Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында немесе
омарталарда жүргізіледі. Студентер аралардың өлекселерін жинап індетта-
нулық талдау жасайды. Лабораторияға материал жіберу, жолдама құжат
толтыру әдістемелерін меңгереді
Аралардың жұқпалы ауруларының ішінде практикалық тұрғыдан
маңыздылары: америкалық және еуропалық шіріме, балапан құрттың қалта-
лануы, гафниоз, вирустық салдану, аспергиллез, аскосфероз, септицемия.
Америкалық шіріме – балапан құрттардың қуыршақ сатысына
ауысатын кезінде әлсіреп, сарғыштанып, кейін қоңырқай түске еніп, ағаш
желімінің иісіне ұқсас күлімсіз иіс шығарып, жаппай қырылумен ерекше-
ленетін бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы – Bac.larvae балапан құрттан даярланған жағындыда
Грамм оң, ұзын тізбек түрінде көрінетін, сопақша споралар түзетін бактерия.
Микроб сыртқы ортаға өте төзімді, балдағы споралар 40 минут қайнатқанда
өледі.
Америкалық шірімемен жұмысшы және аналық аралардың жетілген
балапан құрттары ауырады. Ауру қоздырушысы жабайы ара, соналарға да
зардапты. Адам мен жануарларға зияны жоқ. Ауру бір ұядан екінші ұяға
сұғанақ аралар арқылы тасымалданады, кенелер арқылы да берілуі мүмкін.
Аурудың балауында бактериологиялық зерттеу, оның ішінде микроско-
пиялау басты роль атқарады. Ауру анықталған жағдайда омартаға карантин
қойылады.
Еуропалық шіріме – бұл ауру зілсіз өтеді, онымен 4-7 күндік балапан
құрттар ауырып, түрлері сарғыштанып, ұяшықтың қабырғасында немесе
аузында жиылып, өлімге шалдығады. Өлген балапан құрттар қоңыр түсті
ашыған созылмайтын массаға айналады. Ауру қоздырушысы ретінде көпте-
ген микробтар (Streptococcus apis, Actino.nyces apis, Bac.alvei, Bac.paraalvei,
Str.pluton) танылған. Сонымен қатар вирус қоздырады деген деректер бар.
Бұл екі ауруда ем ретінде биомицин, стрептомицин, неомицин,
тетрациклин, эритромицин, мономицин, канамицин сияқты антибиотиктер
кең түрде қолданылады. Алдымен олардың сезімталдығын анықтау қажет.
Омартаның бөліктері жалынмен дезинфекцияланады.
Қалталанған өсін – бал арасының балапан құрттарының түсі бозғылт-
танып, өлексесі сұйыққа толы қапшыққа ұқсайтын, зілсіз өтетін ауру. Қозды-
рушысы – РНК-лы вирус. Балда 1 ай шамасында, күн сәулесімен шірігенде 7-
10 күнде өледі.
Індеттік ерекшеліктері: көбінесе жіті түрде 5-6 күндік араның балапан
құрттары ауырады, ересек аралар вирусты денесінде ұзақ уақыт сақтайды.
196
Адам мен жануарларға зиянсыз. Негізгі берілу жолдары жанасу арқылы
(балапан құрттарды қоректендіргенде, өлексені ұядан шығарған кезде, т.б.).
Ауырған араларды емдеуге арнайы препараттар жоқ, індет ошағында каран-
тин қойылып, ауру жойылғаннан 1 жыл өткеннен кейін алынады.
Вирустық салдану – ересек аралардың белсенді болуымен, кейіннен
сыртқы әсерлерге бейтараптанып, қозғалыс әрекеттерінің баяулауымен,
түктерінің түсіп, тақырланып, өлімге шалдығумен ерекшеленетін вирустық
ауру. Аурудың лабораториялық балауында Романовский-Гимза әдісімен
Моррисон денешіктерін анықтау маңызды роль атқарады. Ғылыми
деректерде ауруды ИФР, ДПР әдістерімен балауға болатыны айтылған.
Гафниоз (қылау) – бал арасының құрсағының қампиып, іші өтуімен,
құрсақтарының салдануымен сипатталатын жұқпалы ауруы. Қоздырушысы –
Hafnia alvei – полиморфты, спора түзбейтін, қозғалмалы, анелин бояула-
рымен жақсы боялатын Грамм теріс, таяқша тәріздес бактерия.
Індеттік ерекшеліктері: ауру негізінен көктемде, әсіресе жаңбырлы
жылдары байқалады. Аурудың шығуына араға берілетін қоректің сапасыз
болып, орналасқан жерінің ылғалды болуы әсер етеді. Өлім көрсеткіші
ылғалдылыққа байланысты 50-60%-ға жетеді.
Емдеу мақсатымен 1 л 50%-ды қант шырынына левомицетинді (0,2 г)
немесе стрептомицинді (200 мың ӘБ) немесе биомицинді (100 мың ӘБ)
қосып береді.
Бал арасы ауруларында індеттанулық зерттеу: омартаны қараудан,
аурудан сау емес ара ұяларын анықтаудан тұрады. Сау емес ара ұяларынан
лабораториялық зерттеулерге сынамалар алынады. Патологиялық материал
ретінде балауыздардан 20х25 см көлемде патологиялық өзгеріске шалдыққан
балаң құрттар немесе қуыршақтар алынады. Ересек аралардың ауырғандары
анықталған жағдайда, ауруға тән белгілері бар, әлсіреген тірі аралар жиналып
алынады. Балауыз арнайы төсеніші бар ағаш жәшікке салынады, ал тірі
аралар сіріңке қораптарына немесе арнайы қағаз пакеттерге салынып
жіберіледі.
26- тәжірибелік сабақ. Ара ауруларын дауалау, індет
ошағынан арылу шаралары
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студентер оқытушының берген арнайы тапсырмалары бойынша
дайындаған өзіндік жұмыстарын баяндап, балау, ажыратып балау, дауалау,
індет ошағынан арылу шараларына құрған схема жүйелерін қорғайды.
Соңында топтағы студенттердің қатысуымен қойылған сұрақ, жауап,
басқа да қосымша статистикалық деректер, оқытушының толықтыруы
негізінде түрлі індетті жағдайға байланысты күрес шараларының объективті
жоспары құрылады.
197
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
1. Індеттанулық ерекшеліктеріне, негізгі клиникалық белгілері мен
патолого-анатомиялық өзгерістеріне сәйкес төмендегі ауру топтарына ажы-
ратып балау кестесін құру:
а) америкалық және еуропалық шіріме, балапан құрттың қалталануы;
ә) вирустық салдану, гафниоз, аспергиллез, септицемия, инвазиялық
аурулар;
б) омартада алынған мәліметтер немесе оқытушының түрлі індеттік
жағдайға байланысты берген деректері бойынша індеттанулық талдау акт
жасау;
в) індеттанулық зерттеу нәтижелері негізінде инфекциядан сау емес
омартада сауықтыру шараларының жоспарын құру;
г) омартада дауалық, лажсыз дезинфекция жасау жүйесінің схемасын
дайындап, қолдануға қажетті дезинфектантты таңдау, оның негізгі және
жұмыстық ерітінділерін дайындау.
198
8-тарау. СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН ТОҒАНДАРДА БАЛЫҚТЫҢ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
27- тәжірибелік сабақ. Балық ауруларын балау, дауалау
және олардан арылу шаралары
Жүргізу орны және әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студентер балық ауруларын балау үшін қолданылатын әдістермен
танысып оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру мәселесін үйренеді.
Алдымен лабораториялық зерттеуге материал алу, жіберу, оған жолдама
құжат толтыру әдестемелерін меңгереді.
Балықтың инфекциялық ауруларына; аэромоноз (тұқы балықтың
қызылшасы), қызыл балық фурункулезі, бронхиомикоз, жүзу жарғағының
қабынуы, псевдоманоз, сапролегиниоз, көктемгі вирустық ауру, т.б. жатады.
Аэромоноз (қызамық, шемен, гемморагиялық септицемия) – балықтың
терісі мен ішкі мүшелерінің қанталауларымен, құрсақ қуысында сұйықтың
жиналуымен, көзінің бадыраюымен, ойық жаралардың пайда болуымен
сипатталатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырушысы – Aeromonas punctata
(hudrophila) коктар тәріздес, қозғалатын, Грамм теріс таяқша, спора капсула
түзбейді. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Aeromonas punctata
өсінінің вируленттігін тұқы балыққа немесе ақ тышқанға биологиялық
сынама қою арқылы анықтайды.
Індеттік ерекшеліктері – бұл аурумен тұқы балық, сазан, табан, қара-
балық 2-3 жасында жиі ауырады. Су қоймаларында ауру қоздырушысы ұзақ
уақыт сақталады. Ауру қоздырушысы құстар, балық аулайтын жабдықтар,
шаяндар, сүлік арқылы беріледі. Ауру әдетте көктем мен жазда байқалып, 25-
80% мөлшерінде өлімге шалдығады.
Негізгі клиникалық белгілері аурудың өршулеріне байланысты. Жіті
және жітіден төмен өршігенде ауырған балық қозғалмай, таза су ағынына
жақындап немесе судың бетінде қалқып, денесін толық игере алмайды,
гидростатистикалық тепе-теңдіктер сақталмайды, жүзу жарғағының қабы-
нуы, құрсақ қуысының кебінуі байқалып (37-сурет), өлімге шалдығады.
Созылмалы түрінде балық терісінде тыртықтар байқалып, денесінің құйрық
жағы қисаяды.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруға өте тән. Теріде қанта-
лаулар болады. Бұлшық еттері домбығып, кескенде суланып тұрады. Құрсақ
қуысы сұйыққа толып, бауыры балбырап, өт қабы толып, көкбауыр ұлғайып,
қара қошқылданады, жүректе нүктелі қанталаулар байқалады. Созылмалы
түрінде ойық жаралар кездеседі (38-сурет).
Көктемгі вирус ауруы – балықтың көзінің бадырайып, ішінің кебуімен,
терісінің зақымдануымен сипатталатын, жіті өршитін жұқпалы ауру.
Қоздырушысы – РНК-лы вирус.
199
Індеттік ерекшеліктері: бұл аурумен тұқы балық, ақ амур, қара балық
ауырады. Ауру көктемде байқалады. Өлім көрсеткіші 50%-ға жетеді.
Негізгі клиникалық белгілері: балықтардың судың таяз жеріне шоғыр-
лануы, көздерінің бадырайып, іштерінің кебуі, жүзу қанаттарында жолақ-
танған қанталаулар байқалуы, терісінің қарайып, желбезектерінің бозаруы.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруға тән, құрсақ қуысында қан
аралас сұйықтар жиналады, бауыр, көкбауыр ұлғайып, ісінеді, ішекте
қанталаулар байқалады.
Ауру анықталған жағдайда карантин қойылып, ветеринариялық-
санитариялық шаралар қатаң орындалады.
Сепсистік псевдомоноз – балықтың көздерінің бадырайып, теріде
ошақты қанталаулардың пайда болуымен, іштің кебуімен ерекшеленетін
жұқпалы ауру.
Ауру қоздырушысы – Pseudomonas capsulate, Pseudomonas cyprinisep-
ticum микробтары. Грамм теріс монотрих түріндегі таяқша тәріздес бакте-
риялар.
Бұл аурумен тұқы балық, табан, қара балық ауырады. Ауру көбінесе қыс
айларында, көктемде, күзде, яғни су суыған кезде байқалады. Ауру өте жіті
өтеді, денесінің әр жерінен қанталаулар байқалады, бей берекет жүзеді,
сезімдері нашарлайды.
Патология-анатомиялық өзгерістер балықтың көктемгі вирус ауруында-
ғыдай.
Қызыл балықтың фурункулезі – септицемиямен, бұлшық етте абсцес-
тердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырушысы –
Aeromonas salmonicida Грамм теріс, ұшы жұмыр келген таяқша тәріздес
бактерия, спора, капсула түзбейді, жартылай анаэробты.
Ауруға балықтың барлық түрлері шалдығады. Әсіресе, қызыл балықтар
уылдырық шашу кезінде жиі ауырады.
Негізгі клиникалық белгілері: теріде, желбезекте, жүзу қанаттарында
жолақты қанталаулар пайда болып, артынан ойық жараларға (38-сурет)
айналады. Фурункулдар жарылып, орны бозарып, ойылымдар пайда болады.
Ауырып жазылған балықтарда қоздырушы бактерия ұзақ уақыт сақталады.
Бранхиомикоз және сапролегниоздар (дерматомикоздар) – патогенді
саңырауқұлақтар тудыратын, желбезектердің қабынуымен сипатталатын
жұқпалы аурулар. Біріншісімен тұқы балық пен сазан жиі ауырады.
Соңғысымен кез келген балықтың түрі ауруы мүмкін. Сонымен қатар бұл
ауру секундарлы инфекция ретінде басқа аурулармен қабаттасып байқалады.
Балықтың жүзу жарғағының қабынуы. Мұнымен көбінесе тұқы
балық 2 жас кезінде ауырады. Сазан бұл ауруға біршама төзімді. Ауру
қоздырушысы толық анықталмаған. Ауырып жазылған тұқы балық, бұл
аурумен қайтып ауырмайды.
200
Балық ауруларына нозологиялық балау: клиникалық, патанатомиялық,
лабораториялық зерттеу нәтижелері негізінде қойылады. Аурудың нақтылы
балауын қоюда, лабораториялық зерттеу басты рөл атқарады.
Лабораториялық зерттеуге инфекциялық процестің түрлі сатысындағы
айқын клиникалық белгілері бар 15-20 дана тірі балықтар арнайы суы бар
ыдыстарға салынып жіберіледі. Ыдыстағы су балықтар тіршілік еткен су
қоймаларынан алынуы керек. Балықтар орналасқан ыдыстардағы судың
температурасы олардың тіршілік еткен ортасындағы су температурасынан
айырмашылығы 7˚С аспауы қажет.
Егер, тірі балықты лабораториялық зерттеуге жіберу мүмкіндігі болмаса
онда, ауру балыққа патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізіп, жарақат-
танған ағзалардан сынамалар алынып 40 % глицериннің судағы ерітіндісіне
салынып жіберіледі. Қан және басқа да сұйықтар стерильді Пастер түтігі
арқылы сорылып алынып, ұштары балқытылады. Материал жаз айларында
алынғанан кейін екі сағат ішінде зерттелуі шарт.
Гистологиялық зерттеуге алынған сынамалар 10% формалин ерітіндісіне
немесе 70-95˚ спиртке салынады. Ыдыстағы спирттің көлемі материалдан 10
есе көп болуы қажет.
Сенімді бактериологиялық зерттеу нәтижелері - балықты тірі кезінде
зерттегенде алынады. Балықты түрлі инфекциялық ауруларға зерттеу
әдістемелері арнайы нұсқауларда көрсетілген.
Д а у а л а у ш а р а л а р ы балық өсіретін тоғандар мен су
қоймаларында зоогигиеналық талаптар мен технологиялық процестердің
сақталуына, балықтарды орналастыру параметрлеріне, рациондарына және су
қоймаларында гидрологиялық және гидрохимиялық ережелердің сақталуына,
су қоймаларын сырттан енетін ауру қоздырушысынан қорғау мақсатында
жүргізілетін дезинфекциялық, карантиндік шараларға байланысты.
И н ф е к ц и я л ы қ а у р у л а р д а н а р ы л у ш а р а л а р ы су
қоймалары мен тоғандарда жүргізілген індеттанулық зерттеу нәтижесі
негізінде құрылған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Індетке қарсы жалпы және
арнайы шаралар індет процесінің негізгі буындарына бағытталуы қажет.
Негізінен ауру қоздырушысының бастауын анықтауға баса назар аудары-
лады. Ол үшін алдымен ветеринариялық құжаттармен танысып, сұрау
арқылы балықтардың ауырып, су бетінде қалқуы, өлгені жайында деректер
жинақталады.
Балықтың сырттан әкелінгені, әкелінбегені анықталады. Аналықтарын
толтыру мақсатында сырттан балық әкелінген болса, олардың дауалық
карантин мерзімінде ұсталғандары, ол кезде зерттелгендіктері анықталады.
Су қоймаларында балықтың тіршіліктеріне мән беріліп, оларды аулау
арқылы ұстап, клиникалық және патология-анатомиялық зерттеулермен
ауруға алдын ала балау қойылады. Мұнымен қатар олардан алынған
сынамалар вирусологиялық, бактериологиялық зерттеулерге жіберіледі.
201
Аурудың нозологиялық балауы анықталғанан кейін індеттің шығу
таралу себептері, індет процесінің негізгі буындары нақтыланады. Яғни,
ауруға індеттанулық балау қойылады.
Балықтардың аса жұқпалы ауруларында (қызыл балықтың фурун-
кулезінде, форелдердің геморрагиялық өлітиюінде, бронхомикозда су
қоймалары мен бөгеттерде карантин жарияланады.
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
1. Жұқпалы аурулар анықталып балықтар жаппай өле бастағанда жүргіз-
ілетін зерттеу жүйелері схемасын жасау.
2. Балықтың инфекциялық ауруларын ерекшеліктері бойынша ажыратып
балау кестесін құру.
37-сурет. Қоян миксоматозы мен балық аурулары
А – қоян миксоматозында бас, құлақ терісінің жарақаттануы; Ә - жүзу
жарғағының қабынуындағы құрсақ қуысының кебінуі және
гидростатикалық тепе-теңдіктің бұзылуы; Б – тұқы балықтың
аэромонозындағы жаралар (язвалар); В – форельдің көктемгі вирус ауруы
кезіндегі қанталаулар.
202
Жалпы індеттану бөлімі бойынша студенттердің өзіндік
жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары:
-
Серологиялық зерттеудің балау әдістері кешеніндегі маңызы.
-
Иммунологиялық икемділік немесе иммунитет реакцияларының
негіз-дері, олардың практикалық маңызы.
-
ИФТ, ДНК зонд, ПТР әдістерінің ветеринариялық практикада қолда-
нылу алаңдары.
-
Иммунологиялық икемділік және иммунитет.
-
Жануарлар организмінің төзімділігі және инфекцияға бейімділігі.
-
Індет процесінің даму заңдылықтары және сатылары.
-
Індет процесінің қарқындылығы және оның статистикалық көрсет-
кіштері.
-
Індеттанулық
география,
індеттанулық
аудандастырудың
қағидалары.
-
Жұқпалы аурулардың эволюциясы және жіктелуі.
-
Дезинфекциялық техника.
-
Әртүрлі нысандарды дезинфекциялауды ұйымдастыру.
-
Дерратизация әдістері мен жабдықтары.
-
Індеттанулық категориялар (індеттен сау емес пункт, індет ошағы,
оның ядросы, қатер төнген аймақ), олардың шекараларын анықтау
крите-рилері.
-
Індеттанулық балау, оның жұқпалы аурулармен күрес шаралары
кешеніндегі маңызы.
-
Инфекциялық
ауруларға
қарсы
ұйымдастыру-шаруашылық
шаралары.
-
Ветеринариялық-санитария, оның жұқпалы ауруларға қарсы күрес
шаралары жүйесіндегі маңызы.
-
OIE зоосанитариялық ережелері және жұқпалы ауруларға қарсы
күрес шараларын ұйымдастыруда ұстанылған негізгі критерилері.
-
Географиялық індеттану.
-
Індеттанулық болжау және жұқпалы ауруларға қарсы күрес
шараларын жоспарлау негіздері.
203
Жеке індеттану бөлімі бойынша студенттердің өзіндік жұмысы
(СӨЖ) тақырыптарының тізімі:
(реферат түрінде орындалады)
-
Туляремия.
-
Түйе обасы.
-
Сиыр обасы.
-
Сиырдың энцефалопатиясы.
-
Қойдың жұқпалы маститі.
-
Қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы.
-
Қой шешегі.
-
Төл аурулары (сальмонеллез, колибактериоз, стрептококкоз, қозының
анаэробты дизентериясы).
-
Үйрек балапанының синуситі және гепатиті.
-
Араның аспергиллезі, септицемиясы
-
Араның вирустық салдануы, аскосферозы
-
Балықтың сапролегиниоздары.
-
Бруцеллезді дауалау, аралық және табынды жедел сауықтыру шарала-
рын жоспарлау.
-
Туберкулез және параалергиялық реакциялар кезіндегі айырмашы-
лықтарды талдау.
-
Төл ауруларын балау және дауалау ерекшеліктері.
-
Ипподромдарда инфекциялық ауруларды дауалау шаралары.
-
Сүт фермаларында инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларын
ұйымдастыру.
-
Доңыз фермаларында инфекциялық аурулармен күрес шараларын
ұйымдастыру.
-
Құс фабрикалары мен шаруашылықтарында инфекциялық ауруларға
қарсы күрес шараларын ұйымдастыру ерекшеліктері.
-
Ит питомниктері мен терісі бағалы аң фермаларында инфекциялық
ауруларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру.
-
Омартада инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларын ұйымдас-
тыру.
-
Тоғандарда, көлдерде балықтың инфекциялық ауруларына қарсы күрес
шараларын ұйымдастыру.
204
Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылған
әдебиеттер:
1.
Болезни пушных зверей. Под. Ред. Е.П. Данилова – М. Колос, 1984.
2.
Булашев А.К. Иммунология. Оқу құралы. -Астана, 1999.
3.
Бессарабов Б.Ф. Инфекционные болезни животных, -М., Колос, 2007.
4.
Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том.- Астана, 2004.
5.
Ветеринарное законодательство. Под. ред. А.Д.Третьякова.-М.
Колос,1972, т-1: 1973, т- 2: 1981, т- 3: т- 4,1988.
6.
Жамансарин Т.М. Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-санитариялық
шаралар.- Алматы, 2005, 249 б.
7.
Иммунология. Под редакцией У.Пола. Том 1. -Москва, «Мир», 1987.
477 с.
8.
Карантинные и малоизвестные болезни животных Под.ред. Бакулова
– М. Колос, 1983.
9.
Конопаткин А.А., Глушков А.А. Инфекционные болезни с/х
животных в тропических странах. Учебник. - М.МВА, 1984.
10.
Қасымов Е. Індеттану. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды
балау және күресу шаралары. Оқу құралы. -Алматы 1992, 67 б.
11.
Қасымов Е. И. Сиыр бруцеллезімен күрес шаралары. Монография. –
Алматы, 2002, 240 б.
12.
Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес
шаралары. Оқулық. - Алматы: Атамұра, 2009.- 272 бет.
13.
Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., т.б. Ағылшынша-қазақша-орысша вете-
ринария сөздігі. – Алматы, 2005, 235 б.
14.
Поляков А.А Ветеринарная санитария. Учебное полсобие. - М.
Колос, 1979.
15.
Руководства по общей эпизоотологии. Под. ред. И.А.Бакулова и
А.Д.Третьякова.- М.Колос, 1979. 424 с.
16.
Сайдолдаұлы Т. Індеттану. Оқулық. -Алматы,1993.
17.
Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану (1-ші және 2-ші кітап).-
Алматы, 1999.
18.
Сұраншиев Ж.Ә. Жануарлар мен құстардың аса қауіпті жұқпалы
ауруларының зертханалық балауы. Оқу құралы. -Астана, 2008. 70 б.
19.
Сидорчук А.А., Воронин Е.С., Глушков А.А. Общая эпизоотология.-
М. Колос, 2004. 176 с.
20.
Таршис М.Т., Константинова В.М.. Математические методы в
эпизоотологии. – М. Колос, 1975.
21.
Урбан В.П. Практикум по эпизоотологии. Учебное пособие. -Л.
Колос, 1981.
22.
Утилилизация животных. Пер. С нем. под. ред. Л.А. Седова. – М.:
Колос, 1982. – 332с.
23.
Эпизоотология и инфекционные болезни. Учебник под ред.
А.А.Конопаткина.- М. Колос, 1993.
205
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР” ПӘНIНЕН ӨНДIРIСТIК
ПРАКТИКА ӨТУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Достарыңызбен бөлісу: |