5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


Латын Америкасы елдерінің қара металлургиясы



бет104/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117
Латын Америкасы елдерінің қара металлургиясы. Қара металлургтия кәсіпорындарының басым бөлігі Бразилия, Мексика, Аргентина мен Венесуэлада шоғырланған. Саланы дамытуды бастапқыда мемлекет қолға алып кейіннен жекешелендірілді. 1980-1999 жылдар аралығында болат балқыту 27 ден 50 млн тоннаға дейін артып дұние жүзіндегі үлесі 6% құрады. Соның ішінде 26 млн тонна болат Бразилияда, 14 млн тонна Мексикада, 4 млн тоннадан Аргентин мен Венесуэлада сонымен қатар Колумбия, Перу, Чилиде балқытылады. Қара металлургия кәсіпорындарының жылдық қуаты 0,5-1 млн тонна шамасында.
Латын Америкасы елдерінің түсті металлургиясы. Тау-кен өнеркәсібі дамыған елдерде мыс, қорғасын-мырыш металлургиясы ерте дамыған. Түсті металл балқыту шикізат базасымен тікелей байланысты болған. Мексика мен Чили тазартылмаған мыс балқыту жөнінен дүниежүзінде жетекші орын алады. Олар жартылай дайын өнім өндірумен шектеліп, АҚШ-та одан ары толық өңделіп дайын өнім шығарылады. Өндірістің техникалық қуатын арттырыуға байланысты ол үдеріс соңғы он жылда өзгеріп дайын өнім өндіруге көшті.
Машина жасау және металл өңдеу. Өңдеуші өнеркәсіптің таза өнімінің ¼ бөлігін өндіреді. Бірақ Латын Америкасы елдерінде өнеркәсіптің бұл маңызды саласы әркелкі дамыған. Қазіргі кезде аймақтағы ірі үш елде машинажасу өнеркәсібі өнімінің 2/3 бөлігін өндіреді. Венесуэла, Колумбия, Чили мен Перуды қоса есептегенде аталған сала өнімінің 90% өндіреді. Саланың қарқынды дамуына қарамастан шетел өаржысы бақылайтындықтан Латын Америкасы импорттық машиналар мен құрал жабдықтарға әліде болса тәуелді болғандыөтан экспортқа қарағанда импорт 2,5 есе артық. Қазіргі кездегі машина жасауда автомобиль өнеркәсібі жетекші орын алады. Ол барлық елдердің экономикасына орасан зор ықпал ететіндіктен көлікті құрастыруға қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорындарды дамытуға мүмкіндік береді. Аймақтағы машиналарының 2/3 бөлігі Бразилияда шығарылады және автомобил жасаудан дүниежүзінде тоғызыншы орын алады. Одан кейінгі орынды Мексика мен Аргентина алады. Латын Америкасының автомобилл өнеркәсібі шоғырлану деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді Бразилиядағы автомобиль заводтары негізінен Сан-Паулу, Сантус портының аралығында шоғырланған. Аймақтағы үш ірі мемлекетте ұшақ жасау дамыған Олар орташа және шағын жолаушы, ауылшаруашылық ал Бразилия мен Аргентинада әскери ұшақтар жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет