50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47

 

ЕТІСТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕН 

 

Ғ.Е. Имамбаева 

Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қаласы 

А.Б. Ахметова 

ПМПИ, Павлодар қаласы 

 

Бүгінгі  таңда  білім  берудің  оқу-тәрбие  ісінде  тіл  дамыту  мәселесі  алға 

қойылып  отыр.  Осындай  күрделі  мәселені  шешу  мақсатында  қазақ  тілін 

оқыту  сабақтарында  тіл  дамытуға,  байланыстырып  сөйлеуге  айрықша  көңіл 

бөлініп,тілдік материалдарды дұрыс таңдау арқылы тілдің теория мен сөйлеу 

тәжірибесінің  бір-бірімен  ұштастыра  оқыта  білуі  маңызды  болып  саналады. 

«Етістіктің  етіс  категориясын  оқыту»  тақырыбы  6-сыныпта  оқытылады. 

Оқушылар  туынды  етістіктің  жұрнақтарын  және  олардың  болымды, 

болымсыз  түрлерін  бұрын  өткендіктен,  етіс  түрлерінің  жасалу  жолдарын 

меңгертуі қиынға түспейді. Оқушыға да, мұғалімге де күрделі тиетін нәрсе-

етіс  түрлеріндегі  іс-қимыл,  амал-әрекеттердің,  істеуші  мен  істелетін 

заттардың (объектілердің) ара қатынасының қандай болатынын анықтау. 

Етістіктен  етістік  жасайтын  жұрнақтардың  қызметіне  баса  көңіл 

аударылуға  тиіс.  Етістіктен  етістік  жасалатын  жұрнақтардың  қандай  түрі 

болмасын,  жалғанған  етістік  сөздерінің  мағынасына  өзгеріс  енетіні 

салыстыру тәсілі арқылы түсіндіріледі. 



60 

 

Бірнеше  сөйлемдер  келтіре  отырып,  бұл  сөйлемдердегі  іс-әрекет 



қимылдардың  мағыналары  өзара  салыстырылады.  Мысалы:  «бала  оқыды», 

«баланы  әкесі  қалада  оқытты»  сөйлемдердегі  «оқыды»,  «оқытты»  деген 

етістіктердің  тұлғалық  құрамында  т  жұрнағының  қосылу  ерекшелігі-осы-т 

жұрнағы  қосылуы  арқылы  «оқытты»  сөзінде  істі  аталған  бала  істемей,  өзге 

басқа  біреу  арқылы  істелетіндікті  білдіретін  мағына  үстеліп  тұрғанына 

оқушылардың көзі жеткізіледі. 

Әңгімелесу,  сұрақ-жауап,  салыстыру  әдістері  арқылы  етістіктен  етістік 

тудыратын жұрнақтар істелетін іс-әрекет пен істеуші адамдардың арасындағы 

әртүрлі  қатынастарды  білдіретінін  нақтылаған  соң,  етіс  категориясының 

қандай  етістік  екені,  олардың  түрі,  жасалу  жолы  әрі  қарай  рет-ретімен 

оқытыла береді. 

Жоғарыда  келтірілген  мысалдарды  жан-жақты  талдап,  оқушыларға 

істеуші мен зат арасындағы қарым-қатынасты анықтағаннан кейін, іс-әрекет, 

қимыл мен істі істеушілердің ара қатынасын білдіретін етістіктің түрі етіс деп 

аталатынын  мұғалім  өзі  қорытады  да,  етіс  категориясының  өз  ішінде  өздік 

етіс,  өзгелік  етіс,  ырықсыз  етіс,  ортақ  етіс  болып  бес  түрге  бөлінетіні 

айтылады. 

Сонымен,  етістің  жалпы  нендей  қимыл  атаулары  екендігі  аңғарылса, 

кейінгі  сабақтарда  әрбір  етістіің  білдіретін  мағынасы,  жұрнақтары 

меңгертіледі. 

Өздік  етісті  өтуде  де  шағын,  қысқа  сөйлемдер  ұсынып,  олардан  қимыл 

сөздерін  таптырып,  олардың  мағынасына  талдау  жасалады.  Мысалы:  «бала 

жуынды,  қыз  таранды,  әкем  киінді,  досым  ойланды»  деген  сөйлемдердегі 

«жуынды, таранды, киінді, ойланды» сөздеріндегі қимылдың кімнен шығып, 

кімге  жұмсалғаны,  кім  істегені  түсіндіріледі.  Бұл  үшін  оқушылардың 

өздеріне  ойландырып,  сұрақтарға  жауап  алынады.  Оқушылардың 

жауаптарынан  «жуынды,  таранды,  киінді,  ойланды»  дегендерден  іс-әрекет 

істеушінің  өзінен  шығып,  өзі  үшін  істелетінін  білдіретін  етістіктердің  түрі 

өздік етіс деп аталатынына қорытынды шығарылады. 

Өздік  етістің  мағынасын  түсінген  соң,  оқушыларға  «сұран,  жағын,  киін, 

оран, қаран» деген сияқты туынды етістіктерді ұсынып, бұлар түбірге (сұра, 

жақ,  ки,  ора,  қара)  жалғанып  тұрған  жұрнақтарға  (-н,-ын,-ін)  ажыратылып, 

жұрнақтардың  үстемелеп  тұрған  мағынасы  анықталып,  жұрнақтардың  өздік 

етіске  тән  қосымша  екені  айтылады.  Мұнан  соң  өздік  етістің  -ы,-ын,-ін 

жұрнақтарының  үнемі  сабақты  етістіктерге  жалғанатыны  және  үндестік 

заңына байланысты түрленіп, осы үш нұсқада қолданылатыны ескертіледі. 

Осылайша,  өздік  етіс  әрі  мағынасы,  әрі  жасалу  жолы  жағынан  толық 

меңгерілген  соң,  мұғалім  жеке  етістіктер  ұсынып,  олардан  өздік  етіс 

жасауына  немесе  өздеріне  мысал  ойландыруына,  немесе  сөйлемдер 

талдатып, құрамынан қимыл атаулы сөздерге өтілген материалдарды кірістіре 

ізденіс  жасатып,  ойландыру  арқылы  түрлі  шығармашылық  жұмыс  істетуге 

болады. 


61 

 

Өздік  етісті  меңгерткеннен  кейінгі  сабақтан  соң  өзгелік  етісті  түсіндіру 



онша  қиынға  түспейді.  Өзгелік  етісте  орындаушы  да,  істелетін  зат  (объект) 

та,  қимылдың  қайда  жұмсалғаны  нақты  көрініп  тұрады.  Сондықтан  өзгелік 

етістің бірден ережесін айтып, одан кейін мысал келтіріп дәлелдеуге болады. 

Керісінше,тақтаға  сөйлемдер  жаздырып,  ондағы  іс  пен  орындаушының 

арақатынасын анықтап,соңынан жасалу жолын әңгіме етуге болады. 

Өзгелік  етісте  қимыл-амалды  істеуші  біреу  болады  да,ал  қимылды 

орындаушы  басқа  біреу  болатындығына  оқушылардың  көзін  жеткізу  қажет. 

Сөйтіп,  өзгелік  етістер  қимылдың  басқа  біреу  арқылы  істелетін  қарым-

қатынасын  білдіреді.  Ендігі  жерде  өзгелік  етістің  жұрнақтары  сөз  болады. 

Өзгелік  етістер  негізгі  түбір  етістіктерге  үш  түрлі  жұрнақ  жалғану  арқылы 

жасалатыны түсіндіріледі. 

Өзгелік  етіс  жұрнақтарының  басқа  етістерге  қарағанда  өзіне  тән 

ерекшелігі-бұлардың  жұрнақтарының  бір  сөзге  үстемеленіп,  бірнеше  реет 

өзгелік  етіс  жасалатынында.  Мысалы:  оқытқыздыр,  айттырғыз,  билеткіз 

деген  сөздерді  ұсынып,  олардың  құрамында  өзгелік  етіс  жұрнақтарының 

бірнеше жұрнақтары бірінен соң бірі жалғанылып тұрғаны көрсетіледі. 

Өзгелік етіс жұрнақтары қанша үстемеленіп жалғанса да, қимыл-амалды 

біреу  істейтін  мағыналық  өзгерістері  сол  күйінде  сақталады.  Өздік,  өзгелік 

етістерді өткеннен кейін ырықсыз етісті түсіндіру онша қиындыққа түспейді. 

Себебі  оқушылар  өздік  етісте  істің  өзі  үшін,  өзгелік  етісте  істі  басқа  біреу 

істейтінін біледі.  

Сондықтан  оларға  «хат  жіберілді,  ақша  төленді»  деген  жалаң 

сөйлемдердегі  «жіберілді,  төленді»деген  іс-әрекеттердің  істеуші  иелерін 

таптыру керек. 

Тіл білімінде ырықсыз етіс түрі барлық түркі тілдес, якут тілінен басқа, 

халықтарының  тілінде  бар  екендігі  айтылады.  Негізінен,  сөзжасамдық 

құрылымы  бойынша,  біртүбірлес  етістіктерден,  мысалы,  әртүрлі  мағынада 

тұрған: «жоғал» – «жойылу, жоғалып кету» мен «жойып тастау, қырып кету», 

немесе  «түзіл»  –  «бір  нәрсені  түзету»,  «өз-өзін  дұрыс  жолға  салып,  түзеу» 

сияқты  қимылды білдіретін  сабақты  етістіктердің  көңіл-күй  мағынасындағы 

салт етістіктерге ауысқандығын байқаймыз. Сонымен, ырықсыз етіс тұлғасы, 

көбінде,  негізгі  етіске  қарама-қарсы  болып  келеді.  Осыған  байланысты, 

сабақтылық  пен  салт  ұғымдары,  белсенді  қимылды  білдіретін  етістіктердің 

көңіл-күй мәніндегі етістіктерге қарама-қайшылық орын алады. Тіл білімінде 

ырықсыз  етістің  пассив  ұғымының  иегері  болуымен  байланысты,  бұл  етіс 

түріне  белгілі  тілші-ғалымдар:  Ш.Бектұров  пен  М.Серғалиев  берген 

анықтамасын келтіруге тура келеді. «Істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не 

істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі ырықсыз етіс деп аталады», – деген [1, 

111 б.].  

Ырықсыз  етіс  қызметінде  сөйлем  бастауышы  іс-әрекет  жасаушысы 

болмай,  тек  қана  оған  бағытталған,  объект  күйіндегі,  қимыл  иегері  болып, 

көрінеді.  Мысалы:  «су  жерге  сіңді»,  «киім  жыртылды»,  «тас  жарылды»  т.б. 

Бұл  сөйлем  мағыналарының  жалпы  ерекшеліктерінің  бірі  –  қимыл-әрекет, 


62 

 

істің иегерісіз, өзбетінше, жасалып жатқанында жатыр. Ырықсыз етістің –ыл, 



-іл,  -л  жұрнақтары  (шымылдық  ілінді),  кейде  –ын,  -ін,  -н  (көше  тазаланды) 

жұрнақтары  арқылы  сабақты  етістіктен  ғана  жасалатындығын  білеміз. 

Мұндай  жағдайда,  жоғарыда  көрсетілгендей,  сабақты  етістік  салт  етістікке 

айналады.  

Сондай-ақ  ырықсыз  етіс  жұрнақтарының  сөйлем  ішіндегі  жақсыз 

қимылды, мысалы: «ашылды», «жарылды», «жыртылды», көрсетумен қатар, 

белсенді  іс-әрекет  білдіретін  етістіктерді,  ырықсыз  етіс  табиғатына  жақын 

көңіл-күй  етістіктерге  айналдыру  қызметі  айқын  көрініс  табады.  Кейде 

белсенді қимылды білдіргенде, сол әрекеттің иегері көрінбей, бар болуы тек 

логикалық  ойға  тіреледі.  Бұндай  жағдайда,  ырықсыз  етіс  табиғатының 

мынадай  ерекшеліктері  бірден  көзге  түсуі  мүмкін.  Етістің  сөйлемде 

атқаратын  қызметтік  ерекшеліктерін  бірден,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек» 

романынан  үзінділер  келтіру  арқылы  байқауға  болады.  Мысалы:  «Бір 

мезгілде  орман  жақтан  бір  үрейлі  дауыс  шыққан  секілденді»  [2,  179  -  б.]. 

«Бірақ  дыбыс  білінбейді»  [2,  179  -  б.].  «Ұлыған  дауыс  анық  толастап  бара 

жатады  да,  тағы  да  естіледі»  [2,  179  -  б.].  «Алты  от  Ақбілекке  алпыс  оттай 

көрінді» [2, 180 - б.]. Көркем шығармадағы сөйлемдерді талдап қарасақ, бұл 

сөйлемдер  арқылы  жеткізіліп  отырған  оқиғаның  жағдаятына  қарай,  етіс 

формасындағы  етістікпен  беріліп  тұрған  қимыл,  өз  бетінше,  өтіп  жатқан 

әрекет амалына ұқсайды.  

Етіске  қатысты  айтылған  сипаттаманы,  төмендегідей  сөйлемдерден 

нақтырақ  аңғаруға  болады:  «қабырға  тесілді»,  «су  ішілді»,  «көп  қабатты  үй 

салына  бастады».  Сонымен,  ырықсыз  етістің  өзі  күрделі  қимылды 

білдіретіндігі рас,  субъект  пен объектінің қатысуына  орай, екі жақты болып 

келеді:  біреуі  –  (пассив)  белсенділік  қимылды  көрсетсе,  екіншісі  – 

(медиопассив),  көбінде,  көңіл-күй  әрекетін  жасаумен  анықталады.  Кейде 

медиопассивте қимылдың негізі айтылмай, белгісіз болады, кейбір жағдайда 

бастауышқа тіреледі, мысалы: «су тартылды», (сен) «қиналма». Таза ырықсыз 

етісте бастауыш өз бетінше өтетін қимылдың объектісіне айналып, қимылды 

жасауға қатыспайды. Мысалы: «есік жабылды», «оған ақша бөлінді», «тамақ 

ішілді».  Бірақ  мұндай  қарама-қайшылыққа  кейбір  етістіктерді  жатқызу 

қиындыққа  ұшырайды,  мысалы,  «саусағы  қысылды»  –  деген  сөйлемде 

жақсыз әрекет көрсетілгендіктен, медиопассивке жатады. Турасын айтқанда, 

ырықсыз етіс негізгі етіспен қарама-қайшылықта тұрады, мысалы: «Шырша 

безендірілді»  –  ырықсыз  етісте  болса,  «Балалар  шыршаны  безендірді»  – 

қимыл негізгі етіспен көрсетілген. Бұл мысалдардан көруге болады: әсіресе, 

сабақты етістіктерден жасалынған ырықсыз етіс негізгі етістің ауыстырылуы 

болып  келеді.  Мұнда  субъект  сөйлеу  әрекетінен  шығып,  оның бастауыштық 

рөлі септікте тұрған, негізгі субъектімен байланысы үзілген, белгісіз жақсыз 

қимылды  көрсететін,  тура  объектінің  атауы  мен  етістік  атқарады.  Мысалы: 

«ең жақсы әндер айтылады», «бұл сөз естіледі». Ырықсыз етісте  –ыл, -іл, -л 

жұрнақтарымен  кең  таралған,  кейбір  етістіктер  түрі,  мысалы:  «ашылу, 

басталу,  бұзылу,  үзілу»  субъектімен  мүлдем  байланыспай,  көрсететін 


63 

 

қимылда субъектісі орын алмайды, олардың қатысуымен жасалған сөйлемде 



қимыл-әрекет  өзінен-өзі  өтетін  құбылыс  ретінде  қабылданады,  мысалы: 

«аспан  ашылды»,  «ел  бұзылды»,  «жол  екі  жаққа  бөлінді»  т.б.Қазақ  тілінде 

ырықсыз  етіс  кең  қолданыс  пен  тұрақтылығымен,  сонымен  бірге,  басқа 

етістерге 

қарама-қайшылықта 

тұрғанымен 

сипатталады. 

Осындай 


ерекшеліктеріне қарамастан, ырықсыз етісті таза грамматикалық категорияға 

жатқызу  қиындыққа  түседі.  Қазіргі  қазақ  тілінде  сөздің  лексикалық 

мағынасын  бұзып  алмау  үшін  құрамындағы  жұрнақтары  сақталған  бұл 

етістің  түрі  кейбір  жағдайларда  ырықсыз  етіс  түрінде,  кейде  лексикалық 

туынды  бірлік  ретінде  қолданыс  табады.  Ойымызды  дәлірек  жеткізу  үшін, 

төмендегідей  мысалдар  келтіруге  болады:  «берілу»  сөзі  мынадай  мағынада 

қолданылады:  

1.

 



а) бір нәрсені табыс ету, беру;  

2.

 



ә) бір кәсіпті қатты ұнатып, қызметін жақсы атқару.  

3.

 



«ашылу» – а) ағару, ашық болу; ә) тазару, көңілі жадырап, қуану.  

Қазіргі  қазақ  тілінде  қызметі  мен  қолданысы  кең  тараған  ырықсыз 

етістің  көнелігі  мен  терең  тарихы  түркі  тілдес  халықтарының  тілдерге 

бөлінбеген  кезеңінен  шығу  жағы  бастау  алады.  Етіс  құрылымының 

семантикалық-синтаксистік  сипаттамасына  тоқтасақ,  тіл  білімінің  пассив 

(ырықсыз)  етіс  зерттеу  жүйесінің  негізінде  етіс  семантикасы,  морфология 

мен  синтаксис  жөніндегі,  морфология  мен  семантиканы,  морфология  мен 

синтаксисті біріктіретін тілдік салаларының тиісті қағидалары жатыр. Жалпы 

алғанда,  қазақ  тілі  грамматикасы  бойынша,  пассив  (ырықсыз)  және  актив 

(ырықсыздан  басқа  түрі)  қарама-қарсы  қойылып,  сонымен  қатар,  олардың 

қолданыс тәсілдері салыстыру арқылы анықталады. 

 

Әдебиет 

1.

 



Бектұров  Ш.,  Серғалиев  М.  Қазақ  тілі:  жоғары  оқу  орындарына  түсушілерге 

арналған оқулық.-Алматы: Білім, 1994.-224 б. 

2.

 

Аймауытов Ж. Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар,//Шығармалар.-Алматы: 



Жазушы,1989.560 б.  

3.

 



Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. –388 б.  

4.

 



Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. – Алматы, 1969. – 127 б.  

5.

 



Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. – СПб, 1984. 

– Ч.1. – С. 3.  

6.

 

Ильминский  Н.И.  Қазақ-қырғыз  тілінің  қысқаша  грамматикасы.  –  Алматы, 



1970. – 364 б.  

7.

 



Катаринский В.В. Қырғыз тілі грамматикасы. – Орынбор, 1897. – 25-38 бб.  

8.

 



Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. – СПб., 1893-1911. – Т. 4. – 47 с.  

9.

 



Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, 

1998. – 185 б.  

10.

 

Мырзабеков  С.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  құрылымына  статистико-



лингвистикалық талдау. – Алматы, 1973. – 242 б.  

 

 



64 

 

РОЛЬ ДИРЕКТОРА В СОВРЕМЕННОЙ  



ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЕ 

 

Г.Н. Баисова 



ГУ СОШ №7, г. Аксу 

 

Современная  школа  представляет  собой  единый  образовательный 



организм,  который  представляет  собой  единую  взаимосвязанную  систему, 

мозговым  центром  которой  является  директор.  Практика  показывает,  что  от 

уровня  работы  руководителя  в  значительной  степени  зависит  успешность 

работы  всего  коллектива.  Вот  почему  критерии  оценки  деятельности 

директора  –  важное  средство  повышения  качества  работы  школы,  они  не 

только дают возможность объективно проанализировать работу руководителя 

школы,  но  и  служат  определённым  ориентиром,  эталоном,  обеспечивая 

направление  деятельности,  распределение  сил,  пути  совершенствования 

педагогического мастерства и уровня руководства администрации школы. 

Оценка деятельности руководителя школы определяется: 

- по результатам работы школы; 

-  по  личному  вкладу  директора  школы  в  организацию  учебно-

воспитательной работы; 

-  по  стилю  его  работы,  специальной  подготовке,  организаторскому 

таланту. 

Аттестационная  комиссия  изучает  результаты  работы  школы  за 

последние  годы  на  основе  имеющихся  актов  проверки,  а  также  при  личном 

ознакомлении с работой школьного коллектива, качеством знаний учащихся, 

уровнем  их  воспитанности,  системой  повышения  квалификации  учителей, 

уровнем уроков и воспитательных мероприятий. 

Личный вклад директора школы в организацию учебно-воспитательного 

процесса  огромен.  Определяется  качество  работы  директора  с  учителями, 

учениками,  родителями  и  работа  директора  по  созданию  условий  для 

успешного протекания учебно-воспитательного процесса.  

1.  Успешная  работа  директора  школы  с  учительскими  кадрами  по 

совершенствованию их педагогического мастерства: 

- правильная расстановка кадров учителей и классных руководителей; 

- организация системы повышения квалификации учителей в школе; 

- высокий уровень подготовки и проведение педагогических советов; 

-  индивидуальная  помощь  молодым  специалистам  и  отдельным 

учителям; 

-  эффективность  системы  педагогического  педагогического  контроля 

(качества анализа уроков, воспитательных мероприятий лично директором и 

работа по исправлению отмеченных недостатков); 

педагогическая  целесообразность  и  действенность  приказов, 



замечаний,  указаний  и  рекомендаций  директора,  связанных  с  работой 

учителей; 



65 

 

-  умелая  координация  работы  с  заместителями,  обеспечивающая 



совместную  помощь  учителям  и  рост  профессионального  мастерства 

заместителей директора. 

2. Умелое руководство ученическим коллективом: 

-  комплексное  планировании  е  воспитательной  работы  в  школе, 

координация всех воспитательных мероприятий; 

-  работа  по  трудовому,  нравственному,  эстетическому,  физическому  и 

другим аспектам воспитательной работы учащихся; 

-  действенность  личного  общения  с  отдельными  учащимися  в 

официальной и неофициальной обстановке, работа с трудными подростками; 

-  работа  с  талантливой  молодёжью  по  развитию  их  научных, 

технических и художественных дарований. 

3  Эффективность  работы  директора  с  родителями  учащихся  и 

общественностью по воспитанию детей: 

-  умелая  организация  педагогической  пропаганды  в  школе  и 

микрорайоне; 

- активизация деятельности родительского комитета; 

-  связь  со  спонсорами  и  общественными  организациями  по  организации 

досуга детей, созданию технических и спортивных баз, клубов, площадок и т. д. 

- усиленная работа с отдельными родителями по воспитанию детей. 

4.  Создание  необходимых  условий  для  успешного  протекания  учебно-

воспитательного процесса: 

-  своевременное  составление  плана  работы  и  чёткое  распределение 

обязанностей; 

обеспечение  школы  необходимым  оборудованием,  учебными 



пособиями, кабинетами и учебниками; 

-  чёткая  регламентация  труда  всех  работников  школы,  ограничение 

вызовов, собраний, отчётности, дежурств; 

-  наличия  в  школе  необходимого  психологического  микроклимата, 

системы  требований  и  ответственности  за  порученное  дело,  взаимной 

помощи и доброжелательного отношения друг к другу. 

-  личная  забота  директора  школы  о  выполнении  закона  о  всеобуче,  об 

охране  здоровья  и  жизни  детей,  их  питании,  медицинском  обслуживании, 

соблюдении норм техники безопасности. 

5.  Высокая  культура  руководства,  стиля  работы  и  личностных  качеств 

директора школы: 

принципиальность,  добросовестность  и  ответственность  при 



исполнении служебных обязанностей; 

личная  культура,  общеобразовательная  и  профессиональная 



подготовка, постоянная работа над собой; 

умение  организовывать  коллектив,  совместную  деятельность 



администрации и общественных организаций по выполнению задач, стоящих 

перед школой, коллегиальность в управлении; 



66 

 

-  выполнение  норм  педагогической  этики,  контактность,  объективное 



отношение к кадрам, высокая требовательность, такт и забота о людях; 

-  личное  педагогическое  мастерство,  –  стремление  поделиться  своими 

знаниями и умениями; 

- умение увлечь коллектив творческими поисками; 

- организаторские способности и умения использовать в интересах дела 

инициативу и предложение членов школьного коллектива; 

- личное участие в начинаниях коллектива, лояльность прямота, умение 

выполнять обещания; 

- нормальные отношения в семье и быту;  

- безупречная личная честность и порядочность. 

Однако  применять  эти  требования  не  просто.  Механически  нельзя 

анализировать работу ни учителя, ни администратора. 

Руководитель  школы  –  не  святой  человек.  Могут  быть  и  срывы,  и 

неудачи, и  ошибки,  и  обиды.  Наконец,  руководитель  школы  –  это  личность. 

Бывают и строгие, и мягкие натуры, свои особые подходы и т.п. 

Оценка  деятельности  директора  школы  обязательно  должна  быть 

интегративной, комплексной. Она, как мы уже отмечали, должна учитывать и 

результаты  учебно-воспитательного  процесса,  и  уровень  профессиональной 

компетентности  руководителя,  и  его  личностные  качества,  организаторские 

способности,  педагогическое  мастерство,  и  умения  обеспечить  нормальные 

хозяйственные  условия,  и  создание  в  коллективе  благоприятного 

психологического микроклимата. 

Только  с  учётом  многих  факторов  можно  дать  по-настоящему 

правильную и объективную оценку сложной и разносторонней деятельности 

директора современной школы. 

Чёткое распределение обязанностей между директором и заместителями 

исключает параллелизм в работе, обеспечивает единство действий, позволяет 

охватить все участки работы, создаёт возможность равномерно распределить 

нагрузку  и  учесть  склонности  членов  администрации.  Директор  всячески 

поддерживает  авторитет  и  значение  своих  помощников,  не  отменяет  их 

решений, способствует их выполнению. Если директор не согласен со своим 

заместителем, он этот вопрос пытается разрешить наедине, убедить, но перед 

лицом коллектива администрация выступает единым фронтом.  

Особое  внимание  следует  уделить  распределению  обязанностей  между 

членами коллектива. Выписав все виды работ по школе, и рассчитав, сколько 

времени в неделю потребует выполнение тех или иных поручений, директор 

составляет  инструкции  и  памятки.  При  участии  профсоюзной  организации 

намечаются  ответственные  за  тот  или  иной  участок  работы,  ведутся 

переговоры с учителями, обсуждается содержание и формы работы. 

Такая  запланированная  чёткость  в  организации  обеспечивает  решение 

многих  вопросов  обучения  и  воспитания  с  максимальным  учётом 

индивидуальных  качеств  и  минимальной  затратой  их  усилий  и  времени. 

Каждый  член  коллектива  получает  посильное  справедливое  задание,  у 


67 

 

каждого  имеется  право  выбора.  Учитывается  и  состояние  здоровья  и 



особенности семьи. 

Научная организация управленческого труда не может быть полной, если 

директор  не  сумеет  организовать  деятельность  фельдшера,  библиотекаря, 

технических  работников,  слесаря,  бухгалтерии,  лаборантов,  работников 

столовой.  Важное  значение  имеет  культура  педагогического  труда,  что 

является элементарным порядком в школе. 

Многое зависит от правильной организации личного труда руководителя. 

Опыт  показывает,  что  директора  в  современных  общеобразовательных 

школах  перегружены.  Их  труд,  если  можно  так  выразиться,  сейчас  не 

нормирован.  Кроме  школьных  забот  необходимо  посещать  различные 

заседания,  коллегии,  различного  уровня  собрания  и  т.д.  Директор 

значительно облегчит свой труд, если продумает свою нагрузку на неделю и 

будет  в  течение  года  работать  по  циклограмме.  Вот  примерный  распорядок 

работы. 


В  понедельник  обход  школы  и  совещание  при  директоре,  принимает 

посетителей,  изучает  состояние  кабинетов,  технического  состояния  школы. 

Просматривает корреспонденцию, школьную документацию. 

Вторник – посещение уроков, беседы с учителями и учениками. 

Среда  –  выездные  совещания,  поездки  по  хозяйственным  делам, 

обсуждение хозяйственных и финансовых вопросов. 

Четверг  –  посещение  уроков  и  внешкольных  мероприятий,  день 

городских совещаний. 

Пятница  –  методический  день,  работа  над  повышением  квалификации, 

планёрки с завучами. 

Суббота – посещение уроков, приём родителей, беседы с техническими 

работниками. 

В  результате  упорядочения  рабочего  дня,  чёткого  распределения 

дежурства  можно  довести  время  пребывания  в  школе  до  8  часов.  Самым 

трудным  для  руководителя  школы  являются  дни  внезапных  вызовов, 

посещение  комиссий,  различных  проверок.  Чёткость  и  ритмичность  работы 

директора  в  значительной  степени  зависит  от  умения  организовать  свой 

рабочий  день,  ведение  текущих  дел,  личную  документацию.  Опытный 

директор  всегда  собран,  не  принимает  поспешных  решений,  не  суетится, 

ведёт тщательный учёт основных мероприятий. Он всегда в курсе важнейших 

событий,  помнит  о  своих  обязанностях  и  обещаниях,  намеченных  на  день 

встречах и делах. На его письменном столе порядок, в ящиках нужные записи 

и  справки;  он  знает  по  какому  вопросу  к  кому  обратиться,  дать  указание, 

получить информацию. Особенно важно вести нужные записи. Кроме того у 

директора  должна  быть  тетрадь  анализа  посещённых  уроков  и  внеклассных 

мероприятий.  Кроме  того  он  должен  иметь  личный  план  работы 

руководителя и выписки из общешкольного плана. Можно ещё практиковать 

журнал-дневник для начинающего директора. 



68 

 

Личность  руководителя  определяют  лицо  школы,  деятельность 



учительского и ученического коллектива. Каждый директор хорош по-своему. 

Однако,  есть  качества  исключительно  важные  для  формирования  личности 

руководителя школы. К ним относятся: 

1.

 



Высокая  культура,  безупречная  нравственность.  Современный 

директор  обладает  глубокой  общей  подготовкой,  он  следит  за  основными 

событиями  в  стране  и  за  рубежом,  его  отличает  принципиальность,  чистота 

личной жизни. 

2.

 

Организаторские  способности,  требовательность,  экономическая 



подготовка.  Руководитель  школы  должен  умело  распределить  обязанности, 

создать должные условия для работы, чётко организовать помощь, контроль и 

руководство. 

3.

 



Человечность,  душевность.  В  последнее  время  справедливо 

уделяется  много  внимания  принципам  гуманизации  труда.  Это  особенно 

важно в области педагогического труда. Руководитель школы обязан обладать 

запасом  оптимизма,  человеческой  гуманностью,  вниманием  к  людям, 

большой любовью к детям. 

4.

 



Бесспорно, нужен талант, чтобы быть руководителем школы, важны 

опыт  и  трудолюбие,  не  меньшее  значение  имеет  специальная 

профессиональная подготовка, повышение квалификации. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет