5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет100/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Солтүстік өнеркәсіпті белдеу елдің алғаш игерілген бөлігінде — Атлант мұхиты жағалауынан Миссисипи өзеніне дейінгі аралықта орналасқан. Бұл белдеудің құрамына елдің байырғы ірі өнеркәсіп орталықтары мен аудандары енеді. Соңғы жылдары АҚШ-тағы басқа өнеркәсіп белдеулерінің жедел дамып, өнеркәсіп өндірісіңде үлестерінің артуына қарамастан, Солтүстік өнеркәсіп белдеуі өзінің ел аумағындағы және дүниежүзілік маңызын жойған жоқ.
Оңтүстік-Шығыс өнеркәсіпті белдеуі еңбек ресурстары мен электр энергиясын көп қажет ететін өнеркәсіп өнімдерін өндіруге маманданған. Бұл белдеу — соңғы онжылдықтарда қалыптасқан жас аудан.
Мексика шығанағы маңындағы Галф өнеркәсіпті белдеуі жергілікті мұнай және газ кен орындары негізінде қалыптасқан химия өнеркәсібінің аса ірі орталығы болып табылады [9].
Калифорния өнеркәсіпті белдеуі ғылымды қажет ететін салалардың айрықша дамуымен көзге түседі.АҚШ-тың ауыл шаруашылығы аудандық мамандану сипатымен, механикаландыру деңгейінің жоғарылығымен және жеке фермалық шаруашылықтар үлесінің біршама болуымен ерекшеленеді.
Көлік және коммуникация кешені. Барлық аса күшті дамыған ірі елдердегі сияқты, АҚПІ-та көліктін барлық түрі бар. Көлік қатынасын жетілдіру мақсатында техниканың ең сонғы жетістіктері пайдаланылады.
Құрлық жолдарының негізгі күретамырлары елдің батысы мен шығысын (Тынық және Атлант мұхиттары аралығы), солтүстігі мен оңтүстігін (Канадамен шекарадан Мексика шығанағына дейін) жалғастырып жатыр. Алғашқы трансконтиненттік темір жолдар Нью-Йорк — Сан-Франциско (1869 ж., ұзындығы — 4246 км), Вашингтон — Лос-Анджелес (1881 ж., ұзындығы — 4787 км), Нью-Йорк — Сиэтл (1893 ж., ұзындығы — 13560 км) аралықтарында іске қосылды.
Қазіргі кездегі елдегі ең ірі көлік тораптарының бірі — Чикаго қаласы. Мұнда елдің жан-жағынан келетін 30 темір жол түйіседі, тәулігіне бұл қала арқылы 2 мың пойыз өтеді. Соңғы жылдары темір жол көлігін автокөлік ығыстыра бастады. Бұл әсіресе қалалар арасындағы жолаушылар тасымалынан айқын байқалады, мұндағы автоколік үлесі қазіргі кезде 90%-ға жетіп отыр.
АҚШ-та су жолдарын неғұрлым қолайлы ету мақсатында ұдайы жетілдіріп отырады.. АҚШ-тың сыртқы теңіз жолы қатынасы көбінесе кішігірім елдердің (Панама, Либерия және т.б.) неғұрлым "арзан туы" астында жүзеге асырылады.
Ел ішіндегі және халықаралық жолаушылар тасымалында әуе көлігінің теңдесі жоқ деуге болады. АҚШ азаматтық авиациясындағы ұшақтар саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орынды алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет