5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет105/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   117
Латын Америкасының мұнай өңдеу өнеркәсібі. Мұнай өнеркәсібі белгілі дәрежеде аймақтың барлық елдерінде дамыған. 1998 жылғы мәліметке сәйкес мұнай өңдеу заводтарының қуаты 400 млн тонна. 1963 жылы аймақта 190 млн тонна мұнай өңделген. Қазіргі кезде Латын Америкасында дүниежүзіндегі мұнайдың 14% өңделеді. Соңғы 10-15 жылда екінші топтағы елдердегі мұнай өңдеуде үзіліс болуы байқалуда. Қазіргі кезде Кариб алабы шетелдік мұнай компанияларының әрекет ету аймағына айналды. Жалпы қуаты 37 млн тоннаға жететін дүниежүзіндегі ең ірі мұнай өңдеу заводтары Виргин аралында, Багам аралдарында (26,5 млн т) Кюрасаода (25 млн т), Тринададта (24 млн т), Абурада (23,5 млн т) пайда болды.
Латын Америкасының химия өнеркәсібі. Машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінен кейін екінші орын алады. Ол өңдеуші өнеркәсіп өндіретін таза өнімнің 13% өндіреді. Дүниежүзінде сатылатын химия өнеркәсңбі өнімінің 5%. Латын Америкасы елдерінде шығарылады. Мексика, Бразилия, Аргентинада аталған сала біршама жоғары дәрежеде диверсификацияланған. Виргин және Багам аралдарында, Кюрасаода, Тринададта пен Абурада поасмасса, синтетикалық шайыр, химиялық талшық, синтетикалық каучук өндіріледі. Химия өнеркәсібінің аймақта дамыған маңызды саласының бірі алуантүрлі өсімдіктер мен синтетикалық заттарды пайдаланатын фармацевтика.
Латын Америкасының тоқыма өнеркәсібі. Аймақтың ең ескі және дәстүрлі саласының бірі. Өндірген өнім құны жағынан көптеген елдерде ол жетекші орын алады. Аталған салаға белгілі дәрежеде жұмыс күші тартылған. Ол әсіресе Бразилияда жақсы дамығандықтан тоқыма өнеркәсібінің дайын өнімінің үлесі 70% құрайды. Мексика жасанды маталар тоқуымен ерекшелееді.
Тамақ өнеркәсібі. Өндірілетін өнімінің бағасы төмендегеніне қарамастаен аймақтағы индустрияның маңызды саланың бірі болып табылады. Ауылшаруашылық өнімдерін ұқсататын салалардың ішінде шетелдегі өндіретін өнімнің 1/3 беретін қант өнеркәсібі ерекше көзге түседі. Дүниежүзілік нарықта Мексиканың консервеленген ананасы мен оның шырыны, консервеленген томат ұнтағы, бүлдірген мен кептірілген тропиктік жемістері дүниежүзілік нарықта жоғары сұранысқа иеболып отыр. Аргентина мен Чили көршілес елдер мен Европа нарқына кептірілген өрік, шабдалы, алма, алмұрт шығарады. Бразилиядан жаңғақ, шырындар мен жеміс-жидек экспортталады.
Ет-сүт және балық өңдеу салаларыныңда дүниежүзілік маңыхы зор. Аймақтан жылына 1 млн тонна ет экспортталады [18].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет