Студенттің өзіндік жұмысына. Тапсырма:
1. Сиырдың респиратолық вирустық ауруларына: індеттік ерекшеліктері,
негізгі клиникалық белгілері, патология-анатомиялық өзгерістері бойынша
ажыратып балау кестесін құру. Кестені құрау тәртібі төмендегідей. Кестенің
вертикалды (тік) бағанасындағы толтырылуға берілген көрсеткіштер: бейім
малдың түрі, жастық бейімділігі, негізгі жұғу жолдары, індет процесінің
қарқыны, тыныс жолдарының жарақаттануы, өкпенің жарақаттануы, ас
қорыту мүшелерінің жарақаттануы, басқа да ауруға тән клиникалық белгілер
(аборт,артрит т.б.), серологиялық балау әдістері, қолданылатын вакциналар.
Аталған көрсеткіштер кестенің горизонтальды бағанасындағы аурулар
(сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, вирустық диареясы, парагрипп-3,
аденовирустар, реовирустар, риновирустар) бойынша толтырылады.
169
4-тарау. ДОҢЫЗ ФЕРМАСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН
КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Доңыз өсіретін фермаларда, шаруа қожалықтарында бірнеше түлікке
ортақ инфекциялық аурулармен (топалаң, бруцеллез, лептоспироз, пасте-
реллез, сальмонеллез, анаэробты энтеротоксемия, колибактериоз, шешек,
оба, т.б.) қатар осы жануарға тән, атап айтқанда: тілме, оба, вирустық
гастроэнтерит, дизентерия, жұқпалы атрофиялық ринит, энзоотикалық пнев-
мония, энзотикалық энцефалит (Тешен ауруы) ауруларына қарсы күрес
шаралары жүргізіледі.
Қазақстанда індеттік жағдайға байланысты негізінен тілмеге, обаға,
вирустық гастроэнтеритке, дизентерияға, жұқпалы атрофиялық ринитке,
энзоотикалық пневмонияға, энзоотикалық энцефалитке (Тешен ауруына),
доңыздың везикулярлық ауруына қарсы күрес шараларын жоспарлы түрде
жүргізу қарастырылған.
24-зертханалық сабақ. Тілме мен обаны балау, дауалау және
сауықтыру шаралары жүйесі
Керекті құралдар. Шаруашылықтың инфекциялық аурулардан ветери-
нариялық есеп құжаттары, вакцинация жүргізуге қажетті жабдықтар,
лабораториялық экспертизалар.
Орны және жүргізілу әдістемесі. Сабақ доңыз фермасында жүргізіледі.
Студенттер індеттанулық зерттеу жүргізу арқылы шаруашылықтың тілмеден,
обадан басқа да жұқпалы аурулардан індеттік жағдайын анықтайды.
Жүргізілген күрес шаралар жүйесіне талдау жасап, бағалайды. Практикалық
жағдайда жануарларды егу әдістемелерін меңгереді. Тілме мен обаны
өздеріне тән клиникалық және патологиялық ерешеліктеріе байланысты
ажыратып балауға арналған іскерлік ойын тапсымаларын шешеді.
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша алдын ала дайындалып
келулері қажет:
1. Оба мен тілменің Қазақстандағы доңыз өсіретін шаруашылықтары
мен фермаларында індеттік жағдайы қандай?
2. Бұл аурулардың балауында қандай тәсілдер маңызды рөл атқарады?
3. Бұл ауруларда қандай вакциналар қолданылады?
4. Обаны тілмеден қандай клиникалық белгілері, паталогиялық-
анатомиялық өзгерістер арқылы ажыратуға болады?
Оба (Pestis suum) – геморрагиялық диатезбен, өлі тиюмен, ішектің
крупозды-дифтериялық және ойық жаралы жарақаттануымен сипатталатын,
өте жұғымтал вирустық ауру.
Қоздырушысы РНК-лы тоговирус. Сыртқы ортада вирус ұзақ уақыт
сақталып (негізінен қыс кезінде) вируленттігін жоймайды, тиімді дезин-
170
фектанттар ретінде күйдіргіш натрдың және формальдегидтің 2-3%
ерітінділері қолданылады.
Індеттанулық зерттеу жүргізгенде обамен үй және жабайы
доңыздардың жасына, жынысына, тегіне қарамай ауыратыны назарға
алынады.
34-сурет. Доңыз обасы.
А – терідегі қанталаулар; Ә - лимфа түйініндегі қанталаулар;
Б – жұтқыншақтағы қанталаулар; В – Еуропа обасында талақтағы
инфаркттар; Г – бүйректің нүктелі қанталаулары; Ғ – тоқ ішектің кілегей
қабығындағы «бутондар».
Ауру қоздырушысының бастауы ретінде вирусты тасымалдаушылар,
ауырып жазылған доңыздар басты рөл атқаратыны ескеріледі. Талдықорған
обылысының шаруашылықтарында 1980 жылдары бұл аурудың шығуына
европалық мемлекеттерден әкелінген ет-сүйек ұнтақтары (витаминді-
минералды азықтар) себеп болған.
Обаға індеттанулық тұрғыдан талдау жүргізгенде шаруашылықтың
немесе індет анықталған ауылдық округтің басқа аймақтармен шаруашылық-
экономикалық байланыстары, ол өңірлерден мал өнімдерінің қалдықтары
171
әкелінгендігі, әкелінсе ондай азықтардың залалсызданғандығы анықталады.
Шаруашылыққа жануарлардың өзге өңірлерден әкеліп, әкелмегендігіне назар
аударылады. Обаның ошағын табиғатта жабайы доңыздардың сақтайтыны
назарға алынады.
Клиникалық белгілер бұл ауруда өте айқын. Ауру аяқ астынан
басталып, жануардың дене температурасы 42˚С дейін жылдам көтеріліп,
доңыздың құты қашып, азыққа тәбеті төмендеп, шөлдеу байқалады. Теріде
бұл ауруға тән қызыл дақтар пайда болады. Аурудың жіті өршуінде өлімге
шалдығу пайызы өте жоғары.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер бұл ауруда басты рөл
атқарады. Атап айтқанда тоқ ішекте ойық жаралар (бутондар) пайда болады.
Олардың беткі қабаты ірімшік тәріздес қабыршықтармен көмкерілген.
Өзгерістер талақта айқын байқалады. Оның шеттерінде қызыл-қара түсті
тығыз түйіншектер (геморрагиялық инфаркттар) пайда болады. Ішкі
ағзаларда, әсіресе бүйректе, қуықта қанталаулар анықталады (34-сурет).
Жоғарыда аталған өзгерістер обаға алдын ала нозологиялық балау қоюға
жақсы мүмкіндіктер береді.
Практикалық жағдайда обаның басқа секундарлы инфекциялармен
асқынуы жиі ұшырасып, ажыратып балау проблемасын тудырады.
Доңыз обасын африка обасынан, пастереллезден, сальмонеллезден,
тілмеден, тұмаудан, Ауески ауруынан ажырату керек. Ол үшін жоғарыда
аталған клиникалық және патологиялық ерекшеліктерімен қатар, сезімтал
серологиялық тестерді (ИФР, ДПР, ИФТ, т. б.) қолдану қазіргі кезде өте
маңызды.
Дауалау індет ошағынан арылу шаралары. Обаға қарсы имундеу
жүйесі індеттік жағдайға байланысты. Обаны дауалау шаралары негізінен
шаруашылықты немесе ауылдық округті вет.санитариялық тұрғыда қорғау-
дан тұрады. Әсіресе вирустың сырттан зарарлы мал өнімдері, қалдықтары
арқылы келмеуі қадағаланады.
Бүгінгі күні обаға қарсы көптеген вакциналар қолдану ұсынылған.
Ресейде өндірілетіндері: штамм –К, АСВ, ВГНКИ, ЛК-ВНИИВВиМ, алыс
шет елдерде: штамм Минисотта, т.б.
Індет ошағынан арылу шаралары кординалды түрде жүргізіледі. Яғни
ондағы барлық мал жойылып, қатаң вет.санитариялық шаралар орындалады.
Тілме (Erysipelas suum, рожа) жіті өршуінде өлі тиюмен және терінің
қабынған эритемасымен, ал созылмалы түрінде эндокардит, артритпен
сипатталатын доңыз ауруы.
172
35-сурет. Тілме.
А – жіті өршу кезіндегі терідегі эритематозды дақтар, Ә – аурудың
бастапқы кезіндегі тікбұрыш, ромб тәрізді эритематозды дақтар;
Б – аурудың даму кезіндегі тікбұрыш, ромб тәрізді эритематозды дақтар;
В, Г – жүрек клапанындағы фибринозды үйінділер (сүйелденген эндокардит);
Ғ – қарын түбі кілегейлі қабығының домбығып, нүктеленіп қанталануы;
Д – аурудың созылмалы түріндегі терінің некроздануы.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы (Erysipelothrix insidiosae) спора капсула
түзбейтін полиморфты Грамм оң боялатын бактерия.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл ауруға доңыздан
басқа ақ тышқандардың, көгершіннің, басқада үй және жабайы құстың бейім
екені ескеріледі. Ауру қоздырушысының бастауы ауру жануар, сонымен
қатар ауырып-жазылған теңіз тышқаны, кеміргіштер, құс сонымен қатар
олардан бөлініп шыққан экскременттер болатыны, індеттің шығуына орга-
низм резистентлігінің төмендеуі себеп болатындығына назар аударылады.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р бұл ауруда айқын байқалады.
Инфекциялық процесс жіті өршіп ауру аяқ астынан басталып, жануардың
дене температурасы 41˚С дейін жылдам көтеріліп, доңыздың құты қашып,
азыққа тәбеті төмендеп, шөлдеу байқалады. Теріде бұл ауруға тән төртбұ-
рышты ромбик тәріздес қызыл, эритемазды дақтар пайда болады (31-сурет).
Терідегі қызыл дақтар оба ауруында да кездеседі. Алайда доңыз обасында
қызыл дақтар қанталаулардан туындалса, тілмеде анықталатын қызару
гиперемия нәтижесінде туындалады. Обада пайда болған қызыл дақтарды
саусақпен басып қарағанда жоғалмайды. Керісінше екінші ауруда терідегі
173
қызыл дақтар саусақпен басып көргенде жоғалады. Аурудың созылмалы
түрінде терінің некроздануы кездеседі (36-сурет).
П а т о л о г и я л ы қ ө з г е р і с т е р тілмеде айқын емес, әйтседе
теріде қызыл дақтар қалады, асқазан мен аш ішекте және лимфа түйіндерінде
гиперемия, жүрек клапанында фибринозды үйінділер (сүйелденген эндокар-
дит), қарын түбі кілегейлі қабығының домбығып, нүктеленіп қанталануы (35-
сурет) анықталады.
Тілменің нақтылы балауы бактериологиялық зерттеумен расталынады.
Е м і. Ауырған доңызды телімді гипериммунды қан сарысуымен, анти-
биотиктермен, симптоматикалық дәрі-дәрмектермен емдейді.
Дауалау мақсатында түрлі вакциналық штамдардан (ВР-2, Конев, т.б.)
дайындалған, сонымен қатар ГОА формулвакцинасын жылына 2 рет
қолданады.
Індет ошағында шектеу қойылып, ауруға шалдыққан жануарлар оқшау-
ланып емделеді, саулары арнайы вакциналармен егіледі, ветсанитариялық
шаралар орындалады.
23- тәжірибелік сабақ. Дизентерия мен вирустық трансмиссивті
гастроэнтеритті балау, дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Керекті құралдар. Диопозитивтер, микроскопиялауға қажетті жабдық-
тар, дизентерияда қолданылатын дәрі-дәрмектер жиынтығы.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер балау әдістеріне талдау жасап, індеттанулық, клини-
калық, патологиялық-анатомиялық ерекшеліктері бойынша доңыз ауруларын
(дизентерия, вирустық гастроэнтерит, оба, анэробты гастроэнтерит, колибак-
териоз) ажыратып, балау схемасын жасайды.
Дизентерия (Dysenteria bacterialis suum) – геморрагиялық іш өтумен
және тоқ ішектің некрозды жарақаттануымен сипатталатын жұғымтал инфек-
циялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – Borreliae hyodylenteriae – анаэробты
спирохета, Грамм теріс боялады, сыртқы ортаға төзімді, әсіресе анаэробты
жағдайда сұйық қида ұзақ уақыт сақталады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде инфекцияның бастауы
ауру және латентті түрде ауыратын доңыз болатыны, инфекцияның негізінен
алиментарлы жолмен жұғатыны ескеріліп, ветеринариялық-санитариялық
шаралардың орындалуына назар аударылады. Бұл аурудың індет түрінде
байқалуы антисанитариялық жағдайда ұсталатын, серуендеу алаңдары жоқ,
санитариялық режимдер (барлығы бос-барлығы бос емес қағидалары)
сақталмайтын фермаларда байқалады. Дизентериядан тұрақты сау емес
фермаларда аурудың лап беріп байқалуына стресс-факторлар: жануарларды
тасымалдау немесе ауыстыру, тығыз орналастыру, мал азықтарының бірден
өзгерілуі, т.б. факторлар әсер етеді.
174
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р дизентерияда айқын байқалады.
Жануарлардың іші өтіп, нәжісте қанның іздері байқалады. Ауырған жануар
тез арада арықтап, іштері солып, кейбіреулері өлімге шалдығады. Аман
қалғандары көп уақытқа дейін арықтап, оңалмайды.
Негізгі п а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгерістер тоқ ішекте
дифтериялық қабыршықтар түрінде байқалады. Аш ішекте өзгерістер
көбінесе болмайды. Ішектен алынған қырындыларды микроскопиялағанда
спирохеттерді көптеп көруге болады.
Дизентерияны доңыздың асқорыту жүйесінің бұзылуымен сипатталатын
басқа да аурулардан ажырату қажет.
Дизентерияны дауалау, ауру жануарды емдеу, індет ошағынан
арылу шаралары. Дизентерияны дауалау, жалпы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды дұрыс орындаудан тұрады. Ол үшін:
1)
сырттан тек қана дизентериядан сау шаруашылықтардан жануарлар
әкелінуі қажет;
2)
доңыз өсіру технологиясы және ветсанитариялық тәртіп, малды
дұрыс азықтандыру технологиясы сақталуы тиіс;
3)
шамадан тыс малды топтастырмау қажет;
4)
фермада санитариялық режимдер сақталуы керек;
5)
қора-жай тұрақты түрде санациялануы тиіс.
Дизентерия алғаш рет анықталғанда, індет оашғындағы барлық жану-
арларды етке өткізіп, қора-жайды санациялау тиімді саналады. Ал бұл
аурудан тұрақты сау емес фермаларда профилактикалық шаралар жалпы
ветсанитариялық тәртіптерді дұрыс орындаудан және телімді емдеу препа-
раттарын қолданудан тұрады.
Дизентерияны дауалауға және емдеуге көптеген телімді дәрі-дәрмектер
қолданылады. Оларды қолдану схемалары жануарлардың жастық ерекше-
ліктеріне байланысты әртүрлі болады (арнайы нұсқауларға қараңыз).
Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит (Дойл және Хитчингс ауруы)
– 3 аптаға дейінгі торайлардың диарея, құсықпен сипатталатын аса жұғымтал
вирустық ауруы.
Торайларда вирусты гастроэнтерит бактериалды инфекциялармен,
әсіресе (40 % жағдайда) колибактериозбен араласып байқалады.
Вирустық гастроэнтериттің нозологиялық балауы індеттанулық, клини-
калық, патология-анатомиялық зерттеулерді кешенді түрде қолдану арқылы
қойылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде торайлардың барлық тобы
азықтануларына, бағып-күтулеріне қарамастан жаппай ауыратыны, ауыру-
дың маусымдылығының болмайтыны және өте жоғары жұғымталдығы
ескерілуі қажет.
Негізгі к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і іш өту, анасының бауырындағы
сүтпен қоректенетін торайларда өте ауыр өтеді. Торайлардың өлімге шал-
дығу пайызы өте жоғары. Патология-анатомиялық өзгерістер гастроэнтерит
175
түрінде байқалады. Пат.материал ретінде жарақаттанған ішек және парен-
химатозды ағзалардан алынған кесінділер вирусологиялық және бактерио-
логиялық әдістермен зерттеледі.
Аурудың нақтылы балауын қоюда жас торайларға биологиялық сынама
қою маңызды.
Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары жүйесінде
ветсанитариялық шаралардың сақталуы, сырттан әкелінген жануарларды
дауалық карантиндеу, жануарларды дұрыс, құнарлы азықтармен азықтан-
дыру, таза сумен суару маңызды саналады.
Індет ошағы анықталған жағдайда ветсанитариялық шаралар тәртібін
қатаң сақтап, ауру мал тобын оқшаулау қажет.
24- тәжірибелік сабақ. Доңыздың жұқпалы атрофиялық ринитін мен
вирустық энзоотикалық ауруларын балау, олармен күрес шаралары
Керекті жабдықтар. Диапозитивтер, слайдтар, видеофильм, фотосу-
реттер.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, түрлі індеттік жағдайға байланысты
құрылған іскерлік ойын тапсырмаларын орындайды.
Инфекциялық атрофиялық ринит (Rhinitis infectiosa atrophica,
инфекционный атрофический ринит) – танаудың кілегейлі қабығының қабы-
нуымен, түшкірумен, көзден жас ағумен, соңында кеңсіріктің, жақ сүйекте-
рінің қисайып өзгеріске ұшырауымен ерекшеленетін, созылмалы түрде өтетін
инфекциялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – Bordetella bronchiseptica, қозғалмайтын
Грамм теріс таяқша, сыртқы ортаға төзімді, тиімді дезинфектант ретінде
күйдіргіш натрдың 3%-ды, креолин эмульсиясының 5%-ды ыстық ертінділері
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде негізінен 1-3 апталық
торайлардың ауруға жиі шалдығатыны, індет созылмалы түрде байқалатыны,
аэрогенді және алиментарлы жолмен жұғатыны ескеріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р бұл ауруда өте тән. 15 күнге дейінгі
торайларда катаральды ринит түрінде өтеді. Ауырған торайлар жиі түшкіріп,
тұмсықтарын қабырғаларға сүрткілеп, 1-2 аптада біразі өлімге шалдығады.
Кейбіреуінде іріңді отит байқалып, жүйке жүйесінің зақымдалуынан
туындайтын белгілер байқалады. Аурудың соңғы кезеңдерінде кеңсіріктің
және үстіңгі жақ сүйектерінің атрофиялануы анықталады.
Өлекселерді сойып қарағанда п а т о л о г и я л ы қ-а н а т о м и я л ы қ
өзгерістер негізінен кеңсірікте, жақ сүйектерінде көрінеді. Танау қуысының
сүйектерінің семуімен қатар іріңді эррозиялар, қанталаулар байқалады.
176
Аурудың нақтылы балауы індеттанулық, клиникалық және патология-
лық-анатомиялық өзгерістер, пат.материалды микроскопиялау негізінде
расталынады.
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары ветсанитариялық шара-
ларды және жануарларды күту, азықтандыру технологиясын қатаң орындау-
дан тұрады. Ауруға шалдыққандарын оқшаулап жояды. Індетті дауалау
мақсатында аналық жануарлардың саулығы қатаң қадағаланады.
Тешен ауруы (Encephalomyelitis enzootica suum, энзоотический энце-
фаломиелит, инфекционный паралич) – орталық жүйке жүйесінің жарақатта-
нуынан туындалатын салдану, аяқтарына тұра алмау, бұлшықеттердің
тырысып қалуымен, басқа да энцефаломиелит белгілерімен сипатталатын,
жіті өршитін инфекциялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы (Porcine enterovirus) энтеровирус тұқым-
дастығына жатады. Вирус төменгі температурада ұзақ сақталады. Тиімді
дезинфектанттар ретінде 2-3%-ды формальдегид, күйдіргіш натр ерітінділері
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде ауырып-жазылған до-
ңыздар 1 жылға дейін ауру қоздырушысын тасымалдаушы ретінде қалатыны,
індеттің негізінен күзде, көктемде спорадиялық жағдайда кездесетіні еске-
ріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і аурудың өршуіне байланысты. Жіті
өршуінде энцефалит фонында организмнің жалпы салдануы байқалады.
Ауырған торайлардың өлімге шалдығу пайызы өте жоғары (70-90%). Ересек-
терінде инфекциялық процесс созылмалы түрде байқалады. Оларда энцефа-
лит белгілері өте аз байқалады, бірақ қозғалулары қиындап, кейбір жағдайда
артқы аяқтарының салдануы анықталады. Барлық жағдайда ауырып-жазыл-
ған доңыздардың аяқтары ақсақ болып қалады.
Аурудың нақтылы балауын растау қажеттілігі болған жағдайда
лабораториялық зерттеуге патологиялық материал ретінде 30% глицерин
ерітіндісінде консервацияланған мишықтың, сопақ мидың және жұлынның
кесінділері мұзы бар арнайы термоспен жіберіледі. Ретроспективті балау қою
үшін ауырып-жазылған доңыздардың қан сарысуы серологиялық әдістермен
(КБР, ИФТ) зерттеледі. Аурудың бастапқы кезеңінде және ауырып-жазылған
кезде антидене титрлерінің динамикада 3-4 есе өсуі Тешен ауруының
диагнозын растайды.
Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары. Тешен ауруын дауалау
ветеринариялық-санитариялық шараларды дұрыс орындаудан тұрады. Ол
үшін:
6)
сырттан тек қана Тешен ауруынан сау шаруашылықтардан жануарлар
әкелінуі қажет;
7)
доңыз өсіру технологиясы және ветсанитариялық тәртіп, малды
дұрыс азықтандыру технологиясы сақталуы тиіс;
8)
шамадан тыс малды топтастырмау қажет;
177
9)
ферма жабық мекеме ретінде саналып, ішкі және сыртқы
санитариялық режимдер сақталуы керек.
Тешен ауруы анықталғанда, індет ошағына карантин қойылып, қатер
төнген аймақ шекарасы анықталады. Індет ошағындағы барлық жануарлар
жойылып, қора-жай қидан тазартылып, 2-3 %-ды күйдіргіш натрдың ыстық
ерітіндісімен дезинфекцияланып, санацияланады.
Қатер төнген аймақта шектеу қойылып, ондағы барлық доңыз
эмулденген арнайы штамнан дайындалған формолвакцинамен иммунделеді.
Доңыздың везикулярлы ауруы (Morbus vesicularis suum, везикулярная
болезнь свиней) – дене температурасының көтеріліп, безгектенумен, везику-
лалардың (күлдіреуіктердің) тұяқ арасында, ауыз қуысының кілегей қабық-
тарында, желінде байқалуымен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен
ерекшеленетін, жіті өршитін аса жұғымтал вирустық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – пикорновирус тұқымдасына жататын
РНК-лы энтеровирус жоғары температураға төзімсіз, қида 4 айға дейін,
тоңазытылған доңыз етінде бірнеше жыл сақталады. Қышқылдар мен сілті-
лерге (басқа вирустаға қарағанда) жоғары төзімділігі, оның ұзақ уақыт сырт-
қы ортада вирулентілік қасиетін сақтауына мүмкіндік береді.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл аурумен жасына,
жынысына, тұқымына қарамастан барлық доңыздың ауыратыны, негізінен
жанасу арқылы, және вируспен зарарланған азық арқылы жұғатыны, маусым-
дылығының болмайтыны ескеріледі. Ауырған доңыздардың арасынан өлімге
(5% жағдайда) көбінесе енесінің бауырындағы торайлар шалдығатыны
назарға алынады.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і екі фазада өтеді. Бірінші фаза 48-72
сағатқа созылады. Бұл аралықта жануардың құты кетіп, қызуы көтеріліп,
тістің қызыл еттерінде, танауында, ауыз маңында везикулдер (күлдіреуіктер)
пайда болады. Ауыздан сілекей ағып, ауыз қуысының тері асты ұлпалары
қабығып, домбығады.
Күлдіреуіктердің жарылуымен дене температурасы қалыпқа келеді.
Ауырудың екінші фазасында күлдіреуіктер тұяқ арасында пайда болып,
қабыну процесінің әсерінен ауырсынып ауру жануар ақсаңдайды.
Індеттанулық, клиникалық белгілері арқылы доңыздың везикуларлы
ауруын: аусылдан, везикуларлы стоматиттен, везикуларлы экзантемадан
ажырату қиындықтар тудырады. Сондықтан ауыру жануарлардың кан
сарысулары серологиялық тесттермен зертеледі.
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т е у күлдреуіктерден вирусты бөліп
алып, оның түрін идентификациялаудан тұрады. Вирус антигенін ажыратуға
серологиялық реакциялар (ГАР. КБР; КҰБР, ИФР; ИФТ түрлі варианттарда)
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |