жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi. Iндетке қарсы арнайы шаралар
жүргiзген кездегi техникалық қауiпсiздiк
Сабақтың мақсаты: Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс
iстеген және ветеринариялық-санитариялық шараларды (дезинфекция,
дезинсекция, дерратизация, өлексенi утильдеу, акушерлiк көмек көрсету, т.б.)
орындаған кездегi қауiпсiздiк техникасын меңгеру. 1-кестеде көрсетiлген аса
қауiптi зооантропонозды инфекциялардың адамға жұғу және таралу
жолдарын талдау.
Зооантропонозды жұқпалы ауруларды негiзiнен мал шаруашылығында
және олардың өнiмiн өңдейтiн мекемеде iстейтiн адамдардың жұқтыру қаупi
жоғары. Ветеринария мамандары жұқпалы ауру қоздырушысын малды
клиникалық зерттеу, емдеу, өлексенi жару, патологиялық материалды
лабораториялық зерттеу, акушерлiк көмек көрсету кезiнде жұқтырады.
Малдәрiгерi тек қана өз денсаулығын ғана емес, жұқпалы ауруға шалдыққан
малмен жұмыс iстейтiн адамдардың iндеттi жұқтырмауына да жауапты
екенiн назардан шығармауы қажет. Сондықтан олар медицина мамандарымен
бiрге ветсанитариялық тұрғыда сақтандыру тәртiптерiн ұйымдастырып,
қадағалаулары керек.
Зооантропоноз, антропозооноз инфекцияларының iндет ошағында
жұмысқа қамтылған адамдар эпидемиялық көрсеткiштер бойынша алдын ала
арнайы вакцинамен белсендi иммунделедi. Адамдардың ауруға шалдығуы
байқалғанда арнайы иммундыглобулиндер, иммунды қансарысулары,
антибиотиктер қолданылады. Iндет ошағында шаң-тозаңды басу, ылғал-
дықты азайту шаралары ұдайы жүргiзiлiп отырылуы қажет. Ауру малмен
немесе патологиялық материалмен жұмыс iстеген кезде көздiң, танаудың,
ауыздың кiлегей қабықтарына зарарлы материал түссе, онда дезинфектанттар
ерiтiндiлерiмен (бор қышқылы, риванол, калий перманганаты, т.б.) тез арада
жуу қажет.
Жарақаттар 5%-ды спирттi йод ерiтiндiсiмен өңделiп, үстiне 60%-ды
спиртке салынған дәке оралады. Ит, жабайы аңдар (түлкi, қасқыр, т.б.)
қапқанда немесе құтырыққа тән белгiлер байқалған жануарлар тiстегенде,
жараны өңдегеннен кейiн медициналық пунктке бару мiндеттi.
Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi:
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстейтiн адамдар инфекция
жайында толық инструктаж алулары керек;
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстейтiн адамдар жеке
басын сақтандыратын арнайы киiмдермен (халат, аяқ-киiм, қорғағыш
көзiлдiрiк, резина қолғаптар т.б) қамтылуы керек;
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстеу кезiнде темекi шегуге,
қолды бетке тигiзуге, шашты жөндеуге, басқа iске алдануға болмайды;
14
- жұмыстан кейiн қолды 2%-ды карбол қышқылы ерiтiндiсi бар ыдысқа
1-2 минут батырып, артынан арнайы дайындалған сабынды спиртпен жуады.
Е С К Е Р Т У: Ауру малға жақындау, онымен жұмыс iстеу ережелерi
студенттерге оқу-клиникалық практика өткен кезде үйретiледi.
Iндетке қарсы шаралар жүргiзген кездегi техникалық қауiп-
сiздiктер:
- дезинфектанттармен жұмыс iстеген кезде қолданылатын санитариялық
ережелер, нұсқаулар және басқа ауыл шаруашылығында қолданылатын
нормативтiк құжаттар басшылыққа алынады;
- жұмысты бастау алдында жұмысшылар мамандықтарына қарамастан
улы химикаттарды қолдану кезiндегi сақтық шаралармен таныс болуы керек;
- дезинфекцияға қолданылатын заттармен жұмыс iстеген кезде, жұмыс-
шы осы қызметке қажеттi арнайы киiмдердi киюi керек. Арнайы киiмдер
бүлiнбеген, адамның бойына шақ, қонымды болуы қажет;
1-кесте. Аса қауiптi зооантропоноздар, олардың адамға жұғу жолдары
Ауру
Бейiм мал Ауру қоздырушысының
бөлiну жолдары
Ауру қоздырушысының
организмге ену
жолдары
Топалаң Барлық мал Секреттер, экскреттер,
насекомдар, мал
өнiмдерiмен
Қарапайым, транмис-
сивтi, жанасу, мал
өнiмдерi (терi, жүн)
арқылы
Сальмо-
нелездер
Барлық
жануарлар
Экскреттер,мал
өнiмдерiмен
Тұрмыстық-жанасу,
алиментарлы
Тубер-
кулез
Жиi сиыр
малы
Экскреттер, мал өнiмде-
рiмен (сүт,нәжiс, сора)
Тұрмыстық-жанасу,
алиментарлы, аэрогендi
Бруцел-
лез
Қой-ешкi,
сиыр, доңыз
Экскреттер, секрет-
термен түсiк кезiнде
(қағанақсу, шу,түсiк)
Жанасу, алиментарлы,
лабораториялық зерттеу
кезiнде
Туляре-
мия
Кемiргiштер,
кейде қой,
жиi басқа
жануарлар
Экскреттер, секреттер,
қасапхана
қалдықтарымен
Жанасу, алиментарлы,
аэрогендi шаң-тозаң
арқылы
15
Құты-
рық
Барлық
жылықан-
дылар
Сiлекей, патологиялық
материалмен (ми,
жұлын, т.б.)
Тiстегенде,көз,танау,
асқорыту мүшелерiнiң
кiлегей қабықтары,
олардағы және терiдегi
микрожарақаттар
арқылы
Листе-
риоз
Сиыр,қой,
кемiргiштер
Экскреттер,
секреттермен
Терiдегi микрожаралар,
кiлегей қабықтар
арқылы (ауру малмен
жанасқан кезде)
Лептос-
пироз
Барлық
жануарлар,
кемiргiштер
Зәр, нәжiс, тастанды тү-
сiк, жыныс мүшелерiнiң
ағынтысы, өлексе
ағзаларымен
Терiдегi жарақаттар,
кiлегей қабықтары
арқылы (ауру малмен
жанасқан кезде)
Эризипе
лоид
Доңыз,
кемiргiштер,
балық
Экскреттер,
қасапхана
қалдықтарымен
Терiдегi
микрожарақаттар,
кiлегей қабықтары
арқылы (ауру малмен
жанасқан кезде)
Аусыл Сиыр,
қой,
доңыз, бұғы
Барлық секреттер,
экскреттермен
Терi, кiлегей қабықтары
арқылы
Маңқа Тақтұяқты-
лар
Барлық секреттер,
экскреттермен
Терi, кiлегей қабықтары
арқылы
Трихофи
тия және
микрос-
пория
Сиыр,
жылқы,
мысық, т.б.
Жарақат қабыршықтар
арқылы
Терi арқылы
Курик-
кетсиоз-
дар
А/ш
жануарлары
Трансмиссивтi, тастанды
төл, шу, қағанақсу, сүт
арқылы
Трансмиссивтi, терi,
кiлегей қабықтары
арқылы
Ауески
ауруы
Доңыз, басқа
да жануарлар
Секреттер, экскрет-
термен, доңызда дем
шығару арқылы
Ауру малмен
жанасқанда
Е с к е р т у. Адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар 200-ден
артық, олардың абсолюттi көпшiлiгi инфекциялық аурулар. Кестеде OIE
тiзiмiне (2005 жылы) жиi кездесетiндерi көрсетiлген.
- дезинфектант заттарды ерiтiп, одан негiзгi және жұмыс ерiтiндiлерiн
жасағанда, осы заттармен уланған жағдайда оларға қарсы қолданылатын
сақтандыру препараттары болуы керек;
- хлорлы дәрмектердiң, формальдегидтiң, аммиактың және басқа
күйдiргiш препараттардың ерiтiндiсiн жасаған және қолданған кезде мiндеттi
16
түрде сақтану киiм киген екiншi адам болуы керек. Қышқыл препараттар
ерiтiндiлерiн дайындау кезiнде мiндеттi түрде қышқылды суға қосу шарт,
керiсiнше емес!
- антикоагулянттар мен тез әсер ететiн улы заттармен iстелiнетiн жұмыс
жақсы желдетiлген бөлмелерде, жағымсыз иiстi сiңiрiп алатын шкафтарда
немесе ашық ауада жүргiзiлуi қажет. Улы заттармен жұмыс жүргiзетiн
адамдар резина қолғаптар, тыныс жолдарына улы заттар енбеуі үшін дәкеден
байлауыш тағуы керек;
- кардандық, шынжырлы басқа да берілісі бар айналмалы қондырғы-
ларды қоршаусыз жұмысқа қосуға болмайды. Техника, өрт, электр
қауіпсіздігіне сай емес, кездейсоқ, қолдан жасалған құралдарды қолдануға
тиым салынады.
2-тақырып. Инфекциялық ауруларды балау әдістері
3-тәжірибелік сабақ. Жұқпалы ауруларды балау ерекшеліктері. Тірі
малдан лабораториялық зерттеуге материал алу.
Сабақтың мақсаты. Инфекциялық ауруларға нозологиялық балау
(диагноз)
қою әдістерінің ерекшелiктерiн талдау, олардың негiзгi
принциптерiн түсіну, тірі малды клиникалық зертеу, материал алу, оны
лабораторияға жіберуді меңгеру.
Қажеттi жабдықтар. Тірі жануар, фенендаскоп, 30% глицерин, 10%
фармолин, банкiлер, целофан қаптар, төсенiш шыны, қайшы, скальпель,
пинцет, Пастер түтiктерi, спирт шамы
Сабақтың
жүргiзiлу
орны,
әдiстемесi.
Сабақ
кафедраның
клиникасында, оқшауханада немесе шаруашылықта жүргзiледi.
Сабаққа студенттер келесi тақырыптар бойынша дайындалып келулерi
қажет:
1.
Микробтың инфекциядағы маңызы және оның зардаптылық
қасиеттерi.
2.
Микроорганизм мен сыртқы ортаның инфекциядағы маңызы.
3.
Микробтың
жануар
денесiне
енiп,
таралуына
байланысты
инфекцияның түрлерi.
4.
Иммунитет және иммунологиялық жүйелер.
Инфекциялық ауруларды балау ерекшелiктерi. Бiрiншiден, аурудың
нозологиялық балауы тез арада қойылуы қажет. Екiншiден, балау әдiстерi
жүйелi қолданылып, инфекцияның iндеттiк өзiне тән ерекшелiктерiне,
клиникалық, патология-анатомиялық белгiлерiне баса мән берiледi. Мысалы
сiреспе, секiртпе ауруларын балауда клиникалық белгiлерi бұл ауруларға өте
тән. Жұқпалы ауруларға қарсы күресте негiзгi проблемалық мәселе ауру
жануарларды емдеу емес, iндет ошағын өрбiтпей, аурудың нозологиялық
балауын ерте, дер уақытында қойып, iндет ошағынан арылу шараларын
17
жедел ұйымдастыру. Көптеген жұқпалы ауруларда жеке нозологиялық балау
әдiстерi шешушi роль атқармайды. Сондықтан әдiстердi жүйелi түрде
қолдану аурудың нозологиялық балауын дәл қоюға мүмкiндiк бередi.
Жүйеге: iндеттанулық талдау, клиникалық, патоморфологиялық, бактериоло-
гиялық, вирусологиялық, серологиялық, баяу типтi сезiмталдыққа негiздел-
ген аллергиялық әдiс, т.б. жатады.
Клиникалық балау. Малды клиникалық зерттеу тәсiлдерi жұқпалы
емес аурулар кафедраларында студенттерге жан-жақты оқытылған.
Клиникалық зерттеу жүргiзгенде инфекциялық процестiң түрлерi, байқалу
сатылары ескерiледi (1-сурет). Қазiргi кезде инфекциялық аурулардың
клиникалық белгiлерi классикалық түрде кездеспейдi. Әсiресе қосалқы
инфекцияларда мұндай жағдай өте жиi байқалады (мысалы шошқа обасы
пастереллезбен, сальмонелезбен асқынғанда).
Тiптi қазiргi уақытта бруцеллезге тән жануарлардың iш тастауы, төлдiң
өмiршең емес туылуы, шудың түспеуi, т.б. топалаңға тән малдың жаппай
қырылуы, қанның ұйымауы, т.б. клиникалық белгiлер өте сирек кездесiп жүр.
Яғни көптеген классикалық инфекциялардың созылмалы жасырын
түрде байқалуы тенденция алған. Мұндай жағдайлар Қазақстан мен басқа
ТМД мемлекеттерiнде вакциналарды жиi, кең түрде қолданылуынан
туындалған болса керек. Әйтсе де, құтырық, iндеттi лимфангит, аусыл, т.б.
ауруларда ауруға тән клиникалық белгiлер нозологиялық балау қоюда басты,
ал сiреспе мен бұзаутазды балауда шешушi роль атқарады.
Клиникалық зерттеудi малдың дене қызуын өлшеуден бастау
ұсынылады. Қолданылатын термометрлер тексеруден өтулерi қажет және
олардың дезинфекциялық ерiтiндiлерде сақталуы шарт.
Ауруға тән клиникалық белгiлер мал бос тұрғанда айқын байқалады.
Сондықтан ауру малды байламай, олардың жағдайына бақылау жүргiзу
(қозғалысына, сыртқы пiшiнiне, азықтануына, зәр, нәжiс шығаруына,
соңғыларының түрiне, түсiне, т.б.) керек. Бұдан кейiн қажет саналса, тиiстi
мүшелерiне арнайы зерттеулер (пальпация, аускультация, т.б.) жүргiзiледi.
Клиникалық балау қоюда қосалқы (mixed) инфекциялардың болатыны
назарға алынуы қажет.
Клиникалық зерттеуге гематологиялық әдiс те жатады. Инфекциялық
ауруларда көбiнесе гемоглобин концентрациясы, эритроциттердiң шөгу
жылдамдығы, лейкоцитарлық формула анықталады.
1-зертханалық сабақ. Өлексенi сою, одан патологиялық материал алу
Сабақтың мақсаты. Өлексенi союды ұйымдастыру, бактериологиялық,
вирусологиялық, гистологиялық зерттеулер үшiн патологиялық материал
алу, оны консервациялау және лабораторияға жiберу ережелерiн үйрену.
Қажеттi жабдықтар. Арнайы өлтiрiлген немесе өлген лабораториялық
жануарлардың өлексесi, 30% глицерин, 10% фармолин, банкiлер, целлофан
18
қаптар, төсенiш шыны, қайшы, скальпель, пинцет, Пастер түтiктерi, спирт
шамы.
Сабақтың жүргiзiлу орны, әдiстемесi. Сабақ кафедрада немесе
шаруашылықтың өлексе утильдейтiн орнында, қасапханада жүргiзiледi.
Патология-анатомиялық диагноз қоюда гистологиялық өзгерiстердi
анықтау маңызды. Гистологиялық зерттеу өте жiтi өтетiн инфекцияларда
(шошқа обасы, т.б. есептемегенде) көмекшi әдiс ретiнде саналады.
Сабақтың барысында iндеттiк жағдайларға байланысты шаруашылық-
тарда өлексенiң немесе күдiктi малдың диагнозын нақтылау мақсатында
соятын жердi анықтауды, қалдықтарды утильдеу тәсiлдерiн үйренедi.
1. Патологиялық материалды алу және консервациялау тәртiптерi:
- материал стерильдi құралдармен залалсыздандырылған ыдысқа
алынады;
- патологиялық материалды лабораторияға алынған күйiнде немесе
консервациялап жiбередi. Бактериологиялық зерттеулер үшiн материалды
глицериннiң судағы 30%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды, ал вирусоло-
гиялық зерттеулер үшiн материалды глицериннiң 0,85%-ды хлорлы
натрийдегi 50%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды. Материал мен консер-
ванттың қатынастары 1:4 шамасындай болу керек (вирустық ауруларды
патологиялық материал алу, оны лабораториялық зерттеуге жiберу
ерекшелiктерi вирусологиялық зерттеу тақырыбында көрсетiледi);
- жiлiктердi жiберу үшiн сiңiр мен еттен жақсылап тазартып, сыртынан
5%-ды карбол қышқылының ерiтiндiсiне малынған дәкемен орайды;
- iшектердi нәжiсiнен тазалап, шеттерiн бекiтiп байлап глицериннiң
судағы 30%-ды ерiтiндiсi бар ыдысқа салады;
- мал өлексесiнiң нәжiсiн iшекпен бiрге екi шетiн байлап жiбередi;
- терiнiң көбiрек зақымданған жерiнiң көлемi 10х10 см болатындай
кесiндiлер түрiнде алып, таза ыдысқа салып аузын дәнекерлеп жiбередi;
- қан, iрiң, сiлекей, кiлегейлi зат, экссудат, зәр, ет және басқа патоло-
гиялық материалдарды ұшы балқытылып бекiтiлген Пастер түтiкшелерiне,
стерильдi шыны құтыларға, пробиркаларға салып, аузын стерильдi
тығындармен бекiтiп жабады;
- өлексенi сыртқы тамырларынан алынған қаннан арнайы әйнекке
жағынды дайындап, ауада кептiредi.
2. Гистологиялық зерттеулер үшiн материал алу
Патологиялық өзгерiстерге ұшыраған мүшелердiң (ұлпалардың) әр
жерiнен 2х2 см көлемде кесiндiлер алады. Зақымдалған жерлердi олармен
шекаралас бүлiнбеген ұлпамен бiрге кесiп алады. Алынған материалды
бекiту үшiн формалиннiң судағы 10%-дық ерiтiндiсiне салады. Материал мен
бекiткiштiң қатынас мөлшерi 1:10 болу керек.
3. Патологиялық материалдарды орналастыру және жөнелтуге әзiрлеу
тәртiптерi:
19
- патологиялық материалды дайындап, 5%-дық карбол қышқылының
ерiтiндiсiмен ылғалданған дәкеге орап, ағаш ұнтағы салынған жәшiкке
салады;
- сұйық және ағзалардан алынған патологиялық материалдарды шыны
құтыларға салып, аузын тығыз тығындап жауып, сыртынан балауыз құйып
бекiтедi;
- жiлiктердi 5%-дық карбол қышқылының ерiтiндiсiмен ылғалданған
дәкеге орап жәшiкке орналастырады;
- iшiнде сұйық материалы бар, ұштары балқытылған бекiтiлген Пастер
түтiкшелерiн сынбайтындай қылып мақтаға орап шыны құтыға салып, содан
кейiн оны темiр сауытқа орналастырады;
- жағындыларды екi-екiден бiрiктiрiп (сiлемдерiн iш жағына қаратып,
араларына сiрiңке шилерiн қояды), пергамент, целофан қағаздарға орап,
жiппен байлайды;
- материал салынған жәшiктiң iшiне алынған материалдардың нөмiр-
ленуi бойынша тiзiмi салынып, жабылып, бекiтiлiп қақпағына "шыны",
"жоғары", "байқаңдар", "зарарлы" деген белгiлер жазылады.
Лабораториялық зерттеуге жiберiлген материалға жолдама құжат
толтырылады, онда зерттеуге жiберiлген мекеменiң аты-жөнi, бөлiмi, мекен
жайы, шаруашылықтағы (ауылдық аймақтағы, елдi мекендегi) немесе басқа
патматериал алынған обьектінiң аты, ондағы iндеттiк жағдай, мал басы,
негiзгi клиникалық белгiлері, өлген, ауырып тұрған мал саны, негiзгi
патология-анатомиялық өзгерiстер, алдын ала қойылған диагнозы, патоло-
гиялық материал алынған уақыты, қандай аурулардан ажыратылуы
қажеттiлiгi, материал жiберiлген шаруашылықтың немесе клиниканың аты-
жөнi көрсетiледi.
Патологиялық материалға толтырылатын жолдама құжат үлгiсi
төмендегiдей:
Үржар аудандық ветеринария лабораториясының бактериология
бөлiмiне. Үржар ауылы, Архатбаев көшесi №36 үй.
Жолдама
Мақаншы ауылына қарасты "Қылыш" елдi мекенiнде ерiксiз сойылған
жылқыдан алынған патологиялық материал: көкбауыр, бауыр, жүрек
кесiндiсi, iшек, терiнiң пұшпағы, лимфа түйiндерi, бүккiш және жазғыш
бұлшықеттерiнен алынған сынамалар, сонымен қатар азық ретiнде
қолданылған бұзылған арпа зерттеуге жiберiледi.
Iндеттiк жағдайы: аталған мекендегi биебауда 8 бие, 6 құлын, сонымен
қатар екi айғыр үйiрi бар. Малшының айтуына қарағанда 2 жылқы аяқ
астынан ауырып, тыпырлап, колик тәрiздес клиникалық белгiлер берiп
(тышқаншық), ерiксiз сойылған.
20
Негiзгi патологиялық өзгерiстер: қан жақсы ұйымаған, лимфа
түйiндерiнде нүктелi қанталаулар бар. Көк бауырдың көлемi аздап ұлғайған,
талақты тiлiп қарағанда қалыпты жағдайда көрiнетiн ақ және қызыл рең
сақталмаған, торша структурасы езілген, қою қарамай реңді қан ағады.
Алдын ала қойылған балау - топалаң. Материал 28.04.08 жылы сағат
12.00-де алынды.
Топалаңға, азықтан улануға, токсикоинфекцияға зерттелуiн сұраймын.
«Едiл» шаруа қожалығының
малдәрiгерi (қолы) Байшолақов Ертай
Е с к е р т у. Лабораторияда патологиялық материал арнайы қабыл-
данып алынып, жеткiзiлген уақыты бойынша арнайы журналда тiркелуi
қажет.
2-зертханалық сабақ. Бактериологиялық балау әдістері
Сабақтың мақсаты. Бактериологиялық зерттеудiң негiзгi сатыларын
(түрлi әдiспен дайындалған препараттарды микроскопиялау, қоректiк орта-
ларға себу арқылы таза өсiндi бөлiп алу, алынған қоздырушының түрiн
жiктеп анықтау), биологиялық сынама қою тәсілдерін меңгеру.
Қажетті жабдықтар. Бактериологиялық зерттеу үшін материал алуға
арналған құралдар (скальпель, Пастер түтiгi, қайшы, т.б.), жарық микрос-
коптары, жағындылар, көректік орталар, спиртовка, лабораториялық
жануарлар, шприцтер, инелер.
Сабақ арнайы жабдықталған зертханада жүргізіледі. Төмендегідей
зертеулер орындалады.
1. Зардапты материалды микроскопиялау арқылы аурудың қоздыру-
шысын анықтайды. Ол үшiн жағынды дайындап, бекiтiп, бояп, микроскоппен
қарайды. Кейбiр жұқпалы ауруларда, мысалға лептоспирозда, препаратты
боямай, бекiтпей-ақ микроскоптың арнаулы конденсорын (қараңғылайтын
конденсор) пайдалану арқылы зерттеуге болады.
2. Зардапты материалдан өсiн алу үшiн оны қарапайым және арнайы
қоректiк орталарға себедi. Алынған таза өсiндегi қоздырушыны жiктеп, түрiн
анықтау үшiн:
- микроскоппен қарап, микробтың морфологиялық және тинкториаль-
дық ерекшелiктерiн зерттейдi.
- қоздырушының қоректiк орталарда өсу ерекшелiктерiн (тығыз орта-
ларда колониялардың морфологиясын және сұйық орталарда пайда болатын
тұнбаның түрi, түсi, лайлануы, бет жағында қабықшаның пайда болу-
болмауы т.б.) ескерiлiп, оның биохимиялық қасиеттерi (қанттар мен
белоктарды ыдырату мүмкiндiктерi) анықталады.
21
- арнайы диагностикалық сарысуларды қолдану арқылы серологиялық
реакциялардың көмегiмен антигендiк ерекшелiктерiн анықтайды.
3. Биологиялық сынама қою. Зардапты материалдан немесе алынған
өсiннен езiндi дайындап, оны 2-3 лабораториялық жануарға (қоян, теңiз
тышқаны, ақ тышқан т.б.) егедi. Аурудың белгiлерiн бақылап, жануар
өлгеннен кейiн (немесе арнайы өлтiрiп) өлексенi сойып, ондағы өзгерiстердi
анықтап, микроскоппен зерттеп, қоректiк орталарға себедi.
4. Қорытынды. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бактериологиялық
балау расталынып, күдiктенген аурулардан ажыратылады. Қажет болған
жағдайда ауру қоздырушысының типi идентификацияланады. Мысалы
туберкулез қоздырушысының типiн анықтау өте маңызды. Практикада бұл
iндеттiң мал арасында таралуына туберкулезбен ауыратын адамдардың себеп
болатыны жиi кездеседi.
Топалаң, пастереллез, т.б. жiтi өршитiн инфекциялық аурудың нақтылы
балауы бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiнде қойылады.
Түрлi инфекциялық ауруларға патологиялық материалды толық
бактериологиялық зерттеу мерзiмi “Ветеринариялық заңдылық” кiтапта-
рында көрсетiлген. Бактериолог аса қауiптi инфекциялық ауруларда (топалаң,
т.б.) алғашқы зерттеу нәтижелерiн (микроскопиялау, преципитациялау)
мүмкiндiгiнше (1-2 сағатта) шаруашылыққа хабарлауы мiндеттi.
Бактериологиялық зерттеу нәтижесi патологиялық материалдың дұрыс,
ерте алынуына байланысты.
3-зертханалық сабақ. Вирусологиялық балау әдістері
Сабақтың мақсаты. Вирусологиялық зерттеуге материал алу, оны
зерттеу реттiлiгiмен танысып, оның негiзгi әдiстерiн үйрену.
Керектi жабдықтар. Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материал
алуға арналған құралдар (скальпель, Пастер түтiгi, қайшы, т.б.).
Орны және жүргізу әдiстемесi. Сабақ вирусологиялық лабораторияда
жүргiзiледi. Студенттер зерттеу ерекшелiктерiмен танысып, вирустық
материалды микроскопиялау әдiстемесiн меңгередi.
Патологиялық материалды вирусологиялық әдiстермен зерттеу схемасы
2-шi суретте көрсетiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |