ҚКАР практикада қосымша әдіс ретінде қолданылады.
Бактериологиялық зерттеу материалды (түсіктің асқазанындағы
сұйықтықты) микроскопиялаудан тұрады. Спираль тәріздес микроорга-
низмдердің анықталуы алдын ала балау қоюға мүмкіндіктер береді.
Бұқалардың шыбық қабынан алынған кілегейді зерттеу арқылы ауру
қоздырушысын анықтау мүмкіндігі өте төмен. Себебі алынған кілегейде
басқа да микрофлоралар көптеп кездеседі.
Соңғы жылдары тайынша-тест деп аталатын Адлер әдісі практикада
тиімді қолданылады. Ғылыми деректерге қарағанда бұл әдіс арқылы абсо-
лютті жағдайда ауру қоздырушысын жұқтырған бұқаны анықтауға болатыны
көрсетілген.
Қойдың кампилобактериозының балауын бактериологиялық зерттеу
арқылы қоюға болады. Қойда бұл аурудың негізгі клиникалық белгісі – іш
тастау, әсіресе буаздықтың соңғы кезеңінде. Әлбетте тұсақ қойларының
(бірінші туыт) бұл аурумен қоса жаппай хламидиозды инфекциядан іш
тастайтынын назарға алу қажет.
Кампилобактериоздың індет ошағында ветсанитариялық шаралар қатаң
орындалып, ауру мал оқшауланып, антибиотиктер басқа да антибакте-
риальды препараттар қолданылады. Бұқаларды емдеу қиындықтар тудырады.
Бұл мақсатта қолданылатын емдік шаралар схемалары арнайы препараттарды
қолдану нұсқауларында көрсетілген.
21- тәжірибелік сабақ. Паратуберкулезді балау, дауалау және
сауықтыру шаралары
Керекті жабдықтар. Альттуберкулин, құс туберкулині, 2 грамдық
піскектер, арнайы туберкулиндеу инесі, 70%-ды спирт.
164
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ клиникада немесе шаруашы-
лықта жүргізіледі. Студенттер індеттанулық, клиникалық балау деректерін
талдап, аллергиялық зерттеу әдістемелерін меңгеріп, ішектен жағынды алуды
үйренеді.
Індеттанулық балау қойғанда сиыр малынан басқа бұл аурумен жұп
тұяқтылар (түйе, қой, ешкі, бұғы, қодас, зебу, киік) ауыратыны ескерілуі
қажет. Паратуберкулез қоздырушысын жоғарыда көрсетілген малдардың
тасымалдаушысы ретінде болатыны ескеріліп, сырттан шаруашылыққа
аналық мал тобын толықтыруға арналып алынған малдардың болып-
болмағаны анықталады.
Аурудың айтарлықтай маусымдылығы жоқ, көбінесе кальций, фосфор
элементтері тапшы сазды аймақтарда кездеседі. Негізгі жұғу жолдары али-
ментарлы.
Сырттан мал әкелінген жағдайда ол аймақтың бұл аурудан індеттік
ахуалы нақтыланады. Сонымен қатар шаруашылықтың мал азығымен
қамтылғаны, оның құнарлығы, рационда концентраттар мен шөптің, басқа да
минералды азықтардың баланстары зерттеледі. Аурудың спорадиялық
жағдайда, әсіресе қыс айларында 3-5 жастағы малдарда анықталатынына мән
беріледі.
Клиникалық балау. Паратуберкулезге тән клиникалық белгілердің бірі
– малдың ішінің өтуі. Ауырған малдың сүті азайып, малдың іш өтуі күннен
күнге ұлғая береді, малдың өте қатты күшенуінен омыртқасының
майысатыны байқалады. Нәжісі – кілегейлі болып, көпіршіктеніп, тіпті қан
араласу жағдайы да байқалады. Нәжісте жағымсыз иістер болады. Малдың
тұрақты ішінің өтуіне қарамастан, дене температурасы өзгермейді және
азыққа деген тәбеті жоғары болады. Аурудың соңғы кезеңінде малдың
азыққа тәбеті төмендеп, қатты шөлдейді.
Ауруға нақтылы балау қою үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
Ол үшін тік ішектің кілегей қабығынан жағынды алып (аз дегенде 10 сынама)
Силь-Нильсен бояуымен бояп қарайды. Теріс нәтиже алынған жағдайда
малды сойып, аш ішекті мұқият зерттеп, жарақаттанған ішектің сілекейінен
жағындылар жасалып, микроскопияланады, сонымен қатар гистологиялық
зерттеу жүргізіледі.
Бұл індеттен сау емес шаруашылықтарда инфекциялық процесс латентті
түрде байқалатыны ескеріліп, жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер
байқалмаған жағдайда аллергиялық сынама қойылады. Осы мақсатта
алдымен табындағы мал туберкулезге аллергиялық зерттеледі. Оң нәтиже
көрсеткен малдар оқшауланып, қалғандары құстарға арналған альттубер-
кулинмен тексеріледі.
Қойлар 3 айынан бастап құсқа арналған туберкулинмен зерттеледі.
Туберкулин көздің төменгі қабағының тері астына жіберіледі. Соңғы
жылдары қойға құс туберкулинін жамбастың ішкі жағының тері ішіне
жібереді. Реакция нәтижесі 48 сағаттан кейін есепке алынады. Туберкулин
165
еккен жерде қабыну ошағының пайда болуы, оң нәтиже деп саналады.
Ғылыми деректерде КБР әдісін қолдану ұсынылған.
Табынды сауықтыру шаралары. Ауру анықталған жағдайда шаруа-
шылыққа шектеу қойылып, клиникалық, аллергиялық, серологиялық зерттеу-
лердің нәтижесі бойынша оң нәтиже көрсеткендерін оқшаулап, жояды. 3
айдан кейін қайталап малды жаппай аллергиялық әдіспен тексереді.
Тек табын бойынша алынған 2 реткі теріс нәтижеден кейінгі бақылау-
лық мерзімдегі тексерулерде ауру мал анықталмаған жағдайда ғана, қоры-
тынды дезинфекция жүргізіліп , шектеу алынады.
33-сурет. Сиыр аурулары.
А – паратуберкулез қоздырушысы; Г – зілді катаральды қабынудағы
конъюнктиваның жарақаттануы; Б – жұғымтал плеропневмонияда өкпенің
жарақаттануы (гепатизациялану сатылары); В – вирустық диарея кезінде
ауыз қуысының, танау айнасының жарақаттануы; Г – сиыр обасында
еріннің жарақаттануы; Ғ – қарасан қоздырушысы.
23-зертханалық сабақ. Сиыр лейкозын балау, дауалау және сауықтыру
шаралары
Керекті жабдықтар. Арнайы слайдтар, видеофильм, гемотологиялық
«лейкоз кілті» (сиыр лейкозын балау әдістемесі), диагностикумдар,
патология-анатомиялық препараттар.
166
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында
жүргізіледі. Студенттер балау әдістерімен танысып, оларды бағалайды.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде ауру қоздрушысының бастауы ауру
мал екені, табиғи жағдайда тұқым қуалау (ген арқылы) сонымен бірге ауру
малдың сүті, тікелей және жанама жанасу жолдарымен, қан сорғыш
кенелермен берілетіні ескеріледі.
Вирус қан алатын ине, шәует арқылы берілетіні назарға алынып, сүт
фермаларында вет.санитариялық шаралардың сақталуына мән беріледі.
Зерттеу барысында малдың жасы, гематологиялық зертеу нәтижелері назарға
алынады.
К л и н и к а л ы қ зерттеудің маңыздығы төмен, әйтсе де мал ұшасын
сараптауда, басқа да тексерулерде ісіктерге мән беріледі.
Г е м о т о л о г и я л ы қ балауда, қан элементтерінің сандық және
сапалық көрсеткіштеріне «лейкоз кілті» бойынша талдау жасалынады. Қанда
толық жетілмеген, атипикалық торшалардың болуы бұл ауруға күдік
тудырады.
Лейкоциттер саны арнайы электрондық есептегіш құрал немесе Горяев
камерасы арқылы есептеліп, лейкоцитарлық формула шығарылады.
Сау, лейкозға күдікті және ауру малдың лейкоциттері мен лимфо-
циттерінің сандық көрсеткіштері 8-кестеде көрсетілген.
Лейкозда қандағы өзгерістер тұрақты болмайды.
С е р о л о г и я л ы қ зерттеумен сиыр малы 6 айлық тайынша кезінен
зерттеледі. Осы мақсатта ИФР, КБР, ДПР, ИФТ, ГАР (жанама варианты)
практикада қолданылады. Бұлардың ішінде ДПР мен ИФТ тиімді әдістер
ретінде саналады.
8-кесте. Сау, ауруға күдікті және лейкозбен ауру сиырдың 1мм куб қанында
лейкоциттер мен лимфоциттердің саны.
Малдың
жасы
Сау малдың
лейкоциттер
саны
Лимфоциттердің абс. саны
лейкозға
күдікті сиырдікі
лейкозбен
ауру сиырдікі
2-4
11 000-ға дейін
8000-10000
10 000-нан жоғары
4-6
10 000-ға дейін
6500-9000
9000-нан жоғары
6 жастан
жоғары
9000-ға дейін
5500-8000
8000-нан жоғары
Е с к е р т у : кейбір созылмалы аурулар (перикардит, ретикулит,
гепатохолангит, бауыр циррозы, туберкулез, бруцеллез, т.б.) да лейкоцитоз
болатыны ескерілуі қажет.
167
Серологиялық реакциялар лейкозды дауалау, ал сау емес шаруашы-
лықтарда сауықтыру мақсатында қолданылады. Лейкоздан табынды сауық-
тыру шаралары арнайы нұсқауда көрсетілген.
22- тәжірибелік сабақ. Сиырдың респираторлы вирустық ауруларын
балау, олармен күрес шаралары
Қажетті жабдықтар. Арнайы вакциналар, диагностикумдар жиынтығы,
антибиотиктер, сульфаниламидтер, иммунды глобуллиндер, препараттарды
аэрозольды жолмен қолдануға арналған құрал-жабдықтар.
Сабақ кафедрада жүргізіледі.
Респираторлы ауруларды б а л а у ж ә н е а ж ы р а т ы п б а л а у.
Респираторлы аурулар (тыныс, ас қорыту жолдарының, көздің және
қынаптың кілегей қабықтарының қабынуымен ерекшеленетін вирустық
аурулар тобы) тізіміне: вирустық ринотрахеит, диарея, парагрипп-3,
аденовирустар, реовирустар және риновирустар қоздыратын инфекциялар
жатады. Бұларға тән заңдылықтар - олардың бір мезгілде қосалқы инфекция
түрінде байқалуын бірін - бірі асқындыруы, ал кейбір жағдайда олармен
микоплазма және бактериялар қоздыратын инфекциялардың қабаттасуы.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т е у негізінде індет процесінің қарқыны,
олардың шығу және таралу себептері, күтімі мен азықтандырылуы талда-
нады.
К л и н и к а л ы қ з е р т т е у инфекциялық аурудың нозологиялық
балауын қоюға мүмкіндік бермейді. Алайда, байқалатын клиникалық белгі-
лер індеттің табиғатын нақтылы анықтауға қажетті зертеу материалдарын
дұрыс алуға керек.
Аурудың жалпы балауын қоюда, өлген және еріксіз бауыздалғандарын
ж а р ы п з е р т е у қажеттілігі пікірталастар тудырады.
Вирустық аурулардың нозологиялық балауында лабораториялық эерттеу
шешуші рөл атқарады. Оларға жалпы індеттану бөлімінде көрсетілген (ОІЕ
ұсынған тестер) әдістермен белгілі бір малдан 10 күн аралатып алынған қ о
с қ а н с а р ы с ы н серологиялық зерттеу жатады. Екі рет зерттегенде қан
сарысуларында антиденелер титрі деңгейінің динамикада өсуі, организмде
телімді антигеннің әсерінен инфекциялық процестің туындағаны анық-
талады.
Вирусты бөліп алып, түрін анықтау арудың нақтылы балауын дәл қоюға
мүмкіндік береді. Зерттеу материалы ретінде танау қуысының, көздің,
қынаптың кілегей қабықтарынан қырынды,шайынды ал, диареяда – тік
ішектен алынған нәжіс қолданылады. Өлген, еріксіз сойылғандарының ішкі
ағзаларынан (өкпе, бауыр, бүйрек т. б.), лимфа түйіндерінен, ішектен кесін-
ділер эерттеледі. Материал жаңа болу кажет.
Вирустық дираеяда гепаринделген немесе цитратталған қан, мезен-
териалды лимфа түиіндері, ішек бөлімдерінің, өкпе мен талақтың кесінділері
168
зерттеледі. Егерде материал антибиотиктер қосылған Хенк ерітіндісіне
бірден салынбаса, оны лабораторияға мұзы бар термоспен тасымалдайды.
Балаулық зертеулерде қосалқы инфекциялар ескеріліп, бактериоло-
гиялық тексерулер де жүгізіледі.
Д а у а л а у і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы. Сиыр
малының респираторлық ауруларын дауалау және емдеу мақсатында аталған
инфекциялармен ауырып жазылған малдың қан сарысулары қолданылады.
Қан сарысулары індет ошағындағы сойылған малдан алынады. Арнайы
дайындалған гипериммунды қан сарысуларын да тиімді пайдалануға болады.
Қосалқы инфекцияларға қарсы: антибиотиктер, сулфаниламидтер, судың
шала тотығы, сүт қышқылы т. б. қолданылады.
Аталған дәрмектерді вирустық ауруларда аэрозол түрінде пайдаланған
тиімді. Ол үшін мал тұрған қора толық тұмшауланып (герметикаланып),
қолданылатын дәрі-дәрмектер суда ерітіліп, арнайы қондырғылар (генерато
рлар, бүріккіштер) арқылы тозаңдатылады. Аэрозолды ортада мал 60 мин.
ұсталады (түрлі препараттарды аэрозолды қолдану технологиясы арнайы
нұсқауларда көрсетілген).
Вирустық ауруларды телімді дауалауға қазіргі кезде поли вакцина-
лардың кең түрде қолданылуы қарқынды тенденция алуда. Мысалы,
ринотрахеитке, парагрип-3, вирустық диареяға қарсы осы аурулардың
антигендерінен дайындалған поли вакциналар практикада кең түрде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |