5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


дәріс. Солтүстік және Латин Америкасы елдеріне жалпы шолу



бет97/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

14 дәріс. Солтүстік және Латин Америкасы елдеріне жалпы шолу
14.1 АҚШ-қа экономикалық-географиялық шолу
14.2 Латын Америкасы елдерінің табиғат жағдайлары. Саяси картасы. Халқы мен еңбек қорлары
14.3 Латын Америкасы елдері шаруашылығына жалпы шолу
14.4 Латын Америка елдерінің көлік кешені. Сыртқы экономикалық байланыстары
Америка Құрамжа Штаттары— дүние жүзінлегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады. Мемлекеттік құрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан, ел астанасы — Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералды округінен тұратын федерациялық республика болып табылады.
Экономикалық-географиялық жағдайы. АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады..
АҚШ-ның табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары. Пайдалы қазбалардың орналасу зандылықтарына сәйкес, батыста магмалық, ал шығыста, негізінен, шөгінді пайдалы қазбалар тараған. Кезінде АҚШ-та өнеркәсіптің қарқынды дамуына алғышарт болған тас көмір мен мұнайдың, табиғи газ, темір мен басқа да пайдалы қазбалардың мол коры елдің барлық бөліктерінен табылған.
АҚШ энергетикалық ресурстарға да бай. АҚШ өзендерінде су энергиясының аса мол қоры бар. Елдегі ең ірі СЭС тізбектері Теннеси және Колумбия өзендерінде салынған. Колумбия өзеніндегі Гранд-Кули су электр станциясы қуаттылығы жөнінен әлемдегі ең іріледің бірі.
Алуан түрлі климат жағдайларымен сипатталатын АҚШ жері агроклиматтық ресурстарга да бай. Бұл қоңыржай белдеудің барлық дерлік дақылдарын, сондай-ақ көптеген субтропиктік және тропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. АҚШ-тың су ресурстары, негізінен, шығыста шоғырланған. Орталық жазықта жыртылған жерлердін үлесі 80%-ға жуық.
АҚШ-ның халқы мен еңбек қорлары. 2013 жылғы мәлімет бойынша АҚШ халқының жалпы саны 318,9 млн адам. Ол халққының саны жағынан дүние жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алады. АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14,2‰), өлу коэффициенті 8,6‰ яғни халықтың орташа жылдық өсуі 5,6‰-ге тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 75 жас, әйелдерде 80 жас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет