50 жылдығына арналған аймақТЫҚ Ғылыми практикалық конференция материалдары «педагогические чтения»


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ САПАСЫН



Pdf көрінісі
бет29/46
Дата07.04.2017
өлшемі6,98 Mb.
#11245
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ САПАСЫН 

АРТТЫРУ КЕПІЛІ 

 

Г. Сахай 



ПМПИ колледжінің ҚТӘ-23- топ оқушысы, Павлодар қаласы 

 

Қазақстан  жаңа  ғасырға  дүние  жүзі  елдері  қатарында  терезесі  тең  ел 



ретінде  келіп  отыр.  Жаңа  ғасырды  бастаған  ұрпақ  келер  ұрпаққа  қарыздар 

болып  қалмас  үшін  қолдан  келген  игіліктерді  жасайтыны  анық.  Қашанда 

білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл-қыздары ешқашан да жүдемесі 

хақ. Біздің басты байлығымыз – білім. 

Болашақ  –  білім  мен  ғылымға  тәуелді  болатыны  айдан  анық  нәрсе. 

Қазіргі  жас  ұрпақтың  білімі  мен  тәрбиесі  қандай  дәрежеде  болса,  еліміздің 

ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды 

көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер 

байланысында  мемлекеттердің  өркениеті  үшін  еңбек  еткен,  шетелдермен 

еркін  ғылыми  және  мәдени  қарым-қатынас  жасай  алатын,  ана  тілін  жетік 

білетін,  ұлтжанды  азамат  дайындау  –  бүгінгі  ұстаз  қауымының  басты 

мақсаты. 

Білім  –  теңіз,  мектеп  –  кеме.  Мұғалім  –  мектеп  жүрегі.  Білім  нәрімен 

сусындап, оның құпиясын аша білу – күрделі де қиын іс. Осы білім теңізінде 

еркін жүздіру – бала жанының бағбаны мұғалімнің іс  – әрекеті. Мұғалімнің 

бір-біріне  және  ешкімге  ұқсамайтын  сабақтары  келер  ұрпақты  заман 

талабына  сай  инновациялық  технологияны  меңгеріп  қана  қоймай,  оны 

күнделікті сабақта қолдана білуі – бүгінгі заман талабы. 

Жас  ұрпақты  өткенін  ұлықтап,  бүгінімен  мақтанатын,  болашағына 

үмітпен  қарайтын  патриоттық  –  азаматтыққа  тәрбиелеу,  әлемдік  сапа 

деңгейінде білім беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыру – қазіргі 

кездегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселесінің бірі. 

Ал осы білім беру жүйесінде, әсіресе, мектепте ана тілі мен әдебиетінің 

рөлі  ерекше.  Қазақ  тілі  –  өмір  таныту,  тәрбие  беру,  қарым  –  қатынас  жасау 

құралы.  Тіпті,  елдігіміздің  бір  белгісі  –  ұлттық  тіліміздің  өгейсімей  өмір 

сүруі. Тілдің атқарар қызметі көп  – ақ. Тіл мен әдебиетті оқи отырып, адам 

болмысының  қалыптасып,  бүкіл  дүниенің  әлемдік  қақпасы  тіл  арқылы 

ашылады.  Тарихымыз  –  өткеніміз  бен  бүгініміз  және  ертеңгі  болашағымыз 

сол тіл арқылы сыр шертеді. 

Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы»  Заңында:  «Тіл  –  ұлттың 

аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің 

гүлденуі  мен  адамдардың  тарихи  қалыптасқан  тұрақты  қауымдастығы 

ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің 

кеңеюіне тығыз байланысты», – делінген. 

Қазіргі қазақ тілі – мемлекетті өркендетуге себепші болатын қуатты күш, 

халқымыздың  мәдени  дәрежесін  көтеруші  пәрменді  құрал,  жұртшылықты 

жаппай ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы. 


270 

 

Елбасымыз  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  мемлекеттік 



тіл, білім беру мәселесіне, жас ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл аударады. 

Осы  тұрғыда  алып  қарасақ,  ұлттық  рухтағы,  әлеуметтік  білім  деңгейі 

талаптарына  сай  ұлтжанды  азамат  тәрбиелеу  үшін  әр  мұғалім  күнделікті 

сабағында  жаңа  технологияны  тиімді  пайдалану,  жаңаша  авторлық 

технологиялар  мен  бағдарламалар  құрастырып,  жүзеге  асыру  қажеттігі 

туындайды.  Яғни  бүгінгі  заман  әр  ұстазға  үздіксіз  ізденімпаздық  пен 

шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, инновациялық технологияларды тиімді 

қолдануды қажет етеді. 

Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 

мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін 

меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. 

«Инновация»  ұғымын  анықтайтын  нақтылы  анықтама  әлі  де  жасала 

қойған жоқ. Біз өз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева мен Қ. Құдайбергенова 

берген  анықтамаға  сүйенгенді  жөн  көрдік,  яғни  «инновация»  бұл  нақты 

қойылған  мақсатқа  жетуде  ойға  алынған  жаңа  нәтиже.  Нақты  мақсат 

дегеніміз  не?  Нақты  мақсатқа  қандай  әдіс-тәсілдердің  көмегімен  жетуге 

болады?  Оқу  мақсатының  жүйесінде  берілген  мақсаттың  негізгі  категория- 

ларын  пайдалана  отырып,  педагог  өз  еңбектерінің  нәтижесі  туралы  ақпарат 

алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың 

кілті. 


Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды  қалыптастыру,  қолдану, 

жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ 

уақытша  жоспарға жатады.  Бұл,  яғни бір  мұғалім  үшін  табылған  жаңа  әдіс, 

жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. 

Инновация  мәселелерімен  айналысып  жүрген  бірқатар  ғалымдардың 

еңбектерін,  жазған  анықтамаларын  қарастырып,  талдай  келе,  біз  бұл 

ұғымның түп-төркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, 

жаңалау  деп  айтқанды  жөн  көрдік.  Сәл  ертерек  кездің  өзінде  белгілі 

қолданылып  жүрген  идеялар  жаңа  бағытта  ұсынылса,  мұның  өзі 

инновациялы  деп  аталған.  Осыларды  негізге  ала  отырып,  инновацияны 

«жаңалық»,  «жаңа  әдіс»,  «өзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»,  ал 

инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп ұғатын боламыз. 

Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  туғызады.  Кейінгі 

кезеңде  ғалымдар  өз  зерттеулерінде  оқу-тәрбие  ісіне  жаңалықтарды  енгізіп, 

тарату мәселесін қарастыруда. 

Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру 

жаңа  педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Ал  жаңа 

педагогикалық  технологияның  түрі,  қолдану  ерекшелігі,  одан  туындайтын 

ділгір  мәселелер  бүгінгі  таңда  әлі  нақтыланып  белгілі  бір  жүйеге  түспеген 

дүние. 


Қазіргі  оқу  орындары  мен  педагогикалық  ұжымдар  ұсынылып  отырған 

көпнұсқалыққа  байланысты  өздерінің  қалауына  сәйкес  кез  келген  үлгі 

бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлі 


271 

 

нұсқадағы мазмұны, құрылымы , ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа 



идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан  әр  түрлі  оқыту  технология- 

ларын  оқу  мазмұны  мен  оқушылардың  жас  және  психологиялық 

ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор. 

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгермейінше,  сауатты,  жан-  -жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 

технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматттық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 

игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруына 

көмектеседі. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының  шығармашылық 

қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. 

Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 

1-кезең  –  оқып  үйрену;  2-кезең  –  меңгеру;  3-кезең  –  өмірге  сендіру; 

4-кезең – дамыту. 

Жаңа  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін  төмендегідей  алғы  шарттар 

қажет:  оқу  үрдісін  интенсивтендіруді  жаппай  қолға  алу;  оқушылардың 

сабақтастылығын  болдырмау  шараларын  кешенді  түрде  қарастыру.  Оның 

ғылыми-әдістемелік,  оқыту-әдістемелік,  ұйымдастырушылық  себептеріне 

үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын 

зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру 

технологиясын  игеру  арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік  стандарт 

деңгейінде  игертуге  қол  жеткізу,  оқыту  үрдісін  ізгілендіру  мен 

демократияландыруды  үнемі  басшылыққа  алу.  Өйткені  оқыту  –  тәрбиенің 

негізі. 


Сондықтан  оқыту  да  қоғамдық  құбылысқа  жатады.  Оқытуды  екі  түрлі 

мағынада  қарауға  болады.  Біріншісі  –  мектепте  арнайы  пәндерді  оқыту. 



Екіншісі – өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту – егіз ұғым. Оқыта 

отырып  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отырып  оқытамыз.  Оқыту  тәрбиеге 

қарағанда  нақтылау.  Оқыту  үйрету  арқылы  іске  асады.  Бұл  –  оқытудың 

маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту 

арқылы  тәрбиенің  саналылығын,  руханилығын,  әсемділігін,  әсерлігін, 

адамгершілікке  баулу  жолын,  еңбекшілдігін,  т.б.  айқындап  толықтыруға 

болады.  Оқыту  –  тәрбиенің  интеллектуалды  түрі.  Оқытудың  инновациялық 

технология  бойынша  әдістемелік  жүйесі,  осы  мақсатта  сапалы  нәтижеге 

жеткізуге  мүмкіндік  беретін  танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнымен 

тікелей  байланысты.  Сондықтан  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  оқыту 

үрдісіне  енгізу  барысы  танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнын,  белгілі 

деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде 

оқушының  өз  ісіне  сенімділігін,  жауапкершілік  сезімін,  шығармашылық 

қабілеттілігін  қалыптастыру  мақсатын  жүзеге  асыруға  жағдай  туғызатын 

оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. 

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа 

педагогикалық  технологиялар  мыналар:  дамыта  отырып  оқыту  әдістемесі 


272 

 

(Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдов, В. Репин, В. Левин); оза отырып оқыту 



(С. Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили, И. Волков); тірек және 

тірек  конспектілері  арқылы  оқыту  (В.Шаталов);  саралап  оқыту;  барлық 

оқушылардың  дамуы  үшін  жүйелі  жұмыс  істеу;  оқу  үрдісін  оқушының 

сезінуі. 

Инновациялық  процестің  кезеңдеріне  байланысты  инновациялық  іс  – 

әрекеттің  үш  кезеңін  атап  көрсетуге  болады.  Бірінші  кезеңде  мұғалім 

жаңалықтың  қажеттілігін  дәлелдеу  арқылы  жаңалық  туралы  ақпарат 

жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап 

алып,  оны  қолдану  туралы  шешім  қабылдайды.  Содан  кейін,  мұғалім 

инновациялық  іс-әрекеттің  екінші  кезеңіне  көшеді,  яғни  іске  асыру 

кезеңдерін  зерттеп,  енгізу  жоспарын  құрып,  жаңалықты  қолданады.  Бұл 

кезеңде  мұғалім  оқу-тәрбие  процесіне,  жаңалықты  енгізуіне  кедергі  жасап 

отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты 

мерзіміне  байланысты  жұмыстарды  өткізеді.  Жаңалықты  енгізу  уақыты 

аяқталғаннан  кейін  инновациялық  іс-әрекет  үшінші  кезеңіне  өтеді.  Бұл 

кезеңде  мұғалім  жаңашыл  тұрғыда  ұйымдастырылған  оқу-тәрбие 

жұмысының  нәтижесін  көтеруге  жасаған  ықпалын  анықтайды,  жаңалықтың 

оқу  –  тәрбие  жұмысына  нәтижелі  енгізу  шарттарын  белгілеп,  оны  таратуға 

ұсынады.  Инновациялық  процесті  болжау  барысында  қолданылатын 

инновациялық  іс-әрекеттер  тереңдетіліп,  кеңейтіледі.  Сонымен  қатар,  оқыту 

мен  тәрбиелеу  қорытындылары  талданады.  Алдыңғы  қатарлы  озық 

тәжірибені  ғылыми  талдау  негізінде  оқып  үйренуге,  қазіргі  кезеңдегі 

педагогикалық  зерттеулер  жетістіктерімен  танысуға  болады.  Жаңа 

педагогикалық  технологиялармен  инновациялық  іс-әрекеттің  негізгі 

заңдылықтары  мен  қағидаларын  дұрыс  қолдана  білуге,  шығармашылық 

ойлауға,  кәсіби  педагогикалық  іс-әрекеттің  құндылық  қарым-қатынасын 

қалыптастыруға,  ұстаз  шеберлігіне  жету  жолдары  мен  шараларын  жете 

түсінуге  үйренеді.  Сонымен  қатар  алдыңғы  қатарлы  озық  тәжірибелер 

жөніндегі  ағымдағы  газет-журнал  материалдар  арқылы  танысып  педагог- 

тер –  новатордың  әдістемелерін  ғылыми  тұрғыдан  талдай  білуге, 

инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте 

құруға,  хабарлама,  реферат,  аннотация,  рецензия  жазып,  оқу-тәрбие 

қызметіне  педагогикалық  талдау  жасауға  үйренулері  қажет.  Оқытудың 

жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың 

ерекшелігі  мен  құрамының  нақты  ерекшелігіне  сәйкес  әдістемелік 

құралдарды  шығармашылықпен  пайдалану  қажет  екеніне  назар  аударту 

көзделді. 

 

Әдебиет 

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – 2011. – №5. 

2. «Қазақстан мектебі» журналы. – 2008. – №4. 

3. «Ұлағат» журналы. – 2004. – №2. 

 


273 

 

ТИПОЛОГИЯ ЭЛЕКТИВНЫХ КУРСОВ И ИХ РОЛЬ  



В ОРГАНИЗАЦИИ ПРОФИЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ 

 

А.Ш. Сахариева 



СШ им. Абая Актогайского района Павлодарской области 

 

Профильное  обучение  является  средством  дифференциации  и  индиви- 



дуализации обучения, позволяющее за счет изменений в структуре, содержа-

ния и организации образовательного процесса, более полно учитывать инте- 

ресы, склонности и способности учащихся, создавать условия для обучения 

старшеклассников  в  соответствии  с  их  профессиональными  интересами  и 

намерениями в отношении продолжения образования. 

Профильное  обучение  направлено  на  реализацию  личностно-ориенти- 

рованного  учебного  процесса.  При  этом  существенно расширяются  возмож-

ности выстраивания учеником индивидуальной образовательной траектории. 

Модель  общеобразовательного  учреждения  с  профильным  обучением  на 

старшей  ступени  предусматривает  возможность  разнообразных  комбинаций 

учебных предметов, что и будет обеспечивать гибкую систему профильного 

обучения. 

В концепции профильного обучения на старшей ступени общего образо- 

вания  обозначены  цели  перехода  к  профильному  обучению,  среди  которых 

выделим  цель  создания  условий  для  существенной  дифференциации  содер- 

жания  обучения  старшеклассников  с  широкими  и  гибкими  возможностями 

построения  школьниками  индивидуальных  образовательных  программ.  

С этой целью помимо профильных общеобразовательных предметов вводятся 

элективные курсы – обязательные для посещения по выбору учащихся. Набор 

профильных  и  элективных  курсов  на  основе  базовых  общеобразовательных 

предметов составит индивидуальную образовательную траекторию для каж- 

дого  школьника.  Элективные  курсы  реализуются  за  счет  школьного  компо-

нента  и  могут  выполнять  несколько  функций:  дополнять  содержание  про-

фильного курса, развивать содержание одного из базовых курсов, удовлетво-

рять  разнообразные  познавательные  интересы  школьников,  выходящих  за 

рамки выбранного им профиля. Элективные курсы могут выполнить еще од-

ну важную функцию – явиться полигоном для создания и экспериментальной 

проверки нового поколения учебных материалов. Опыт проведения факульта- 

тивных  курсов  (элективных  курсов  с  необязательным  посещением)  показал, 

что  аналогичную  функцию  факультативные  курсы  успешно  выполнили. 

Можно условно выделить следующие типы элективных курсов. 

I. Предметные  курсы,  задача  которых  –  углубление  и  расширение  зна-

ний по предметам, входящим в базисный учебный план школы. В свою оче-

редь, предметные элективные курсы можно разделить на несколько групп. 

1. Элективные курсы повышенного уровня, направленные на углубление 

того или иного учебного предмета, имеющие как тематическое, так и времен-

ное согласование с этим учебным предметом. Выбор такого элективного кур-


274 

 

са позволит изучить выбранный предмет не на профильном, а на углубленном 



уровне. 

2. Элективные  спецкурсы,  в  которых  углубленно  изучаются  отдельные 

разделы  основного  курса,  входящие  в  обязательную  программу  данного 

предмета.  

3. Элективные  спецкурсы,  в  которых  углубленно  изучаются  отдельные 

разделы  основного  курса,  не  входящие  в  обязательную  программу  данного 

предмета.  

4. Прикладные  элективные  курсы, цель  которых  –  знакомство  учащихся 

с важнейшими путями и методами применения знаний на практике, развитие 

интереса учащихся к современной технике и производству.  

5. Элективные  курсы,  посвященные  изучению  методов  познания  приро-

ды.  


6. Элективные  курсы,  посвященные  истории  предмета,  как  входящего  в 

учебный план школы (история физики, биологии, химии, географических от-

крытий).  

7. Элективные  курсы,  посвященные  изучению  методов  решения  задач 

(математических,  физических,  химических,  биологических  и  т.д.),  составле-

нию и решению  задач на основе физического,  химического,  биологического 

эксперимента. 

II. Межпредметные  элективные  курсы,  цель  которых  –  интеграция 

знаний учащихся о природе и обществе. Межпредметные курсы типа «Есте-

ствознание» могут проводиться в основной школе, с целью предпрофильной 

подготовки  –  оказание  помощи  учащимся  в  выборе  профиля  обучения  в 

старших классах. 



III. Элективные  курсы  по  предметам,  не  входящим  в  базисный  учеб-

ный план. Это курсы, посвященные психологическим, социальным, психоло-

гическим  культурологическим,  искусствоведческим  проблемам.  При  прове-

дении конкурса задаются новые требования к учебным пособиям нового по-

коления.  Их  выполнение  в  рамках  элективных  курсов  облегчается  тем,  что 

эти  курсы  не  связаны  рамками  образовательных  стандартов  и  какими-либо 

экзаменационными материалами. Элективные курсы, хоть и различаются це-

лями и содержанием, но во всех случаях они должны соответствовать запро-

сам учащихся, которые их выбирают. В связи с этим появляется возможность 

на примере учебных пособий по элективным курсам отработать условия реа-

лизации  мотивационной  функции  учебника.  Поиски  путей  оптимизации  со-

держания  учебных  предметов,  обеспечения  его  соответствия  меняющимся 

целям  образования  могут  привести  к  новым  подходам  к  структурированию 

содержания учебных предметов. Традиционный подход основывается на ло-

гике базовой науки. Другой подход может заключаться в отборе проблем, яв-

лений,  процессов,  ситуаций,  изучение которых  соответствовало  бы  познава-

тельным  запросам  учащихся.  Такой  подход  может  способствовать  формиро-

ванию учащихся как субъектов образовательной деятельности. С другой сто-

роны, нельзя забывать о главной задаче образовательной политики – обеспе-


275 

 

чения  современного  качества  образования  на  основе  сохранения  его  фунда-



ментальности  и  соответствия  актуальным  и  перспективным  потребностям 

личности, общества и государства. Таким образом, современная школа долж-

на способствовать развитию школьников, научить решать учебные и жизнен-

ные проблемы, научить учиться. 

Как отмечает О.Е. Лебедев в статье «Роль элективных курсов в создании 

нового поколения учебных материалов», ожидания учащихся в большинстве 

случаев  будут  связаны  с  достижением  некоторых  метапредметных  результа-

тов  (например,  с  освоением  способов  анализа  информации,  способов  кон-

струирования сообщения, способов совместной деятельности, навыков реше-

ния проблем и т.д.). В учебниках по элективным курсам возможно и весьма 

желательно  использовать  аппарат  обращения  к  внешкольным  источникам 

информации (включая компьютерные сети) и к образовательному опыту, при-

обретенному вне рамок школы  (дополнительное образование, самообразова-

ние, социально-творческая деятельность). Возможно также создание учебных 

пособий  по  элективным  курсам  в  виде  набора  модулей,  что  позволило  бы 

определять содержание программы по этим курсам с участием учащихся. Та-

кими  модулями  могут  быть  элективные  спецкурсы,  рассчитанные  на  17–34 

часа. Это позволит в течение учебного года глубоко изучить 2–4 темы допол-

нительно к профильному курсу. Такой вариант изучения профильного и элек-

тивного курса позволит сочетать системность знаний по предмету с глубоким 

изучением отдельных тем курса, выбранных самими учениками. 

Важным  направлением  развития  системы  элективных  курсов  является 

адаптация наиболее  удачных  существующих  курсов по  выбору  в  различных 

странах мира к условиям Казахстана. С этой целью необходимо изучить опыт 

проведения  элективных  курсов  в  развитых  странах  и  отобрать  курсы,  полу-

чившие  широкое  распространение.  Полезно  также  опираться  на  30-летний 

опыт существования системы факультативных занятий в СССР. Было создано 

более 100 программ разных факультативных курсов и, хотя не все из них по-

лучили  широкое  распространение  в  школах  страны,  среди  них  было  много 

достойных  курсов,  обеспеченных  учебными  пособиями  для  учащихся  и  ме-

тодическими  пособиями  для  учителей.  Переходный  учебник  должен  вклю-

чать  небольшую  долю  нового  содержания,  ориентированного  на  человека  и 

его  потребности.  При  проведении  элективных  курсов  проще  использовать 

новые  технические  возможности,  в  частности,  электронные  учебные  посо-

бия. Это обусловлено меньшей наполняемостью групп и большей общностью 

интересов  школьников.  В  настоящее  время имеется  достаточно  большое  ко-

личество весьма качественных CD-дисков, создаются электронные библиоте-

ки, разрабатывается методика использования электронных материалов как на 

уроках, так и в процессе самообразования. При изучении элективных курсов 

наиболее  наглядно  проявляется  тенденция  развития  современного  образова-

ния,  заключающаяся  в  том,  что  «усвоение  предметного  материала  обучения 

из цели становится средством такого эмоционального, социального и интел-



276 

 

лектуального развития ребенка, которое обеспечивает переход от обучения к 



самообразованию». 

 

Литература 

1. Сыздыкова А.Н. Рекомендации по организации профильного обучения. – 2005. 

2. Орлов В.В. Элективные курсы. – 2006. 

3. Концепция профильного обучения. – 2005. 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

А.А. Сейтқалиева 



Павлодар облысы Железин ауданының 

Башмашын жалпы білім беру орта мектебі 

 

   



 

 

 



 

 

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, 



   

 

 



 

 

 



ол – жаңадан жаңаны табатын өнер». 

   


 

 

 



 

 

 



 

 

(Ж. Аймауытов) 



 

Қазіргі  таңда  білімге  ерекше  көңіл  бөлінгендігі  белгілі.  Ол  бүгінгі 

өскелең  өмірдің  талаптарына  сай  маңыздылығымен  ерекшеленеді.  «Халық- 

тың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп 

көрегендікпен  Шоқан  Уәлиханов  айтқандай,  халқымызды  кемеліне  келтіру 

үшін  жастарымызды  білімді,  мәдениетті,  Отанын,  тілін  шексіз  сүйетіндей 

етіп  дайындауға  –  әрбір  ұстаз  міндетті.  Елбасы  жүргізіп  отырған  парасатты 

саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта 

өрлеуінің  әрбір  күні  ғасыр  жүгін  арқалаған  ауыр  болса  да  –  абыройлы, 

күрделі  кезеңін  жүріп  өтті.  Ендігі  мақсат  тәуелсіз  Қазақстанның  өсіп  келе 

жатқан  жас  ұрпағын  өз  Отаны  мемлекеттігінің  кепілі  –  мемлекеттік  тілді 

құрметтеуге  баулу,  оны  оқып  үйренуге  деген  қызығушылықтарын  арттыру 

болмақ.  

«Халық  пен  халықты  теңестіретін  –  білім»  –  деп  Мұхтар  Әуезов 

айтқандай,білім  бәсекесіне  сәйкес  оқушы  тәрбиелеу  қажет.  ҚР  «Білім 

туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және 

азаматтық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 

адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдарға  бағытталған  білім  алу  үшін 

қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге 

шығу»  деп,  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттері  көзделген.  Бұл 

міндеттерді  шешу  жолында  әр  мүғалімнің  ізденісі  мен  жаңа  тәжірибе,  жаңа 

қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.  

Қазақ  тілін  оқыту  –  қиын  да  қызық  жұмыс.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілін 

оқытатын  мамандарға  қойылатын  талап  жаңа  технологиялық  әдістерді 

қолдана  отырып,  сапалы  білім  беру.  Олардың  ойлау,  есте  сақтау,  көру 



277 

 

қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, 



мұғалімнің  жеке  басының  интелектісін,  оқу  әрекетін,  өтетін  тақырып 

мазмұнын  аша  білу.  Білім  негізінен  пән  арқылы  берілгендіктен,  әр  пәнді 

заман  талабына  сай  өз  деңгейінде  игерту,  қай  кезде  болмасын,  ең  маңызды 

мәселе болып келгені даусыз.  

Технология  мен  әдістеменің  мақсаты  бір  –  «қалай  оқыту  мәселелерін 

қарастырады».  

Бүгінгі  оқыту  жүйесінде  әртүрлі  жаңа  технологияларды  пайдалану 

тәжірибеге  еніп,  нәтижелер  беруде.  Бұлар  оқушының  жеке  қасиетін  аша 

отырып,  азамат  етіп  тәрбиелеумен  қатар  оқушының  танымдық  күшін 

қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.  

Ұстаз  үшін  ең  басты  мәселе  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау.  Жаңа 

педагогикалық  технологиялар  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып, 

шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.  

Инновациялық  технологияларды  пайдалану  –  білім  сапасын  арттыру 

шарты. Бұл – таным әрекетін ұйымдастырудың негізі.  

Инновация  –  оқу  үрдісінде  қолданылатын  жаңа  әдіс-тәсілдер  мен 

технологиялар.  Қолданылатын  әдіс-тәсілдер  бала  белсенділігін  арттырып 

және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етуі қажет.  

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жиі қолданылатын технологиялар 

мыналалар: 

1. Ж. Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясы  шығар- 

машылық  қызметті  дамытуға  бағытталған.  Деңгейлік  тапсырмалар  үш 

деңгейден тұрады.  

1-деңгейдегі тапсырмалар материалды тану және үлгіні қолдану арқылы 

орындалады.  

2-деңгейдегі тапсырмалар талдау, қорыту жасауға арналған.  

3-деңгейдегі  тапсырмалар  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 

оятуға негізделеген.  

Бағалау  «ұпайлық»  жүйемен  жүзеге  асырылып,  ашық  жұрналға  «+» 

белгісімен белгіленеді.  

2. Сыни  тұрғыдан  ойлау  мен  жазу  (СТО)  технологиясы  –  оқушылардың 

ақпараттық  білімін  дамыту  болып  табылады.  Мұнда  әр  оқушының  ойы 

шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл әдіс үш 

бөлімнен тұрады: 

а) Қызығушылығын ояту; 

ә) Мағынаны тану; 

б) Тақырып туралы ой-толғаныс.  

Бұл  технологияда  бұрынғы  білім  мен  жаңа  ұғым  ұштастырылады.  Ал, 

соңғы  кезеңде  оқушы  өз  шығармашылық  қабілетін  таныта  алады.  Мұнда 

оқушыға  ойланып-толғануға  уақыт  берілуі  керек,  ойын  айту  оқушы 

шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.  

«Қызығушылығын  ояту»  кезеңінде  алдыңғы  өткен  тақырыпты  тексеру 

мақсатында  тест  жұмыстарын  өткізу  арқылы  оқушының  білім  деңгейін 


278 

 

қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы 



оқушылармен  бірлесе  отырып,  жай  сөздермен  емес,  тақырыппен 

байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.  

«Мағынаны  тану»  кезеңінде  оқушыларды  топқа  бөлу  арқылы  сұрақтар 

дайындап,  оны  «Куббизм»  стратегиясы  арқылы  жүзеге  асыруға  болады. 

Сұрақтар  үш  деңгейде  әзірленеді.  Дайындалған  сұрақтарға  оқушылар  өз 

ойларымен  жауап  бере  отырып,  бұл  сұрақтар  оқушылардың  деңгейіне  сай 

топтастырылған болуы керек.  

Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн» диа- 

граммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын 

көрсетуге  болады.  Осы  кезеңде  оқушылардың  тілдік  дағдыларын 

қалыптастыру  мақсатында  сабақ  тақырыбына  байланысты  «Дебат»  яғни, 

пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы 

мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда 

сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын 

жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгендік.  

Бұл  әдіс  –  ұжыммен  жұмыс  жасауда,  бала  белсенділігін  арттырып, 

сөйлеу дағдыларын жетілдіруде тиімді.  

3. Н. Оразахынованың  «Сатылай  кешенді  талдау»  әдісі  кеңінен 

қолданылады.  Талдау  жасай  отырып  оқушы  өз  ойын  дәлелдеуге,  зерттеу 

жүргізу,  салыстыру  жасауға  үйренеді,  өтілген  жаңа  тақырыптың  қыр-сырын 

толық меңгереді, нақты, дәл жауап беруге талпынады.  

Тіл  білімінің  қай  саласы  болмасын  сатылап  талдануға  бағынады. 

Сатылай кешенді талдаудың маңызы зор: 

– оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады; 

– оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі; 

– ізденуге жетелейді, қызықтырады; 

– талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады; 

– өзіндік пікірі қалыптасады.  

4. Ж. Жеткізгеннің  «Блоктап,  топтап  оқыту»әдісі  бойынша  тақырып 

кесте  плакаттары  арқылы  түсіндіріледі.  Бір  кесте  плакатттан  бүкіл  бір 

тараудың мазмұнын ұғындырамыз.  

5. Дамыта  оқыту  технологиясы  туралы  жазылған,  айтылған  пікірлерге 

тоқталсақ.  

И.Я. Лернер  «даму»  деген  ұғымды  педагогикалық  заңдылықтарға 

негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге 

дайындығы  деп  түсіндіреді.  Мұндай  анықтама  интеллектуалдық  іс-әрекетті 

жоғары  орынға  шығарады.  Мәселе  қаншалықты  күрделі  болса,  оны  шешуге 

жұмсалатын  ақыл-ой  қызметі  де  соншалықты  кең,  аумақты,  демек  даму 

деңгейі де жоғары болады. 

Л.В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске 

асырады  деп  есептейді.  Олар  байқампаздық,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу, 

практикалық іс-әрекеттер атқара білу. 



279 

 

В.В. Давыдов  ақыл-ойдың  дамуының  көрсеткіші  ретінде  жинақтай, 



қорытындылай алу дағдысын есептейді. 

Тұтас  алғанда  барлық  авторлардың  даму  туралы  ойлары  оқыту 

барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге 

келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.  

Мектеп  оқушыларының  танымдық  қызығушылығын  дамытудың  негізгі 

факторы  олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен 

бірге,  баланың  маңызды  психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой  жұмысының 

тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  оқу  процесін  жолға  қою 

керектігі саналады. 

Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 

Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  –  ойлау  әрекетін  ұйымдастыру 

басты  назарда  ұсталады.  Ол  үшін  бала  өзінің  бұған  дейінгі  білетін  амал- 

дарының,  тәсілдерінің  жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезетіндей 

жағдайға  түсуі  керек.  Содан  барып  оның  білім  алуға  деген  ынта-ықыласы 

артады,  білім  алуға  әрекеттенеді.  Сабақ  мұндай  жағдайда  төмендегідей 

3 құрамдас бөліктерден тұратын болады: 

1. Оқу мақсаттарының қойылуы. 

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.  

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 

Бұл  –  үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.Б. Элконин  –  В.В. Давыдов  жасаған 

жүйесінің негізгі компоненттері.  

Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. 

Мақсатты  шешу  іштей  талқылау,  сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады. 

Мұғалім  сабақ  процесін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  адам  рөлінде  шешім 

табылған  кезде  әркім  оның  дұрыстығын  өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі. 

Әр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға  мүмкііндік  беріледі,  жауаптар 

тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, 

әр  бала  жасаған  еңбегінің  нәтижесімен  бөлісіп,  дәлелдеуге  талпыныс 

жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.  

Мұндай  көзқарасты  ұлы  Абай  да  уағыздап  кеткендігіне  тоқталған  жөн. 

Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек 

барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын 

біртұтас  етіп  алады.  Оның  он  жетінші  сөзіндегі  қайрат,  ақыл,  жүректің  сөз 

таластыруында  тек  бірлесіп  ынтымақтасқан  жағдайда  ғана  күш  алатын  үш 

түрлі  жан  құбылысын  әдеби-публицистикалық  тұрғыдан  көрсеткенін 

байқаймыз.  Бұдан  бұл  мәселенің  ұлттық  психологиямыз  бен  философия- 

мызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады. 

Дамыта  оқыту  жүйесінде  оқушылардың  ойларын  жетілдірудің  маңызы 

зор. 

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы 



өз  оқу  әрекеті  арқылы  қол  жеткізеді.  Сабақтың  алғашқы  ізденіс  кезеңінде 

жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше 

шешуге  талпынады.  Сөйтіп  олар  осы  мәселе  туралы  өз  білімдерінің 


280 

 

жеткіліксіз,  таяз  екенін  сезіну  арқылы  сабаққа  деген  қызығушылықтары 



оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 

Екіншіден  –  дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы  мәселелерді 

шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің 

деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» 

ұғымының  болмауы,  балаларды  танымдық  әрекеттерге  ұмтылдырады, 

құштарлығын арттырады.  

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің 

әрекеті.  Сол  себепті  дамыта  оқытудағы  оқыту  әдістері  оқушыны  белсенді 

жұмыс  жағдайына  қоя  отырып,  мәселелерді,  қайшылықтарды  шешу 

мақсатын қояды.  

Төртіншіден  –  дамыта  оқыту  жүйесінің  нәтижелі  болуы  оқушы  мен 

мұғалімнің арасындағы  жаңаша  қарым-қатынасы  арқасында  ғана өз  жемісін 

береді.  Сол  себепті  дәстүрлі  жүйедегі  әміршілдік  стиль  бұл  жерде  тиімсіз, 

оқушы – «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол өз пікірін 

ашық  айта,  ойын  дәлелдей,  дәйектей  алатын,  сонымен  қатар  басқаның  да 

ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  электронды  оқулық,  яғни 

мультимедиалық  оқулықтарды  пайдалану  –  баланың  танымын  кеңейтуге, 

замана көшін сезінуге жетелейтін технология. Мақсаты – ізденіс қабілеті мен 

танымдық  белсенділігін  арттыру,  ойлау  жүйесін  қалыптастырып,  шығарма- 

шылықпен  жұмыс  жасауға  жетелеу.  Электронды  оқулық  оқушы  уақытын 

үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып 

қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті 

сабағында кез келген тақырып бойынша тапсырма орындап, тестілер шешіп, 

жаттығулар  орындауға  дағдыланады.  Әдебиет  сабағында  көлемді  тақырып 

өткенде  қосымша  бейнехабар  және  клиптер  қажетті  элемент  болып 

табылады.  Электронды  оқулық  арқылы  түрлі  суреттер,  көріністер,  дыбыс 

және музыка арқылы көрсетуге болады.  

Меңгерілуі  қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға 

ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады.  Жаңа 

технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі 

әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  процесін  тиімді  ұйымдастыруына 

көмектеседі.  

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет 

оқу  ісін  дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  мұғалімнің  шеберлігін 

арттыруға,  басқа  жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және 

шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды 

қолдану – біріншіден, мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға 

көмектеседі,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады,  екіншіден, 

оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Білім берудің 

қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан 

өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түседі. 


281 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет