48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин


құрылымы, түрлері және олардың шекараларын анықтау



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

құрылымы, түрлері және олардың шекараларын анықтау 
 
Сабақтың мақсаты. Табиғи ошақтың құрылымын, түрлерін анықтауды 
үйреніп, табиғи ошақтылықтың сақталуындағы ауру қоздырушысы тасымал-
даушыларының рөлін талдау. 

59 
 
Қажетті  жабдықтар.  Ауру  қоздырушыларын  тасымалдаушы  жәндік-
тердің,  кеміргіштердің,  құстардың,  т.б.  факторлардың  індетті  таратудағы 
рөлін көрсетуге арналған плакаттар, слайдтар, 7-інші және 8-інші суреттер .  
Орны және жүргізу тәртібі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізіледі. 
Студенттер  арнайы  суреттер,  схемалар  бойынша  кеміргіштер  мен  жәндік-
тердің  биологияларымен танысып, олардың инфекциялық ауруларды тарату-
дағы рөлін талдайды. 
Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтылығы. Табиғи індет ошағы 
деп  белгілі  бір  жұқпалы  ауру  қоздырушысының  жабайы  жануарлар, 
кемірушілер,  насекомдар  арасында  немесе  түрлі  факторлар  (топырақ,  су) 
арқылы  айналымда  болатын  территорияны  атайды.  Мысалы  құтырық, 
туляремия,  лептоспироз,  листериоз,  т.б.  ауырулардың  табиғи  ошақтары 
болады.  
Жұқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафтта табиғи ошақ 
тудыру  қасиетін  –  табиғи  ошақтылық  деп  атайды.  Жұқпалы  трансмиссивті 
аурулардың  табиғи  ошақтылығы  туралы  ілімнің  негізін  қалаған  –  академик 
Е.Н.Павловский (1884-1965). Кейіннен академиктің шәкірттері Қазақстандық 
ғалымдар И.Г.Галузо мен П.А.Петрищева, т.б. трансмиссивтік емес аурулар-
дың да табиғи ошақтары болатынын дәлелдеді. Олар жабайы жануарлардың, 
кемірушілердің  тікелей  немесе  жанама  жанасуы  арқылы  беріледі.  Мысалы 
құтырық вирусы құтырған қасқыр, түлкі, қарсақ, т.б. арқылы берілсе, лепто-
спироз,  листериоз  қоздырушылары  ауру  таратушы  кемірушілер  ластаған 
факторлар (мал азықтары, т.б.) арқылы жұғады.  
Қазіргі  кезде  табиғи  ошақты  аурулар  қатарына  жататын  зооантропо-
ноздар  саны  тұрақты  көбеюде.  Мысалы  табиғи  ошақты  зооантропоноздарға 
көптеген  риккетсиоздар  (Кулихорадка,  тиф,  т.б.),  вироздар  (құтырық, 
жылқының  жұқпалы  энцефаломиелиті,  аусыл,  т.б.),  бактериоздар  (түйе  оба-
сы,  туляремия,  лептоспироз,  листериоз,  псевдотуберкулез,  салмонеллез-дер, 
т.б.), сонымен қатар протозооздар (лейшманиоз, токсоплазмоз, т.б.), көптеген 
гельминтоздар (описторхоз, эхинококкоз, трихинеллез, т.б.) жатады.  
Ғылыми  деректерге  қарағанда,  табиғи  ошақты  аурулар  қоздырушыла-
рының  табиғи  биоценоздарда  сақталуына,  айналымда  болуына  550 
омыртқалы  жануарлар,  олардың  200-ден  астамы  сүтқоректілер  (әсіресе 
кемірушілердің рөлі үлкен), 250-ге жуық құстың түрлері қатысты. Мұнымен 
қатар 100-ден артық қан сорғыш насекомдар маңызды рөл атқарады.  
Аурудың  табиғи  ошағының  құрылымын,  шекарасын  анықтау. 
Табиғи  ошақ  ретінде  сол  аурудың  қоздырушысы  айналымда  болатын  ең 
шағын  территорияны  қабылдайды.  Бұл  территорияда  ауру  қоздырушысы 
ұзақ уақыт өніп-өсіп, өзінің тіршілігін сақтай алады.  
Табиғи ошақтың құрамына кіретін территория 3 түрлі алқапқа бөлінеді: 
а)  тұрақты  түрде  аурудан  таза  емес  алқап  (онда  ауру  қоздырушысы 
өзінің өніп-өсуіне қажетті жануарларға беріліп, табиғи айналымда болады); 

60 
 
ә)  ауру  қоздырушысының  уақытша, оқтын-оқтын  таралуына  мүмкіндігі 
бар алқап; 
б) қодырушының иесі мен тасымалдаушысының тіршілігі үшін қолайлы 
жағдай жоқ территория. 
Аурудан тұрақты таза емес аумақ – аурудың табиғи ошағының ядро-
сы (мәйегі) деп аталады. Аурудың өршіген сәттерінде патогенді микроб ошақ 
ядросынан  оның  маңындағы  алқапқа  берілуі  ықтимал.  Нәтижесінде  табиғи 
ошақтың шекарасы да өзгеріп, мөлтек ошақтар пайда болады.  
Ветеринариялық  практикада  табиғи  ошақтың  ядросын  анықтау  індетке 
қарсы  күрес  шаралар  жүйесінде  маңызды.  Мысалы  кең  далада  кеміруші 
жануарлар  арқылы  қалыптасқан  табиғи  ошақтардың  ядросы  сол  өңірдегі  су 
көзі  болып  табылады.  Ауру  қоздырушысының  тасымалдаушылары  сол  көл-
шіктің  маңында  шоғырланады.  Яғни  кеміргіштерге  қарсы  күресті  нақтылы 
сол алқапта жүргізсе, аз қаражатпен тиімді нәтиже алуға болады. 
Табиғи  ошақтың  түрлері:    а  у  т  о  х  т  о  н  д  ы      (адамның  әрекетіне 
тәуелсіз сақталатын ошақтар), а н т р о п у р г и я л ы қ  (адамдардың табиғи 
ортаны  шаруашылық  аймағына  тартуына  байланысты,  бұндай  ошақтарда 
қалыптасқан індет процесіне үй жануарлары да қатысады), с и н а н т р о п – 
т  ы  қ    (адам  мен  жануарларға  жақын  тіршілік  етуге  бейімделген 
кемірушілердің  қатысуымен  туындалған),  қ  а б  а  т  т  а  с  қ  а  н    (бір  алқапта 
бірнеше  табиғи  ошақты  аурулардың  кездесуі,  мысалы  туляремия, 
лептоспироз,  Ку-қызбасының  анықталуына  тышқан  тектес  кемірушілердің 
бір  ортаға  шоғырлануынан  туындалады),    ш  а  ш  ы  р  а  н  д  ы    (ауру 
қоздырушысының  жануарлардың  бірнеше  түрлерінің  арасында  таралуы) 
болып  бөлінеді.  Соңғысына  мысал  ретінде  листериоз  ауруының  таралу 
жолдарын (7-сурет) қарастыруға болады.  
Листериоздың  табиғи  ошағының  ауысуы  жыл  маусымдарына 
байланысты.  Жылдың  суық  мерзімдерінде  листерилерді  тасымалдаушы 
кемірушілер  даладан  мал  обьектілеріне  (қора-жайға,  сүрлем  қоймаларына, 
т.б.)  қарай  көшеді.  Практикалық  жағдайда  індет  процесінің  бұғауларына  үй 
жануарлары  қатысады.  Бұл  құбылысқа  көктемнің  алғашқы  айларында  қой 
отарларына  сүрлем  берген  кезде  листериоз  ауруының  энзоотия  түрінде 
байқалуы дәлел бола алады.  
Жұқпалы  аурудың  табиғи  ошағы  белгілі  бір  ландшафқа  баланысты 
болады.  Бірінікі  жазық  дала  болса,  басқа  бірінікі  таулы-қырат  немесе 
ылғалды жерлерде болады. Мысалы,  түйе обасының ошағы құрғақ даламен  
байланысты  болса,  лептоспироздікі    жасанды  көлшіктермен  байланысты. 
Бұларды ландшафтық ошақтар деп атайды.  
  

61 
 
 
 
7-сурет. Листериоздың жұғу жолдары. 
 
Синантропты  жануарлар  (ауылдық  елді  мекенде,  қалада  тіршілік 
ететін  кемірушілер)  мен  құстар  ауыл  шаруашылық  жануарлар  арасында 
инфекцияны  таратады.  Олар  тек  қана  өздері  ауырып  қоймай,  инфекция 
қоздырушысының  қорламасы  ретінде  індеттің  тұрақты  ошағын  сыртқы 
ортада сақтайды. 
Тышқан тектес кемірушілер аса қауіпті инфекциялық аурулардың (түйе 
обасы,  туляремия,  лептоспироз,  листериоз,  батулизм,  Ауески  ауруы,  шошқа 
обасы, құтырық, трихофитоз, т.б.) табиғаттағы қорламасы ғана емес, механи-
калық тасымалдаушы ретінде де маңызды рөл атқарады.    
Қазіргі кезде жабайы жыл құстары мен аңдар аса жұғымтал ауруларды 
таратуда маңызды болып отыр. Мысалы  құс тұмауының  вирусы маусымдық 
жабайы  құс  арқылы  панзоотия    түрінде,  оқтын-оқтын    түрлі  мемлекеттерде 
таралуда. 

62 
 
Сондықтан,  індеттанулық  мониторинг  жүргізгенде  маусымдық  жабайы 
құстардың  түрлерін,  уақытша  мекендерін,  олардың  сандық  мөлшерін, 
сонымен  бірге елді мекендегі кемірушілердің, жабайы аңдардың мөлшерін, 
миграция жолдарын білу керек.  
Қан  сорғыш  жәндіктер  (насекомдар):  маса,  сона,  кене,  бүрге,  т.  б. 
арқылы  жұқпалы  ауру  қоздырушыларының  сау  жануарларға  берілу  жолын-
трансмиссивтік деп атайды. Егерде тек қана қан сорғыш насекомдар арқылы 
берілсе  –  облигатты  трансмиссивті  (міндетті),  ал  трансмиссивтік  жолмен 
қатар  басқада  жолдармен  берілсе  (алиментарлы  т.  б.)  -  факультативті 
трансмиссивті  инфекциялар  деп  аталады.  Біріншісіне  жылқы  обасы  мен 
делбесі, ал екіншісіне топалаң, жұқпалы анемия, шошқа обасы жатады.  
Ауру  қоздырушы  микробтың  насекомдар  арқылы  берілуі  телімсіз 
(механикалық),  телімді  (биологиялық)  деп  бөлінеді.  Біріншісінде,  зардапты 
микроб  жәндіктер  организмінде  өсіп-өнбейді,  қорланбайды,  аз  уақыт  қана 
сақталады. Ал екіншісінде ауру қоздырушысы жәндіктер организмінде өсіп-
өніп,  көбейеді.  Нәтижесінде  ауру  қоздырушысының  биологиялық  тасымал-
даушысы  індет  процесіне  қатысып,  зардапты  микробтың  берілу  механизмін 
өзгертеді.  Мұндай  жағдай  індеттің  қарқынын  және  індет  ошағының  типін 
айқындайды.  Әрине  жұқпалы  аурудың  жаңадан  анықталуы  ауру  қоздыру-
шысының бастауына, оның берілу факторларына байланысты.  
Жұқпалы  аурулар  берілу  жолдарына  байланысты  мұнымен  бірге 
алиментарлық  (азық,  су  арқылы),  респираторлық  (ауа  арқылы),  тік  және 
көлденең деп бөлінеді. Берілу жолдарына байланысты жұқпалы аурулардың  
басқа  да  індеттанулық  жіктелу  түрлері,  факторлары  (шөп,  топырақ,  мал 
өнімдері, транспорт т.б.) 6-кестеде көрсетілген. 
Ауру  қоздырушысының  бастауына  байланысты  жұқпалы  аурулар: 
ктеноздар (тек  қана үй жануарлары арқылы), терионоздар (тек қана жабайы 
аң, арқылы), ктенотерионоздар (үй және жабайы жануарлар, аңдар  арқылы), 
зооантропоноздар  (малдан  адамға  жұғады,  екеуіне  де  ортақ),  антропо-
ноздар (адамнан жануарларға жұғады)  деп жіктеледі. 
Микробиологиялық 
классификация 
бойынша: 
бактериоздар, 
вироздар,  хлам  идиоздар,  рикетсиоздар,  микоплазмалар,  микоздар 
(микотоксикоздар) деп бөлінеді.  
 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ: 
 
Індет ошағының шекарасын анықтауға арналған «Іскерлік ойын». 
Індеттік  жағдай:  200  жеке  ауладан,  10  шаруа  қожалығынан  тұратын 
ауылдық  округке  қарасты    бір-бірінен  алшақталған  3  шағын  елді-мекенде 
жануарлардың  топалаңмен  ауырғандары  анықталған.  Малдың  бәрі  қолда 
ұсталынады.  Індеттанулық  зерттеу  нәтижелері    негізінде  топалаң  қоздыру-
шысының әр түрлі жолдармен тарағаны белгілі болды. Біріншісінің бастауы - 

63 
 
етсүйек  ұны,  екіншінікі  -  шөп  базарынан  әкелінген  азық,  үшіншінікі  -  жер 
қазу жұмыстары әсерінен сол жердің топырағы болған. 
Тапсырма: 
а) түрлі жағдайдағы індет ошақтарының шекараларын анықтаңыз? 
Сұрақтар: 
1.  Доңыз  сальмонеллезы  спорадиялық  жағдайда  тұрақты  анықталатын 
ферма қандай эпизоотологиялық категорияға жатады?  
2.  Кемірушілер  арқылы  адамдарға  лептоспироздың  жұғуы  тіркелген 
індет ошағы қалай аталады? 
3.  Ауылдық  аймақтарда  адамдардың  құтырықпен  ауруы  бірнеше  рет 
анықталған.  Ауру  3  жағдайда  иттен,  2  жағдайда  түлкіден  жұққан,  сонымен 
қатар  сиыр  малы  арасында  құтырық  ауруы  тіркелген.  Ауылдық  аймақтағы 
індет ошағының типін анықтаңыз?   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

64 
 
4-тарау. ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР 
 
Жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын күрес шараларының мақсаты
-
 
мал арасында инфекциялық аурулардың алдын алу (дауалау); 
-
 
індет  ошағы  анықталған  жағдайда,  одан  арылу  (індет  ошағын  жою, 
табынды, отарды, т.б. індеттен сауықтыру); 
-
 
адамдардың  жануарлар  мен  адамға  ортақ  (зооантропонозды)  инфек-
цияларға шалдығуына жол бермеу. 
Індетке  қарсы  шараларды  іске  асырудың  негізгі  принциптері. 
Инфекциялық  ауруларды  дауалау  немесе  одан  арылу  шаралары 
шаруашылықтың  (ұжымдық,  жекеменшік)  немесе  елді  мекеннің  (ауыл, 
ферма, т.б.) осы аурудан індеттік жағдайына байланысты алдын ала құрылған 
жоспар  бойынша  індет  процесінің  негізгі  қозғаушы  күштеріне  бағытталып,  
кешенді түрде жүргізіледі (8-сурет).   
Яғни  жұқпалы  ауруларға  қарсы  күрес  шараларының  маңызды  бір 
негіздері олардың: кешенді және жоспарлы түрде жүргізілуі.  
 Індетке қарсы шаралардың үшінші басты бір негізі - олардың мемлекет 
тарапынан белгіленуі және қолдау көрсетілуі, яғни – мемлекеттік сипаты
Індет ошағы анықталған жағдайда аудандық (қалалық) әкімшілік шешімі 
бойынша карантиндік және шектеу территориясы белгіленеді.  
Адам  мен  жануарларға  ортақ  инфекциялық  ауруларда  бір  күн  ішінде 
территориялық  санитариялық-эпидемиология  мекемесіне  хабарлануы  мін-
детті.  Аса  қауыпты  жұқпалы  аурулардан  (бруцеллез,  туберкулез,  т.б.)  сау 
емес  пунктті  індеттанулық  зерттеу,  аудандық  ветеринария  істерінің  эпизо-
отологы  немесе  осындай  тексерулер,  сауықтыру  шараларын  жүргізуге 
рұқсаты  (лицензиясы)  бар  мал  дәрігерінің  жүргізуі  шарт.  Індетке  қарсы 
шаралардың дұрыс іске асуына ауылдық округтің әкімшілігі көмек көрсетуі 
қажет.   
Жалпы және арнайы күрес шараларын ұйымдастыру.  Кеңес Одағы 
кезінде  инфекциялық  аурулардың  індеттік  жағдайын  қадағалау,  сауықтыру 
шараларын  орындау,  індет  аурулары  бойынша  есеп  беру  жүйелері  індеттен 
сау  емес  пункт  категориясы  шеңберінде  жүргізілді.  Созылмалы  түрде 
байқалатын  инфекциялық  ауруларда  (бруцеллез,  туберкулез,  лептоспироз, 
лейкоз,  т.б.)  аурудан  сау  емес  пункт  ретінде  сол  кездерде  қалыптасқан 
совхоз,  колхоз  және  басқа  да  мемлекеттік  шаруашылық  бірліктеріне, 
кейіннен  жеке  шаруа  қожалығы,  ауылдық  округке  қарасты  әкімшілік 
территориясы  есептелген.  Инфекциялық  аурудың  індеттік  жағдайы  бұрын 
анықталған және жаңадан ашылған індеттен сау емес пункт саны бойынша, 
ал  күрес  шараларының  тиімділігі  сауықтырылған  пункттер  негізінде 
бағаланды.  
Бруцеллез,  туберкулезде  -  карантин  немесе  шектеу,  ауру  анықталған 
шаруашылық  немесе  белгілі  бір  ауылдық  округтің  әкімшілік  территориясы 
масштабында  орындалды.  Біріншіден,  әкімшілікке  қарасты  территория 

65 
 
індеттің  таралуына  тосқауыл  бола  алмайды,  екіншіден  -  ауқымды  террито-
рияда күрес шараларының орындалуы қиын және тиімділігі аз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
   
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
8-сурет. Инфекциялық ауруларға қарсы шаралар. 
 
Мұндай  ауқымды  індеттен  сау  емес  пунктті  сауықтыру  көп  қаражат 
қажет  етеді.  Мысалы,  Шымкент  облысы  Қарамұрт  ауылында  орналасқан 
бруцеллезден сау емес “Киров” шаруашылығында сауықтыру шараларының 
ұзақ  жылдарға  созылу  себептерiн  анықтау  үшiн  жүргiзiлген  iндеттанулық 
зерттеу  нәтижесiне  қарағанда,  практикада  қолданылатын  серологиялық 
Дауалау 
Сауықтыру 
Берілу механизміне 
қарсы 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Ауру қоздыру-
шысының бас-
тауына қарсы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Бейім малға қарсы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Ұйымдастыру-
шаруашылық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Ветеринариялық-
санитариялық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Балау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Иммун-
деу 
 
 
 
 
 
 
 
 
ºàðñû 
Та
бын
ды құ
ра
у, т
олықт
ыру
 
Малды ба
ғып

үту
 
Ең
бе
кт
і қ
орға
у 
На
си
ха
тт
ау
 
С
ан
ит
арлық ретт
ілік

те
рри
тори
ян
ы з
он
аға
 б
өлу, 
ка
ра
нт
ин
де
у, т
.б.
 
Қ
алдық
та
рды з
ара
рс
ыз
да
ндыру
 
Де
зи
нфек
ци
я 
Де
зи
нс
ек
ци
я 
Де
ра
ти
за
ци
я 
Ноз
ологи
ялық б
ала
у 
Ауру
 м
алды оқ
ша
ула
у, 
сою
 
К
ара
нт
ин
, ше
кт
еу қ
ою
 
Б
елс
ен
ді 
им
м
ун
де
у 

66 
 
әдiстер кешенiнiң төменгi сезiмталдығын есептемегенде, күрес шараларының 
тиiмсiз  жүргiзiлуi  бруцеллезден  сау  емес  пункт  құрамының  дұрыс 
анықталмауынан туындаған.  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-дезинфекциялық  тосқауыл;  2-көңдi  зарарсыздандыру  орны;  3-өлексе 
утильдеу орны; О-оқшаухана, ТҚ-төлдету қорасы ;      - қақпалар.  
 
9-сурет. Iндеттен сау емес пункттiң топографиялық картасы. 
 
Iндет ошағы (Ферма №1)   
       АҚ ЗОНА                                          
(гараждар 
техника  
қоймалары)              С 
                               
ү       Мацион алаңы 
                      т 
                            б 
ҚАРА               л  
ЗОНА              г           Мацион алаңы 
                            ы 
(жем, шөп 
 қоймалары) 
 
                             
Сауын 
сиыр 
қорасы №1 
Сауын сиыр 
қорасы №2 
 
Сауын 
сиыр  
қорасы №3 
 
    О
 
ТҚ 
Қасапхана
а 
  
 


Ветсан.жiбергiш 
 3 
Қ
атер  төнген  аймақ
 
(
Қарамұрт ауылы) 
Қатер төнген аймақ 
(Ферма  № 2) 
Қатер 
төнген  
аймақ 
(№3 
Ферма) 
 

67 
 
Карантиндiк  шаралар  жүргiзiлетiн  территория  шекарасы  бруцеллез 
анықталған  табынның  орналасуына  байланысты  емес  ауылдық  округтың 
әкiмшiлiк  территориясы  бойынша  белгiленiп,  шаруашылыққа  қарасты  бар-
лық  аймақ  бруцеллезден  сау  емес  деп  жарияланған.  Кең  алқапта  күрес 
шараларын орындау өте күрделi.  
Сондықтан,  бруцеллез  мал  анықталған  шаруашылықтың  (9-сурет)  сүт 
фермасын  (№1)  –  iндет  ошағы,  ал  оның  сыртқы  аумағындағы  бойдақ  мал 
фермаларын  (№2,3),  бұл  ауылдағы    тұғындардың    мал    табындары,  жайы-
лымдары  орналасқан  ауқымды  территорияны  (Қарамұрт  ауылын)  –  қатер 
төнген  аймақ  ретiнде  санап,  бiрiншiсiнде  –  карантин,  екiншiсiнде  –  шектеу 
шараларын  жүргiзу,  тиімді  әдіс  ретінде  танылған  СР-ді  қолдану  арқылы 
«Киров» шаруашылығы 1 жылда сауықтырылды (Қасымов Е.И., диссертация 
авторефераты, 2003).  
Сонымен,  iндеттен  сау  емес  пункт  құрамы,  олардың  шекаралары 
әкiмшiлiк  территориясы  бойынша  емес,  ауру  қоздырушысының  бастауы, 
берiлу  тетiктерi,  бейiм  малдың,  яғни  iндет  процесiнiң  негiзгi  буындарының 
орналасуына байланысты анықталуы қажет.  
Инфекциялық  ауруға  қарсы  күрес:  ұйымдастыру-шаруашылық, 
ветеринариялық-санитариялық  және  арнайы  (балау  және  малды  иммун-
деу)  шаралар  жүйесінен  тұрады.  Бұлардың  әрқайсысы  бірнеше  салаға 
бағытталған  кешенді  құрайды.  Аталған  күрделі  кешен  індет  процесінің 
негізгі буындарына (инфекция қоздырушысының бастауы, берілу механизмі, 
ауруға бейім мал) бағытталып жүргізіледі.  
 
1-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы ұйымдастыру-
шаруашылық шаралары 
 
Ұйымдастыру-шаруашылық  шараларының  инфекциялық  ауру- 
ларға  қарсы  күрес  жүйесіндегі  маңызы.  Инфекциялық  ауруларға  қарсы 
шаралар  кешенінде,  ұйымдастыру-шаруашылық  мәселелері  маңызды  орын 
алады.  Малды  дұрыс  бағып-күткенде,  жайылымын,  суаты  мен  азықтанды-
рылуын, қора-жайын тиісті талаптарға сәйкес жолға қойғанда ғана инфекция-
лық  ауруларды  дауалау  және  одан  арылу  шараларын  тиімді  жүргізуге 
болады. 
Фермадағы  сиырды  көктем  айларынан  бастап  лагерге  шығарып,  қора-
жайды мал қиынан ерте тазартып, оны жаз айларында тиімді санациялау, мал 
шаруашылығының  қалдықтарын  зарарсыздандыру,  малды  бруцеллезге, 
туберкулезге  тексеру  мен  топалаңға,  қарасанға,  т.б.  ауруларға  қарсы 
иммундеу  де  ұйымдастыру-шаруашылық  шараларымен  тығыз  байланысты. 
Инфекциялық  ауруға  шалдыққан  малды  табыннан,  отардан  бөліп  алып, 
оқшаулау, күту, сою, мал өнімдерін зарарсыздандыру, карантин мен шектеу 
шараларын  орындау,  еңбекақы  төлеу,  сонымен  қатар  аурудың  шығуынан 
туындайтын мәселелер де ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табу керек.     

68 
 
Адам  мен  жануарларға  ортақ  инфекциялық  ауру  малды  күту  үшін  18 
жасқа  дейінгі  жасөспірімдер,  жүкті  немесе  емшекте  баласы  бар  әйелдер 
жіберілмейді.  Ауру  малды  бағып-күткендегі  еңбекақы  да  тиісінше  жоғары 
болуы  тиіс.  Ұйымдастыру  мәселелеріне  мал  бағатын  адамдарды  арнаулы 
жұмыс киімдерімен жабдықтау, еңбекті қорғау т.б. да жатады.  
Инфекциялық  ауруды  дауалаудың  басты  шарты  –  малды  дұрыс  бағып-
күтумен  қатар  қора-жайларда,  жайылымдарда,  мал  айдау  трассаларында, 
суаттарда  санитариялық  реттіліктерді  және  зоогигиеналық  талаптарды 
бұлжытпай  орындау  болып  табылады.  Аталған  шаралар  жануарлардың 
ауруға  төзімділігін  арттырумен  қатар,  олардың  ауру  қоздырушысымен 
жанасуына жол бермеуге де бағыттталған.  
Ұйымдастыру  шараларының  басқа  бір  міндетті  бөлігі  –  жұқпалы  ауру- 
лардың жұғу, таралу және одан сақтану жолдарын насихаттау. Бұл жұмысты 
ветеринария органдары жүйелі түрде, ақпарат құралдарын пайдалана отырып 
әңгіме,  дәрістер  өткізу  арқылы  жүргізулері  қажет.  Фермерлер,  жеке  сектор-
дағы мал өсіретін адамдар малда тез тарайтын инфекциялар (аусыл, шешек, 
бруцеллез,  т.б.)  клиникалық  белгілер  байқалғанда  немесе  індет  ошағы  деп 
жарияланған территориядан малдың сыртқа шығуы т.б. карантиндік шарттар-
дың  дұрыс  орындалмауын  көргенде,  бұл  жайында  ветеринариялық  мекеме-
лерге  хабарлаулары  тиіс.  Информацияның  құпиялығы  ветеринария  маман-
дары  тарапынан  сақталуы  шарт.  Бұл  орайда,  экономикасы  өркендеген  мем-
лекеттерде  информацияны  нақты,  дұрыс  берген  адамдардың  материалдық 
жағынан  қаржыландырылуы  қарастырылған.  Хабарламаның  бұндай  түрі 
індеттің таралуын дер уақытында тежеуге себебін тигізеді.   
Аналық  малды  өз  төлінен  жетілдіру  (өсіру)  немесе  сырттан  әкелінген 
асыл  тұқымды  тайыншалар  арқылы  табынды  толықтыруға  байланысты 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет