қалдықтарын жою, көңдi зарарсыздандыру
Сабақтың мақсаты. Өлексенi, мал өнiмдерiнiң қалдықтарын жою және
көңдi зарарсыздандыру тәсiлдерiн талдау.
Қажеттi жабдықтар. Бейнетаспалар, суреттер, схемалар.
Орны және жүргiзiлу әдiстемесi. Сабақ кафедра дәрiсханасында немесе
шаруашылықта жүргiзiледi. Студенттер өлекселердi жинау, тасымалдау және
оларды утильдеу әдiстерiмен танысады.
Сабаққа студенттер көңдi зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық
және физикалық жолдарын арнайы оқулықтардан оқып келулерi қажет.
Өлексенi зарарсыздандыру. Жануардың өлекселерi қазiргi кезде
ветеринариялық-санитариялық утиль зауыттары мен цехтерде өртеу немесе
биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады. Мал шаруашылықтарында,
ауылдық аймақтарда малдың әртүрлi себептермен өлiмге шалдығуы жиi
байқалады. Сонымен қатар шаруашылықтарда, қасапханаларда тастандылар
(шу, түсiк, қасапхана қалдықтары) кездеседi. Олар ауру қоздырушысының
сыртқы ортада ұзақ мерзiмге сақталуына мүмкiндiктер тудырады. Мысалы
туберкулез қоздырушысы өлекседе 17 ай, пастереллез – 4 ай, шошқа тiлмесi –
9 айға дейiн сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы “Мирный” елдi мекенiнде терiсi бағалы қара
түлкiлер арасынан топалаңның шығуына Аягөз қаласының утиль зауытынан
әкелiнген қой өлекселерi себеп болған.
Зарарсызданбаған өлексе немесе басқа да қалдықтар ит, жабайы аңдар
мен құстың қорегi болуы мүмкiн. Олар инфекциялық аурулармен өздерi ғана
ауырып қоймай, ауру қоздырушысының бастауы немесе тасымалдаушы
ролiн атқарып, сыртқы ортаға инфекцияны кең түрде таратады. Мысалы ит,
басқа да етқоректi аңдар топалаңның өлексесiн жеу арқылы өздерi ауырмаса
да, нәжiс арқылы сыртқы ортаға 3 аптаға дейiн топалаң қоздырушысының
спорасын тарата алады.
Мұнымен бiрге жақсы зарарсыздандырылған өлексе мен мал
шаруашылығының қалдықтары, калориясы жоғары концентратталған
белокқа бай мал азығы немесе өсiмдiктерге тыңайтқыш ретiнде
қолданылады.
Ө л е к с е н i, б а с қ а д а қ а л д ы қ т а р д ы ө ң д е п, е т - с ү й е к ұ н ы н д а й-
ы н д а й т ы н з а у ы т т а р. Бұл өте жоғары деңгейде механизацияланған
мекемелер. Олардың негiзгi мақсаты маңындағы елдi мекендерден
өлекселердi, басқа да мал шаруашылық қалдықтарын жинап, утильдеу.
Қалдықтарды арнайы жабдықталған автотранспортпен жинайды. Зауыт елдi
мекеннен және трассадан кем дегенде 1 км қашықтықта орналасуы қажет.
Оған кiрiп-шығатын арнайы жолдар белгiленедi. Зауыттың iшкi террито-
риясы асфальттанып, жан-жағы биiктiгi 2 метрлiк қоршаулармен қоршалып,
3 метрлiк сыртқы периметрi бойынша (айналасы) жасыл ағаштар егiледi.
78
Кiрiп-шығатын транспортқа арналып дезинфекциялық тосқауыл
құрылады. Оның ұзындығы – 9 м, тереңдiгi – 25 см болуы қажет.
Зауыт территориясы 2 бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншiсi санитариялық жағдай
бойынша сау емес, екiншiсi – сау. Сау емес зонада сырттан әкелiнген
өлекселер, сонымен қатар арнайы қазандар орналасады. Ал екiншi сау зонада
өлексенi өңдейтiн, дайын зауыт өнiмдерiн сақтайтын орындар орналасады.
Зауыт жабық мекеме түрiнде жұмыс iстейдi.
Зауытта ветсанитариялық шараларды бақылауда негiзiнен әр зонаның
оқшаулануына баса назар аударылады.
Санитариялық жағдай бойынша сау зонада дезинфекцияны ай сайын
жүргiзiп отырады. Осы мақсатта күйдiргiш натрий, хлорлы әк, формальдегид
ерiтiндiлерi қолданылады.
Сау емес зонада дезинфекция 5 күнде 1 рет 4%-ды күйдiргiш натрийдың
ыстық ерiтiндiсiмен немесе хлорлы әктiң 3%-ды ерiтiндiсiмен жүргiзiледi.
Соңғы ерiтiндiнi қолданғанда ондағы хлордың белсендiлiгi 3%-дан кем
болмауы керек.
Жұқпалы аурулардың белгiлi бiр мемлекет аралық шекарасы болмайды.
Бұл тұрғыда Қазақстан мемлекетi халықаралық ұйымдардың (FAO, WHO,
OIE) зоосанитариялық ережелерi мен iндеттi бақылау моделiн жүргiзiлген
ғылыми iзденiстер негiзiнде елiмiздiң экономикалық жағдайына, табиғи ерек-
шелiктерiне, өндiрiлетiн биологиялық препараттарға байланысты сәйкестiрiп
қолдануы кажет.
Ветеринария-санитариялық шаралар жұқпалы ауруларды дауалау немесе
одан арылу мақсатында жүргізілетін шаралар кешенінде маңызды орны бар.
Оларға шаруашылық фермаларын инфекциядан қорғау (дезинфекциялық
тосқауыл, ветсанитариялық жібергіш, зоналарға бөлу, бос, бос емес
қағидаларын сақтау, т.б.), жануарлар тұратын нысандарды дезинфекциялау,
дезинсекция, дератизация, қиды биотермиялық жолмен зарарсыздандыру,
сүтті пастеризациялау, т.б. жатады.
Індеттің таралу механизміне қарсы арнайы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды жүргізгенде, ауру қоздырушысының негізгі таралу
жолдарына мән берілуі керек .
Санитариялық тұрғыдан сүт фермасы мен кешені сыртқы және ішкі
қорғаныстармен қамтамасыз етілген жабық кәсіпорындар қатарына жатады.
Сондықтан, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен санита-
риялық жібергіш арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма территориясы ақ
және қара зоналарға нақты бөлініп, мал тұратын - өндірістік, яғни ақ зонаға
санитариялық өткел арқылы өту қарастырылуы қажет.
11-тәжірибелік сабақ. Жәндіктермен күрес шаралары.
Дезинсекция әдістері
Сабақтың мақсаты. Жануарлар фермаларында жәндіктерді жою
әдістерін оқып, инсектицид препараттармен танысып, оларды қолдану
тәсілдерін меңгеру.
79
Керекті құралдар. Жәндіктер жиынтығы, инсектицид препараттар,
оларды қолдануға арналған құрал-жабдықтар.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедрада және түрлі шаруа-
шылық субъектілерінде жүргізіледі. Студенттер сабаққа келесі сұрақтар
бойынша дайындалып келулері қажет:
1.
Дезинсекция, оның әдістері.
2.
Қандай инфекциялар жәндіктер арқылы беріледі? Олардың берілу
механизмдері.
3.
Трансмиссивті инфекцияларда қандай көрсеткіштер індет процесінің
қарқынына әсер етеді?
Дезинсекция (французша des – жоямын, латынша insectum – жәндік) –
жұқпалы аурулардың қоздырушыларын тасымалдайтын сыртқы ортадағы
жәндіктерді жою.
Дезинсекцияның жеке жұқпалы ауруларда (оқыра, пысқырық, эстроз,
гастрофиллез, тейлериоз, т.б.) қолданылуы паразитология сабағында арнайы
оқытылады. Індеттану пәнінде дезинсекцияға қатысты жалпы сұрақтар және
инфекциялық аурулар қоздырушысын тасымалдаушы насекомдармен күрес
шаралары қарастырылады.
Қансорғыш жәндіктер (шыбын-шіркей, маса-сона, кене, бит-бүрге)
малдың мазасын ғана кетірмей, көптеген бактерияларды, вирустарды,
микоплазмаларды, риккетсияларды тасымалдайды. Сондықтан зиянды
жәндіктермен күрес жүргізу індетке қарсы ветеринариялық-санитариялық
шаралардың басты бір бөлімі болып табылады.
Зиянды насекомдармен қарсы күресте механикалық, физикалық,
биологиялық және химиялық әдістер кең түрде қолданылады.
М е х а н и к а л ы қ ә д і с т е р г е қоралар мен мал ұстайтын
орындарды көңнен уақытылы тазалау, малдың қалдықтарын зарарсыз-
дандыру, мал өлекселерін уақытында утильдеу, биотермиялық апандардың
бетін үнемі жабық ұстау, көң қоймаларын мал қораларынан 200-300 м
қашықтықта орналастыру, т.с.с. шаралар жатады. Зиянды жәндіктерді толық
жою мүмкін емес, бірақ олардың мөлшері реттелуі қажет. Осы мақсаттарда
жоғарыда айтылған шаралармен қатар шыбын-шіркейге қарсы әртүрлі
жабысқақ қағаздар қолданылады.
Ф и з и к а л ы қ ә д і с (қайнату, ыстық буды қолдану, қажет болған
жағдайда күйдіру) көбінесе кене, бит-бүргелерге қарсы қолданылады.
Б и о л о г и я л ы қ ә д і с к е насекомдардың табиғи жауларын (құс,
кейбір жәндіктер мен микробтарды) қолданып жатады. Мысалы тауық
көптеген насекомдардың құрттарын жояды. Бірақ бұл әдістің қолданылу
аясы өте тар.
Х и м и я л ы қ ә д і с жәндіктерге қарсы арнайы химиялық препарат-
тарды қолдану арқылы іске асырылады. Инсектицидтер тікелей жанасу
(контактті), ішек арқылы (жәндіктердің ішегіне арнайы азық арқылы енеді),
фумигантты (ауа арқылы жәндіктердің тыныс алу органдарына әсер етуі),
80
үркіту арқылы әсер етеді. Химиялық препараттар эмульсия, ерітінді, аэрозоль
немесе құрғақ ұнтақ (дуст) ретінде қолданылады. Мал қораларындағы түрлі
жабдықтарды, жер телімін, малдың үстін дезинсекциялау үшін арнайы құрал-
жабдықтар пайдаланылады. Қазіргі кезде ауа арқылы емес, тікелей жанасу
механизмі арқылы әсер ететін химиялық препараттар (Блотик, Неоцидол,
Байтикол, Байкенотокс, Бутокс, т.б.) практикада кең түрде пайдаланылады.
Олардың қолдану жолдары қасиеттеріне байланысты алуан түрлі болып
келеді. Ол жайында паразитология пәнінде жан-жақты оқытылады.
Жәндіктермен күрес шаралары. Мал шаруашылықтары субъектіле-
рінде (фермаларда, қасапханаларда, басқа да ветсан. обьектілерлерде) жән-
діктерге қарсы күрес дауалау және оларды жою шаралары кешенінен тұрады.
Д а у а л а у ш а р а л а р ы н а мал қоралары мен аулаларда таза-
лықты сақтау, күнделікті қиды шығару, өлекселерді, қалдықтарды жою, т.б.
жатады.
Канализацияның дұрыс жұмыс істеуі қадағаланып, қидың жиналып
қалмауы керек (әсіресе жаз айларында жиналған қидың беті топырақпен
жабылып отырылуы қажет немесе инсектицидтермен суғарылып отырылуы
керек).
Ж о ю ш а р а л а р ы жәндіктерді және олардың құрттарын жоюға
бағытталған. Осы мақсатта түрлі препараттардың ерітінділері әртүрлі кон-
центрацияларда (1:500, 1:1000) қолданылады. Сұйық қидың бетіне хлорлы әк,
хлорамин ұнтақтары себіледі.
Сиыр, доңыз, жылқы фермаларында инсектицидтер обьектілерде ғана
емес, малдардың үстіне де шашылады. Әрине малдарға қолданған кезде
препараттардың мал өнімдеріне (сүт, т.б.) әсерін тигізбейтіндері қолданылуы
керек. Осы мақсатта организмге сіңбей, терінің шәйірінде ғана сақталып,
жәндіктерге жанасу арқылы әсер ететіндері (Байтикол, Байкенотокс, т.б.)
арнайы нұсқауларға сәйкес қолданылады.
Трансмиссивті инфекциялардың індеттік жағдайына байланысты
жайылымға шығатын малдар арнайы препараттармен дезинсекциялануы
қажет.
Жылдық індетке қарсы шараларды жоспарлаған кезде жәндіктермен
күрес шаралары (қолданылатын препараттар, қолдану реттіліктері, т.б.)
қамтылуы тиіс.
12- тәжірибелік сабақ. Кемірушілермен күрес шаралары.
Дератизация әдістері
Сабақтың мақсаты. Ауыл шаруашылық субъектілерінде (жануарлар
фермаларында, қасапханаларда, диірмендерде, т. б.) кеміргіштерді жою әдіс-
терін талдап, ауылшаруашылық субъектілерінде кездесетін кемірушілер
түрлерімен, дератизациялауға қолданылатын препараттармен танысып,
оларды қолдану тәсілдерін меңгеру.
81
Керекті құралдар. Антикоагулянттар жиынтығы, оларды қолдануға
арналған құрал-жабдықтар, кеміргіштер көрсетілген арнайы плакаттар,
слайдтар, фильмдер.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедрада және түрлі шаруа-
шылық субъектілерінде жүргізіледі.
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша дайындалып келулері
қажет:
1.
Дератизация, оның әдістері.
2.
Кемірушілердің індеттің тұрақты табиғи ошағын сақтаудағы маңызы.
Қандай инфекциялар кеміргіштер арқылы беріледі? Олардың берілу
механизмдері.
3.
Мал фермаларында тіршілік ететін кемірушілердің түрлері.
Дератизация (de – жоямын, rattus – егеуқұйрық) – жұқпалы аурулардың
қоздырушыларын тасымалдайтын зиянды кемірушілерді жоюға бағытталған
шаралар кешені.
Ауру қоздырушыларын тасымалдайтын кемірушілер. Статистика-
лық деректерге қарағанда 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың, 132-сі
кемірушілер қатарына жатады. Олардың ішіндегі індетті таратудағы
маңыздысы синантропты кемірушілер (адам мен малдың тіршілік ететін
мекендеріне жақын орналасқандары). Олар: тышқан тәрізділер (сұр, қара,
жалпақ тісті егеуқұйрықтар, үй тышқаны), атжалман тәрізділер
(құмтышқандар, сұртышқандар), тиін тектестер (суырлар, саршұнақтар,
қосаяқтар) тұқымдастарына бөлінеді. Бұлардың ішінде мал фермаларында
өмір сүретіндері: түрлі егеуқұйрықтар, үй тышқандары, хомяктар. Ғылыми
деректерге қарағанда Алматы облысы мен Алматы қаласында ұсталынған
3886 кеміргіштердің 3521-і (95,5%) сұр егеуқұйрықтар, 154-і үй тышқан-
дары, тек 6-уы ғана хомяктар мен дала тышқан (Т.М. Жамансарин, 2005).
Сұр егеуқұйрықтың салмағы 600 гр, қара егеуқұйрықтікі 300 гр, үй
тышқанынікі 21 гр болады. Олардың өмір ұзақтығы – 2-3 жыл, буаздық
кезеңі – 19-21 күн. Бір айлық кезінде енесінен айырылып, 1,5-2,5 айлығында
жыныстық мүшелері жетіледі. 1 жылда егеуқұйрық 2-3 рет, тышқан 4-5 рет
балалап, әр жолы 10-15-ке дейін өсім береді. Бұлар талғаусыз қоректенеді
және көптеген инфекциялық ауруларға (түйе обасы, туляремия, Ку-
лихорадка, лептоспироз, листериоз, құтырық, аусыл, бруеллез, Ауески ауруы,
салмонеллез, т.б.) бейім. Аталған кемірушілер аталған аурулар қоздырушы-
ларының тасымалдаушылары ғана емес, олардың табиғаттағы қорламасының
сақталуында маңызды роль атқарады.
Кемірушілермен күрес шаралары. Кемірушілердің ішінде, әсіресе
егуқұйрықтармен күресу өте күрделі. Себебі олар кез-келген ортаға, ауру
қоздырушыларына, химиялық препараттарға, тіпті радиацияға тез бейім-
деледі. Кемірушілерге қарсы күрес дауалау және түбегейлі жою шарала-
рынан тұрады.
82
Д а у а л а у (алдын алу) ш а р а л а р ы . Мұндағы басты мақсат кемі-
рушілердің түрлі мал обьектілерінде орын алып, азық бар жерді иемденіп
алмауын қарастыру. Ол үшін санитариялық, құрылыстық-техникалық
(әсіресе жем-шөпті, азықты дұрыс сақтау, т.б.) жұмыстарды жоспарлағанда,
кемірушілермен күресуге мүмкіндік беретін жағдайларды (түрлі тосқауылдар
қою, олар жүретін саңылаулар қалтырмау, қажетті жерлерді бетондау, т. б.)
қарастыру керек. Санитариялық тұрғыда тазалықтың сақталуымен қатар,
ветсанитариялық режимдердің сақталуы қажет. Дауалық шаралар ретінде
агротехникалық жұмыстар да маңызды. Агротехникалық шаралар кеміруші-
лердің өсіп-өнуіне кедергі жасауға бағытталған. Оларға: жерді көктемгі, күзгі
жырту, сабанды уақытылы жинап алу немесе өртеу, т.б. жатады.
Т ү б е г е й л і ж о ю ш а р а л а р ы . Оларға механикалық, биоло-
гиялық, химиялық әдістерді қолдану арқылы кемірушілерді жою жатады.
М е х а н и к а л ы қ ә д і с т і ң қолданылу аясы тар. Көбінесе бұл
әдісті химиялық препараттарды қолдануға тиым салынған жерлерде
пайдаланады (мысалы тамақ сақтау қоймалары, т.б.). Механикалық әдіс
арқылы кемірушілердің қаншалықты орын теуіп мекендеген деңгейін білу
үшін және жүргізілген арнайы шаралардың нәтижелігін анықтауға болады.
Осы мақсаттарда қарапайым және күрделі қондырғылар қолданылады.
Біріншісіне ұстағыш бөшкелер, беті түбіне түсіп кететін өлім шұңқырлары,
т.б. айла-тәсілдер жатады. Күрделі қондырғыларға түрлі қақпан, тұзақтар
жатады. Олар кеміргіштердің індерінің маңына, жүретін жолдарына құры-
лады. Қақпандардың тиімді пайдаланылуы үшін біріншіден – олар көзге
түрткі болмауы тиіс, екіншіден – алдартқыштың дұрыс таңдап алынуы қажет.
Сондықтан алдартқыш ретінде бұл өңірде жоқ, елірткіш азықты қолдану
керек.
Б и о л о г и я л ы қ ә д і с жаппай ауырып, өлімге шалдықтыратын
түрлі ауру қоздыратын микробтарды қолдануға негізделген. Табиғатта
кемірушілерді жоюға түрлі құстардың (қырғи, қаршыға, күйгентай, т.б.) және
кішігірім жыртқыш аңдардың (түлкі, қарсақ, шибөрі, т.б.) маңызы бар.
Фермаларда кемірушілерді жоюға мысық, ит қолданылады. Кемірушілерді
микробты қолдану арқылы жою тәсілі Кеңес дәуірінде кең қолданыла бас-
тады. Осы мақсатта кемірушілерден бөлініп алынған Мережсковский және
Исаченко ұсынған бактериялар қолданылған. Олардың ішінде кемірушілер
арасында эпизоотия тудырған №5170 бактерия (М.И.Прохоров) сыналған.
Сыналған өсіндер салмонеллез микробтар тобынан болған.
Ғылыми тұрғыдан қарағанда биологиялық әдісті қолданғанда бактерия-
лардың ауылшаруашылық жануарларына патогенді болуы мүмкін. Сондық-
тан бұл идеяға қарсы болған ғалымдар көп болды. Бірақ кеңес дәуірінде
практикалық жағдайда кемірушілерге қарсы биологиялық әдісті қолданғанда
оның теріс жақтары жайында деректер болған жоқ.
83
Х и м и я л ы қ ә д і с. Жалпы кемірушілерді жою үшін мал обьектіле-
рінде көптеген химиялық препараттар қолданылады. Олар әсер етуіне
байланысты 2 топқа бөлінеді:
а) өте улы, тез өлтіретін (крысид, мырыш фосфиді, тиосемикарбазид,
барий және натрий фторацетаты, т.б.);
ә) улылығы созылмалы, кумулятивті, яғни біртіндеп әсер ететін (оларға
антикоагулянттар: зоокумарин, ратиндан, этифеназин, фенголацин, т.б.).
Бірінші топтағы препараттарға қарағанда соңғы топтағылары практикада
тиімді пайдаланылады. Олар кеміргіштерді біртіндеп, ұзақ уақыт әсер ету
арқылы жояды. Сондықтан кемірушілердің сақтанушылығын туғызбайды,
сол себепті антикоагулянттардың нәтижелігі жоғары.
Антикоагулянттардың ішінде зоокумарин, оның натрий тұзы, фенто-
лацин, пенолацин, дифенацин, фентолациннің майлы ерітіндісі, этилфенацин,
бромидалон, бродифакум, эргокальциферон, сорекс, дифенакум, вакор,
пиринурон, ракумин, силатрок, эпиблок препараттары практикада кең түрде
қолданылады. Бұлар түрлі мемлекеттерде өндіріліп шығарылады.
Соңғы жылдары Германияның «Байер» фирмасы шығаратын ракумин
препараты тиімді қолданылуда. Препараттың иісі, дәмі жоқ, суда ерімейді,
ұнтақ түрінде қолданылады. Препараттың үй тышқандары мен қара
егеуқұйрықтарға нәтижелігі жоғары. Оның 0,025 %-ы 2 жұма ішінде 100%
жағдайда кеміргіштерді қыра алады.
Түрлі мал обьектілерінде дератизация жүргізу алдында төмендегідей
мәліметтердің анықталуы қажет:
а) қоралардағы немесе басқа да обьектілерде олардың жүретін жолдары;
ә) ұялары мен індері, олардың әр қорадағы орташа саны;
б) қай жерлерде, қандай азықтармен қоректенетіндері;
в) қандай қораларда түрлі алдартқыштарды қолдануға болатыны (алдын
ала алдартқыштардың желінуін бақылайды).
Жоғарыдағы мәліметтер толық анықталғаннан кейін қолданылатын
препараттардың түрлі жануарларға тигізетін улылық нәтижелері назарға
алынып, қолдануға қажетті препараттар таңдалынады.
Алдартқыш қоспа ретінде арпа, бидай (олар қабықтарынан толық
аршылған болуы керек), қант, сұлы, жүгері, ет, балық ұнтақтары пайдала-
нылады.
Міндетті түрде алдартқыш жем дайындағанда техникалық қауіпсіздік
ережелерінің мұқият сақталуы шарт.
Студентердің өзіндік жұмыстарына тапсырмалар:
1) сиыр, қой, доңыз фермаларында дауалау және кемірушілерден арылу
шараларының жоспарын құру;
2) қасапхана объектілерінде кемірушілерден арылу шараларының жос-
парын құру;
84
3-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы
арнайы шаралар
Инфекциялық ауруларға қарсы арнайы шараларға ауруды балау және
жануарларды иммундеу жатады. Жұқпалы ауруларды нозологиялық балау
әдістері (клиникалық, пат.анатомиялық, серологиялық, аллергиялық, бакте-
риологиялық, вирусологиялық, т.б.) арнайы тарауда көрсетілген.
13- тәжірибелік сабақ. Инфекциялық аруларға қарсы жануарларды
иммундеудің маңызы, әдістері
Сабақтың мақсаты. Індеттік жағдайды талдау, синтездеу арқылы
вакцина қолдануға немесе қолданбауға дұрыс шешім қабылдауды үйрену,
вакцина түрлерімен, имундеу әдістерімен танысып, иммундық препарат-
тарды қолдану тәсілдерінің техникасын меңгеру.
Керекті жабдықтар. Түрлі вакциналар, гипериммунды қан сарысулары,
қарапайым, жартылай және толық автоматталған піспектер, қайшылар,
спирттелген тампондар, т. б.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ бірінші этапта кафедра дәрісха-
насында, екіншісінде қасапханада немесе шаруашылықта жүргізіледі.
Инфекциялық ауруларды телімді дауалау малдың иммунитетіне
негізделген. Табиғатына байланысты иммунитет туа біткен және пайда
болған деп бөлінеді. Туа біткен иммунитет ертеректе түрлік иммунитет деп
аталған. Т.С.Сайдулдиннің (1993) «Індеттану оқулығында бұндай иммунитет
бір түрге ғана тән емес, әрбір жеке жануардан бастап барлық таксономиялық
топтарға, тіпті ең жоғары таксономиялық бірлік – типке дейін қатысты екені
айтылған. Сондықтан автор оны конституциялық иммунитет деп атап, оны 3
топқа (таксондар иммунитеті, тұр ішіндегі және индивидум иммунитеті)
бөлген (10-сурет). Соңғысы бірнеше түрге бөлінеді: уыздық, иммундеуші
субинфекция, табиғи инфекциядан кейінгі (ауырып-жазылған малда
қалыптасады), т.б.
Жалпы жұқпалы ауруға қарсы пайда болатын иммунитет 2 жолмен
(табиғи және жасанды) қалыптасады. Жасанды иммунитет (егу арқылы
туындалған) белсенді (вакциналық) және енжар (гипериммунды қан сарысуы
арқылы) болып бөлінеді. Індетке қарсы күрес шаралар жүйесінде вакциналық
иммунитет маңызды рөл атқарады. Кейбір ауруларды иммундеудің нәтиже-
сінде індеттік жағдайды түбірімен өзгертуге немесе аса жұғымтал инфек-
цияны тұғырықтауға болады. Бірақ тек вакцинациялау арқылы қажетті
жетістіктерге жету мүмкін емес. Вакцинацияның өзі адам еңбегін есептеме-
генде организмде қажет емес реакциялар тудырады. Нәтижесінде организм-
нің жалпы ауруға қарсы тұру қабілеті (резистенттілігі) төмендейді.
85
10-сурет. Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет түрлері.
Сондықтан әрдайым індеттік жағдайға байланысты вакцинаны қолдану,
қолданбау мәселелері шешілуі қажет. Вакцинация көбінесе жұқпалы
аурулардың жаппай таралуына қауіп төнген кездерде жүргізіледі. Бұндай
жағдай әсіресе табиғи ошақты инфекцияларда, қатер төнген аймақта (мал
айдайтын трассалардың болуы, оларда малдың айдалуы болған жағдайда),
түрлі қалдықтарды азық ретінде зарасыздандырмай қолданғанда (әсіресе ет
қоректілерде) туындалады.
Вакцинацияның нәтижелігі оның дер уақытында, ерте қолданылуына
байланысты. Қазіргі кезде бұрынғы иммундеу тәсілдерінің орнына, жеке
емес, топтап иммундеу әдістері қолданыла бастады. Мысалы 11-суретте
көрсетілгендей пероральды және аэрогенді әдістер.
Иммунитет
Индивидумның (жеке жануардың,
адамның) иммунитеті
Уыздық (енжар) иммунитет
Иммундеуші субинфекция
Жасанды (егу арқылы)
Түр ішіндегі (тұ-
қымға байланысты)
Таксондар (отряд,
класс, тип, т.б.)
Табиғи, инфекциядан кейінгі (белсенді)
Стерильді
Стерильді емес
Белсенді (вакциналық)
Енжар (қан сарысуы,
глобулиндер арқылы)
86
Түйе және тауық
шешегі, қара сүйел
11-сурет. Кейбір инфекциялық ауруларда қолданылатын
иммундеу әдістері.
Ш а р у а ш ы л ы қ т а ғ ы м а л д ы ж а п п а й и м м у н д е у ге
д а й ы н д а у. Бір күн бұрын вакцинациялауға жататын барлық мал
клиникалық зерттеліп тізімделеді. Вакцина қолдануға болмайтындары
(буаздықтың соңғы кезеңіндегі мал, арық мал, т.б.) белгіленіп, тізімде себебі
көрсетіледі.
Вакцинациялау алдында қажетті барлық құрал-жабдықтар дайындалып
ине, шприцтер, қайшы, пинцет, т.б. стерильденеді. Вакцинация жүргізілер
алдында малдың жалпы жағдайына көңіл бөлінеді. Егер де қандай да бір
ауруға секем байқалса міндетті түрде малдың температурасы өлшенеді. Мал
дәрігері вакцинациялау алдында көмекші адамдардың қолдарында
жарақаттардың бар-жоқтығына көңіл бөледі, болған жағдайда спиртпен
өңделіп иодталады немесе арнайы хирургиялық қолғап киюлері шарт. Бұндай
жағдай әсіресе тірі вакцинаны қолданғанда орындалуы қажет. Малды
фиксациялауға арнайы станоктар, болмаса бағандар қолданылады.
Иммунделген мал белгіленуі қажет.
Мысалы, бруцеллез ауруына қарсы тайыншалар 4-6 айлығында
егілгенде құлағына бір ойық, ал екінші рет – ұрықтандырудан екі ай бұрын
ревакцинацияланғанда екінші ойықпен таңбаланады. Жылқы, сиыр, қойға
вакцина егер алдында егілетін тері аймағының жүні қырқылып, 3%-ды фенол
ерітіндісімен сүртіліп, өңделіп, тері астына немесе етке, болмаса басқа
жеріне вакцинаның қолдану нұсқауына сәйкес егіледі.
Вакцина егу әдістері
Топалаң, құтырық
Тері астына
Лептоспироз, бұзаутаз
Ет ішіне
Ньюкасл ауруы
Пероральды
Теріге
Доңыз аурулары
Аэрогенді және
аэрозольды
Парагрипп-3
Интронозальды
87
Вакцинаның қолданылуына байланысты (тері ішіне, етке, т.б.) арнайы
піспектер дайындайды. Препараттарды қолданудың бірнеше тәсілі бар. Олар:
э н т е р а л ь д ы (ауыз арқылы, желмен немесе сумен қосып беру),
п а р э н т е р а л ь д ы (тері ішіне, тері астына, етке, бұлшықетке,
респираторлы, т.б.) Қазіргі кезде ветеринариялық практикада вакциналарды
парэнтеральды жолмен қолдануға арналған түрлі жартылай автоматты, толық
автоматты қондырғылар кең түрде қолданылады (12, 13-сурет).
Респираторлы әдіс (аэрозольды және аэрогенді) ветеринариялық
практикада қолдану тиімді. Біріншіден антиген тозаң түрінде тыныс алу
жолдары арқылы қабылданады. Және бұл тәсіл арқылы аз уақытта малды
жаппай иммундеуге болады. Аэрозольды әдіспен құстарды, шошқаны
иммундеуге соңғы жылдары кең түрде қолданылады.
12-сурет. Шилов құралы.
Егілген мал бақылауға алынады. Егерде вакцинаның нәтижесінде
асқыну процестері (вакцина егілген жердің домбығуы, жергілікті
температураның көтерілуі, т.б.) анықталған жағдайда вакцина өндірген
мекемеге рекламация жіберіледі. Онда вакцинаның серия нөмірі, өндірілген
күні, қанша малға егілгені, асқыну процестері көрсетіліп, вакцина флакон-
дарымен жіберіледі.
Вакцина қолданылғаннан кейін (әсіресе тірі вакциналар) ветсанита-
риялық шаралар (санитариялық тазалау, объектіні дезинфекциялау) жүргі-
зіледі. Флаконда қалған вакциналар қалдығы міндетті түрде қайнатылып
немесе өртеніп жойылады.
|