48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

дауалық  карантиндеу  жүйесін  (зерттеу  схемалары,  мерзімдері  т.б.) 
нақтылау  инфекциялық  ауруларды  дауалау  шараларын  ұйымдастырудағы 
маңызды мәселе.  
  
6-зертханалық сабақ. Дауалық карантиндеу 
 
Сабақтың мақсаты. Дауалық  карантиндеудің   індетке қарсы шаралар 
кешеніндегі    маңызын  түсіндіру,  оның    орындалу  тәсілдерін  талдауды 
үйрену.  
Керектi  құралдар.  Шаруашылық  макеттерi,  iндеттанулық  карта,  диаг-
ностикумдар,  басқа  да  биологиялық  препараттар  жиынтығы,  iндет-танулық 
зерттеу актiлерiнiң үлгiлерi. 
Орны  және  жүргізу  әдiстемесi.  Сабақ  кафедра  дәрiсханасында  жүргi-
зiледi.  Студенттер  дауалық  карантин  кезінде  жалпы  және  арнайы  күрес 
шараларын ұйымдастыруды үйренедi. 
 

69 
 
Практикада  қалыптасқан  дауалық  карантиндеу  жүйесінің  олқы-
лықтары,  жетілдіру  жолдары.  Бiздiң  жүргiзген  iндеттанулық  зерттеу 
нәтижелерiмiзге қарағанда,  лейкоздан, бруцеллезден,  басқа  да инфекциялық 
аурулардан  сау  шаруашылықтарда  аурудың  пайда  болуына,  аналық  мал 
ретiнде  сырттан  әкелiнген  тайынша,  құнажындар  себеп  болады.  Аурудың 
жiтi  өршуiне  буаз  малдың  организмiндегi  болатын  физиологиялық  өзгерiс 
табиғи  түрткi  болады.  Осындай  жағдайды  ескерiп,  шаруашылықта  сырттан 
қабылданған аналық мал болса, олардың  бiрiншi туытқа дейiн оқшауланып, 
бөлек табында  ұсталғаны, оқшауланып  ұсталған жағдайда  – құнажын кезiн-
дегi  және  бiрiншi  рет  бұзаулағаннан  кейiнгi  серологиялық  тексерулердiң 
нәтижелерi  арнайы  құжаттардан  анықталады.  Практикада  шаруашылыққа 
аналық мал табынын құрау немесе толықтыру  мақсатында сырттан жаңадан 
әкелінген малды жалпы табынға қосардан бұрын 30 күн дауалық карантинде 
ұстап,  бұл  мерзімде  карантиндегі  мал  инфекциялық  ауруларға  (бруцеллез, 
туберкулез,  лептоспироз,  лейкоз,  т.б.)  серологиялық,  аллергиялық,  клини-
калық әдістермен тексереді. Ауруларға теріс нәтиже алынған жағдайда ғана 
жалпы  табынға  қосылады.  Кеңес  дәуiрiнде  қалыптасып,  бүгiнгi  күнге  дейiн 
сырттан әкелiнген мал арасынан жұқпалы аурулардың алдын алуға 30 күндiк 
дауалық  карантиндеу  жүйесi  қолданылып  келедi  (Ветеринарное  законо-
дательство, 1973; Инструкция по борьбе с бруцеллезом, 1996, 2000, 2004).  
Алайда  инфекциялық  аурулардың  балауында  қолданылатын  әдістер 
әркез бұл мерзімде ауруға шалдыққан малды (ауру қоздырушысын жасырын 
алып жүргендерін) толық анықтамайды. (Қасымов Е.И., 2003). 
Мысалы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Сайрам  ауданы  «Киров» 
шаруашылығына  аналық  мал  табынын  толықтыруға  әкелінген  20  құнажын 
бірінші  бұзаулауға  дейін  оқшауланып  ұсталып,  арнайы  шаралар  ветерина-
риялық  талаптарға  сәйкес  жүргізілді.  30  күн  ішінде  жүргізілген  2  реткі 
серологиялық   зерттеу    бруцеллезді    тиімді    дауалай   алмады (4-кесте).  
 
4-кесте. Шаруашлылыққа сырттан әкелінген аналық малды түрлі 
тәсілдермен дауалық карантиндеу нәтижелері 
 
 
Зерттеу реттілігі № 
Мал 
саны 
Серологиялық реакциялардың оң нәтижелері 
АР 
КБР  ҚҰБР 
РБС  СР 
Барлық 
әдістер
мен 
                                 Бақылаулық тәсіл схемасымен зерттеу 
1. (Алғашқы айда) 
20 






2. (Алғашқы айда) 
20 






                                          Жаңа тәсіл схемасымен зерттеу  
3.  (буаздықтың  2-3 
айлығында) 
20 






4.  (буаздықтың  4-5 
айлығында) 
20 







70 
 
5.  (буаздықтың  6-8 
айлығында) 
19 






6.  (бұзауланғаннан  15 
күн өткенде) 
17 






7.  (бұзауланғаннан  30 
өткенде) 
17 






БАРЛЫҒЫ 
 






 
Ал, дауалық карантин мерзімін ұзартып, малды буаздық кезеңінің екінші 
жартысында қайталап қатарынан 2 рет тексергенде зерттелген 20 малдың 3-
інен  реакциялар  кешенімен  бруцеллезге  шықты.  АР,  ҚҰБР-мен  анықталған 
екеуінің балауы СР-мен расталынып, соңғы әдіспен қосымша 1 мал ауруға оң 
нәтиже  көрсетті.  Бұзауланған  15  күн  өткеннен  кейін  және  15  күн  аралатып 
зерттегенде теріс нәтиже алынды.  
Сырттан  әкелінген  мал  арасынан  бруцеллездің  шығуына  байланысты 
олар  6  ай  бақылауда  болып,  әр  3  айда  екі  реттен  зерттелгенде,  бруцеллезге 
теріс нәтиже алынды. СР-ді қолданғаннан кейін бақылау мерзімін практикада 
пайдаланылатын нұсқаудағыдай 6 айға созудың қажеті болмады.  
Біздің зерттеулерімізде шаруашылыққа сырттан әкелінген аналық малды 
дауалық карантинде 30 күн ұстап, алынған теріс нәтиже бойынша табындарға 
қоспай, дауалық карантинді бірінші бұзаулауға дейін ұзартып, бұл аралықта 
қатарынан  2  рет  (буаздықтың  екінші  жартысында,  бұзауланғаннан  кейін  әр 
15  күн  сайын)  серологиялық  зерттеу  арқылы  індеттен  сау  сиыр  шаруашы-
лығын  бруцеллезден  тиімді  дауалауға  болатыны  дәлелденді.  (Алдын  ала 
патент №12050, 2001). 
Бұндай  жағдай,  практикада  қолданылатын  30  күндiк  дауалық 
карантиндеу  мерзiмiнiң  негiзделмегенiнен  туындалған.  Бұл  мәселе  тек 
бруцеллезде ғана емес, басқа да созылмалы түрде өтетін ауруларды (лейкоз, 
туберкуллез,  лептоспироз  т.б.)  дауалауда  ұйымдастыру-шаруашылық  шара-
лары тұрғысынан тиiмдi шешiмiн табуы қажет.  
 
2-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы ветеринариялық-
санитариялық шаралар 
 
Ветеринариялық  санитария,    оның  індетке  қарсы  күрес  шаралары 
кешенінде  қолданылуы.  Жалпы  ветеринариялық  санитарияның  негiзгi 
мақсаты  малдан  санитариялық  тұрғыда  жоғары  сапалы  адам  денсаулығына 
зиянсыз  өнiм  алу.  Ветеринария  ғылымының  негiзгi  бiр  саласы  болып 
саналатын  ветеринариялық  санитария  көптеген  проблемалық  мәселелердi 
шешедi.  Атап  айтқанда,  сыртқы  ортадағы  патогендi  және  шартты  патогендi 
микроорганизмдердi, ауру қоздырушыларын тасымалдаушыларды (кемiргiш-
тердi  кейбiр  жағдайда  жабайы  жыртқыштарды,  қан  сорғыш  насекомдарды) 
жою,  соңғыларының  популяциясын  азайту;  ауру  қоздырушыларымен  зарар-

71 
 
ланған    нәжiс,  несеп,  басқа  да  жануарлардан  бөлiнiп  шыққан  экскремент-
тердi,  мал  өнiмдерiн  зарарсыздандыру,  өлекселердi  утильдеу  т.б.  яғни, 
сыртқы ортаны экологиялық тұрғыда қорғау болып табылады. 
Ветеринариялық  -  санитариялық  шаралардың  бағыты  сыртқы  ортада 
ауру қоздырушыларының таралуына жол бермеу. Ал тарай қалған жағдайда 
оларды  сыртқы  ортадан  жою.  Қорыта  келгенде,  ветеринариялық  санитария-
ның негiзгi мақсаты мал ауруларын дауалау (алдын алу). 
Ветеринариялық  санитарияның  барлық  сұрақтары  iндеттану  және 
инфекциялық аурулар пәнiнде қарастырылмайды. Мысалы, судың, азықтың, 
ауаның,  сонымен  қатар  мал  фермаларының  санитариялық  талаптарын 
зоогигиена,  ал  мал  өнiмдерiнiң  тазалығын  сараптау,  бағалау,  қажет  болған 
жағдайда  оларды  зарарсыздандыру  мәселелерiн  ветеринария-санитариялық 
сараптау пәнi оқытады. 
Iндеттану  ветеринариялық  санитарияға  қатысты  дезинфекция,  дезин-
секция,  дератизация,  мал  шаруашылығы  қалдықтарын  залалсыздандыру, 
өлексенi  утильдеу  мәселелерiн  қарастырады.  Практикалық  сабақтарда 
студенттер  дезинфекция,  дезинсекция,  дератизация  әдiстерiн  түрлi  мал 
объектiлерi жағдайында меңгередi.   
 
 
9-тәжірибелік сабақ. Мал шаруашылықтары  
объектiлерiн дезинфекциялау 
 
 
Сабақтың  мақсаты.  Дезинфекция  түрлерiн,  әдiстерiн  талдап,  практи-
када  кең  түрде  қолданылатын  дезинфектанттар,  олардың  қасиеттерiмен, 
дезинфекциялық  техникалармен  танысып,  жұмыстық  ерiтiндiлер  даярлау 
әдiстемелерiн меңгеру. 
Қажеттi  жабдықтар:  практикада  қолданылатын  дезинфектанттар 
үлгiлерi, дезинфекциялық техника. 
Жүргiзiлу  орны  және  әдiстемесi.  Сабақ  шаруашылықта  немесе 
ветеринариялық  клиника  жағдайында  болмаса  қасапханада  жүргiзiледi. 
Шаруашылықта  студенттер  ветсанитариялық  обьектiлермен  (ветсанитария-
лық  жiбергiш,  дезинфекциялық  тосқауыл,  оқшауханалар,  карантиндiк  жай-
лар,  көң  қоймасы,  қасапхана,  т.б.),  шаруашылықта  бар  дезинфекциялау 
техникаларымен  танысып,  қолда  бар  қондырғымен  дезинфекция  жасауды 
үйренедi.  
Дезинфекция  деп,  сыртқы  ортадағы  зардапты  микробтарды  жою 
шараларын айтады. Оның қазақ тiлiндегi баламасы – зарарсыздандыру.   
Дезинфекция  объектiлерiне:  мал  қоралары,  инкубаторлар,  ара  ұялары, 
профилакторилер,  оқшауханалар,  құрал-жабдықтар,  жұмыс  киiмдер,  су 
көздерi, мал азықтары, топырақ, транспорт жабдықтары, көң, мал өлекселерi, 

72 
 
шу,  қасапхана  тастандылары,  мал  мен  құстан  алынған  шикiзаттар,  инкуба-
циялық жұмыртқа, малдың үстi, сыртқы мүшелерi, т.б. жатады.  
Дезинфекция маңызына байланысты сақтық және лажсыз деп бөлiнедi. 
Бiрiншiсi  iндеттi  дауалау,  екiншiсi  iндет  ошағын  сауықтыру  мақсатында 
қолданылады.  
Сақтық дезинфекция маусымдық және технологиялық болып бөлiнедi.  
Жұқпалы  аурулар  анықталған  жағдайда  iндет  ошағында  тежеу  және 
қорытынды дезинфекциялар жүргiзiледi. Тежеу дезинфекциясының мерзiмi 
инфекциялық аурулардың түрлерiне байланысты.  
Қорытынды  дезинфекция  сауықтыру  шараларының  соңында  карантин 
немесе шектеу шараларын алардың алдында жүргiзiледi.  
Дезинфекция  физикалық,  химиялық,  биологиялық  тәсiлдермен  iске 
асырылады.  Физикалық  тәсiлмен  (күн  сәулесi  кептiру,  қыздыру,  гамма 
сәулелер,  ультрадыбыс  арқылы)  түрлi  объектiлер  мен  мал  азықтары 
дезинфекцияланады.  
Биологиялық  дезинфекция  микроорганизмдердiң  тiршiлiгiн  пайдала-
нудан  туындалған.  Негiзiнен  биологиялық  жолмен  көңдi,  өлексенi  дезин-
фекциялайды. 
Практикада,  сыртқы  ортадағы  зардапты  микробтарды  зарарсыздан-
дыруға химиялық дезинфекция негізгі әдіс ретінде  кең түрде қолданылады. 
Химиялық  заттардың  микроорганизмдерге  әсерлерi  олардың  қасиеттерiне 
байланысты.  Химиялық  дезинфектанттарға  қойылатын  негiзгi  талаптар: 
олардың бактериоцидтi қасиетi, суда тез еруi, жағымсыз иiстерiнiң болмауы. 
Қазiргi  күнi  дезинфектанттардың  саны  үнемi  ұлғаюда.    Соңғы  жылдары 
электрленген аналит пен католиттi қолдану практикалық жағдайда кең түрде 
қолданыс тапты.    
 
7-зертханалық сабақ. Химиялық дезинфектанттар 
 
Сабақтың  мақсаты.  Дезинфектанттар,  олардың  қасиеттерімен  таны-
сып, сапасын анықтау әдістерін меңгеру. Жұмыс ерітінділерін   дайындауды  
үйрену, дезинфекциялау техникаларымен танысу. 
Қажетті  жабдықтар.  Өндірісте  қолданылатын  дезинфектанттар  жиын-
тығы,  ыдыстар,  сыртқы  ортаны  зарарсыздандыруға  арналған  қондырғылар, 
заттың  белсенділігін  анықтауға  қолданылатын  жабдықтар,  әдістемелер,  
кестелер. 
Студент арнайы оқулықтар бойынша дайындалып, төмендегi сұрақтарға 
жауап бере бiлуi керек:  
1.
 
Дезинфекция, оның түрлерi және әдiстерi. 
2.
 
Сiлтiлер,  қышқылдар,  хлорлы  препараттар  мен  тотықтырғыштар, 
фенолдар олардың микроорганизмдерге әсер ету механизмдерi. 
3.
 
Дезинфектанттарға қойылатын талаптар. 
 

73 
 
Дезинфектанттарды қолдануға дайындау. Х л о р л ы   ә к. Түйiршiктi ақ 
түстi  ұнтақ  зат,  ылғалда  тез  бұзылады,  оның  сапасы  заттың  құрамындағы 
белсендi  хлорға  байланысты.  Стандартты  хлорлы  әкте  белсендi  хлор  үлесi 
25%-дан  кем  болмауы  қажет.  Ал  белсендi  хлор  зат  құрамында  15%-дан  кем 
болса дезинфекция жасауға жарамсыз деп саналады. Сондықтан хлорлы әктi 
қолданар  алдында  ондағы  белсендi  хлор  пайызын  анықтайды.  Белсендi 
хлорды анықтау арнайы бекiтiлген методикалық ұсыныстар бойынша жүргi-
зiледi.  
Хлорлы  әктiң  қажеттi  концентрациясын  дайындау  үшiн  төмендегiдей 
формула қолданылады:  
Х=100 а/в  
Х – бастапқы хлорлы әктiң саны (кг) 
а – жұмыстық  ерiтiндiде алуға болатын белсендi хлор концентрациясы 
(%) 
в – құрғақ хлорлы әктегi белсендi хлор концентрациясы (%) 
100 – 100 л суға аудару коэффициентi. 
Мысалы құрамында 25% хлор концентрациясы бар хлорлы әк бар, одан 
белсендi  хлоры  3%-ды  дезинфекциялық  ерiтiндi  дайындау  қажет.  Қажеттi 
ерiтiндi дайындау үшiн Х-тi мына формуламен анықтайды: 
Х=100 х 3/25=12 кг. 
Яғни 3%-ды белсендi хлоры бар ерiтiндi дайындау үшiн құрамында 25% 
хлор бар 12 кг құрғақ хлорлы әкке 100 литр су қосады.  
Практикалық  жағдайда  10%  немесе  20%-да  хлорлы  әктiң  судағы 
ерiтiндiсi  қолданылады.  Оны  хлорлы  әктiң  сүтi  деп  атайды.  Бұндай 
ерiтiндiлердi (өлшемдердi) құрамында 25% белсендi хлоры бар хлорлы әктен 
дайындайды. Ол үшiн сәйкес ыдысқа қажеттi хлорлы әктi салып, оған аздап 
су  қосып,  ағаш  күрекшемен  қою  ботқа  күйге  дейiн  (түйiршiктерсiз) 
араластырады. Одан кейiн тұрақты араластыру арқылы қажеттi көлемге дейiн 
қалған  суды  қосады.  Нәтижесiнде  2,5-5%-ды  белсендi  хлоры  бар  хлорлы  әк 
сүтiн  дайындайды.  Егер  де  құрғақ  хлорлы  әкте  белсендi  хлор  25%-дан  кем 
болса, онда қайта есептеп, қажеттi хлорлы әк қосылады.  
Ветеринариялық практикада хлорлы әк ерiтiндiсiмен қатар  к ү й д i р г i ш    
н  а  т  р  и  й      кең  түрде  қолданылады.  Ол  суда  жақсы  еридi.  Шаруашылық 
жағдайында  тазартылмаған  техникалық  препарат  –  каустикалық  сода 
қолданылады. Күйдiргiш натрий сатылымда құрамында 42% NaOH ерiтiндiсi 
түрiнде немесе 92-95%-ды кристалды, қатты зат түрiнде кездеседi. Гидроокис 
натрий  ерiтiндiлерiн  қарапайым  түрде  су  қосып  дайындайды.  Тек  қана  бұл 
ерiтiндiмен  тоңазытқыштарды  дезинфекцияламау  қажет.  Себебi  қондырғы-
ларды iстен шығаруы мүмкiн.  
Ф  о  р  м  а  л  и  н  –  формальдегидтiң  35-40%-дық  судағы  ерiтiндiсi. 
Формалинде 40% формальдегид болуы қажет. Бұл дезинфектантты аузы нық 
жабылған ыдыста 9
0
-тан  төмен емес  температурада сақтау  қажет.  Формалин 
ерiтiндiсiн  даярлағанда  формальдегидтiң  пайызын  анықтау  қажет.  Ол  үшiн   

74 
 
5  см
3
  формалинге  95  см
3
  дистильденген  су  қосып,  жақсылап  шайқайды. 
Арнайы колбаға 30 см
3
 1 нормальды гидроокиснатрий ерiтiндiсiн құйып, оған 
арнайы дайындалған 5 см
3
  формалин ерiтiндiсiн қосып, араластыра отырып, 
үстiне 100 см
3
 0,1 нормальды йод ерiтiндiсiн құяды. Колбаның бетiн тығын-
дап,  қараңғы  жерге  30  минутқа  қойып,  онан  кейiн  оған  40см
3
  1  н.  тұз 
қышқылын қосады. Нәтижесiнде түссiз қоспа ашық қоңыр түске боялады.  
Қоспаны  0,1  н.  натрий  тиосульфатымен  солғын  сары  түске  дейiн 
титрлеп,  1  см
3
  1%-ды  крахмал  қосып,  толық  реңi  түссiзденгенше  титрация-
лауды жалғастырады.  
Формалиндегi  формальдегидтiң  пайызын  төмендегiдей  формуламен 
анықтайды: 
Х=(100-П) х 0,0015 х 20 х 20 
Х – формалиндегi формальдегидтiң өлшемi (%) 
100  –  алынған  йод  ерiтiндiсiнiң  көлемi  (см
3
)  П  –  титрацияға  кеткен 
натрий тиосульфатының көлемi (см
3
)  
0,0015 – формальдегидтiң грамм эквивалентi  
20  –  көбейткiштiң  проценттiк  қатынасы  (титрацияға 5 см
3
, яғни 100-дiң 
1/20 қатынасы)  
М ы с а л   1. Титрациялауға 40 см
3
 0,1 натрий тиосульфатының ерiтiн-
дiсi кетсе, онда Х=(100-40) х 0,0015 х 20 х 20=36%  
Сонымен, 1 л формалинде 36% формальдегид бар.  
М ы с а л  2. Формалинде 36% формальдегид болса, одан 3%-ды форма-
лин ерiтiндiсiн төмендегiдей формуламен шығарады: 
Х=3 х 100/36=8,333 л. 
Сонымен,  қажеттi  жұмыс  ерiтiндiсiн  алу  үшiн  8,333  л  формалинге  
91,667 л су қосу керек.  
Формалин  ерiтiндiсi  практикада  пайдаланыла  басталуымен  кең  түрде 
аэрозольдi әдiс қолданыла бастады.  
Аэрозольдi дезинфекция - егер дисперсиялық фаза деп аталатын көле-
мi ұсақ бөлшектер құрғақ түйiршiктерден тұрса, ондай аэрозоль түтiн болып 
саналады.  Ал  ұсақ  бөлшектерде  сұйық  тамшылар  болса,  ондай  аэрозоль 
тұман  деп  есептелiнедi.  Үнемдi  болғандықтан  дезинфекцияның  бұл  әдiсi 
практикада кең түрде қолданылады. Аэрозольдi дезинфекцияда ылғалды де-
зинфекцияға  қарағанда  дезинфектант  3-5  есе  аз  жұмсалады.  Сонымен  қатар 
дезинфектант қора-жайдағы барлық нысаналарға жақсы сiңiп, оның әсер ету 
мүмкiндiгi  жоғарылайды.  Аэрозольдық  дезинфекцияның  тиiмдi  қолданылуы 
бөлшектердiң  көлемiне  де  байланысты.  Аэрозоль  неғұрлым  ұсақ  болса, 
соғұрлым  оның  дезинфекциялық  әсерi  жоғары  болады.  Әлбетте  аэрозольдi 
дезинфекция жасағанда ылғалдылық мөлшерiне, сонымен қатар қора-жайдың 
температурасына байланысты.  
Температураның  17-22
0
С-да,  ал  ылғалдылықтың  60-95%  болуы 
оптимальды  саналады.  Практикада  кең  түрде  қолданылатын  аэрозольдi 
генераторлар АГ-УД-2, ТАҚ, ПАК, ПВАН, ДАГ, САГ.  

75 
 
Газбен  дезинфекциялау.  Газдардың  әсерiмен  әртүрлi  камераларды 
қолдану  арқылы  жұмыс  киiмдерiн  зарарсыздандыру  кең  түрде  тараған.  Бұл 
әдiс  оңай  және  мата  бұйымдарын  бүлдiрмейдi.  Әсiресе,  газ  арқылы  жүн, 
терiнi (аңдардың) зарарсыздандыру тиiмдi.  
Ветеринарияда хлор, H
2
S, формальдегид, ОКЭМБ (этилен-бромды метил 
окисi)  кең  түрде  қолданылады.  Газдарды  қолданғанда  сақталатын  негiзгi 
шарттар: 
1.
 
Газдың пайыздық деңгейiн қажеттi дәрежеде ұстау. 
2.
 
Әр газға белгiлi мөлшерде температура мен ылғалдылықты сақтау. 
3.
 
Қора-жайлар, басқа да нысандардың  жақсылап тұмшалануы. 
 
8-зертханалық сабақ. Дезинфекция сапасын бақылау 
 
Сабақтың  мақсаты.  Түрлі  объектілерден  (мал  қоралары,  төлдейтін 
қора т.б.) сынамалар алу, жолдама құжаттар толтыру, оларды  зерттеу арқы-
лы дезинфекция сапасын анықтау  әдістемелерін меңгеру,  
Қажетті жабдықтар. Сынама алуға арналған құралдар (стерильді мақта, 
су,  көректік орталар  бар  Петри ыдысы),  жарық  микроскоптары,   спиртовка, 
пробиркалар, дезинфектанттар. 
Шаруашылықтың  бағытына  және  қолданылатын  мал  күтiмiнiң 
технологиясына  байланысты  ылғалды,  аэрозольды  және  газды  дезинфекция 
әдiстерi қолданылады. 
1.  Дезинфекция  сапасы  зарарсыздандырылған  обьектiлерден  лактопо-
зитив  тобына  жататын  iшек  таяқшасын  және  стафилококтарды  анықтау 
арқылы бағаланады. 
Iшек  таяқшасы:  қылау,  шошқа  тiлмесi,  бруцеллез,  пастереллез,  доңыз 
бен  құс  обасына,  аусылға  қарсы  қолданылатын  дауалау  және  лажсыз 
дезинфекциялауда, ал стафилококтар: аусыл, туберкулез (қорытынды дезин-
фекцияда), қой және құс  шешегі, лептоспироз, үйрек балапандарының гепа-
титiне қарсы - дезинфекцияда анықталады. 
Дезинфекцияның  сапасын  тексеру  үшiн  дауалау  дезинфекциясынан 
кейiн  2-3  сағат  өткен  соң,  ал  тежеу  дезинфекциясында  нұсқауларда  белгi-
ленген  мерзiмi  өткеннен  кейiн  сынамалар  алынады.  Сынаманы  еденнен 
(малдың  артқы  аяқтары  орналасатын  тұсынан),  қабырғалардан,  бұрыш-
тардан,  оттықтан  барлығы  10-20  әртүрлi  жерлерден  алады.  Ол  үшiн  скаль-
пельмен  немесе  басқа  үшкiр  затпен  аумағы  10х10см  жердi  белгiлейдi  де, 
бейтараптағыш  ерiтiндiге  малынып,  сығып  алынған  мақта  тампонымен  1-2 
минут бойынша сол жердi ысқылап сүртедi. 
Әрбiр  тампонды  жеке-жеке  стерильдi  бейтараптағыш  ерiтiндiге  не  сте-
рильденген  дистильденген  суға  (20  см
3
)  салып,  бактериологиялық  зерттеуге 
лабораторияға  жiберiледi.  Жұмысқа  қажеттi  тампондар  (салмағы  0,25-0,33г) 
алдын-ала  дайындалып,  қолданылатын  дезинфектанттан  күшi  10  есе  аз 
бейтараптағыш  ерiтiндiде  сақталады.  Хлорлы  дезинфектанттарды  бейта-

76 
 
раптау  үшiн  гипосульфит,  сiлтiлiк  ерiтiндiлер  үшiн  сiрке  қышқылы, 
формалин үшiн мүсәтiр спиртiнiң ерiтiндiлерi қолданылады. Басқа дезинфек-
танттарда  бейтараптау  ерiтiндiсi  ретiнде  стерильдi  су  қолданылады.  Сына-
малар алынғаннан кейiн 2 сағаттың iшiнде лабораторияға жеткiзiлiп, сол күнi 
зерттеуден өткiзiлуi тиiс (бактериологиялық зерттеу тәсiлi “Ветеринариялық 
заңдар” жинағында көрсетiлген). 
Е  С  К  Е  Р  Т  У:  Сынамалар  мiндеттi  түрде  механикалық  тазаланып, 
дезинфекция жүргiзiлген қора едендерiнен, т.б. алынады. 
Егер  дауалау  және  қорытынды  дезинфекциядан  кейiн  барлық  алынған 
сынамаларда  белгiленген  тесмикробтарының  өсуi  байқалмаса,  ал  тежеу 
дезинфекциядан кейiн алған сынамаларын 90%-да өсiндi болмаған жағдайда 
олардың нәтижесi қанағаттандырарлық деп табылады. 
2.  Залалсыздандыру  техникасы.  Дезинфекция,  дезинсекция  орындауға 
қолданылатын техникаға қойылатын негiзгi талаптар: 
- жоғары өнiмдiлiгi; 
-
 
жұмыстың жоғары санитариялық сапасын қамтамасыз етуi. 
Жылжымалы дезинфекциялық агрегаттар: ВДМ-2, АДА, АДВ, ЛСД, УД-
ф-20, ДУК, ОППК, өндiрiстiк негiздегi кешендер мен фермалар үшiн УДП-М, 
УДС, ОМ-5359-01, ОМ-22613,ОМ-22614; аэрозольдi генераторлар: АГ-УД 2, 
ТАН,  ПАК-1,  ПАК-2,  САГ-1,  РДВ-1,  ОМП-2,  КЗ-  гидропульттi,  автомакс 
(қысқартулар механизмдердiң орыс атауларынан алынды).  
 
Студенттердiқ өзiндiк жұмысы: 
1. Мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша жұмыстық ерiтiндi дайындау. 
2.
 
Дезинфекцияның  сапасын  бақылау  үшiн  түрлi  объектiлерден  сынама 
алу. 
3.
 
Жүргiзiлген дезинфекцияға актi толтыру. 
 
ІСКЕРЛІК ОЙЫН.   Сәйкес жауаптарын табыңыз: 
А) Дауалық  және лажсыз дезинфекция сапасы ішек таяқшасы бойынша 
анықталатын аурулар: 
Ә)  Дауалық,  қорытынды  дезинфекция  сапасы  стафилакоктар  бойынша 
анықталатын аурулар: 
             а) бруцеллез
             ә) туберкулез; 
             б) аусыл; 
             в) тілме; 
             г) лептоспироз; 
             д) қой шешегі. 
1-А-а,б,в;  2-Ә-б,г,д;  3-Ә-а,в,г;   4-А-а,б,г;   5-Ә-а,б,д;   6-А-б,г,д;  7-Ә-
а,б,в;  8-А-а,б,д;  9-А-ә,б,в;  10-Ә-ә,б,в;  11-Ә-ә,б,в;  12-А-ә,б;д. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

77 
 
10- тәжірибелік сабақ. Өлексенi және мал шаруашылығы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет