48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ДНҚ-зонд.  Осындай  тәсілдердің  бірі  болып  генетикалық  зондтар 
көмегімен  іске  асырылатын  молекулалық  гибридизация  әдісі  саналады. 
Аталмыш  әдісте  микроорганизмдердің  тек  бір  түріне  ғана  телімді 
дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) немесе рибонуклеин қышқылының 
(РНҚ)  нуклеотидтік  тізбегінің  кішкене  учаскесі  қолданылады.  ДНҚ-зондты 
белгілі  бір  микроб  жасушасына  тән  белгілеріне  ғана  жауапты  нуклеотидті 
химиялық  жолмен  синтездеу  арқылы  алып,  оларды  изотоп,  флюорохром 
немесе  ферментпен  таңбалайды.  Құрамында  ДНҚ  бар  зерттеуге  алынған 
микроорганизм үлгілеріне таңбаланған зондты қосқан жағдайда нуклеотидтік 
тізбегі  комплементарлы  байланысқа  түседі.  Таңбалауға  алынған  заттардың 
түріне  қарай  пайда  болған  кешенді  радиоизотоптық  талдаумен,  иммунды-
ферменттік  талдаумен  немесе  иммунофлуоресценция  реакциясымен  анық-
тайды.  Молекулалық  гибридизация  әдісі  микроорганизмдердің  нуклеин 
қышқылдарының  концентрациясы  жоғары  болған  жағдайда  ғана  анықтауға 
мүмкіншілік береді. 
Полимеразалық  тізбектеу  реакциясы  (ПТР).  Реакцияны  1983  жылы 
Кэри Мюллис ашқан. ПТР кейінгі кезде инфекциялық аурулардың балауында 
қолданылатын  нақты  және  сезімтал  әдістердің  бірі  болып  саналады. 

32 
 
Полимеразалық  тізбектеу  реакциясы  бактерия  немесе  вирустардың  генін  in 
vitro  жағдайында  термостабильді  ДНҚ-полимераза  ферментінің  көмегімен 
бірнеше  миллион  есе  көбейтіп  алып  (амплификация),  электрофорезбен 
анықтауға  бағытталған.  Бұл  реакция  ДНҚ  репликациясы  деп  те  аталады. 
Табиғи  жағдайда  ДНҚ  репликациясы  бірнеше  сатыдан  тұрады:  1)  ДНҚ 
денатурациясы  (ДНҚ  қос  жіпшесінің  тарқалып,  ажырауы);  2)  ДНҚ-ның 
синтезделуіне  қажетті  қысқа  екі  тізбекті  ДНҚ  учаскесінің  қалыптасуы;  3) 
ДНҚ-ның  жаңа  тізбегінің  синтезделуі  (қос  жіпшенің  комплементарлы 
құрастырылуы).  
Бұл  реакцияда  микроорганизмдер  генінің  учаскесінің  құрылымын 
қайталауға қатынасатын, жасанды жолмен синтезделген олигонуклеотид пен 
Tag-полимераза  ферменті  қолданылады.  Tag-полимераза  ферментінің 
көмегімен  ДНҚ-ның  телімді  фрагменті  қалыптасады.  Жаңадан  қалыптасқан 
ДНҚ  фрагменттері  нуклеин  қышқылдарының  жаңа  тізбектерін  синтездеуге 
арналған  матрица  ретінде  амплификацияның  келесі  циклдерінде  пайдала-
нылады. 
Полимеразалық  тізбектеу  реакциясының  қойылымы  үш  кезеңнен 
тұрады:  биологиялық  материалдардан  ДНҚ  бөліп  алу;  полимеразалық 
тізбекті  реакцияны  қою;  электрофорез  немесе  гибридизациялы-ферменттік 
детекция (амплификация өнімдерінің детекциясы).  
Жұмыстың  әрбір  кезеңі  міндетті  түрде  жеке  бөлмелерде,  санитарлық-
гигиеналық  талаптар  мен  санитарлық-эпидемиологиялық  ережелерді  сақтай 
отыра, ПТР-ға арналған жиынтық көмегімен жүргізілуі тиіс. ПТР-ға арналған 
жиынтық  құрамы  үш  комплекттен  тұрады:  №1  комплект  –  биологиялық 
материалдардан ДНҚ бөліп алуға, №2 комплект  – ДНҚ амплификациясына, 
ал №3 комплект – ДНҚ детекциялауға арналған. 
ДНҚ  бөліп  алуға  қажетті  комплект  құрамына  лизиске  ұшыратушы 
ерітінділер  мен  сорбент  кіреді.  Үлгілерді  өңдеу  жұмыстары  көлемі  1,5  мл 
болатын  микроцентрифуга  түтіктерінде  90-120  минут  бойы  жүргізіледі. 
Центрифугаланған  үлгі  тұнбасын  лизиске  ұшыратушы  ерітіндімен  өңдеп, 
депротеинизацияланғаннан кейін сорбент көмегімен тазартады. 
Полимеразалық тізбектеу реакциясын қою үшін қолданылатын комплект 
құрамына  ПТР-буфер,  дезоксинуклеозидүшфосфаттар  қоспасы,  телімді  қос 
олигонуклеотидті  праймерлер,  Tag-полимераза,  минералды  май  кіреді. 
Зерттеуге  алынған  үлгінің  белгілі  бір  мөлшерін  арнайы  «Eppendorf» 
түтікшелеріне  енгізгеннен  кейін  үстінен  амплификациялаушы  қоспаларды, 
Tag-полимераза  ферментін  және  бір  тамшы  минералды  майды  қосады  да 
автоматтандырылған  термостатта  амплификация  процесі  2-3  сағат  аралы-
ғында  жүргізіледі.  Зерттеуге  алынған  үлгілермен  бірге  бақылау  үлгілері  де 
қатар қойылады. 
Нәтижелерді  тіркеуге  арналған  комплект  құрамына  электрофорез 
буферлерінің  қоспалары  мен  агароза  гелі  жатады.  Жұмыстың  бұл  кезеңі 
амплификацияланған телімді ДНҚ фрагменттерін құрамында этидий бромиді 

33 
 
бар  1%-ды  агароза  геліндегі  электрофорез  көмегімен  іске  асырылады. 
Электрофореграмма  нәтижесі  ультракүлгін  сәуле  шығаратын  трансиллюми-
наторда оң нәтиже көрсеткен  амплификация өнімдері  (ДНҚ)  мен бақылауға 
алынған ДНҚ препаратында қызғылт-сары түсті болып жарқырап көрінеді.    
Төменде сиыр бруцеллезінің  балауына Қазақстанда өндірілетін диагнос-
тикалық препараттарды қолданып, практикалық  жағдайда қолдануға ыңғай-
ландырылып,  ұсынылған  (Сайдулдин  Т.С.,  Қасымов  Е.И.,  1990)    ИФТ-ның 
жанама  вариантын  қою,  нәтижесін  есепке  алу  әдістемесі  көрсетіледі  (ҚР 
АШМ ғылыми-техникалық кеңесінде қаралып, қолданылуы бекітілген).    
 
ИФТ-ның сиыр бруцеллезiн балауға қолданылу әдiстемесi.               
Р е а к ц и я     к о м п о н е н т т е р i: 
1.
 
Бруцеллез антигені (АР, КБР реакцияларына арналған). 
2.
 
Құрғақ  иммунды  переоксидазды  коньюгат  (сиыр  глобулиндеріне 
қарсы), ТУ-42, 14 №246-82. 
3.
 
Стандартталған  бруцеллезге  позитивті  сарысу  немесе  ауру  малдың 
қан сарысуы.  
4.
 
Негативтi  сиырдың  қан  сарысуы  (жаңадан  алынған  немесе  консер-
вацияланған). 
5.
 
Зерттелетiн сиырдың қан сарысуы. 
6.
 
Карбонатты натрий буферi, рН 9,6. 
7.
 
Фосфатты тұзды буфер (ФТБ) 0,01 М, рН 7,4. 
8.
 
0,1%-ды твин-20 қосылған фосфатты тұзды буфер (ФТБ-Т). 
9.
 
Физиологиялық ерітінді рН 7,2-7,4. 
10.
 
Лимон қышқылы (С
6
Н
8
О
7

2
О). 
11.
 
Ортофенилендиамин (ОФД). 
12.
 
30 %-ды Н
2
О
2
  
13.
 
Твин-20 (немесе твин-40, твин-60, твин-80). 
14.
 
2 н. күкiрт қышқылы. 
Жұмыс ерiтiндiлерiн даярлау: 
1.
 
Карбонатты  натрий  буферi  (рН  9,6)  1,59  г  Na
2
CO
3
  және  2,93  г 
NaHCO
3
-тi  1  л  дистильденген  суға  ерiтедi.  Ерiтiндiнi  бөлме  температура-
сында 2 аптаға дейiн сақтауға болады. 
2.  Фосфатты  тұзды  буфер  (ФТБ)  0,01  М,  рН  7,4:  алдымен  1М  KH
2
PO
4
  
ерiтiндiсiн  даярлайды.  Ол  үшiн  133  г  тұз,  1  л  дистильденген  суда  (ерiтiндi 
№1) және 1М KH
2
PO
4
. 
2
О 228 г тұз бен 1 л суда ерiтiледi (ерiтiндi №2). 10 
см
3
 ерiтiндi №1, 40 см
3
 ерiтiндi №2 және 29 г натрий хлоридi алынып, арнайы 
ыдыста дистильденген сумен көлемiн 5 литрге жеткiзедi. 
3.  0,1%-ды  твин-20  қосылған  фосфатты  тұзды  буфер  (ФТБ-Т):  ФТБ-ға 
(2-пункттi қараңыз) твин-20 0,1%-да қосылады (1 л ФТБ және 1 см
3
 твин-20).   
4.  1%-ды  лимон  қышқылының  (С
6
Н
8
О
7

2
О)  ерiтiндiсi  (рН  4):  51  г 
құрғақ лимон қышқылының ұнтағын 99 см
3
 дистильденген суда ерiтедi.  

34 
 
5.  Ортофенилендиамин  (ОФД)  ерiтiндiсi  (субстрат):  10  мл  ОФД  1%-ды 
10 см
3
 лимон қышқылында (рН 4,5) ерiтiлiп, 30%-ды 0,005 см
3

Н
2
О
2
  қосылады.  Ерiтiндi  қара  ыдыста  қолданылар  алдында  дайын-
далады.  
Жабдықтар:  1)  түбi  тегiс  полистиролды  планшеттер;  2)  түрлi  көлем-
дердегi  (0,002-0,2  см
3
)  көп  каналды  автомат  пипеткалар  ауыстырылатын 
стерильденген пластик ұштарымен; 3) термостат; 4) тұрмыстық тоңазытқыш; 
5) полистиролды планшеттердi жууға ыңғайластырылған қондырғы. 
ИФТ-ны қою техникасы:  
1. Н е г i з г i    т ә ж i р и б е. Алдымен антигендi планшет ойықтарында 
адсорбциялайды.  
1.1. АР, КБР-ге арналған бруцеллез антигені натр карбонаты буферінде 
(рН 9.6) 1:100 рет сұйылтылып, полистирол планшетінің ойықтарына 100 мкл 
(0,1  см
3
)  көлемде  тамызылып,  +4 

С-да  келесі  күнге  дейін  сақталады. 
Корпускулярлы  бруцеллез  антигені  1:100  сұйылтындыда  ойықтары  шұңғыл 
Санкт-Петербургте  шығарылатын  полистирол  планшетке  қарағанда, 
Москваның  «Медтехника»  ғылыми-зерттеу  институты  дайындаған,  ойық-
тарының  түбі  тегіс  планшетінде  нәтижелі  фиксацияланатыны  және  антиген 
фиксацияланған планшеті +4 

С-да сақтағанда, оның  1 айға дейін реакцияда 
қолдануға жарайтыны арнайы тәжірибелерде анықталды. 
1.2. Реакция қояр алдында антиген фиксацияланған планшет ойықтары 3 
рет тұзды фосфат буферімен (0,1% твин -20 қосылған), 3 рет физиологиялық 
ерітіндімен шайқалып жуылады.  
1.3. Планшет ойықтарына 100 мкл зерттелетін қан сарысуының үлгілері 
арнайы автомат пипеткаларымен тамызылып, 1 сағат 37-38

С-да термостатта 
ұсталады.   
1.4.  Планшет  ойықтары  1.3.  пунктiнде  көрсетiлген  тәсiлмен  шайқалып 
жуылады.  
1.5.  Ойықтарға  100  мкл  сиыр  глобулиндеріне  қарсы  антиглобуллин-
дерден  дайындалған  иммунды  переоксидазды  коньюгат  (препарат  Н.Ф. 
Гамалеи  атындағы  ЭМҒЗ  институтының  бактериологиялық  препараттар 
өндіру мекемесінен алынған) жұмыстық титрде (антиглобулиннің ИФТ-дағы 
жұмыстық  титрі  қиылыстырып  титрлеу  арқылы  алдын  ала  анықталады) 
тамызылып,  планшет  беті  арнайы  қақпағымен  жабылып,  1  сағат  37-38

С-да 
термостатта ұсталады.    
1.6.  Планшет  ойықтары  1.3.  пунктiнде  көрсетiлген  тәсiлмен  шайқалып 
жуылады. 
1.7.  Қоспаға  100  мкл  субстрат  құйылып,  37-38

С-да  20-30  минут 
ұсталады. Субстрат дайындау үшін 10 мг ортофенилендиамин, 10 см
3
 1%-ды 
лимон қышқылында (рН-4,5) ерітіліп, оған 5 мкл 30%-ды Н
2
О
2
 қосылады.  
1.8.  Әр  ойыққа  2  М  күкірт  қышқылы  100  мкл  көлемде  тамызылып, 
реакция тоқтатылады.  
2. Р е а к ц и я     н ә т и ж е с і н    е с е п к е     а л у.  

35 
 
2.1. Реакция нәтижесі оптикалық тығыздығы (ОТ) бойынша фотоколори-
метриялық  әдіспен  спектрофотометрді  (492  нм)  қолдану  арқылы  немесе 
көзбен көру арқылы оқылады. Қойылымның дұрыстығы бақылаулық сынама 
үлгілерімен қадағаланды.  
2.1.1.  Спектрофотометрмен  есепке  алғанда  теріс  қан  сарысуының  ОТ-
нан  зерттелген  қан  сарысуының  ОТ-ы  1:400-ден  2  рет  және  одан  жоғары 
болса, ол оң нәтиже ретінде саналады (ОТ зерт.сарысу/ОТ теріс сарысу). 
2.2.  Көзбен  көру  арқылы  реакцияны  оқығанда,  дұрыс  қойылымда 
бруцеллезге позитивті қан сарысуы қызғылт қоңыр түске боялады, негативті 
сынама түрі өзгеріссіз қалады немесе сарғыш реңде байқалады. 
2.3. Реакция нәтижелерін бағалау: ++++ (4 плюс) қызғылт қоңыр, +++ (3 
плюс) сары қоңыр, ++ (2 плюс) сары, + (1 плюс) ашық сары, – (минус) қоспа 
реңі өзгеріссіз немесе сарғыш реңге боялған.    
3. Н е г і з г і    т ә ж і р и б е н і    б а қ ы л а у. Негізгі тәжірибемен бірге 
келесі позитивті және негативті қан сарысуларымен бақылаулар қойылады.  
3.1. Бруцеллезге позитивті сиырдың қан сарысуы 1:100-ден соңғы титрге 
дейін қойылады. 
3.2.  Негативті  қан  сарысуы  1:100  және  1:200  сұйылтындыларда  қойы-
лады. 
4. Р е а к ц и я    н ә т и ж е л е р і н     д и а г н о с т и к а л ы қ    т ұ р ғ ы 
д а   б а ғ а л а у. 
4.1.  Вакцина  қолданылмаған  сиырдың  қан  сарысуын  ИФТ-мен  бруцел-
лезге  зерттегенде:  1:100  сұйылтындыда  екі  плюс  реакцияны  –  дүдәмал,  ал 
1:200  және  одан  жоғарғы  сұйылтындыларды  –  позитивті  балау  титрлері 
ретінде есептеледі.  
4.2. Штамм 82 вакцинасымен егілген сиыр малының (иммундеуден 6 ай 
өткеннен  кейін)  қан  сарысуын  ИФТ-мен  бруцеллезге  зерттегенде  1:200 
сұйылтындыда  төрт  плюс  реакцияны  –  дүдәмал,  ал  1:400  және  одан  да 
жоғарғы  сұйылтындыларды  –  позитивті  балау  титрлері  ретінде  есептеу 
ұсынылады  (1:400  сұйылтындыда  бруцеллезге  оң  реакция  ретінде,  тек  төрт 
плюс реакция берген қан сарысулары ғана есептелуі қажет).    
Соңғы жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттiк Агротехни-
калық Университеттiң ғалымдары (профессор А.Булашевтiң жетекшiлiгiмен) 
даярлап  шығарған  “БРУ–СЕРОТЕСТ”  (ТУ  7100РК40345157-РГП-002-2004) 
деп аталатын иммуноферменттiк талдау тәсiлiмен сиыр бруцеллезiн балауға 
арналған реагенттер жиынтығы Қазақстандағы ветеринариялық лаборатория-
ларда кең түрде қолданыла бастады. 
 
Студенттердiң  өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар: 
 
1.
 
Реферат тақырыптары: 
а)  серологиялық  реакциялар  (гемагглютинация,  конглютинация,  т.б.) 
негiздерi  және  оларды  қою  әдiстемелерi  (әр  студентке  кең  түрде 
қолданылатын әдiстердiң бiрi берiледi). 

36 
 
ә)  серологиялық  реакцияларды  класификациялаудың  негiзгi  прин-
циптерi  және  серологиялық  зерттеудiң  iндетке  қарсы  шаралар  кешенiндегi 
ролi. 
Төмендегi сұрақтарға жауап беру: 
а) Қан алуға қандай құрал-жабдықтар қажет? 
ә)  Доңыздан,  иттен,  мысықтан,  қояннан,  теңiз  тышқанынан  қан  алу  тә-
сiлдерi қандай? 
б) Қан сарысуларын консервациялау тәсiлдерi? 
в) ИФТ реакциясының механизмін түсіндіріңіз? 
г) Генетикалық зондтар көмегімен іске асырылатын молекулалық гибри-
дизация әдісінің мақсаты және ДНҚ-зондты қандай жолдармен алады? 
ғ)  Химиялық  жолмен  синтездеу  арқылы  алынған  нуклеотидті  қандай 
заттармен  таңбалауға  болады  және  ДНҚ-зондты  қандай  реакциялардң 
көмегімен анықтайды? 
д) Полимеразалық тізбекті реакциясының принципі. 
ж)  Амплификация  дегеніміз  не?  Табиғи  жағдайда  ДНҚ  репликациясы 
қандай сатыдан тұрады? 
з) Полимеразалық тізбекті реакциясының кезеңдері және полимеразалық 
тізбекті реакцияға арналған жиынтық компоненттері қандай? 
и)  Полимеразалық  тізбекті  реакция  зертханасында  қойылатын  талаптар 
және амплификация өнімдерінің детекциясы қалай жүргізіледі? 
 
Іскерлік  ойын. 
 Сәйкес жауабтарын табыңыз: 
А. компонеттері таңбаланған реакциялар: 
Ә. компоненттері тасымалдаушыда адсорбцияланған реакциялар: 
Б. компонеттері нативті реакциялар: 
а) Сайдулдин, Кумбс, комплементті байланыстыру; 
ә) агглютинация, преципитация; 
б) латекс агглютинация, коагглютинация; 
в) тік және жанама гемагглютинация
г) флуоресценция, иммунды диффузия; 
д) флуоресценция, иммунды ферментті талдау. 
              
1-А-а,ә,д;   2-А-а,ә;  3-А-б,д;  4-Ә-б,в;  5-Ә-б,г;  6-Ә-а,ә;   7-А-а,г;  8-Ә-
б,д,г;  9-Б-ә,а;  10-Б-а,д;  11-Б-а,в;  12-Б-г,д;  13-А-а,д;  14-Ә-г,д;  15-Б-в,д;  16-
Б-а,в,д;  17-А-а,г,д. 
    
4-тақырып. Организмнің иммунологиялық икемділігі. 
 Аллергия, оның байқалуы 
 
Иммунологиялық  икемділік  немесе  иммунитет  реакциялары  деп, 
организмнің  генетикалық  бөтен  антигендік  ақпарды  өңдеп,  оған  иммуно-

37 
 
логиялық жауап реакциялар беру қабілетін айтады. Иммунологиялық жауап 
реакцияларына  (антидене  түзу,  аллергиялық  реакциялар,    иммунологиялық 
толеранттылық) жұқпалы ауруларды балау әдістері негізделген. 
Аллергиялық реакциялар жедел типтi және баяу типтi болып бөлiнедi. 
Бұлар  антидене  түзу,  иммунологиялық  жады,  иммунологиялық  толерантты-
лық, идиотип-антиидиотип сияқты иммундық жауап реакцияларына жатады. 
Жедел  типтi  сезiмталдықты  (ЖТС)  антиденелер,  комплемент  жүйесi, 
полинуклеарлы фагоциттер iске асырады. Естен тану (анафилаксиялық шок) 
– жедел типтi сезiмталдықтың класикалық байқалуы.    
Баяу  типтi  сезiмталдықтың  (БТС)  айырмашылығы  –  ол  жедел  типтi 
сезiмталдықтағыдай антидененiң әсерiнен туындамайды және енжар жолмен 
қан  сарысуы  арқылы  берiлмейдi.  Баяу  типтi  сезiмталданған  организмнiң 
терiсi  iшiне  жiберiлген  антиген  орны  шектелген,  яғни  дененiң  антиген 
енгiзiлген жерiнде қабыну реакциясын тудырады. Оған мысал  – туберкулин 
реакциясы. Бұл реакция баяу өрбидi, 6-8 сағаттан соң басталып шегiне 24-48 
сағат өткен соң жетедi. 
Аллергиялық реакциялардың арасында БТС өзiндiк қасиетi бойынша ең 
жоғарғысы.  Сондықтан  оны  бруцеллез,  туберкулез,  маңқа,  т.б.  жұқпалы 
ауруларды  балауға  кең  түрде  пайдаланады.  Қазiргi  кезде  практикада 
аллергендi терi iшiне, конъюнктиваға, терi астына жiбередi.  
 
5-тәжірибелік сабақ. Аллергиялық сынама, жаппай аллергиялық 
зерттеудi ұйымдастыру 
 
Сабақтың  мақсаты.  Түрлi  мал  топтарын  аллергиялық  зерттеумен 
тексеру  әдiстемелерiн  және  зерттеу  нәтижелерiне  құжаттар  толтыру 
әдiстемелерiн үйрену.  
Керектi  жабдықтар.  Аллергиялық  зерттеулер  жүргiзуге  арналған 
құрал-жабдықтар (4-сурет), аллергендер жиынтығы, плакаттар (3-сурет).  
Жүргiзу  орны  және  әдiстемесi.  Сабақ  шаруашылықта  немесе 
ветеринариялық  клиникада,  қасапханада  жүргiзiледi.  Студенттер  аллергия-
лық  сынама  қоюға  арналған  құрал-жабдықтармен  танысып,  аллергендердi 
қолдану тәсiлдерiн меңгередi.  
К  ө  з  г  е        қ  о  й  ы  л  а  т  ы  н        а  л  л  е  р  г  и  я  л  ы  қ      с  ы  н  а  м  а 
пипеткаларды қолдану арқылы iске асырылады. Жұмыс алдында пипеткалар 
ыстық сумен стерилизацияланады. Аллерген (3-4 тамшы) көздiң конъюнкти-
васына  тамызылады.  Көздiң  бiреуiнде  патологиялық  жарақаттар  болса, 
сынама қолдануға болмайды.  
Зерттеушi  аллергендi  қолданар  алдында  және  одан  кейiн  қолды  3%-ды 
фенол  ерiтiндiсiнде  батырылған  сүлгiмен  сүрту  арқылы  дезинфекциялайды. 
Зерттеу нәтижесi аллергендi тамызғаннан кейiн әр 3 сағат сайын (3, 6, 9, 12) 
және 24 сағаттан кейiн, ал туберкулезде 48 сағаттан кейiн есепке алынады.  
 

38 
 
 
 
3-сурет. Туберкулин енгізілетін тері жүнінің қосу тәріздес қырқылуы. 
 
Оң  реакция  көздiң  қызаруымен  конъюнктиваның  домбығуымен,  iрiңдi 
экссудатпен  сипатталады.  Зерттеудi  мал  қораларында  жүргiзгенде  ауаның 
шаңдалмауын  аммиак,  т.б.  газдардың  жинақталмауын  қадағалау  қажет.  Ол 
үшiн қора-жай желдетiлуi қажет.  
Бұл  сынаманы  жылқы  маңқасын,  сиырдың  туберкулезiн  балауға 
ветеринариялық практикада кең түрде қолданады.  
Т е р i   i ш i н е    қ о л д а н ы л а т ы н    а л л е р г и я л ы қ    с ы н а м а. 
Бұл әдiс оңай болып көрiнгенiмен өте мұқият түрде орындауды қажет етедi. 
Аллергендi  сиыр  мен   жылқыға    мойнының 1/3 бөлiгiне  (3-сурет);    қойға  
құйрықтың  астыңғы  терiсiне,  көздiң  астыңғы  қабағына  немесе  жамбастың 
iшкi  жағына;  шошқаға  құлақтың  (сыртқы  жағынан)  түбiне  жақын  терiсiне; 
құстың - сақалшасына; ит, маймыл, терiсi бағалы аңдарға – жамбастың жүнi 
жоқ  iшкi  жағына  немесе  шынтаққа;  құндызға  –  көздiң  үстiңгi  қабағына; 
түйеге – құрсақ қуысының (қарынның) үстiңгi 1/3 бөлiгiне қолданады. 
Аллерген жiберер алдында терiнiң жүнi қосу үлгiсi тәрiздес қырқылып, 
препарат  алдын  ала  залалсыздандырылған  сызықтың  қиылысқан  жерiне 
енгiзiледi. Аллерген енгiзiлетiн терi аймағын дезинфекциялауға фенол, эфир 
ерiтiндiлерiн қолдануға болмайды. Себебi олар терiнi тiтiркендiредi және тез 
арада кеуiп кетпейдi. Сондықтан бұл мақсатта 70%-ды этил спиртi (гидролиз 
спирт) практикада кең түрде қолданылады.  
Аллергиялық зерттеу жүргiзуден 1 күн бұрын зерттелетiн мал тiзiмделiп, 
клиникалық  зерттеледi.  Алдын  ала  2  грамдық  пiскектер,  арнайы  инелер 
дайындалып стерильденедi. 
Соңғы  жылдары  аллергендi  терi  iшiне  енгiзуге  арналған  инесiз 
инъекторлар  практикада  кең  түрде  қолданылады.  4-суретте  ветеринариялық 
практикада  туберкулинді  тері  ішіне  енгізуге  арналған  инесіз  инъектор 
«Овод»  көрсетілген.  Ол  зерттеушiнiң  жұмысын  жеңiлдетедi,  сонымен  қатар 
көмекшi адамдардың қажетi болмайды.  
 

39 
 
 
 
4-сурет. Инесiз инъектор «Овод». 
 
Сынама  нәтижелерiн  есепке  алу:  қарау,  пальпациялау  арқылы  iске 
асырылады.  Арнайы  iсiнген  терi  аумағы  кутиметр  немесе  штангенциркуль 
арқылы  өлшенедi.    Бақылау  ретiнде  аллерген  егiлмеген  терi  аймағының  қа-
лыңдығы өлшенуi қажет. Мiндеттi түрде оң нәтиже берген жағдайда терiнiң 
қабынған  жерiнiң  аймағының  қалыңдығы  ғана  емес,  оның  жергiлiктi 
температурасының бар-жоғы пальпациялау арқылы анықталады. 
Аллергиялық зерттеуге арнайы актi толтырылады.        
 
Студенттердiң өзiндiк жұмыстарына тапсырмалар: 
 
1.
 
Реферат тақырыптары: 
    а) Аллергия және оның формалары; 
    ә)  Инфекциялық  аллергияның  ерекшелiктерi;  аллергиялық  зерттеудiң 
iндеттке қарсы шаралар кешенiндегi ролi. 
2.
 
Төмендегi сұрақтарға жауап беру: 
    а)  Аллергиялық зерттеуге қандай құрал-жабдықтар қажет? 
    ә) Сиырға, жылқыға, түйеге, доңызға, итке, құсқа, терiсi бағалы аңдар-
ға аллергендi қалай қолданады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

40 
 
2-тарау. ІНДЕТ ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ІНДЕТ ОШАҒЫ 
 
1-тақырып. Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері 
 
Инфекциялық  процесс  нақтылы  бiр  жануар  организмiнде  байқалатын 
құбылыс болса, iндет процесiнiң ауқымы одан анағұрлым кең. Бұл жұқпалы 
аурудың  жеке  организмдi  зақымдауы  емес,  оның  ауру  малдан  сау  малға 
жұғып, тұтас бiр аумақты жайлауы.  Яғни індет процесі белгiлi бiр террито-
рия шеңберiнде өтедi. 
Iндет процесi 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Iндет процесiнiң байқалуы 
 
Қарқыны        Берiлу механизмi                      Бейiмдiлiгi           даму  
бойынша              бойынша                               бойынша           сатылары 
 
 Спорадия               Жанасу                      Бiр түр                        Iндет алды 
 Энзоотия               Трансмиссивтi         Бiрнеше түр               Дамуы 
 Эпизоотия            Сыртқы  орта            Малға және                 Шегiне жету 
 Панзоотия                арқылы                     адамға                         Бәсеңсу 
                                 Алиментарлы          Зооантропоноз           Iндетаралық  
                                 Аэрогендi                 Антропозооноз          кезең 
                                 Терi арқылы             Адамға  
                                                                   (антропозооноз) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет