Сыртқы экономикалық байланыстары. Қазіргі кезде халыкаралық сауда қатынастарында АҚШ пен Канаданың үлесіне экспорттық-импорттық операциялардың 16%-ы тиесілі. Сонымен АҚШ пен Канада дүние жүзіндегі ең қуатты экономикалық аймақты түзеді.
Қазірдің өзінде Канаданың АҚШ-қа шығаратын өнімі елдің жалпы экспортының 84%-ын құрайды, АҚШ үлесіне Мексика экспортының 73%-ы тиесілі. Өз кезегінде АҚШ экспортының 23%-ы Канадаға, 12%-ы Мексикаға бағытталған.
АҚШ-тың дүниежүзілік нарықтағы басты бәсекелесі еуропалық елдер болғанымен, бұл елдермен сыртқы экономикалық қатынастары даму үстінде. Мысалы, АҚШ-тағы аса ірі "Форд", "Дженерал моторс", "Боинг", "Кока-кола", "Проктер энд Гэмбл" және т.б. компаниялардың Еуропа елдерінде ондаған кәсіпорындары бар.
АҚШ ақпараттық технологиялар, ғылым мен білім саласында дүние жүзі елдерімен байланыс жасайды. Мысалы, елдегі аса ірі "ВВС" және т.б. телекомпаниялардың хабарларын дүние жүзінің көптеген елдерінде тамашалайды. Соңғы жылдары ғарыштық зерттеулер саласында АҚШ, Ресей,
14.2 Латын Америкасы елдерінің табиғат жағдайлары. Саяси картасы. Халқы мен еңбек қорлары Латын Америкасы – Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарын қамтиды) мен бүкiл Оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 – 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағы Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 – 1826 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты. 1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Халқы латын тілдерінде сөйлесетін Мексика жері мен Кариб теңізі аралдары Оңтүстік Америкамен бірге Латын Америкасын құрайды. Табиғат жағдайлары мен ресурстары Латын Америкасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 мың шақырымға созылған. Шығысын – Атлант мұхиты, батысын – Тынық мұхиты шайып жатыр. Орналасу ерекшеліктері оның экономикасының дамуына үлкен әсерін тигізіп отыр. 33 мемлекеттің ішінде Парагвай мен Боливия ғана теңізге шыға алмайды.