Латын Америкасы елдерінің өнеркәсібі.Мемлкетттердің даму деңгейлері әр түрлі болуына қарамастан сонғы он жылда аймақтың өнеркәсібінің салалық құрамында біршама өзгерістер болды. Бұрын тек тоқыма өнеркәсібі басым болса қазіргі кезеңде дүниеүзілік нарыққа өзіндік құны жоғары ұзақ пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары шығарыла бастады. Құрылымдық өзгерістер мен ілгерілеу әсіресе өнеркәсібі біршама жақсы дамыған және диверсификациалу деңгейі жоғары Аргентина, Бразилия, Мексикада байқалды. Аталған елдерде 1990 жылға қарайөңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің 10,20 және 45% атқарылған шартты өнім сағат көрсеткішіне жетті.
Тау- кен өнеркәсібі мемлекеттің экономикасында маңызды орын алады. Қазіргі уақытта Латын Америкасының 13 елінде мұнай мен газ өндіріледі. Ең ірі мұнай экспорттаитын елдер Венесуэла мен Мексикадан Эквадор, Колумбия, Тобаго, Боливия да қалыспайды, Аргентинда өндірілетін мұнай мен газ өзінің ішкі қажеттіліктерін қанағаттындырады, қалған елдер мұнайды саттан сатып алады. Табиғи газдың өндіру қарқыны тез өсіп келеді. Табиғи газды Мексика Аргентина мен Венесуэла көп мөлшерде өндіреді.
Көмір өнеркәсібі нашар дамыған. Колумбияда, Венесуэлада, Бразилияда, Мексикада және Перуде тас көмір өндіреді. Аймақта жылына 50 млн. тоннаға жуық таскөмір өндіріледі. Тау-кен өндірісінде екінші орынды темір кенін өндіру алуды. 2013 жылы Латын Америкасында дүниежүзінде өндірілетін темір кенінің 15,4% өндірілді.Соның ішінде Бразилияда 398,0 млн. т. темір кені өнділді. Латын Америкасы дүниежүзіндегі вольфрамның 1/8 бөлігі Бразилия мен Боливия өніндіріледі. Латын Америкасында боксит, мыс, қорғасын, қалайы, сынап сыяқты дүниежүзіндегі түсті металлдардың көптеген түрлері кездеседі. Латын Америкасында дүниежүзіндегі қорғасынның 15% өндіреді. Қорғасын – мырыш кендерін өндіруден Перу мен Мексика жетекші орын алады. Мексикада дүниежүзіндегі фосфорит кенінің 15%, графит пен күкірттің 20% шоғырланған. Калий мен натри селитрасының қоры Чилиде табылған.
Латын Америкасы елдерінің энергетикасы. Аймақтың негізгі энергетика балансын мұнай мен газ құрайды. Аймақта қажетті электр энергиясының 65% СЭС өндіріледі. Атап айтсақ электр энергиясының Коста- Рикада 95%, Парагвайда 93%, Бразилияда 92% СЭС өндіріледі. Аймақтағы ірі СЭС қатарына Мексикадағы «Инфернильо», «Мальпасо», Бразилиядағы «Жупия-Илья-Сольтейро», Аргентинадағы «Чокон-Серрос-Коларадос» жатады. Соңғы жылдары Парана өзенінде бірқатар қуатты СЭС салынды. Олардың қатарына қуаты 12 млн кВТ Бразилия мен Парагвайлық «Итапу», қуаты 3,2 млн кВТ Аргентина мен Парагвайлық «Ясрета», Венесуэладағы қуаты 10 млн кВТ Кари өзеніндегі СЭС торабын жатқызуға болады.