50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата12.03.2017
өлшемі6,59 Mb.
#8987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47

 

Литература 

1.

 



П.И. Пидкастистый. Педагогика, М., 1998, стр. 556-557, Ресурсы Интернет. 

 

 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА «ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК 

ЖҮЙЕ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ  

ОҚУШЫ БІЛІМІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Ж. Абдрахманова, С. Исмаилова 



№ 2 мектебі, Павлодар қаласы 

 

Адамзат қоғамын алға ұмтылдырып, биік жетістіктерге жеткізетін күш – 



білім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, ақыл  - ойы жан-

жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге борышты. 

Қазіргі  таңда  біздің  Республикада  білім  берудің  жаңа  жүйесі 

дайындалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  батыл  қадам  жасалуда. 

Осыған  орай  білімді  тұлға  дайындау  мақсатында  оқушылардың  дара 

ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту 

және  әр  оқушыны  дара  тұлға  ретінде қарастыру,  қиыншылықтан  жол  тауып 

шығу,  сабақта  психологиялық  ахуалды  жақсарту,  оқуға  құштарлықты  ояту 

және  оқу  мен  тәрбиені  ұштастыра  білуде  жаңа  технологиялар  қолдану 

қажеттігі  туындады.  Сондай  педагогикалық  оқыту  технологиясының  бірі- 

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе».  


69 

 

Педагогикалық  технология  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы 



және  сатыланып  жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-

әрекеттер жиынтығы. 

Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы дегеніміз  – оқушының туа 

біткен  ақыл-ой  қабілетінің  жеке  даму  жан-жақтылығына  негізделген  білім 

беру  жүйесі.  Бұл  технология  үш  деңгейде  берілген.  Деңгейлеп  оқыту 

оқылатын  ақпараттың  азаюы  арқылы  емес,  оқушыларға  қойылатын 

талаптардың  әр  түрлілігі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  технологияда 

бірінші  орында  оқушы  тұрады  және  оның  өз  бетімен  білім  алудағы 

белсенділігіне баса назар аударылады. 

Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша  пайдалана 

отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей 

зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» 4 деңгейден тұрады:  

 



Репродуктивті деңгей.  

Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі.  

 

Алгоритмдік деңгей.  



Оқушы  сабақ  кезінде  алған  теориялық  білімі  есеп  шығару  кезінде 

қолданады. 

 

Эвристикалық деңгей.  



Оқушы  өзі  ізденіп,  қосымша  әдебиеттерді  пайдаланып  тапсырманы 

орындайды. 

 

Шығармашылық деңгей.  



Жаңа тақырыпты оқушы өздігінен іздену процесінде меңгереді. 

Әр деңгейдің өз бағалануы бар.  

Осы  технологиямен  8  және  9  сыныптарда  өткен  сабақтың  деңгейлік 

тапсырмаларын ұсынып отырмыз. 

8-сынып.  «Бөлшек-рационал  теңдеулер»  тақырыбы  бойынша  деңгейлік 

тапсырмалар 



1-деңгей 

-

 



Теңдеуді шеш: 

 

-



 

Теңдеудің оң шешімін тап: 

 

-

 



Айнымалының қандай бүтін мәндерінде 

  

 бөлшектерінің қосындысы 2-ге тең. 



-

 

Теңдеудің түбірлерін тап: 



=

 

 

2-деңгей 

 



Теңдеудің шешімін тап: 

 



 

Теңдеуді шеш  



70 

 

х-тің  қандай  мәндерінде 



  және 

  бөлшектерінің  қосындысы 

олардың көбейтіндісінен   есе артық болады. 

 

3- деңгей 

1.

 



  теңдеуінің  түбірі  1  саны  болуы  үшін  в-ның  мәні 

қандай болуы керек? 



2.

 

Теңдеуді шеш



 

 

4- деңгей 

Берілген теңдеуге есеп құрастыр: 

 

9-сынып

«Геометриялық  прогрессия»  тақырыбына  деңгейлік 

тапсырмалар 

 

1 -деңгей 

1.

 



Геометриялық  прогрессияның  бірінші  мүшесі  3-ке,  еселігі  –  ге  тең, 

оның үшінші мүшесі неге тең? 

2.

 

Мүшелері  оң  сандар  болатын  геометриялық  прогрессияның  белгісіз 



мүшелерін тап: 

  

3.



 



 . Еселігін тап

 

2-деңгей 

1.

 

Геометриялық прогрессияның үшінші мүшесі 12-ге тең, 5 мүшесі 



48-ге тең. Осы прогрессияның 8 мүшесін тап. 

2.

 



Бесеуі  де  оң  мүшелі  геометриялық  прогрессияның  тізбектес 

мүшелері болатындай етіп 2 мен 162 санының арасына үш сан орналастыр.  



3-деңгей 

1.

 



3-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын 100-ден аспайтын неше натурал 

сан бар? Бесінші және сегізінші мүшесін табыңдар? 

2.

 

1-cosα;  cosα;  1+cosα  сандары  α-ның  қандай  мәндерінде 



геометриялық прогрессияның қатарлас мүшелері болады? 

4- деңгей 

Үштаңбалы  санның  цифрлары  –  еселігі  бірден  өзге  геометриялық 

прогрессия  құрайды.  Осы  саннан  200-ді  шегергенде  шыққан  үштаңбалы 

санның цифрлары арифметикалық прогрессия құраса, үштаңбалы санды тап. 

 

Осы технология бойынша 5 - сыныпта өткізілген сабақ үлгісі: 



Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер. Есептер шығару. 

Сабақтың мақсаты: 

- тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру ; 


71 

 

- пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу, іскерлік 



дағдыларын қалыптастыру; 

- ойлау, өз мүмкіндігіне сену қабілеттерін арттыру. 

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта 

Сабақтың түрі: бекіту сабағы 

Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі: тақырыпты ашу, мақсат қою /3мин/ 

 

Үй жұмысын /№ 414, 417, 419/ тексеру, оқушылардың сұрақтарын 



талқылау. Әдіс: сұрақ-жауап. /2-3 мин/ 

 



Қайталауға  арналған  сұрақтар  /ауызша/  және  кескін  түрінде 

берілген сұрақтар /интербелсенді тақтамен жұмыс /8 мин/ 

 

Практикалық /бекіту/ кезең. Оқулықпен жұмыс /25 мин/ 



 

Бағалау, қорытындылау /Сабақтан жаңа не алдың?/ /5 мин/ 



 

Үйге тапсырма беру /2мин/ 



Сабақтың барысы: 

І. Шеңберді бірнеше үлеске бөлу, боялау /тақтамен жұмыс/: 

 

Неше бөлігі боялған? 



 

Неше бөлігі боялмаған? 



ІІ. Үй жұмысы бойынша туған сұрақтармен жұмыс. 

ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар  

А) /ауызша/  

1.

 



Үлес дегеніміз не?  

2.

 



Тұтас  бір  дененің  әрбір  үлесінің  бағасы  неше  екенін  қалай 

анықтаймыз? 

3.

 

Бөлшектің жалпы жазылу түрі 



4.

 

Бөлшектің алымы дегеніміз не? 



5.

 

Бөлшектің бөлімі дегеніміз не? 



6.

 

Аликвоттық бөлшектер дегеніміз не? 



Ә) 

интербелсенді тақтамен жұмыс /1-9 слайд/ 

 

Тәуліктің басынан сағаттың қай бөлігі өтті? 



 

Тракторшы жердің қай бөлігін жырты?  



 

Автобус жолдың қай бөлігін өтті?  



 

Ыдыста бауырсақтың қай бөлігі қалды?  



 

Ат бір қадам жасап, шахмат тақтасының қай бөлігін өтті? 



 

Суреттегі барлық шарлардың 1:4 бөлігін табуға болама?  



 

Шаңғышы  300  м  жүрді,  бұл  барлық  жолдың  3:8  бөлігі.  Жолдың 



ұзындығын табыңдар.  

 



Бидонда неше литр сүт бар, егер бидонның 1:5 бөлігі 13 л? 

ІV. Практикалық /бекіту/ кезең. Топпен жұмыс /25 мин/.  

Деңгейлік тапсырмалар 

1 деңгей:  

1.

 

Өлшем  бірліктері  арасындағы  байланысты  пайдаланып  х-тің  мәнін 



үлес түрінде жазыңдар. 

72 

 

2.



 

Жарысқа  қатысқан  оқушылардан  4  оқушы  жеңімпаз  атанды.  Бұл 

жарысқа  қатысқан  барлық  оқушылардың    болатын.  Жарысқа  неше  оқушы 

қатысты? 

2 деңгей 

 



Балмұздақтың  массасының 

  бөлігін  қант  құрайды.  550  грамм 

балмұздақ дайындау үшін қанша қант керек? 

 



Оркестрдің  32  мүшесінің    домбыра  тартады.  Оркестр  мүшелерінің 

нешеуі домбыра тартады? 

 

АВ  кесіндісі  6  тең  бөлікке  бөлінген.  АД,  СВ,  ЕВ  кесінділері  АВ 



кесіндісінің қандай бөлігі болып табылады? 

3 деңгей 

 

Автотұрақта  барлығы  48  машина  тұр.  Оның    -і  автобустар,  ал 



қалғанының 

  жеңіл  машиналар.  Автотұрақтағы  машиналардың  нешеуі 

жеңіл машиналар?  

4 деңгей 

СЕ  кесіндісі  СД  кесіндісінің  қандай  бөлігін  құрайды? 

  жай 



бөлшектерінің өзара тең екендігін дәлелде. 

V.  Бағалау.  Топ  басшысы  топ  мүшелерімен  бағалау  парағын 

толтырады. 

VІ. Қорытындылау: Сабақтан жаңа не алдың? 

Үйге тапсырма:  «В» тобы: № 429 

 

 



 

«С» тобы: № 433 



Келесі сабаққа дайындық ретінде 88 беттегі алдын ала даярлық есебін 

қарастырып келу, сұрақтар дайындау. 

 

Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары

 



сыныпта барлық оқушылардың жұмыс істеуі 

 



әр  оқушы  өзіне  тән  қарқынмен  өз  білімінің  деңгейінде  жұмыс 

жүргізеді 

 

бір  деңгейден  келесі  деңгейге  көшу  үшін  деңгей  тапсырмасының 



толық орындалуы шарт 

 



оқушының  өз  бетімен  жұмыс  істеуі  тиянақтылыққа,  төзімділікке, 

ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігін оятады. 

Деңгейлік  тапсырмамен  жұмыс  жасау  арқылы  оқушының  ақыл-ойы 

дамиды,  өзіндік  дүниетанымы  қалыптасады,  әр  алуан  тапсырмаларды 

орындау оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады. 

Сонымен  қатар,  оқушыларға  өз  білімін  жаңа  әдіспен  бағалауға  мүмкіндік 

береді. 

 


73 

 

Әдебиет 

1.

 

А.  Әбілқасымова,  И.  Бекбоев,  А.  Абдиев,  З.  Жұмағұлова  Алгебра,  8  –сынып, 



Алматы, «Мектеп», 2008ж.,  

2.

 



А.  Әбілқасымова,  И.  Бекбоев,  А.  Абдиев,  З.  Жұмағұлова  Алгебра,  9-сынып, 

Алматы, «Мектеп», 2009ж.,  

3.

 

Ж.У.Кобдикова.  Орта  мектепте  білім  алуды  технологияландыру  (саралап 



деңгейлеп оқыту) 

4.

 



Ж.Қараев,  Ж.Кобдикова.  Технология  негізінде  педагогикалық  жүйені 

модернизациялау мәселелері. 

5.

 

«Математика және физика» журналы, №2, 2011 жыл  



 

 

ХИМИЯ САБАҒЫНДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ 



ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

М.А. Абушахманова 

№ 35 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласы 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі  балаға 

оқу  қызметінің  субъектісі  ретінде,  өзін-өзі  өзектілендіруге,  өзін  танытуға 

және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. 

Мұндай  жағдайда  педагогикалық  процестің  маңызды  құрамы  оқу  ісіндегі 

субъектілер  –  оқытушы  мен  оқушының  тұлғалық  бағытталған  өзара  әрекеті 

болып табылады. 

Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін,  білігі  мен 

дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. 

Қазіргі  уақытта  педагогикалық  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың 

тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  шығаруға 

ұмтылуы. 

«Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен 

біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің;  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдас-

тырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамамен  байланысқан  міндеттерінің, 

мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда 



әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  оқушының  дамуына 

жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, 

әдістерін,  технологияларын  таңдауда  көп  нұсқалылық  қағидасы  бекітілген, 

бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтеріне өзіне оңтайлы нұсқаны 

қолдануға,  педагогикалық  процесті  кез  келген  үлгімен,  тіпті  авторлық 

үлгімен құруға мүмкіндік береді. 

Осындай  мақсат  –  міндеттерді  орындау  үшін  оқытудың  жаңаша  әдіс-

тәсілдерін, яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл 

бағытта  көптеген  ізденістер  жүргізілуде.  Сабақ  жүйесін  модернизациялау 

кезінде  пайда  болған  оқыту  технолгиялардың  бірі  Марал  Мәденқызы 

Жанпейісованың  модульдік  оқыту  технологиясы  болып  саналады.Оқыту 



74 

 

технологиясының  бір  ерекшелігі  –  оның  білімді  меңгеруге  емес,  тұлғаның 



танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді:яғни, жадының алуан 

түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды; ынтаны, қабылдау қабілетін 

арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-

ақ  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын,  танымдық 

және  шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға;белсенді  сөздік 

қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы. 

Бұл  технологияның  тағы  бір  ерекшелігі  дарында  балалармен  тұрақты 

және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. 

Модуль  дегеніміз-  үлкен  бір  жүйе,  мұнда  оқушы  білімді  жеке-жеке 

тараулар  бойынша емес,  біртұтас  тақырып  түрінде  жүйеленген  білім  алады. 

Өзін-өзі  дамытуға,  бірін-бірі  оқытуға,  кітаппен  жұмыс  істеуге  үйренеді. 

Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі 

жұмыс  істеуге  мүмкіндік  туады.  Оқу  модулінің  сөйлеу  бөлімінде  оқытудың 

белсенді  формаларын  қолдану  арқылы  оқушыларды  оқу  материалына 

бірнеше рет қайта оралтып, жұмыс істеуге болады. 

Бұл  технология  қарапайымнан  күрделіліге,  репродуктивтік  тапсыр-

малардан  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларға,  зерттеушілік  қызмет 

элементтеріне  қарай  бірнеше  мәрте  қайта  оралып  отыру  әр  оқушыға  оқу 

материалымен  жұмыс  істей  отырып,  өз  қабілеттерін,  жадын,  ынтасын, 

ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. 

Технология  ауқымында  оқу  процесі  мынадай  бастапқы  жағдайда 

құрылады:  баланың  көптеген  тұлғалық  психикалық  қасиеттері  оның  жеке 

өзіндік,  өзін  қанағаттандыратын  қызметы  барысында  айқындалып 

қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне 

рахаттанып,  қанағаттану  –  әр  оқушының  соңында  жоғары  нәтижеге  қол 

жеткізуінің  маңызды  факторларының  бірі.  Бұл  технологияның  маңызды 

шарты  –  оқушылардың  кез  келген  ғылыми  көздерді,  оқулықтарды,  оқу 

құралдарын  пайдалануына  болатындығы.  Сондай-ақ  ұйымдастырушы, 

көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы. Сөйлесу 

бөлімі  сабақтарының  ұйымдастырылу  формасы  бойынша  әр  оқушы  өзінің 

қалай және  немен шұғылдануы  тиіс,  сабақ барысында  не істеу  керек екенін 

біледі,  өйткені  мұғалім  балаларды  сабақтың  ережелерімен  немесе  оның 

құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады. Оқу модулінің 

сөйлесу  бөлімін  құрудағы  мұндай  тәсілдің  оқушы  тұлғасын  дамытуға 

жағымды ықпал етеді. 

Оқу модулінің қорытынды бөлімі  – бақылау. Сөйлесу бөлімінің барлық 

сабақтарында  оқушылардың  бір-біріне  көмегі,  бірін-бірі  оқытуы,  түрлі 

ғылыми  көздерді  пайдалануы  құпталынып  келсе,  енді  қорытынды  бөлімде 

оқушының  өзінің  сөйлесу  бөлімінде  алған  білімін,  білігі  мен  дағдыларын 

ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. 

Модульдік  оқыту  технологиясымен  оқыту  нұсқасында  білімді  толық 

игеруді  негізге  ала  отырып,  қазіргі  дидактика  талабына  сәйкес  балаларды 



75 

 

оқыту  ғана  емес,  тұлғаның  танымдық  қызметін  ұйымдастыруға,  оқу  үрдісін 



диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға болады. 

Оқушы  өзара  сөйлесудің,  оқыта  үйрету  ойындарының  артықшылығын 

көреді.  Оқу  материалына  бірнеше  мәрте  қайта  оралу,  бір  күрделілік 

деңгейінен  екіншісіне  қиындықсыз  өту  жоғары  көрсеткіштерге  жетуге 

мүмкіндік  береді.  Бұл  оқушылардың  өз  күшіне  сенуіне  және  оларда  оқуға 

жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. 

Дарынды  балалар  сабақта  жүйелі  түрде,  үнемі  аса  жоғары  күрделілік 

деңгейінде  жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  ие  болады,  бұл  олардың 

интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. 

Қазіргі  уақытта  оқыту  технологияларын химия,  биология  сабақтарында 

да  тиімді  қолдануға  болады.  Бұндай  оқыту  әдісі  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырып,  енжар  оқушылардың  өзін  аз  да  болса 

тапсырмаларды орындауларына мүмкіндік туғызады. 8-сыныпта химия курсы 

бойынша әр тарауға арнап жеке модуль құрастыруға болады. 



 

Кесте №1. Сутек. Қышқылдар. Тұздар тақырыбына арналған модуль 

 

№ 

Модуль 



құрылымы 

Сабақ 


саны 

Модульдің мазмұны 

Уақыты 



Кіріспе 



1-сабақ 

Модульге кіру 

Сутектің 

табиғатта 

та-

ралуы, алынуы 



Физикалық қасиеттері 

45 мин 


2-сабақ 

Химиялық қасиеттері 

Қышқылдардың құрамы 

Алу жолдары 

Жіктелуі 

Қышқыл қалдықтары 

45 мин 



Сөйлесу бөлімі  3-сабақ 



«Футбол» ойыны 

Жаттығу жұмыстары 

25 мин 

20 мин 


4-сабақ 

Химиялық қасиеттері 

Химиялық диктант 

25 мин 


20 мин 

5-сабақ 


Тұздардың  құрамы,  химия-

лық қасиеттері 

45 мин 



Қорытынды 



6-сабақ 

Тест жұмысы 

Шығармашылық 

жұмыстарды қорғау 

25 мин 

20 мин 


 

Модульдік  оқыту  технологиясымен  оқыту  нұсқасында  білімді  толық 

игеруді  негізге  ала  отырып,  қазіргі  дидактика  талабына  сәйкес  балаларды 

оқыту  ғана  емес,  тұлғаның  танымдық  қызметін  ұйымдастыруға,  оқу  үрдісін 

диалогтік  қарым-қатынас  негізінде  құруға  болады.  Бұл  оқу  үрдісі  мен 

мұғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер туғызады. Біріншіден, оқушы таным 



76 

 

процесінің  объектісіне  емес,  субъектісіне,  мұғалім  білім  мен  ақпараттың 



көзіне  емес,  оқудың  ұйымдастырушысын,  яғни,  «дирижерына»  айналады. 

Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын ала зерттеу жасап, уақытының көпшілігін 

сабақты  даярлауға  жұмсайды  да,  сабақ  барысында  тек  бақылаушы, 

үйлестіруші функциясын атқарады. 

Бұл  технологияда  мұғалім  оқу  процесін  басқарып  қана,  оқушылардың 

өзіндік  дербес  танымдық  қызметін  ұйымдастырады.  Ұйымдастырушы, 

кеңесші,  «фасилитатор»  рөліне  көшу  мұғалімнен  өзінің  сана-сезімін, 

оқушыларға қатынасын, эмоциялық және ақыл-ой қуатын қайта құруды талап 

етеді. Оқушы өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын 

көреді.  Оқу  материалына  бірнеше  мәрте  қайта  оралу,  бір  күрделілік 

деңгейінен  екіншісіне  қиындықсыз  өту  жоғары  көрсеткіштерге  жетуге 

мүмкіндік  береді.  Бұл  оқушылардың  өз  күшіне  сенуіне  және  оларда  оқуға 

жағымды қызығушылық қалыптастыруға ықпал етеді. 

Дарынды  балалар  сабақта  жүйелі  түрде,  үнемі  аса  жоғары  күрделілік 

деңгейінде  жұмыс  істеу  мүмкіндігіне  ие  болады,  бұл  олардың 

интеллектуалдық қуатын жүзеге асыруға ықпал етеді. 

Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың маңызы зор. Мәнді ойын 

сабағында  әртүрлі  мәселелерді  талдайды,  олдарды  шешу  жолдарын 

іздестіреді. Ондай дәстүрлі емес сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін және 

оқуға деген қызығушылығын арттырады. 

Марал  Мәденқызы  Жанпейісованың  модульдік  оқыту  технологиясын 

педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан  сараптасақ,  оның  бірнеше  ұтымды 

тұстарын көреміз: 

1.

 



оқушының  жеке  танымдық  қабілеттерінің  дамуына  жағдай 

жасалады; 

2.

 

есте сақтау, ой қорыту қабілеттері дамиды; 



3.

 

оқушының оқуға деген ынтасын, ерік-жігерін оятады; 



4.

 

оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілетін дамытады; 



5.

 

өз  бетімен  білім  алуға,  ізденуге,  өздерін  тұлға  ретінде  сезіне  білуге 



үйретеді. 

Сонымен  қатар,  модульді-бөлікті  жүйемен  оқытудың  төмендегідей 

тиімді жолдарын атап көрсетуге болады: 

1.

 



тақырып ішіндегі оқу материалының дұрыс және жүйелі бөлінуі; 

2.

 



білім алу тәсілдерін үздіксіз және жүйелі үйрету; 

3.

 



оқу материалының игерілу сапасын, тереңдігін бірнеше рет бақылау 

мен негіздеу. 

Модульдік  технология  әдісі  бойынша  өткізілген  сабақтарда 

оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдыларының  артқанын  көруге 

болады. 


77 

 

Оқушылардың  оқу  танымдық  әрекетінде  өзіндік  жұмыс  істеу 



дағдыларының дамуы: 

Диаграмма  бойынша  екінші  тоқсаннан  бастап  төртінші  тоқсан 

аралығында  оқу  үлгерімінің  артқаны  байқалады.  Пайызбен  оқушылардың 

деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындауы көрсетіледі.  

Сабақта  қолданылған  оқытудың  технологиясы  оқушылардың  білім 

сапасын  арттыруға  және  пәнге  қызығуын,  сонымен  қатар  әр  жеткіншектің 

іскерлігін,  ізденімпаздығын,  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға,  байқау 

қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі өзектендіруге, шығармашылық қажеттілігін 

қанағаттандыруға жағдай туғызады. 

Елдің  ертеңі  оқу  білімінің  тереңдігімен  өлшенеді  демекші.  Үздіксіз 

өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды 

талап  етеді.  Сондықтан  білім  беру  саласының  басты  мақсаты:  оқушыларды 

өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін 

бағдар  таңдап  алатындай  дәрежеге,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдыларын 

қалыптастыруға,  аналитикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  оқушылардың 

жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және олардың шынайы өмірдегі 

дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету. 

«Шәкірт  –  нығарлай  беретін  ыдыс  емес,  керісінше  тұтандыруды  қажет 

ететін шырақ» демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін 

дамыту  және  оларды  шынайы  өмірдегі  дара  тұлға  етіп  дайындау  мектептің 

басты мақсатының бірі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет