48 я 7 Қ 17 Пiкiр жазғандар: Сайдулдин



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата19.01.2017
өлшемі3,12 Mb.
#2233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

3.
 
Індет ошағы шекарасын анықтау 
 
4.1.  Індет  ошағы  дегеніміз  –  инфекция  қоздырушысының  бастауы 
(мысалы,  туберкулез,  бруцеллезде  ауру  мал)  және  берілу  тетіктері  әрекет-

50 
 
тесетін  кеңістік,  қысқаша  айтқанда,  малдың  ауруға  шалдығу  мүмкіншілігі 
бар зарарлы территория (аумақ).  
4.2.  Бруцеллездің  індет  ошағына  инфекция  қоздырушысының  бастауы, 
тасымалдаушылары  және  берілу  факторлары  (көң,  төсеніш,  шу)  арқылы 
зарарланған  ауру  мал  оқшауханасы,  қоралары,  аулалар,  жайылым,  т.б. 
территориялар жатады.  
4.3.  Індет  ошағының  шекарасы  ауру  қоздырушысының  бастауы,  берілу 
тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады. 
4.4. Індет ошағы құрамына инфекциялық ауру (бруцеллез) мал жайылған 
жайылымдар да кіреді. 
4.5. Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының 
ядросы  анықталды.  Індет  ошағының  ядросы  ретінде  бруцеллез  қоздырушы-
сы ең көп шоғырланған жер, атап айтқанда бруцеллез мал тұрған оқшаухана, 
төлдету  (туыт)  қора  және  бруцеллездің  себебінен  мал  іш  тастаған  телім 
алынады.    
4.6.  Індеттен  сау  емес  пункттегі  індет  ошағы  сыртында  орналасқан 
территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.  
4.7.  Індеттен  сау  емес  пункттің  топографиялық  картасы  жасалынады. 
Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының 
(мәйегінің)  шекаралары  белгіленіп,  оларда  орналасқан  мал  саны  көрсетіліп, 
індет  ошағына  қойылатын  карантиндік  бекеттердің,  дезинфекциялық 
тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді. 
Бруцеллезде  індет  ошағында  карантин,  қатер  төнген  аймақта  шектеу 
қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.  
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
1.  Індеттанулық  талдау  нәтижесі  акт  түрінде  толтырылып,  оның 
қорытынды бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс: 
-  инфекциялық  ауруға  (бруцеллезге)  қойылған  нозологиялық  балаудың 
дәлелділігі; 
- инфекцияның шығу және таралу себептері
- жануарларды инфекциялық ауруларға (бруцеллез) тексерулердің нәти-
желері (сау, ауру және ауруға дүдәмал мал сандары, ауруға шалдығу индексі, 
т.б.),  індеттің  таралу  тетігі  жөніндегі  болжау  және  малдың  ауруға  қарсы 
вакциналармен егілуі; 
-  індет  ошақтарының  саны  (олар  бірнеше  болған  жағдайда),  олардың 
сипаттамасы және ондағы ауру, ауруға бейім малдар саны; 
-  індет  ошағын  оқшаулап,  оны  жоюға  бағытталған  індетке  (бруцеллез) 
қарсы шаралар жүйесі; 
-  қатер  төнген  аймақтағы  мал  саны,  оларды  инфекциядан  қорғау 
мақсатында  қолданылатын  арнайы  шаралар  (бруцеллезде  вакциналар 
қолдану).  

51 
 
2.  Індеттен  сау  емес  пунктті  індеттанулық  зерттеу  актісіне  тіркелетін 
құжаттар: 
-  барлық  мал  басының  түрі,  жасы,  жынысына  қарай  бөлінгендегі  саны, 
оның  ішіндегі  бруцеллезге  егіліп,  егілмегені,  алдағы  уақытта  егілетіні, 
қайталанып  егілетіні  және  арнайы  әдістермен  бруцеллезге  тексерілетін  мал 
саны кесте түрінде беріледі; 
-  лабораториялық  сараптамалар,  ветеринариялық  куәліктер  мен 
сертификаттардың көшірмелері. 
3.  Індеттен  сау  емес  пункттегі  індеттанулық  зерттеулерді  әдетте 
аудандық  ветеринария  станциясының  эпизоотологы  немесе  бруцеллез  және 
туберкулезбен  күресу  жөніндегі  экспедиция  маманы,  не  болмаса  осындай 
тексерулер  жүргізуге  рұқсаты  (лицензиясы)  бар  мал  дәрігерінің  жүргізуі 
шарт.  
Індеттен (бруцеллезден) сау емес пункттегі індеттанулық зерттеу актісі 
мемлекеттік  ветеринариялық  инспекция  қызметін  атқаратын  мекемелерге 
тапсырылуы қажет. 
Iндеттанулық  зерттеу  iндет  ошағы    анықталған  жағдайда,  одан  арылу 
жоспарын құруға қажетті iндеттанулық балау қою үшін ғана емес, жұқпалы 
аурулардан  сау  шаруашылықтарда,  ауылдық  округтерде  немесе  белгiлi  бiр 
аймақта  iндеттiк  жағдайды  қадағалау  мақсатында  да    жүргiзiледi.  Төменде 
түрлi мақсатта жүргізілген iндеттанулық зерттеу нәтижелеріне толтырылған 
актiлер, үлгi ретiнде көрсетiлген. 
 
1-үлгі                    Iндеттанулық зерттеу актiсi 
 
14 маусым 2001.                                                                      Үржар ауданы,  
                                                                                                   Южный ауылы.        
 
Бiз,  Үржар  ауданының  бас  малдәрiгерi  Сатай  Б.,  “Благодатненский” 
ауылдық округтың вет.инспекторы Тұраров Қ.Қ., Қазақ Аграрлық универси-
тетiнiң  доцентi  Қасымов  Е.И.  бруцеллезден  сау  емес  пункт  деп  саналатын 
“Благодатненский”  ауылдық округiнде iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.  
Бұл  ауылдық  округте  екi  елдi  мекен  орналасқан  (“Южный”,  “Тасарық” 
ауылы),  бруцеллездiң  iндет  ошағы  “Южный”  ауылында  2001  жылғы 
көктемдiк  зерттеуде  анықталып,  “Тасарық”  елдi  мекенi  бұл  аурудан  таза 
болған.  
Iндет  ошағы  ретiнде  есептелген  “Южный”  ауылы  Шығыс  Қазақстан 
облысы, Үржар ауданының орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. 14 
мамыр  2001  жылғы  статистикалық  есеп  бойынша,  жеке  меншiк  секторда 
1221 сиыр малы, 2268 қой, 262 жылқы, 45 шошқа тiркелген.  
2000  жылы  бұл  ауылдық  аймақта  4  айдан  1  жасқа  дейiнгi  тайыншалар 
штамм  82  SR-  вакцинасымен  (препарат  “Дауа”  ЖШС  кәсiпорынында 
даярланған) егiлiп, ұрықтандыру жасындағы мал ревакциналанған. Ал, сауын 

52 
 
сиырлар  көктемде,  күзде  серологиялық  реакциялармен  бруцеллезге 
зерттелiп,  малдың  ауруға  шалдығуы  0,9%-дан  0,1%-ға  дейiн  төмендеген. 
Табындарға  бұқалар  сәуiр  айынан  бастап  қосылған.  Жыл  соңына  дейiн  2-3 
айлық буаздық кезеңде егiлген құнажындар арасынан, вакцинаның себебiнен 
малдың iш тастауы анықталмаған.  
Жеке  меншiк  сектордағы  мал  (жасына,  жынысына,  физиологиялық 
ерекшелiгiне байланысты бөлiнбей) сәуiр айынан бастап жайылымда болып, 
алғашқы  қар  түскенге  дейiн  (қазан,  қараша)  табындар  бiр-бiрiне  қосылмай, 
бөлек бағылады, қыста қолға ұсталады. Сиырды қолдан ұрықтандыру жолға 
қойылмаған, мал табиғи жолмен ұрықтанады. Әр табынға бруцеллезге екi рет 
серологиялық  реакцияларда  терiс  нәтиже  берген  меншiк  бұқалар  қосылады.  
Округтың  “Южный”  ауылында  көктемгi  зерттеуде  (сәуiр  2001)  бруцеллезге 
15 мал шығып, 30 мамыр 2001 жылы “Благодатненский” ауылдық округының 
әкiмшiлiкке  қарасты  барлық  территориясы  орналасқан  елдi  мекен  бруцел-
лезден  сау  емес деп  жарияланып, карантин қойылған. Кең алқапта  орналас-
қан  бұл  ауылдық  округтегi  табындардың  жеке  бағылатынына  байланысты 
сауықтыру  шараларын  бруцеллезден  сау  емес  пункт  шеңберiнде  емес  iндет 
ошағындағы  жеке  табындар  бойынша  төмендегiдей  схемада  жүргiзу  тиiмдi 
саналады: 
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкімшілікке 
қарасты  барлық  территория  бойынша  емес,  бруцеллез  мал  анықталған 
табынның  орналасуы  бойынша  нақтылап,  бруцеллезден  сау  емес  пунктте 
күрес шараларын дифференцациялап жүргiзу; 
-
 
сау  емес  пункттегi  бруцеллез  мал  анықталған  “Южный”  ауылындағы 
iндет  ошағы  анықталған  мал  табындарында  -  карантин  қойып,  сау  емес  та-
бынды  жүйелi  серологиялық  реакциялар  кешенi  (АР,  КБР)  және  СР-дi  
қолдану арқылы сауықтыру; 
-
 
қатарынан  екi  рет  табын  бойынша  бруцеллезге  терiс  нәтиже  алынған 
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру; 
-
 
бақылаулық  мерзiмде  терiс  нәтиже  алынған  жағдайда  ғана,  iндет 
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;   
-  iндет  ошағы  мен  қатер  төнген  аймақ  ретiнде  саналған  “Тасарық”  елдi 
мекенiндегi 4-6 айлық тайыншаларды штамм 82 S-, ұрықтандыру жасындағы 
малды штамм 82 SR-, сонымен қатар қатер төнген аймақтағы сауын сиырды 
иммундық  фонына    қарамастан  штамм  82  R-  вакцинасымен  (“Дауа”  ЖШС 
кәсiпорнында даярланған) иммундеу; 
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу,  табынның бiр-
бiрiмен  қосылмауын  қадағалау,  бруцеллездiң  жұғу,  таралу,  одан  сақтану 
жолдарын насихаттау;   
- iндет ошағында сауықтыру шараларын жеке табын бойынша орындау.  
-  әр  серологиялық  зерттеуден  кейiн  бруцеллез мал  анықталған  аулалар-
ды арнайы дезинфекциялау.   

53 
 
Iндеттанулық  зерттеу  бойынша  ұсынылған  сауықтыру  шаралары 
ауылдық  аймақты  бруцеллезден  сауықтыру  жоспарын  тиiмдi  құруға 
арналған.    
                                                            Қолтаңбалар: 
                                                  
2-үлгi                             Iндеттанулық зерттеу актiсi 
 
1 шiлде 2001.                                                                          Қабанбай ауылы 
 
Бiз,  Үржар  ауданының  бас  малдәрiгерлiк  инспекторы  Сатай  Б., 
“Қабанбай” ауылдық округтың вет.инспекторы Н.Нұрғалиев, Қазақ Аграрлық 
университетiнiң доцентi Е.Қасымов аталған елдi мекенде бруцеллездiң iндет 
ошағы анықталуына байланысты iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.   
“Қабанбай”  ауылдық  округы    оңтүстiгiнде  Алматы  облысымен,  шығы-
сында  Қытай  мемлекетiмен,  солтүстiгiнде  Қарабұлақ  ауылдық  округымен 
шектеседi.  Ауылдық  округтың  әкiмшiлiк  территориясы  80-100  шақырым 
алқапты  қамтиды,  орталығы  “Жарбұлақ”  ауылы  Алакөлдiң  шығысында 
орналасқан.  Ауылдағы  “Жарбұлақ”  совхозы  таратылып,  үлкендi-кiшiлi  40-
тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы 
сиыр  малы  10  табын  болып  құралып,  сәуiрден  желтоқсан  айына  дейiн 
жайылымдарда бағылады.  
1.07.2001  жылы  жүргiзiлген  iндеттанулық  зерттеу  кезiнде,    8921  қой-
ешкi,  280  жылқы,  2644  сиыр  малы  тiркелген,  оның  874-i  сауын  сиыр,  47-сi 
бұқа,  153-i  ұрықтандыру  жасындағы  тайыншалар  және  843-i  бiр  жасқа 
дейiнгi  бұзау-тайыншалар.  Бұл  округте  “Жарбұлақ”  ауылынан  басқа,  мал 
ұстайтын  32  елдi  мекен  бар.  Ауылдық  округ  орталығынан  ең  алыс 
“Жалаңашкөл”  маңында  орналасқан  “Алтыншы”  және  “Қарағаш”  елдi 
мекендерi,  бұларда  малдың  толық  санаққа  алынбай,  таңбаланбағаны 
анықталды. 
2000  жылы  бруцеллезге  тексерiлген  1778  сиыр  малының  17-сi 
бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6, 
қалғандары  Жарбұлақ  ауылы  тұрғындарының  аулаларынан).  2001  жылы 
сәуiр,  мамыр  айларында  зерттелген  1809  малдың  46-сы  ауруға  шығып
Үржардың ет комбинатына өткiзiлген. Бруцеллез мал анықталған табындарда 
аурудың клиникалық белгiлерi (iш тастау, т.б.) байқалмаған. Ауруға шыққан 
малдардың  қан  сарысуларында  агглютинин  титрлерi:  16-сында  1:400,  10-
ында 1:200, 13-iнде 1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi 
1:5-1:160 сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы 
ауылдық  округке  қарасты  “Қарағаш”,  “Алтыншы”  елдi  мекендерiнде 
орналасқан  “Қойшыбай”,  “Бағатай”,  “Ахметжан”  шаруа  қожалықтары  мен 
“Жарбұлақ” ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары 
бруцеллезден  таза  болған,  олардың  iндет  ошағындағы  табындардан  бөлек 
жерлерде  бағалатыны,  бiрақ  қыс  айларында  қыстақтардың  жақын  орнала-

54 
 
суына  байланысты  мал  жайылған  жағдайда,  олардың  араласып  жататыны 
белгiлi болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, барлық бруцеллез мал 
шыққан қора-жай дезинфекцияланып, санацияланған. Ауылдық округте сиыр 
малының бруцеллезге шалдығуы көктемгi зерттеу бойынша 3,8% құрайды.   
30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң 326 - шешiмi негiзiнде, “Қабанбай” 
ауылдық  округы  тұтастай  бруцеллезден  сау  емес  деп  жарияланған.  Бұндай 
кең  ауқымды  территорияны  1  жыл  iшiнде  сауықтыру  өте  күрделi.  Округке 
қарасты  елдi  мекендердегi  шаруа  қожалықтары  мен  жеке  сектордағы 
табындардың 8 ай бойы жайылымдарда бiр-бiрiмен қосылмай бағылуларына 
байланысты,  сауықтыру  шараларын  бруцеллез  мал  анықталған  жеке  табын 
бойынша төмендегiдей схемамен жүргiзу тиiмдi саналады:  
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкiмшiлiкке 
қарасты  барлық  территория  бойынша  емес,  бруцеллез  мал  анықталған 
табынның орналасуы бойынша нақтылап, сау емес пунктте күрес шараларын 
дифференцациялап жүргiзу; 
-
 
сау емес пункттегi бруцеллез мал анықталған, орналасқан “Жарбұлақ”, 
“Алтыншы”,  “Қарағаш”  елдi  мекендерiне  -  карантин  қойып,  сау  емес 
табындарды жүйелi серологиялық зерттеу арқылы сауықтыру; 
-
 
қатарынан  екi  рет  табын  бойынша  бруцеллезге  терiс  нәтиже  алынған 
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру; 
-
 
бақылаулық  мерзiмде  терiс  нәтиже  алынған  жағдайда  ғана,  iндет 
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;   
-  қатер  төнген  аймақта  орналасқан  бруцеллезден  сау  табындардағы  (та-
быншылар:  Хайранов  К.–168,  Бибишев  Ж.-184,  Омаров  Н.-313,  Малаев  Б.-
143,  Бодауов  Д.–119  сиыр)  малды  бiздiң  ұсынған  штамм  82  SR-  вак-
цинасымен  (“Дауа”  ЖШС  кәсiпорнында  даярланған)  шiлде  айынан 
қалдырмай, иммундық фонына, 1-2 айлық буаздығына қарамастан жалпылай 
егу; 
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу,  табынның бiр-
бiрiмен  қосылмауын  қадағалау,  бруцеллездiң  жұғу,  таралу,  одан  сақтану 
жолдарын насихаттау.   
Iндеттанулық  зерттеу  бойынша  ұсынылған  сауықтыру  шаралары 
ауылдық  аймақты  бруцеллезден  сауықтыру  жоспарын  тиiмдi  құруға 
арналған.                               
 
                                                                            Қолтаңбалар: 
3-үлгi                                Iндеттанулық зерттеу актiсi 
 
3 қыркүйек 2002.                                                    Шығыс Қазақстан облысы 
                                                                         Өскемен қаласы 
 
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас 
маманы  Қалиев  Б.Қ.,  ҚазҰАУ-дың  доцентi  Е.И.Қасымов,  республикалық 

55 
 
ветеринария  лабораториясының  жетекшi  маманы  Мұхамедқалиев  М.Н., 
облыстың  мемлекеттік  ветеринария  инспекторы  Жақыпбаев  А.Ш.,  мем.вет. 
бақылау  бөлімінің  бас  маманы  Қабдолданов  Т.А.,  Жарма,  Зырян,  Қатон-
Қарағай,  Глубокий,  Аякөз,  Көкпекті  аудандарының,  Семей  қаласының 
мем.вет. инспекторлері (аты-жөні жазылуы қажет) 2002 жылы ақпан айында 
Шығыс  Қазақстан  облысында  Қаз.ҰАУ  ғалымдары  (Т.С.Сайдулдин,  Е.И. 
Қасымов  т.б.)  ұсынған  штамм  82  SR-  вакцинасының  қолданылу  нәтижесін 
қадағалау  және  іш  тастаған  мал  анықталған  ауылдық  округтерде,  оның 
себебін  білу  мақсатында  комиссиялық  індеттанулық  зерттеулер  жүргізіп, 
төмендегідей нәтижелер алдық. 
Жарма  ауданының  ауылдық  аймақтарында,  барлығы  31324  сиыр  мен 
тайыншылар  2001  жылы  маусым,  шілде  айларында  штамм  82  SR 
вакцинасымен  егілген.  Олардың  16535-і  ұрыққа  баратын,  қалғандары  5-10 
айлық  бұзау-тайыншалар  тобынан  болған.  Иммундеу  кезінде  табындарында 
10-15%  1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болғанына қарамастан, табын-
дарда  вакцинаның  себебінен  сиырлар  мен  құнажындардың  іш  тастауы  жыл 
соңына дейін анықталмаған, егілген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған.  
Зырян  ауданында  штамм  82  SR-  вакцинасымен  1834  ұрықтандыру 
жасындағы  тайыншылар,  8534  бруцеллезге  қарсы  вакциналық  иммунды 
фоны  жоқ  сауын  сиырлар  2001  жылы  мамыр-маусым  айларында  иммун-
делген.  Вакцинаның  кеш  қолданылуына  қарамастан  (табындарға  бұқалар 
мамыр  айынан  бастап  қосылған),  егілген  сауын  сиырлар  мен  тайыншалар 
арасынан  жыл  соңына  дейін  малдың  іш  тастауы  анықталмаған.  Аудан 
бойынша  тек  қана  2001  жылы  қараша  және  2002  жылы  қаңтар  айында  5 
малдың  іш  тастауы  тіркелген.  Ауданның  бас  мал  дәрігері  Г.С.Овечкиннің 
тұжырымдауына  карағанда,  бұл  малдардың  іш  тастауына  жеке  сектордағы 
адамдардың  соңғы  буаздық  кезеңдегі  малды  үсіген  асқабақпен  азықтанды-
рылуы себеп болған. Бактериологиялық зерттеуде түсіктер бруцеллезге теріс 
нәтижелер көрсеткен.  
Қатонқарағай  ауданында  2001  жылы  маусым-тамыз  айларында  штамм 
82 SR-вакцинасымен 23260 сиыр малы егілген, оның 5040-ы 5-8 айлық, 5120-
ы  ұрықтандыру  жасындағы  тайыншалар  және  13100-і  бұрын  бруцеллезге 
қарсы  егілмеген  аналық  сиырлар  тобынан  болған.  Вакцина  қолданылған  13 
ауылдық  аймақтың  12-сінде  малдың  іш  тастауы  жыл  соңына  дейін  анық-
талмаған.  Тек  қана  «Черновинский»  ауылдық  әкімшілікке  қарасты 
«Ақмарал»  ауылында  2002  жылы  қаңтар  айында  6  жағдайда  малдың  іш 
тастағаны  орын  алған.  Індеттанулық  зерттеу  нәтижесі  негізінде  іш  тастау 
туытқа  жақындаған  суалған  малдар  арасынан  болғаны,  бактериологиялық 
зерттеу  түсіктерден  бруцеллез  қоздырушысының  анықталмағаны  белгілі 
болды. Малдың іш тастауы тіркелген жеке шаруа қожалығындағы 32 сиырды 
2002  жылы  қаңтар  айында  серологиялық  реакциялармен  тексергенде, 
вакцина  қолданылмаған  бір  жасқа  дейінгі  бұзау-тайыншылар  арасынан  4-і 

56 
 
бруцеллезге  оң  нәтиже  бергені,  сонымен  қатар  шаруашылықтағы  25  қой-
ешкінің 3-уі бруцеллезге шыққаны белгілі болды.  
Глубокий ауданында штамм 82  SR- вакцинасымен 2001 жылы маусым-
шілде,  соңы  тамыз  айында,  барлығы  –  18954  мал  егілген,  оның  3601-і  5-8 
айлық  тайыншалар,  3462-і  ұрыққа  баратын  жастағы  тайыншалар  мен 
құнажындар,  11891-і  бұрын  бруцеллезге  қарсы  егілмеген  сауын  сиырлар. 
Вакцина  16  ауылдық  аймақта  қолданылып,  оның  15-інде  малдың  іш  тастау 
жағдайы  анықталмаған,  егілгендері  қалыпты  жағдайда  бұзаулаған.  Тек 
«Глубочанка»  шаруа  қожалығында  буаздықтың  соңғы  кезіндегі  6  суалған 
сиырдың  2001  жылы  желтоқсан  және  2002  жылдың  қаңтар  айларында  іш 
тастағаны айтылады. Бактериологиялық зерттеуге тек қана 1 түсік жіберіліп, 
бруцеллезге теріс нәтиже алынған. Індеттанулық  зерттеу кезінде, шаруашы-
лықта  суалған  буаз  мал,  сауын  сиыр  табындарымен  бірге  ұсталатыны  және 
малдың серуендеуге шығатын қақпасы тар екені анықталды. Сондықтан бұл 
шаруашылықта  іш  тастаудың  байқалуы  буаз  малдың  механикалық 
зақымдалуынан болуы да жоққа шығарылмайды.  
Аякөз  ауданында  штамм  82  SR-  вакцинасымен  2001  жылы  мамыр, 
маусым  айларында  7362  ұрықтандыру  жасындағы  тайыншалар,  8292  сауын 
сиырлар алғаш рет егілген. Егілген мал арасынан жыл соңына дейін іш тастау 
жағдайы  анықталмаған.  Иммунделген  мал  қалыпты  жағдайда  бұзауланған. 
Тек қана 2002 жылы қаңтар айында үш ауылда бір-бірден, барлығы – 3 мал 
соңғы  буаздық  айларында  іш  тастаған.  Бактериологиялық  зерттеуде  түсік-
терден бруцеллез қоздырушысы анықталмаған.  
Семей  қаласына  қарасты  14  ауылдық  аймақта  2001  жылы  мамыр-
маусым  айларында штамм  82  SR-  вакцинасымен  1531 ұрықтандыру  жасын-
дағы  тайыншалар  және  4119  сауын  сиыр  егілген.  Вакцина,  алғаш  рет 
вакциналық  иммунды  фон  жоқ  сауын  сиырда  қолданылған.  Препарат 
қолданылған  кезде  табындарда  1-3  айлық  буаздық  кезеңдегі  малдың  болға-
нына  қарамастан,  жыл  соңына  дейін  егілгендерінің  арасынан  іш  тастау 
жағдайы анықталмаған, иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған. 
ҚОРЫТЫНДЫ. 1998-1999 жылдары штамм 82 SR- вакцинасының жеке 
меншіктегі  тайыншаларда,  2000  жылдан  бастап,  иммундық  фонының 
болмауына  қарамастан  сауын  сиырда  кең  түрде  қолданылуы  нәтижесінде 
індеттік жағдай тұрақталып, жақсара бастаған. 
Препараттың  аналогына  (иммуногендік,  реактогендік  қасиеттері 
бойынша  стандартталмай  Ресей  технологиясымен  өндірілетін  штамм  82 
вакцинасына)  қарағандағы  тиімділігі  вакциналық  иммунды  фоны  жоқ  1-3 
айлық  буаздық  кезеңдегі  сауын  сиырлар  мен  құнажындарға  қолданғанда 
оларға  іш  тастатпағаны  және  төменгі  агглютининдік  қасиеті.  Соңғылары 
вакцинаның  иммуногендік,  реактогендік  және  абортогендік  қасиеттері 
бойынша стандарттылығымен түсіндіріледі.  

57 
 
Қазақстанда  сиыр  бруцеллезiне  қарсы  штамм  82  SR-  вакцинасын  кең 
түрде  түрлi  мал  топтарында  Ресейде  өндiрiлетiн  оның  аналогының  орнына 
қолдану ұсынылады. 
                                                                                  Қолтаңбалар: 
 
4-үлгi                                Індеттанулық зерттеу актiсi 
 
1 қараша 2003.                                             Шығыс Қазақстан облысы 
                                                                      Бастаушы ауылдық округi 
 
Бiз, төменде қол қойғандар: ҚР АШМ ветеринария департаментiнiң бас 
маманы  Қалиев  Б.Қ.,  ҚазҰАУ-дың  доцентi.Қасымов  Е.И,  республикалық 
ветеринария  лабораториясының  жетекшi  маманы  Мұхамедқалиев  М.Н., 
облыстың  мемлекеттiк  ветеринария  инспекторы  Жақыпбаев  А.Ш.,  мем.вет. 
бақылау  бөлiмiнiң  бас  маманы  Қабдолданов  Т.А.,  Жарма,  Зырян,  Қатон-
Қарағай,  Глубокий,  Аякөз,  Көкпекті  аудандарының,  Семей  қаласының 
мем.вет.  инспекторлері  (аты-жөні  жазылуы  қажет)  2003  жылы  желтоқсан 
айында  Шығыс  Қазақстан  облысы  Бастаушы  ауылдық  округінде  сиыр 
малының жаппай іш тастау себебін анықтау мақсатында комиссиялық түрде 
індеттанулық зерттеулер жүргізіп, төмендегідей нәтижелер алдық. 
Шығыс  Қазақстан  облысы  Көкпекті  ауданына  қарасты  «Бастаушы» 
ауылдық  әкімшілік  округінде  сауықтыру  шаралары  «Мал  бруцеллезін 
дауалау  және  одан  арылу»  нұсқауында  көрсетілген  ережелерге  сәйкес 
орындалмай, төмендегідей қателіктермен жүргізілгені белгілі болды.  
Індеттанулық  зерттеу  кезінде  бұл  ауылдық  округте  орналасқан 
шаруашылық 1992 жылдан бері сиыр бруцеллезінен сау емес деп саналғаны, 
1996 жылы мемлекеттік ауыл шаруашылық объектілерін (совхоз, колхоздар) 
жекешелендіру  бағдарламасы  бойынша,  бруцеллезден  сау  емес  колхоздағы 
сиыр  табындары  (барлығы  500  бас)  бұл  аурудан  сауықтырылмай,  жекемен-
шікке толық таратылып, берілгені анықталды. 1996-2000 жылдарда жүргізіл-
ген  кезекті  маусымдық  серологиялық  зерттеулерде  табындардан  бруцеллез 
мал тұрақты анықталып отырылған. 1996 жылы 46 мал, 1997 жылы – 15, 1998 
жыл – 38, 1999 жылы – 21, ал 2000 жылы бірінші рет зерттелген 1525 сиыр-
дың 8-і, ал қайталап зерттелген 3616 малдың 12-сі бруцеллезге шығып, етке 
сойылған. 
2000 жылы желтоқсан айында «Бастаушы» ауылдық-әкімшілік террито-
риясы  бойынша  бруцеллезден  карантин  жарияланып,  сауықтыру  шаралары-
ның  жоспары  «Бруцеллезді  дауалау  және  одан  арылу»  нұсқауының  8.4.2. 
пунктінде  көрсетілген  жүйелі  серологиялық  зерттеулерді  қолдану  ережеле-
ріне  сәйкес  құрылып,  Көкпекті  аудандық  территориялық  басқармасында 
бекітілген.   
Сауықтыру жоспары бойынша жүргізілген 1-ші серологиялық зерттеуде 
тексерілген  2229  сиырдың  барлығы  бруцеллезге  теріс  нәтиже  көрсеткен.  

58 
 
Екінші  серологиялық  зерттеуге  1542  мал  қамтылып,  оның  5-уі  АР-мен 
бруцеллезге шыққан. Зерттелген 33 иттің біреуі ауруға оң нәтиже көрсеткен. 
Барлық  ауылдағы  мал  бойынша  бруцеллезге  2  рет  теріс  нәтижелер 
алынбай,  серологиялық  зерттеулерден  кейін  860  м
2
  мал  объектілері  дезин-
фекцияланып  (лабораториялық  сараптамалар  №234-294,  20.11.2001), 
қыркүйек-қазан,  соңы  қараша  айларында  бұрын  бруцеллезге  қарсы  вакцина 
қолданылмаған  (иммунды  фоны  жоқ),  буаздық  кезеңнің  2-жартысындағы 
1496  сауын  сиыр,  438  құнажын  штамм  82  SR  вакцинасымен  жаппай  егіліп, 
бруцеллезден  сау  емес  пункттен  карантин  алынып,  3  айға  шектеу  қалды-
рылған.  Алайда,  бруцеллезді  дауалау  және  одан  арылу  шаралары  нұсқауы-
ның  8.4.2.1.3.  пунктінде  көрсетілген  ереже  бойынша  бруцеллезден  сау  емес 
пункттегі  барлық  мал  ауруға  2  рет  теріс  нәтиже  бергенде  ғана  карантин 
алынып,  3  айға  шектеу  қалдырылып,  бұл  мезгілде  бруцеллезге  қатарынан 2 
рет (әр бір жарым айда) барлық мал бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда 
ғана  штамм  82  SR  вакцинасымен  егілуі  керек  еді.  Сауықтыру  шараларын 
жүргізген «Кард» ЖШС мамандары нұсқаудағы ережелерге сәйкес құрылған 
сауықтыру  жоспарындағы  көрсетілген  арнайы  шаралардың  дұрыс  орындал-
мауының себебінен, індеттен сау емес пунктті 1 жылда сауықтыруға бөлінген 
тендерлік  қаражатты  жыл  соңына  дейін  игеру  қажеттілігімен  түсіндіреді. 
Сауықтыру  жоспарындағы  арнайы  шаралардың  дұрыс  орындалмауына 
байланысты  2001  жылы  желтоқсан,  2002  жылы  қаңтар  айларында 
«Бастаушы»  ауылында  буаздық  кезеңінің  соңғы  айларында  иммунделген 
1934  мал  арасынан  26  сиыр  мен  құнажынның  іш  тастағаны  анықталды.  Іш 
тастаған  малдың  17-сі  5-10  жасар  сиырлар,  9-ы  бірінші  рет  бұзаулайтын 
құнажын  мен  дөнежін  мал,  түсіктің  абсолютті  көпшілігі  уақытынан  ерте 
туылған  немесе  өміршең  емес  (туғаннан  кейінгі  бірінші  күндері  өлген) 
төлдер  екені  белгілі  болды.  Іш  тастаған  малда  бруцеллезге  тән  клиникалық 
белгілер:  шудың  түспеуі,  эндометрит  байқалған.  Лабораториялық  зерттеуге 
11 түсік жіберіліп, олардың 5-уінен бруцеллез қоздырушысы анықталған.     
ҚОРЫТЫНДЫ.  Бруцеллезден  сау  емес  пункті  сауықтыруға  қажетті 
бақылаулық зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты, анықталмай қалған – 
бруцеллез  қоздырушысын  жасырын  тасымалдаушы  мал  организмінде, 
инфекциялық  процестің  жіті  өршуіне  (малдың  іш  тастауына)  вакцинаның 
малға соңғы буаздық айларында қолданылуы түрткі болған.     
           Қолтаңбалар: 
Студенттердiң өзiндiк жұмысына тапсырма: 
 
1.
 
Шаруашылықта немесе ауылдық округте, болмаса басқа да жануарлар 
фермаларында  (аң,  құс,  балық,  т.б.)  iндеттанулық  зерттеу  жүргiзiп,  акт 
толтыру, келесi сабақта оны талдау, қорғау. 
 
8-тәжірибелік сабақ. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы,  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет